Шпаргалка по "Экология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка

Краткое описание

1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

глобальная экология.docx

— 288.41 Кб (Скачать документ)

 
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім  саласы - глобалистика зерттейді. Аталған  ғаламдық проблемалар өзара тығыз  байланысты және барлығы іс жүзінде  жердегі экологиялық дағдарыстың  даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің  жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. 
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

 


38. Экологиялық құқық нормалары және жауапкершіліктің заңнамалық актілерін атап көрсет

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.Экологиялық  құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында  қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі  және болашақтағы ұрпақтар мүдделері  үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану  тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің  қатысуы жағдайында азаматтар мен  ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен  байланысты болуы.

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты  ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде  жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен  денсаулығын қорғаудың басымдығы,  халықтың өмірі, еңбегі мен  демалысы үшін қолайлы қоршаған  ортаны сақтау және қалпына  келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар  жағдайында тұрақты дамуға көшуі,  адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы  қолайсыз аймақтардағы экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және бұзылған табиғи экологиялық  жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын  ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті  және экологиялық, ғылыми және  мәдени жағынан ерекше маңызы  бар қоршаған орта объектілерін  сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау  туралы заңдарды мемлекеттік  реттеу мен мемлекеттік бақылау,  оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің  ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан  келтіруге жол бермеу, қоршаған  ортаға ықпал ету мүмкіндігін  бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер  мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қоршаған ортаны  қорғау саласына белсенді түрде  және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  халықаралық ынтымақтастық принциптерін  сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.Экологиялық  құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық  құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер  қаралады.Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады. «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар»  деген ұғымнан кең.Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша  үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік - экологиялық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39.Мониторинг және  оның түрлері, мысалдар келтір 

Экологиялық мониторинг – антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

 

Биологиялық мониторинг – биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

Базалық мониторинг – жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.

Биосфералық мониторинг – биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрылық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.

Биоэкологиялық  мониторинг – табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер – ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.

Геоэкологиялық  мониторинг – табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.

Дистанционды  мониторинг – бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.

Теңіздердің ластануы мониторингі – теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.

Құрылықтағы сулардың ластануы мониторингі – су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрылықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне – температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.

Ластаушы  көздер мониторингі – ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.

Аймақтық  мониторинг – антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.

40  Экологиялық білім  беру және тәрбие, мысалдар келтір 

Экологиялық тәрбие және ағарту (Экологическое воспитание и просвещение) — адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландырy

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты  пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері  ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған  оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың  теориясы мен практикасын игеруге  бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты  қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша  Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясыхалықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.

Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керексуды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

41 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсерін атап көрсет

Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышағансынақ полигондары.Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.  Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстірттеде жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке аурулары.

Аймақтар

Ауру түрлері

1

Арал өңірі (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары)

Жүрек, қан қысымы, жұқпалы  аурулар, жүйке аурулары, тері аурулары

2

Семей ядролық сынақ алаңы (Шығыс Қазақстан, Павлодар,

Қарағанда облыстары)

Қатерлі ісік, қан аздық, сәулелік, жүйке, сезім мүшелері, өкпе-тыныс  жолы аурулары, ақыл-естің ауысуы

3

Солтүстік Қазақстан

Жұқпалы аурулар, жүйке аурулары, қан қысымы, өкпе-тыныс жолы аурулары

4

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстары

Жұқпалы аурулар, жүйке аурулары, түсік тастау, сүйек, бұлшық ет, туа  біткен кемістік

5

Атырау, Маңғыстау облыстары

Жұқпалы өкпе-тыныс жолдары  аурулары, тері жаралары, кембағал балалардың туылуы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42. Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары, қорықтарды атап көрсет

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған ҚазақстандағыҚорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

 

 

 

 

43.Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемаларды атап көрсет

Ғаламдық экологиялық  проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар

Информация о работе Шпаргалка по "Экология"