Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 12:54, реферат

Краткое описание

Сот істерін және басқа да құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға өткізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 217 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАТАЖ.docx

— 88.47 Кб (Скачать документ)

182. Шағым бойынша  сотқа сұратып алдырылған қылмыстық  немесе азаматтық істің түскен  күні №1н немесе № 2н нысан  бойынша журналдардың кассациялық  шағымдар есепке алу карточкаларына  жазылады (3 Регламент 2.2.4 т.).

Кассациялық алқада істерді қарау мерзімі іс кассациялық алқаға түскен күннен бастап бір айдан аспауы керек.

183. Соттың кассациялық  алқасына прокурордың наразылығымен  қайта қарауға түскен қылмыстық, азаматтық істер  түскен күні  сот кеңсесінде №1к, №2к журналдарының  есепке алу карточкаларына тіркеледі (3 Регламент 2.2.7 т.).

184. Егер кассациялық  сатыға  қайта қарау туралы  наразылықпен және/немесе  қаулымен  түскен қылмыстық іс бойынша  бірнеше адам сотталса, онда  оған  қатысты наразылық немесе қаулы  келтірілген әр сотталғанға жеке  карточка жүргізіледі. Азаматтық  істер бойынша  есепке алу карточкасы  талапкер мен жауапкерге толтырылады (3 Регламент т.).

185. Алқа маманы  кассациялық саты отырысының  өтетін күні, уақыты және орны  туралы хабарлама дайындап, оны  кассациялық шағымның көшірмесімен  қоса, тараптарға пікірін (наразылығын) беру құқығымен тараптарға жібереді, ал істің өзін кассациялық  өндірісімен,   қол қойғызып  баяндамашыға береді.

186. Содан кейін  алқа хатшысы әр санаттағы  істер үшін қалыптастырылатын  «Тыңдалатын істердің тізімі»  тізілімін қолдана отырып (3 Регламент 2.5.т.), кассациялық сатыда қаралатын  істердің тізімін жасайды да, көруге қолайлы жерге іліп  қояды. Тізімнің бір данасы міндетті  түрде сот төрағасы мен прокурорға  тапсырылады.

Кассациялық сатының отырысы аяқталған соң тізімнің бірінші данасы,  істің қаралу нәтижесі көрсетіліп, нарядқа тігіледі.

187. Кассациялық  алқаның қаулысы шығарылғаннан  кейін кассациялық алқаның судьясы   алқа хатшысына қол қойғызып, істі кассациялық өндірісімен  ресімдеуге және сотқа қайтаруға  береді.

188. Алқа хатшысы  қаулының көшірмелерін мөр басып  куәландырып, іске қатысушы адамдарға  жібереді, ал іске қаулының түпнұсқасын  және қосымша материалдарды  (ордер, кепілхат және басқа да материалдар) іске тігеді.

Сондай-ақ  кассациялық алқа қаулысының көшірмесі қаралған іске наразылық келтірген прокурорға жіберіледі.

189. Кассациялық  алқаның  қылмыстық және азаматтық  істер бойынша  қаулыларының көшірмелері, сондай-ақ заңды күшіне енген  қаулыларды қайта қарау жөніндегі  сот актілерінің  көшірмелері  қажетті жағдайларда нарядтарда  сақталады.

Сот актілерінің электронды көшірмелері міндетті түрде істің есепке алу карточкаларына салынады (3 Регламент 2.2.3 т.).

190. Кассациялық  тәртіппен қаралған қылмыстық, азаматтық  немесе әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істер қадағалау сатысының  қаулысымен бірге, қаулы шығарылған  күннен кейін үш күн  кешіктірілмей,  ал ҚІЖК-нің 423-бабының 2-бөлігі, АІЖК-нің 357-бабының 2-бөлігімен қарастырылған  жағдайларда, қаулының мәтіні толық  дайын болғаннан кейін, сол мерзімде, бірінші сатыдағы сотқа  жіберіледі.

191. Егер сотталған  қамауда болса, онда кассациялық  алқаның  қаулысының көшірмесі, қылмыстық-атқару  заңына сәйкес,  үкімді орындау  жүктелген  органға жіберіледі.

Егер кассациялық алқаның қаулысы бойынша сотталған қамаудан босатылуға тиіс болса, онда жаза өтеу орнының бастығына жіберілетін ілеспе хатта  сот актісін орындау күні туралы үкім шығарған бірінші сатының сотын  міндетті түрде хабардар ету керектігі көрсетілуі тиіс.

