Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка
1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа
да өнеркәсіптік процестер әсерінен
бөлініп, атмосферада жинақталатын
көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4),
этан (С2Н6) және т.б. (жоғары
концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей
аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің
пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің
механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы
ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай
жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен
сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын
ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға
қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы
атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған
газдардың молекулаларымен сіңіріліп
(С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді),
молекулалардың қарқынды қозғалысына
және температураның көтерілуіне алып
келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі,
су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей,
керісінше оларды шашыратады. С02-нің
концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға
көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің
мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа
температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл
өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына,
яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай
еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің
көтерілуіне, көптеген жердің су астында
қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға
алып келеді.
Климаттың ғаламдық жылуы -
биосфераның антропогендік ластануының
бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның
өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің,
өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының,
ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің
өзгеруінен білінеді.
Қышқыл жаңбырлар – ауаның қышқылды тотықтармен ластануына байланысты жауын-шашынның рН мөлшері төмендейтіні байқалатын метеорологиялық жауын-шашынның барлық түрі (жаңбыр, қар, бұршақ, тұман, жаңбырлы қар).Алғаш рет «қышқыл жаңбыр» ұғымын 1872 жылы ағылшын зерттеушісі Роберт Смит енгізді. Оның көңілін Манчестердегі викториан улы тұманы аударды. Әрине ол кездегі ғалымдар қышқыл жаңбырдың бар екені туралы теорияны жоққа шығарғанымен, қазіргі таңда су айдындарының, ормандардың, өнімнің және өсімдіктер жамылғысының бұзылуы осы қышқыл жаңбырлар салдарынан екеніне ешкім күмән келтірмейді. Одан басқа ғимараттар мен ескерткіштер, құбырлар, автокөліктер зақымданып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді.Кәдімгі жаңбыр суы да әлсіз қышқыл ерітінді. Бұл атмосфераның көмір қышқыл газы (СО2) сияқты табиғи заттары жауын суымен реакцияға түсіп, әлсіз көмір қышқылы (CO2 + H2O <=> H2CO3) түзіледі. Негізінен жауын суы рН 5,6-5,7-ге тең. Ал шын мәнінде жауын суының қышқылдық көрсеткіш (рН) әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Бұл негізінен атмосферадағы күкірт тотығы мен азот тотығы бар газдардың құрамына байланысты. 1883 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус қолданысқа – қышқыл және негіз ұғымдарын енгізді. Ол қышқыл деп, суда еру кезінде бос оң зарядталған сутегі иондары (H+), ал негіз деп, суда еру кезінде бос теріс зарядталған гидроксид-иондары (ОH+) бар заттарды атады. Сутегі көрсеткіші (рН) – ерітіндідегі сутегі иондарының (H+) концентрация деңгейінің көрсеткіші болып табылады да, оны су қышқылдығының көрсеткіші ретінде де пайдаланады.Жоғарыда айтылғандай кәдімгі судың өзі де ауа құрамындағы көмір қышқыл газының болуына байланысты әлсіз қышқыл ерітінді (рН 6-ға жақын). Қышқыл жаңбырлар су мен күкірт тотығы (IV) S2 және азоттың әр түрлі тотықтары (NхОy) арасыындағы реакциялар нәтижесінде пайда болады. Бұл заттар атмосфераға автокөліктерден, металлургиялық кәсіпорындардан, жылу және атомдық электрстанциялардан бөлінеді. Күкірт қосылыстары (сульфидтер және басқалары) рудалар мен көмірлерде (сульфидтер әсіресе қоңыр көмірде көп) жану, күйдіру кезінде күкірт тотығы (IV) S2 (күкіртті ангидрид), күкірт тотығы (VI) SО3 (күкірт ангидриді), күкірттісутек H2S (төмен температурада, толық жанбау немесе толық күйдірмеу кезінде аз мөлшерде бөлінеді) түрінде түзіледі. Азоттың әртүрлі қосылыстары көмірде, әсіресе шымтезек (торф) құрамында бар. Пайдалы қазбаларды жағу кезінде азот тотығы түзіледі (мысалы, азот тотығы (IV) NO2).
Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман (тұман мен түтіннің қосылысы). Улы тұмандар үш түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) – газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі.Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) – озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді.Улы тұманның үшінші түрі – мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән.Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялық тұман деп атайды.Фотохимиялық тұман – фотооксиданттар деп аталатын азот, күкірт тотықтары, озон және көптеген органикалық қосылыстардан тұратын қоспа. Фотохимиялық тұман желсіз күндері, белгілі бір жағдайларда: атмосферада азот, көміртегі және басқа да ластаушылардың концентрациясы жоғары жағдайда, күн сәулелерінің әсерімен фотохимиялық реакциялар нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылыстар көбіне маусым-қыркүйек айларында жиірек, қыста сирек байқалады. Мұндай улы тұмандар Лондон, Париж, Лос-Анджелес, Нью-Иорк және Европа мен Америкадағы басқа да қалалар үстінде жиі көрініс береді. Физиологиялық әсері бойынша адам организміне (тыны салу жүйесі, қан айналу жүйесі) аса қауіпті. Көбіне денсаулығы нашар адамдардың, қала тұрғындарының ертерек дүниеден өтуіне алып келеді.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудғы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Парсы және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ-дәрілердің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай және мұнай өнімдері. Әлемдік мұхиттың ластануына мұнай өнімдерінен басқа қоқыстар да өз үлесін қосуда. Жыл сайын пластиктердің миллиондаған тоннасы қоршаған ортаға бөлініп жануарлардың өліміне, «жүзгіш материктердің» пайда болуына әкелуде. Өкініштісі, табиғи орталарда пластмассалардың шіруі жүздеген жылдарға созылады. Сондықтан жақын арада адамзат пластикалық қалдықтарды тиімді түрде пайдаға асырып, биопластмассаларды кеңінен пайдаланбаса, уақыт өте пластмасса қоқыстарында тірішілік ететін болады. Әлемдік мұхиттағы пластмассалар көптеген құстардың, тасбақалардың, балықтардың, теңіз жануарларының және басқа да тірі организмдердің өлуіне себеп болуда. Бұл мәселеге осыдан біраз жылдар бұрын Нормандия (Франция) жағалауында асқазанында 224 кг пластикалық қаптар табылған өлі киттің денесі табылғаннан соң көңіл аударыла бастады.Тынық мұхитта да мұхиттың ағындар жүйесі мен адамдардың табиғатқа, су ресурстарына немқұрайлы қарауынан «қоқыстар аралының» бар екені белгілі. Гавай аралдары мен Калифорния арасында орналасқан (1350-1550 градус батыс бойлықта және 350-420 градус солтүстік ендік) «Ұлы Тынық мұхиты қоқыстар материгі» Әлемдік мұхиттағы ең үлкен пластикалы қоқыстардың жиналған жер. 700 мыңнан 15 млн-ға дейінгі шаршы километр аумақты алып жатқан «қоқыстар материгінің» жылдан-жылға көлемі ұлғаюда. Ал дамушы елдерде қоқыстарды жинап қайта өңдеуге өткізу дәстүрлі балық аулау кәсібінен асып кетті.
