Шпаргалка по "Экология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка

Краткое описание

1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

глобальная экология.docx

— 288.41 Кб (Скачать документ)

Сұрақтары:

1. Жер шарындағы проблемалар түрлері

2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары

3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы

4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы

5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері

6. Тұщы су тапшылығының фактілері

7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері

8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері

9. Экологиялық проблемалардың аспектілері

10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері

11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы

12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау

13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері

14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері

15. Әлемдік Мұхит проблемалары

16. Биоалуантүрліліктің азаю проблемасы

17. Халықаралық Қызыл кітап, маңызы

18. Биосфераны ластаушы заттар.

19. Дүниежүзілік қалалардың экологиялық проблемалары.

20. Атмосферанын жаппай ластануы.

21. Ноосфера-биосфераның дамуының жоғарғы сатысы.

22. Судың табиғи және антропогендік ластануы.

23. Антропогендік экологиялық дағдарыстар.

24. Ғаламдық экология биосфераға тікелей қатысты білім.

25.  Экологиялық дағдарыстар.

26. Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология

27. Экологиялық факторлар және олардың түрлері

28. Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз

29. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер

30. Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері

31. Қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдарды схема түрде көрсетіңіз.

32. Ластану және ластаушылар түрлерін атап, мысалдар келтір

33.   Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануына мысалдар келтір

34.   Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы, мысалдар келтір

35.   Атмосфераның автокөліктермен ластануы және мысалдар келтір

36.   Өнеркәсіптік ластануға мысалдар келтір

37.   Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлерін атап көрсет

38.   Экологиялық құқық нормалары және жауапкершіліктің заңнамалық актілерін атап көрсет

39.   Мониторинг және оның түрлері, мысалдар келтір

40.   Экологиялық білім беру және тәрбие, мысалдар келтір

41.   Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсерін атап көрсет

42.   Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары, қорықтарды атап көрсет

43.   Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемаларды атап көрсет

44.   Каспий, Арал, Балқаш проблемалары

45. Әлемдік экологиялық мәселелер, оларды шешу жолдарын атап көрсет

46. Қазақстанның техногенді бүлінген жерлері, мысалдар келтір.

47. Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін мониторингті зерттеулер, мысалдар келтір.

48. Табиғи қорларды қорғау және оларды қалпына келтірудегі халықаралық қарым-қатынас.

49. Антропогендік факторлардың әсерінен гидробионттар түрлерінің өзгерулері, мысалдар келтір.

50. Табиғи және жасанды экожүйелер, олардың айырмашылығын атап көрсет.

51. Қоршаған ортаның ластануына байланысты туындаған ғаламдық экологиялық проблемеларды атап көрсет

52. Қазақстандағы су ресурстарының проблемасы, мысалдар келтір.

53. Қазақстандағы экологиялық қауіпті аймақтарды атап көрсет.

54. Биоалуантүрліліктің төмендеуі, себептер мен салдарын атап көрсет.

55. Шөлдену проблемасы: себептері, салдары және оларды болдырмау жолдары

56. Арал экожүйесінің әлеуметтік-экологиялық дағдарыс салдары, мысалдар келтір.

57. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары, мысалдар келтір

58. Қоршаған ортаның бағалау жағдайының критерилері мен әдістері

59. Биологиялық (кіші) айналымдарды схема түрінде көрсет

60. Геологиялық (үлкен) айналымдарды схема түрінде көрсет

 

 

  1. Жер шарындағы проблемалар түрлері

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;
  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

