Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка
1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
57. Табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану жолдары,
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді
пайдалану республиканың даму болашағы
үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге
қатаң табиғат жағдайлары кедергі
келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі
табиғатты қорғаудың түйінді
мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды
игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың
қай қоры болмасын таусылмайды деген
жаңсақ үғымның үстем болуына
байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы
тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын
пайдалану мысалынан айқын
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.
58. Қоршаған ортаның
бағалау жағдайының
Қазіргі уақыттың негізгі экологикалық аспектілері болып табылатын қоршаған ортаның жағдайы мен абыржуы, экологикалық проблемалардың глобализациясы, халықтың денсаулығы мен қоғамның ырысын анықтайтын ең маңызды проблемалардың қатарында тұр.Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық шекарасына жетті. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам «мықты геологиялық күшке» айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып, өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін. Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінің ұмытып барады.Қоршаған орта, адамның, тірі организмнің биологиялық түрі ретінде өмір сүрудің және репродукциясының қажетті шарты болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған орта өмір сүрудің физикалық негізін, адамның интеллектуальді, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз ететін қажетті қасиеттері мен сапаларына ие болуы керек.Орнықты дамудың принциптерін жүзеге асырудың басты мәселесі ретінде азаматтардың сапалы, саулы да жайлы қоршаған ортаға конститу-циялық құқықтарының қамтамасыз етуін ұйғарады. Қазіргі уақытта өндіріс дамуының деңгейін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қоршаған ортаның сапасымен тікелей өзара қарым-қатынаста қарастыруды керек етеді. Бірақта қоршаған орта сапасының жаппай нашарлауы қоршаған ортаны қорғау сферасындағы бар басқару механизмі жай халықтың ғана емес, бүкіл экожүйенің экологиялық талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді.Сондықтан қоршаған ортаның сапасы мен негізгі құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын сақтау үшін қоршаған ортаны түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің шараларын зерттеп жасау керек. Бұл проблеманы шешу әр түрлі іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған ортаның сапасына саналы және оң әсер етеді, ал бұл тек қана ең кең аумақты мағынадағы тиімді басқару кезінде мүмкін болады.Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және т. б. сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымда-рының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы — әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.«Қоршаған ортаның сапасы» деген анықтаманы баяндаудағы көз қарастарының көптігі «қоршаған орта» анықтамасының мағынасын баяндағанда тәсілдерінің көптігімен түсіндіріледі, сондықтан «қоршаған ортаның сапасы» дегенге анықтама беру алдыңда «қоршаған орта» деген анықтаманы дәлірек баяндау керек.Қоршаған орта – бұл қазіргі уақыттың ғылымы мен тәжірибесінің негізгі категориялардың бірі. Интеграцияланған басқару мен бақылау объектісі ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған орта болып табылады.
59. Биологиялық (кіші) айналымдарды схема түрінде көрсет
Биологиялық айналым — тіршілікте үздіксіз жүріп жататын биологиялық құбылыстардың кеңістікте белгілі бір тәртіппен қайталануы. Табиғатта болатын биологиялық айналымның сұлбасын былай көрсетуге болады: продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіруінің нәтижесінде органикалық заттарды (бастапқы өнімді) түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады; консументтер (жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің дамуына және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды;
редуценттер (микроорганизмдер)
органикалық заттарды минералды
заттарға ыдыратады, соның нәтижесінде
табиғатта қажетсіз қалдықтардың жиналуына
жол бермейді.Биологиялық
Күкірт айналымы. Күкірт ең күшті және көп таралған
ауа ортасының ластаушысының бірі. S-айналымының
негізгі бұзылуы органикалық заттарды
жағумен, күкіртті рудаларды өндірумен,
топырақ-күкірт жүйесі циклінің бұзылуымен
байланысты.
Фосфор айналымы. Фосфор айнымалының газ тәрізді
фазасы болмайды. Фосфор ағзаларымен бірнеше
рет тұтынылғаннан кейін құрлық пен сулы
ортаның тұнба түрінде түбіне кетеді.
60. Геологиялық
(үлкен) айналымдарды схема
Геологиялық айналым - тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бүзылған өнімдердің - сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысуымен байланысты. Бүл процестердегі басты ролді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулелерін сіңірілуі мен шағылуы, жылу өткізгіштігі және жылу сиымдылығы атқарады. Жер бетінің тұрақсыз гидротермиялық жағдайы атмосфера айналымының (циркуляция) планеталық жүйесімен бірге Жер дамуының бастапқы этаптарында құрлықтарды, мұхиттарды және қазіргі геосфераны түзумен байланысты болды. Биосфераның қалыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдері де қосылды. Геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп көбіне олардың тіршілік ету жағдайларын анықтайды.
Үлкен айналым - ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасымалдануы
және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен
теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен
қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген
кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына
жауын-шашын түрінде түседі және қайтып
оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды.
Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі
мен жылдамдығы біркелкі емес. Ғаламшардың
көлемінде, әдетте, ылғал айналымының
мынадай типтері қарастырылады: жермен ғарыш ар