Әлемдік мұхиттың ластаушыларының тағы бір түрі – пестицидтер мен ауыр металдар. Ауыр металдар (сынап, қорғасын, кадмий, мырыш, мыс) кең таралған улы ластаушыларға жатады. Олар әртүрлі өнеркәсіп орындарында кең қолданылады. Тазалау шараларына қарамастан өнеркәсіп орындарынан бөлінетін сулардың құрамында көп болады. Бұл қосылыстардың көпшілігі мұхитқа атмосфера арқылы түседі. Теңіз биоценоздары үшін әсіресе сынап, қорғасын және кадмий аса қауіпті.Әлемдік мұхиттың радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) ластануы да алаң туғызады. АҚШ-тың Тынық мұхитта жүргізген сутекті бомбасының жарылысының (1954 ж) әсерінен 25600 км2 жер радиоактивті сәулеленуге ұшырады. Жарты жылдың ішінде ағыстың әсерінен жұқтырылған аумақ 2,5 миллион км2-ге жетті. Радиоактивті заттармен уланған өсімдіктер мен жануарлар организмдері қоректік тізбек арқылы бір-біріне беріледі.
Сөз соңында осы қоршаған ортаның ластануы қандай себептерге байланысты екеніне тағы да тоқтала кетейік:
4. Мәдениет
пен өнегелілік деңгейінің
16.Биоалуантүрліліктің азаю проблемасы
Биоалуантүрлілік – ғаламшарда немесе анықталған территорияда, экожүйедегі түрлердің санының әртүрлілігі болып табылады. Биоалуантүрлілік ағзалардың жеке топтарымен анықталады: гүлді,жалаңаштұқымды, жабықтұқымды өсімдіктердің, мүктер, қыналар, ірі саңырауқұлақтар , микроскопиялық саңырауқұлақтардың, балдырлардың, жәндіктердің топырақ жануарлары, құстар, сүтқоректілер, бактериялар.
Биологиялық әртүрлілік адамзаттың
әлеуметтік-экономикалық дамуы және
адамзаттың тіршілігі үшін өмірлік
манызды рөл атқарады. Қамтамасыз
етілітін тауарлар мен қызметтер
ғаламдық және жергілікті деңгейде пайда
алып келеді. Жер бетінде биоәртүрлілікті
сақтау миллиондаған адамдардың өмір
сүру әрекеті мен әлеуметтік-
Соған байланысты 1992 жылы 5 маусымда
(Рио-де-Жанейро, Бразилия) халықаралық
келісім – Биологиялық
Қазақстан Республикасы Биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ Конференциясын 1994 жылы ратификациялады, сонымен қатар келесі міндеттерді қабылдады.
Жекеленген биоценоздардың биоалуантүрлілігі көптеген факторлардың өзара байланысымен анықталады: 1.Ортаның жағдайының жақсы болуы. Топырағы ылғалды, климаты жылы экожүйеде түрлер саны көбірек болады. 2.Ландшафттың түрлер санының қоры. Егер ландшафт бұрын қатты бұзылулар болса, биоценоз аз түрге ие болады. 3.Бұзылулар тәртібі. Экожүйенің аз бұзылуларында биоалуантүрлулік жоғарлайды.
Биоалуантүрлілік саны территорияның
біркелкілігіне дн байланысты. Таулы
аймаққа қарағанда жазық далада
түр әрқашан аз болады. Бұл теңіз
деңгейінен әртүрлі биіктікте орналасуына,
әр түрлі геологиялық жыныстармен
байланысты(қышқыл граниттер, сілтілі
әктастар). Биоалуантүрліктін азаюы
антропогенді факторларға да байланысты.
Олар: урбанизация(жолдардын салынуы,
17.Халықаралық Қызыл кітап, маңызы
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек
кездесетін, жылдан жылға азайып
не жойылып бара жатқан, сондықтан
да айрықша қорғауды қажет
ететін жануарлар мен
18. Биосфераны ластаушы заттар.
Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.
Жоғарыда айтылғандай,
шығу тегі бойынша ластану
табиғи және антропогенді. Өкінішке
орай, өнеркәсіптің дамуына
Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
Атмосфераны қатты
ластайтын улы заттарға: көміртегі
қосылыстары (көмір қышқыл
Екпе ағаштар газдар
үшін механикалық бөгет және
атмосфераның химиялық
Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).
Қала үшін жағымсыз
факторлардың бірі физикалық
табиғаты әртүрлі дыбыс
Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.