Жер шарындағы басты экологиялық  проблемалардың бірі – атмосферадағы  ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға  тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың  үлкен қашықтықтарға  таралуына байланысты пайда болды. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман (тұман мен түтіннің қосылысы). Улы тұмандар үш түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Міне осы сияқты жер шарындағы тағы бір басты экологиялық проблемалардың бірі - қышқыл жаңбырлар. Қышқыл жаңбырлар – ауаның қышқылды тотықтармен ластануына байланысты жауын-шашынның рН мөлшері төмендейтіні байқалатын метеорологиялық жауын-шашынның барлық түрі (жаңбыр, қар, бұршақ, тұман, жаңбырлы қар). Алғаш рет «қышқыл жаңбыр» ұғымын 1872 жылы ағылшын зерттеушісі Роберт Смит енгізді.  Оның көңілін Манчестердегі викториан улы тұманы аударды. Әрине ол кездегі ғалымдар қышқыл жаңбырдың бар екені туралы теорияны жоққа шығарғанымен, қазіргі таңда су айдындарының, ормандардың, өнімнің және өсімдіктер жамылғысының бұзылуы осы қышқыл жаңбырлар салдарынан екеніне ешкім күмән келтірмейді. Одан басқа ғимараттар мен ескерткіштер, құбырлар, автокөліктер зақымданып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді. Кәдімгі жаңбыр суы да әлсіз қышқыл ерітінді. Бұл атмосфераның көмір қышқыл газы (СО2) сияқты табиғи заттары жауын суымен реакцияға түсіп, әлсіз көмір қышқылы (CO2 + H2O <=> H2CO3) түзіледі. Негізінен жауын суы рН 5,6-5,7-ге тең. Ал шын мәнінде жауын суының қышқылдық көрсеткіш (рН) әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Бұл негізінен атмосферадағы күкірт тотығы мен азот тотығы бар газдардың құрамына байланысты. 1883 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус қолданысқа – қышқыл және негіз ұғымдарын енгізді. Ол қышқыл деп, суда еру кезінде бос оң зарядталған сутегі иондары (H+), ал негіз деп, суда еру кезінде бос теріс зарядталған гидроксид-иондары (ОH+) бар заттарды атады. Сутегі көрсеткіші (рН) – ерітіндідегі сутегі иондарының (H+) концентрация деңгейінің көрсеткіші болып табылады да, оны су қышқылдығының көрсеткіші ретінде де пайдаланады. Жоғарыда айтылғандай кәдімгі судың өзі де ауа құрамындағы көмір қышқыл газының болуына байланысты әлсіз қышқыл ерітінді (рН 6-ға жақын). Қышқыл жаңбырлар су мен күкірт тотығы (IV) S2 және азоттың әр түрлі тотықтары (NхОy) арасыындағы реакциялар нәтижесінде пайда болады. Бұл заттар атмосфераға автокөліктерден, металлургиялық кәсіпорындардан, жылу және атомдық электрстанциялардан бөлінеді.

 

 

 

 

 

  1. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары

Кез келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің  табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер  алқабының көлемі сияқты негізгі  экономикалық көрсеткіштерімен қатар  халқының жансаны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған өндірістік мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан  маңыздырақ екені аңғарылады. Қазақстан  Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны  көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу  деңгейі сияқты көрсеткіштері әлде де жан түршіктірер жағдайда. Аталмыш  проблемалардың негізінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, биологиялық  себептердің болғаны белгілі. Алдымен еліміздегі демографиялық жағдайға шолу жасағанымыз жөн болар. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ЮНФПА қоры 1 тамыз 2001 жылы өткізген «Орта мерзімді ел бағдарламасы» бойынша Қазақстан 1990 жылдан бері қарай 1 миллион 470 мың адамынан айырылып, халықтың саны 2001 жылы 14 миллион 827 мың адамды құраған. 2001 жылы Қазақстан халқының табиғи өсуі небары 73 мың адам десек, осы өсу қарқыны бүгінгі деңгейде сақталса алдымыздағы 10 жылда бар-жоғы 700 мың адам жансанымызға қосылмақ. Халықтың санының азаюының көші-қон процесстеріне байланысты обекътивті себептерімен қоса туу мөлшерінің азайып, өлімнің көбеюі сияқты субъективті себептері де бар. Мәселен, 1991 жылы 1000 адамға 21,5 адам болған туу мөлшері 2001 жылы 15 адамға кеміген. Алайда, 1991 жылы 0,8 пайыз болған өлім мөлшері 2001 жылы 1 пайызға өскен. Туу мөлшері коэффицентінің азаюы қарттардың санының көбеюімен қатар аналар өлімінің күрт өсуімен де тікелей байланысты. Бұл Орталық Азия және Еуропа елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш екенін атап кетуге мәжбүрмін. Елімізде 100 мың нәрестенің 61-і анасынан айырылып жатса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда 20, Британияда 17 ғана. Еуропа Одағы бойынша орташа көрсеткіш – 15 ана. ҚР Денсаулықты сақтау министрлігінің мәліметі бойынша еліміздегі әйелдер денсаулығы индексі 20-ақ пайызды құрайды, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 10 пайызға шейін төмендеуде. Халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған келесі фактор ауылдық аймақтардағы кедейлік проблемасы. Мұның салдарынан ең ауыр азапты зейнеткерлер мен мүгедектер, аналар мен балалар шегуде.

