Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка
1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері
Ауаға шығатын улы заттардың
концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт
тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе
артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы
44. Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.Арал сияқты үлкен теңіздің бұлайша тез тартылып кетуінің өзіндік себебі бар. Себептің сыры белгілі де: Амудария мен Сырдариядан теңізге сыңар тамшы тамбай қалғалы қанша жыл. Қазақстан мен Орта Азияның халық шаруашылығы, соғыстан кейін күрт көтерілді. Ежелгі ел мекендемей бос жатқан иен сардала, шөл далаға арықтар, каналдар қазып, су тартты. Күріш екті. Мақта өсірді. Кеше құрық сүйреткен малшы қазақ өзінің ежелгі ата-кәсібін тастап, бірыңғай диқаншылық жолға көшті. Тек бір ғана қызылордалықтар Сыр өзенінің екі бетін алып жатқан иен алқапқа жайқалтып ақ күріш өсірді. Онымен де қоймай жарыса қатар аққан қос өзеннің екі аралығында, - ежелден ел ырысы болған диқан – баба жеріне соғыстан кейінгі жылдарда қанша қала түсті, кен ашылды, өндіріс орнады. Тусырап жатқан тың жерлер игерілді. Күн сайын, ай апта сайын қатар өсіп, өркендеп жатқан өндіріс пен ауыл шаруашылығы Орта Азия мен Қазақстан экономикасын күрт көтеріп, шырқау биікке шығандатып жіберд
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.
45. Әлемдік экологиялық мәселелер, оларды шешу жолдарын атап көрсет
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.
Ғаламдық негізгі экологиялық
проблемалардың бірі атмосферадағы
ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға
тасымалдануы. Алғашында бұл проблема
радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға
таралуына байланысты пайда болды.
Негізінен күкірт диоксиді және
оның қосылыстары, азот оксиді және оның
қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап),
пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты
улылығы жоғары заттардың таралуына баса
назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің
жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы
табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай
экологиялық өзгерістерге алып келді.
Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары
жауған жауын- шашынның құрамында, қардың,
жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың
құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз
әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот
оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар
орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде.
Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты
ормандарға қарағанда қылқан жапырақты
ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл
жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.
Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың
пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін
топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі
алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы
сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3,
күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда
болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер
өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері
күкірт қышқылының концентрациясы 10-30
мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден
бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін
жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН <
5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште
балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда
көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік
әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің
мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды.
Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне
алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында,
әсіресе Европада, Солтүстік Америкада
антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге
жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен
сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың
қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су
айдындарының қышқылдануына алып келуде.
46. Қазақстанның техногенді бүлінген жерлері, мысалдар келтір.
Қазақстанның барлық жер
көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың
көлемі өте үлкен болғанымен оның
сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап
отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау
салдарынан топырақ деграцияға ұшырап,
құнарсыздану, шөлге айналу процестері
күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша
Республика жерінің 180 млн. га немесе 60
проценті шөлге айналған. Барлық жердің
235 млн га жазық жерлер, 185 млн га
жайылым, 34млн га таулы аймақтар
алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн
га құнарлы жердің 180 млн га жері
жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн
га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану,
10 млн га химиялық және радиактивтік
заттармен ластанған. Солтүстік
облстарда тың игеру науқанына
байланысты және бірегей бидай дақылын
егу топырақ қара шірігінің 25-30 %
жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында
мұнай газ өнеркәсібінің
47. Бүлінген экожүйелерді
қалпына келтіру мақсатында
Әр түрлі экологиялық
шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен
белгілі уақыт кезеңінде литосф
Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді.
Олар: санитарлық-улылық, экологиялық
және биосфералық мониторинг.Санитар
Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады
Қоршаған орта
жағдайы мониторингінің
Қоршаған орта жағдайы мониторингі | |||||
Міндеті |
Мақсаты | ||||
Бақылау |
Анықтау |
Бағалау |
Болжау |
Шешім қабылдау |
Жетілдіру |
қоршаған орта жағдайының өзгеруі |
адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері |
адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау |
қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер |
адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою |
қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы |
48. Табиғи қорларды
қорғау және оларды қалпына
келтірудегі халықаралық қарым-
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Қазақстандағы табиғи қорларды
тиімді пайдалану республиканың
даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда
аумақты игеруге қатаң табиғат
жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи
қорларды игеру мәселесі табиғатты
қорғаудың түйінді мәселелерін
де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі
жіберілген қателіктер табиғаттың қай
қоры болмасын таусылмайды деген
жаңсақ ұғымның үстем болуына
байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы
тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын
пайдалану мысалынан айқын