Шпаргалка по "Экология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка

Краткое описание

1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

глобальная экология.docx

— 288.41 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19. Дүниежүзілік қалалардың экологиялық проблемалары.

      Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқа елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады.

      Қалалардағы  адам мен табиғат  үшін қолайлы  ортаны сол жерде өмір сүретін  тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік  жайлылығы, қаланың үйлесімді,  орнықты әлеуметтік және экономикалық  дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық  орта сонда тұратын халық үшін  жоғары дәрежеде және әрқалай  әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік  және әлеуметтік-экономикалық кешенді  факторлар болып табылады. Адамның  қаладағы өмірі – бұл пәтер  ішіндегі ортаның, пәтерден тыс  ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар  ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи  ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық  және әлеуметтік-экономикалық орталардың  жиынтығы.

      Жер бетіндегі  адамдардың көпшілігі күнделікті  өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға  қолайлы қалада тұратыны мәлім.  Алайда қалалар негізгі экологиялық  мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%-нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:

  • көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
  • қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
  • табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы;
  • адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
  • адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйқтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.). Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон-Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30-40 агломерацияларды «жұтып қойды».

Әлемдегі ең лас қалалар  рейтингі

 

қалалар

мемлекеттер

1

Баку

Әзірбайжан

2

Аддис-Абеба

Эфиопия

3

Мехико

Мексика

4

Буэнос-Айрес

Аргентина

5

Антананариву

Мадагаскар


 

 

 

 

 

 

 

20. Атмосферанын жаппай ластануы.

      Атмосфераның ластануы негізінен түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, транспорт және мұнай-газ кешендеріне байланысты. Атмосфералық ластанудың нәтижесі қоршаған орта мен адам денсаулығының нашарлауына алып келеді.

 

      Автокөліктер санының  күрт өсуі ірі қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртегі тотығы  мен азот қостотығы концентрациясының  өсуіне алып келеді. Нәтижесінде  атмосфераға көмір қышқыл газы, қорғасын және т.б. зиянды заттардың  көп мөлшері бөлінуде. Бұл жанармай  сапасының төмен болуына, автокөліктен  бөлінетін түтінді тазалайтын  сүзгіштердің болмауына, шаруашылықтардағы  автокөліктердің жағдайына, көлік  санының артуына байланысты.

      Атмосфераның ластануы  жөнінен республикада: Қарағанды,  Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан,  Жезқазған облыстары көш бастап  келеді.

      Атмосфералық ауаның  ластану проблемалары негізінен  республика халқының жартысы  тұратын ірі қалалар мен өнеркәсіптік  агломерацияларға тән. Республикадағы  өте лас қалалар саны 10 деп  есептелгенімен, оның 8-де ауаның  ластану деңгейі өте жоғары. Қалалардағы  ауаның ластану себебі өндірістегі  ескі технологияларға, тазалау  қондырғыларының тиімсіздігіне,  пайдаланатын жанармай сапаларының  төмен болуына, энергияның дәстүрлі  емес және орнына келетін түрлерін  пайдаланбауға байланысты.

      Жалпы республиканың  15 қаласында атмосфералық ауа  мөлшерден көп ластанған. Бұл  қалалардың ішінде – Алматы, Шымкент,  Тараз, Петропавловск, Теміртау, Ақтау, Зыряновск және т.б. қалалар  бар. Қалалардағы ауаның ластануы  автокөліктерден бөлінетін түтіннен  басқа, өндірістегі ескі технологияларға,  тазалау қондырғыларының тиімсіздігіне,  отын сапасының төмен болуымен  тығыз байланысты. Негізгі ластаушылар  – шаң, күкірт қостотығы, азот  тотығы, көмірсутектер, фенол, қорғасын, күкірттісутек, хлорлы сутегі, аммиак  және т.б. 

      Атмосферада  күкіртті газдар ұзақ сақталмайды.  Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан,  ылғалды және атмосферада аммиак  болған жағдайда бірнеше сағаттарға  дейін сақталады. Күкіртті қосылыстар  адамдар мен жануарлардың тыныс  алу жолдарына әсер етіп тыныс  алуды қиындатады. Атмосфералық  ауа құрамында күкірттің көп  болуы металдардың таттануын  (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың,  ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының  сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті  аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда  темір 20 есе, алюминий 100 есе тез  таттанып бұзылады.

      Аса зиянды  өнеркәсіп орындары - Өскемендегі  қорғасын-мырыш, Шымкенттегі қорғасын-фосфор, Тараздағы фосфор өнеркәсіп орындары, Ақтөбедегі хром кәсіпорны. Атмосфералық  ауа әсіресе Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында қатты ластанған.Сондай-ақ ауа бассейнінің ластануы күкірттісутекті шикізаттың жаңа орындарын игеруге де байланысты. Үлкен проблеманың бірі – көмірсутектерді өндіру кезіндегі табиғи және өндіру кезінде бөлінетін ілеспелі газдарды пайдаға асыру. Ілеспелі газдарды жағу кезінде атмосфераға парникті газдардың, азот, күкірт тотықтарының көп мөлшері бөлінеді. Мұндай кеніштер сол пайдалы қазбаларды өндіруде, қайта өңдеуде және тасымалдауда әртүрлі ұлттық және шетелдік компаниялардың қызығушылығын танытатыны сөзсіз. Алайда, өнеркәсіптің дамуы фауна мен флораға, топыраққа, өзендер мен көлдерге, ауа атмосферасына, яғни қоршаған ортаның сапасына әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21. Ноосфера-биосфераның дамуының жоғарғы сатысы.

Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген  іс-әрекеттерінен туындайтын жер  сферасындағы барлық өзгерістер мен  олардың дамуын анықтайтын басты  фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін  аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта  өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты  мекені — Жер.

Ноосфера – ақыл-ой сферасы  деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз  ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр  де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.

XX ғасырдың 30 – 40-жылдары  ноосфераны материалистік тұрғыдан  сипаттап жазған В.И. Вернадский  болды. Ол ноосфераны биосфера  мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан  туындайтын тіршіліктің жаңа  формасы, бұл саналы, ақыл-ойы  жетілген адамзаттың бағыттауымен  қалыптасатын биосфераның жаңа  эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.

 Ноосфера – табиғат  заңдылықтарының қоғамның ойлау  заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық  заңдылықтармен тығыз байланысып  жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Жер ғаламшарындағы органикалық  дүние эволюциясының бірнеше  кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең  — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса  бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің  күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді  ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің  толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының  үшінші кезеңі — адам қоғамының  пайда болуымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

22. Судың табиғи және антропогендік ластануы.

Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Суды қорғау, су нысандарының барлық жиынтықтарынының құрайтын, судың жинақталған аумақтары  біздің мемлекетіміздің жіті бақылауында. Осыған орай Есіл экология департаменті суды қорғау саласында белсенді жұмыс  атқаруда. Сонымен қатар су нысандарына  қалдықтар тастайтын табиғатты  пайдаланушылар расында үнемі бақылау  жүргізілінеді. Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары  қалдықтарды шамадан тыс тастауды сынап, іріктеу жұмыстарын үнемі  жүргізеді.

 Астана қаласы құрғақ  аумақта орналасқандықтан, су ресурстарының  шектеулі екендігін аңғартады.  Астана қаласындағы негізгі әрі  маңызды сулы артериясы Есіл  өзені болып табылады, және оның  екі арнасы Сарыбұлақ және  Ақбұлақ. 

 Қаланың негізгі шаруашылық-ауыз  сумен жабдықтайтын көзі Есіл  өзеніндегі жылына 67,2 млн. м3  көлемінде  сумен қамтамасыз ететін Астаналық  су қоймасы.

Талдыкөлге түскен тазартылған  тұрып қалған су көлемі 2010 жылдың 3 кварталы 2009 жылмен салыстырғанда көбейген.

 Бұл шаруашылық-тұрмыстық  су қалдықтарын тастаудың көбеюі, қаланың шаруашылық ауыз су  қажеттіліктерін қамтамасыз ететін  су қақпасының ұлғаюы, сонымен  қатар Астана қаласының шаруашылық-тұрмыстық  канализациясына нөсерлі сулардың  түсуі, қаланың сыртқы аумағында  және ішкі квартал бөліктерінде  нөсер су түсетін канализация  жүйесінің дамымағанына байланысты.

 Ауыз судың сапасын  жақсарту үшін, сумен қамтамасыз  ету желіліерінің сенімділігін  және қоршаған ортаның санитарлық  жағдайы, 2010 жылы сумен қамтамасыз  ету және су бұру желілерінің  сенімділігін арттыру үшін «Астана  Су Арнасы» МҚК жалпы аралығы  4070,56 м құрайтын сумен қамтамасыз  ету және су бұру желіліерінің  қайта қалпына келтіру шаралары  жүрізілінді. 

 «Республикалық бюджеттің  есебінен Есіл өзенінің арналарын  қайта қалпына келтіру шаралары, арналарын қамыс пен тұнбалардан  тазарту, өзеннің кеңеюі, өзен  жағасының бағытының түзелуі  мен көріктендіріліуі іске асырылады. 

Петропавл қаласының негізгі  сулы қайнар көзі – трансшекаралық Есіл өзені. 2010 жылы облыстың су қоймасы үстіне тасталынған ластанған заттардың жалпы көлемі 4,9 мың тоннаны құрады. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 775 тоннаға азайған.

 Қорытындылай келе, су  нысандарының адам өміріндегі  ең маңызды рөл атқаратынын   атап айту қажет. Ал су қоймаларының  ластану көлемі жыл сайын көп  мөлшерде көбеюде. Сондықтан да  әр адам су нысандарының ластануы  жайында аз да болса ойланып,  су ресурстарын және жалпы  қоршаған ортаны қорғау үшін  әрекет етуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23. Антропогендік экологиялық дағдарыстар.

Экологиялық дағдарыс –  қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық  дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми  түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік  ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын  зардаптары, энергияны тұтынудың  көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық  дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.

Экологиялық дағдарыстан  экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз  құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе  өндірістің әсері нәтижесінде түрлі  нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға  қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.

Информация о работе Шпаргалка по "Экология"