Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка
1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
жыл сайын ресми сөйлеген сөздерінде,
халыққа арнаған Жолдауларында
ел экономикасының дамуында, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартуда сапалы
сумен қамтамасыз етудің алатын орны
және оны тиімді пайдалану ісін жетілдірудің
мәні зор екенін үнемі айтып келеді.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы
–Жолдауында да бұл мәселеге ерекше
тоқтала келе, ХХІ ғасырдың он жаhандық
сын-қатері, ол – судың тым тапшылығы.
Әлемдік су ресурстары да қатты қысым
көріп отыр. Су – барынша шектеулі ресурс
және оның көздерін иелену үшін күрес
жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар
себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде
геосаясаттың аса маңызды факторына айналып
отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы
біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге
сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер
оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың
геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің
өзінде біз трансшекаралық өзендердің
су ресурстарын пайдалануда бірқатар
мәселелермен бетпе-бет келдік.
Қазіргі кезде су қоры көптеген бағыттарда
жылдан-жылға мол мөлшерде пайдаланылуда.
Осыған орай көптеген елдерде тұщы су тапшылығы
үлкен проблемаға айналуда.
ЮНЕСКО-ның кейінгі кездегі болжамы бойынша,
2030 жылға дейін әлем халықтарының жартысына
жуығы тұщы су тапшылығына
ұшырайтын болады. Қазірдің өзінде 900 миллион
адам ауыз суға зәру болып отыр. Осындай
қиындықты ескере келе БҰҰ ХХI ғасырды тұщы
су дәуірі деп жариялады. Елбасы суды
пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктерге
талдау жасай келе, сонда да болса республикамызда
«…елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру
мен үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын
енгізу қажеттігін» көрсете отырып, өзі
жариялап отырған Стратегиясында «2050
жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз
ету проблемасын түбегейлі шешуге тиісті»
деген оң шешімге келді. Президентіміздің
осы аса бағалы шешіміне біз сенеміз және
қолдаймыз. Оны болашақта еліміздің жан-жақты
дамуында мәні зор аса жауапты міндет
деп түсінеміз. «Қазақстан-2050» Стратегиясында
белгіленген мерзімдерде қажетті су қоры
(көбінесе жер қойнауында) жеткілікті,
оны пайдалану мүмкіндіктері де бар. Жер
бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры
қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен
алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз.
Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай
пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі
проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін
таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр.
Мәселе – тұщы судың мол
қорында емес, оның химиялық құрамы қандай
элементтерден тұратындығында. Судың
адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға
болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау
ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз
күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз. Адамзатқа алдағы бес-он жылдың
ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы
қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды
таза су жер қойнауынан шығатын басқа
да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және
шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай,
жүйелі түрде пайдаланған дұрыс.
Шөлденуге қарсы күресу БҰҰ
конвенциясы мәліметтері
Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды құрамы болып табылады. Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен тығыз байланысты. Топырақтың маңыздылығы органикалық заттарды, түрлі химиялық элементтерді және энергияны жинау. Сонымен бірге топырақ жамылғысы өте қажетті. Ол ластайтын заттарды биологиялық сіңіру, бұзу, бейтарап күйіне айналдыру функцияларын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт өзгерістер болатын болса, ол жалпы биосферадағы қалпына келмейтін үрдістер пайда болуына алып келеді.Топырақты ластайтын заттардың бірі пестицидтер. Бүгінгі күнде әлемде 1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фунгицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне теріс әсер етеді. Сондықтан оларды химиялық, биологиялық жолдармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады. Қазіргі үлкен проблемалардың бірі жауын-шашындармен топырақтар қышқылдығының артуы. Қышқылды жауындар жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстіңгі қабаттарының қышқылдылығында асырады. Азот, көміртегі, күкірт тотықтары атмосфераға көтеріліп үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады. Соның нәтижесінде «қышқыл жаңбыр» пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, топырақ, сумен әрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-қара металлургия, жылу энергетика, мұнай-газ өндірістерге байланысты. Топырақ қарашіріндісінің азғантай төмендеуі оның толық экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері өзгеріп бұзылады (деградация). Әсіресе агроэкожүйелердегі топырақтар бұзылуға бейімді. Адамның топыраққа әсер ететін негізгі түрлері эрозия (су және жел), ластану, қайта сорлану және батпақтану, шөлдену, құрылысқа жер бөлу болып табылады. Топырақ эрозиясы (лат erosio-жемірілу) - топырақтың құнарлы үстіңгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің әсерінен көшуі (жел эрозиясы).
Ғаламдық экологиялық
проблемалар - ғаламдық, аймақтық және
ұлттық деңгейлерде айқындалған
экологиялық проблемалар
Озон қабатының
бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері
бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы
2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр
зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының ә
Парникті эффект. Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді.
Қышқыл жаңбырлар. Ғаламдық негізгі экологиялық
проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы
заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы.
Алғашында бұл проблема радиоактивті
заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына
байланысты пайда болды. Негізінен күкірт
диоксиді және оның қосылыстары, азот
оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар
(әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті
заттар сияқты улылығы жоғары заттардың
таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің
жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы
табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай
экологиялық өзгерістерге алып келді.
Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары
жауған жауын- шашынның құрамында, қардың,
жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың
құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз
әсер етуде.
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл — ғаламдық жылыну. Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi. Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы. Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр. Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған. Жаһандық жылыну бүкiл планетаға ортақ қауiп болғандықтан дүниежүзi елдерiнiң ғалымдары жиi бас қосып, осы мәселенi шешудiң жолдарын қарастыруда. Ең бастысы — мұздықтардың еру процесiн тоқтату. Грендландия мұздары ерiп кетсе, мұхит деңгейi 7 метрге көтерiледi. Мұндай жағдай орын алғанда Мальдив сияқты теңiз деңгейiнен бiр метрге ғана жоғары орналасқан елдер су астында қалары сөзсiз. Ал Антарктида мен Арктика мұздығы ерiсе мұхит суы 60-70 метрге жоғарылайды. Бұл кезде атом бомбасының зардаптары түкке тұрғысыз болып қалады. Егер осы апат болып жатса жер бетiнiң өсiмдiктер мен жануарлар әлемi түгелдей өзгерiп, су тапшылығынан 3 млрд. адамның өмiрi қыл үстiнде қалады. Жаһандық жылыну – дүниежүзi елдерiнiң басына төнген қатерлi қауiп.
Атмосфераның озон мәселесінің
адам қызметіне өзара байланысты
екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы
бұзылу («озон қабаты») және жер маңы
кеңістігіндегі концентрациясының
артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда
– 18-32 кмбиіктікте орналасқан. Егер
қабаттағы озонды таза күйде бөліп
алса, оның қалыңдығы3 ммқұрайды. Атмосфераның
жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының
ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы
нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің
оттегі молекуласына қосылуынан озон
түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның
жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің
кемуі байқалуда. Солтүстік жарты
шардың орталық және жоғары ендіктерінде
бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша
озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен
ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.
Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың
үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30
жылда озонның мөлшері 40-50% -ға кеміген.
Озонның концентрациясының