Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка
1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері
24. Ғаламдық экология биосфераға тікелей қатысты білім.
Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Ғаламдық проблемалар-
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Демографиялық проблема;
Климаттың өзгеруі;
Экологиялық проблемалар;
«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
Қауіпті ауруларды жою;
Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
Қылмыспен және терроризммен күрес;
Наркобизнеспен күрес.
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.
25. Экологиялық дағдарыстар.
Экологиялық дағдарыс –
қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт
шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және
дамыту жөніндегі халықаралық
Экологиялық дағдарыстан
экология апатты ажырата білу керек:
дағдарыс адамның белсенді әрекетінен
болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз
құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар,
зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған
қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған
ортаның ластануы адамның, әсіресе
өндірістің әсері нәтижесінде түрлі
нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация
(ортаның инертті
26. Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
Дербес ғылым ретінде
экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты.
«Экология» терминін 1869 жылы неміс
биологы Эрнест Геккель ұсынған
болатын. Аутоэкология , аутоэкология
– (грекше autos – өзім және экология)
– қоршаған орта факторларының жеке
организмдерге, популяцияға, түрлерге
әсерін зерттейтін экологияның бір
саласы. Аутоэкология түрлердің алуан
түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану
режиміне, жоғары және төмен темп-раларға,
топырақтың құнарсыздануына (өсімдік
үшін) физиологлиялық, морфологиялық
және өзге бейімділіктерін анықтайды.
Соңғы жылдары аутоэкология бұларға
қоса, орта ластануының химиялық және
физикалық түрліше нұсқауларына
организмнің жауап қайтару
Синэкология (грекше syn —
бірге және экология) — популяцияның,
табиғи бірлестіктердің және экожүйенің
бір-бірімен өзара және қоршаған
ортамен қарым-қатынасын
Популяция туралы түсінік
Әрбір түр белгілі бір
27. Экологиялық факторлар және олардың түрлері.
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес
Факторлар әсеріне жойылып
кеткен түрлердің пайызы олардың
тығыздығы өскен сайын
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.
Абиотикалық факторлар-өлі орта,
Биотикалық фактор-тірі орта,
Антропогендік фактор- адам әрекетінен жасалған.
28. Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз.
Тіршілік ортасы деп белгілі
бір организм (түрдің) дамуының барлық
кезендеріне қажетті табиғи орта
факторлар жиынтығын айтады.
Анабиозға түсу мүмкіншілігі, ағзаның өмірдің күрт келеңсіз жағдайында тіршілік етуіне ықпал етеді. Анабиоз өсімдіктердің және жануарлардың микроағзаларында таралған. Өмір сүру үшін қолайлы жағдай туганда анабиозға түскен ағзалар белсенді өмірге қайта оралады.
29. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер.
Биоценоз (био... және гр. koіns
— жалпы) — тіршілік жағдайлары
азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін
жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің
жиынтығы;Құрлықтың немесе судың
белгілі бір бөлігін
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді. Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
продуценттер (өндірушілер);
консументтер (тұтынушылар);
редуценттер (ыдыратушылар).
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор.
30. Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері.
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.