  1. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы

Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер  шарында, жекелеген мемлекеттер  мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі Демографиялық жарылыс деп аталады. Демографиялық жарылыстың себебі - халықтың сырқаттанушылығының және өлім санының төмендеуі, өмір сүру – ұзақтығының орта есеппен 30-дан 60 жасқа дейін өсуі. Дамыған елдерде адамның орташа өмір сүру ұзақтығы – 75 жасқа жетсе, дамушы елдерде – 56,6 жас. Әлемдегі бәрінен ұзақ өмір сүрушілер жапондар (еркектер – 76 жасқа дейін, ал әйелдер – 82 жасқа дейін). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы төмендеп – 68 жасқа түсті. Осы көрсеткіш бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері дүние жүзінде тек 30-шы орынды алып отыр. Ең көп халқы бар елдер: Қытай (2 млр), Үндістан (1,3 млрд), АҚШ (230 млн). ал Қазастан Республикасында шамамен 17 млн адам, Ресейде – 147 млн адам саналады. Демографиялық жарылыс, қалалардың өсуінің және оларда халықтың және өнеркәсіптердің шоғырлануының маңызды себептерінің бірі болып отыр.Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді.

 

  1. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы

Қазақстан Республикасының  Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан  халқына Жолдауында «Қалыптасқан Қазақстан-мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы» дей отырып,  ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін айрықша атап көрсетті. Атап айтар болсақ, бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі; Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік; Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер; Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы; Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік; Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы; Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция; Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық; Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы; Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі. Қазіргі негізгі қозғалатын мәселе -жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі. Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. «Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарынаса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады» деген еді Елбасы өз Жолдауында. Сонымен,  азық-түлік қауіпсіздігі – бұл кез-келген елдің өз халқын сапалы, бағасы сай азық-түлік қорымен қамтамасыз ету қабілетінің көрсеткіші; барлық адамның ұдайы белсенді және салауатты өмір сүруі үшін ас-ауқатқа физикалық және экономикалық тұрғыдан жеткілікті мөлшерде қолжетімділіктің болуы.  «Азық-түлік мәселесін» қарастырған Рим декларациясы кез келген елдің әр азаматының жеткілікті деңгейде тамақтану, денсаулығын сақтау және аштықтан ада болу құқығын қамтамасыз етуге, ұлттық тәуелсіз азық-түлік жүйесін қалыптастыруға шақырады.«Азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымының негізгі базасы «азық-түлік қауіпсіздігі», «азық-түлік қамтамасыздығы» немесе «азық-түлік тәуелсіздігі» деп аударылатын ағылшын термині «food security» болып табылады. Көптеген мемлекеттердің ғалымдары «азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымын пайдаланатындығын атап өту қажет. Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі өмірлік мәнге ие болып отыр, өйткені әлемнің дамыған елдерінде тамақ өнімдерінің артығымен өндірілуі, дамушы елдерде оның өткір тапшылығы, ашаршылық пен жартылай ашаршылық қалыптаса бастады. Экономикалық әдебиетте азық-түлік қауіпсіздігінің анықтамасы төрт түрлі көзқараста берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері

«Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі - ауыл шаруашылығының қарқынды:

  • ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен техникаларды пайдалану);
  • өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жолмен алынған жаңа сорттарын қолдану;
  • химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды пайдалану);
  • мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту)жолдармен дамуы.

 «Жасыл революцияның» екі түрі бар:

1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның арқасында астықты дақылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер, мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция» халықтардың тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз жағдайларға: топырақтың деградацияға ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және т.б. алып келді.

2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы антропогендік энергияны дәл осылай жұмсай берсе екінші «Жасыл революцияның» болатыны туралы айта бастады. Оның негізінде - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал шаруашылығы өнімдерін экологиялық технология бойынша өңдеуге ауысу принциптері жатыр. Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен күресетін «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады.

 

 

 

  1. Тұщы су тапшылығының фактілері

Информация о работе Шпаргалка по "Экология"