192. Алқаның маманы  қылмыстық, азаматтық істердің  № 1к, № 2к және № 3к нысанды журналдар  бойынша есепке алу карточкаларында  істердің қаралуының нәтижесі  мен бірінші сатыдағы сотқа  қайтарылған күнін көрсетеді (3 Регламент 2.2.10 т.).

193. Қамауға алынбаған  сотталғандарға қатысты қылмыстық  істерге және азаматтық істерге, дереу орындалуға тиісті жағдайлардан  басқа, шығарылған кассациялық алқаның  қаулылары  бірінші сатыдағы соттарға  орындауға  жіберіледі. 

194. Жоғарғы Соттың  кассациялық алқасының  қаулылары  көшірмесінің екі данасы жазаны  өтеу орнына (бір дана – іс  материалдарына тігу үшін, екіншісі  – сотталғанға тапсыру үшін) жіберіледі. Көшірмелердің жіберілген күнін  алқа хатшысы қылмыстық істің  есепке алу карточкасына белгілейді (3 Регламент 2.2.10 т.).

 

23. Сот  мұрағатын ұйымдастыру

 

195. Нарядтар сот  мұрағатына тізімдеме бойынша  өткізіледі. Тізімдемеге  тиісті  бөлімнің маманы мен мұрағатшы  қол қояды.  Сот мұрағатына  тапсырылатын нарядтардың мұқабаларына, сондай-ақ есептік-статистикалық  карточкаларға немесе тіркеу  журналдарына  тізімдеме бойынша  іс мұрағатқа тапсырылғанда берілген  мұрағаттық нөмір мен тізімдеменің  өзінің нөмірі қойылады.

 

24. Істер  мен сот құжаттарын беру тәртібі

 

196. Істер олармен  танысу үшін соттың үй-жайында  тек қана сот төрағасының немесе  алқа төрағасының рұқсаты бойынша  жазбаша арыз бергеннен кейін  және төмендегі құжаттар ұсынылғанда  мыналарға беріледі:

1) жеке басының  куәлігін, паспортын ұсынған қамауға  алынбаған сотталушыларға, сотталғандарға, олардың заңды өкілдеріне және  қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерге, тараптарға, олардың өкілдеріне  және азаматтық іс бойынша  іске қатысушы басқа да адамдарға;

2) заң консультациясы  берген ордер мен қызметтік  куәлігін ұсынған, іс бойынша  бірінші, апелляциялық және кассациялық  сатыларында сөйлейтін адвокаттарға, сондай-ақ  өндірісі аяқталған  істер бойынша адвокаттарға;

3) іске қатысуға  кепілхат және жеке басын куәландыратын  құжат ұсынған азаматтық талапкерлер  мен олардың өкілдеріне, азаматтық  жауапкерлер мен олардың қылмыстық  және азаматтық істер бойынша  өкілдеріне.

197. Істі сұратып  алдыруға құзырлы жоғары тұрған  соттар мен органдардың жазбаша  талаптарының негізінде, сот төрағасы  немесе алқа төрағасының өкімімен  істер поштамен  жіберіледі немесе  курьер арқылы жеткізіледі.

Істі жіберу туралы талап, үкім немесе шешімнің көшірмесі, жіберілген істің ілеспе хатының көшірмесі іс қайтарылғанша қадағалау папкасында сақталады.

Оның үстіне істерді жіберу туралы талаптар мен ілеспе хаттардың көшірмелері жіберілген істер мен құжаттардың іс жүргізу номенклатурасында қарастырылған жеке қадағалау нарядтарында сақталады.

Сұратып алдырылған іс бір ай мерзімде қайтарылмаған жағдайда мұрағатшы тиісті ескерту жібереді, аталған істер сот төрағасының қадағалауына алынып, оларды мерзімінде қайтарудың барлық шаралары жасалады.

Іс сотқа қайтарылғаннан кейін құжаттар қажеттілігі өтуіне байланысты (істі жіберу туралы талап, ілеспе хаттың көшірмесі) қадағалау папкасынан алынып, істің  қайтарылғаны туралы  хатпен бірге іс материалдарына тігіледі.

198. Көшірмелерімен  куәландырылған  істегі кейбір  құжаттар мен істер бойынша  жазбаша анықтамаларды  алқаның  маман-хатшысы және  мұрағатшы  сотталғандарға, ақталғандарға, жәбірленушілерге, азаматтық іс бойынша тараптарға  және олардың өкілдеріне жазбаша  арыз бойынша, сот төрағасының, алқа  төрағасының немесе аталған істі  жүргізетін  судьяның рұқсатымен  береді.

 Шешім заңды  күшіне енгеннен кейін азаматтық  істердегі төлқұжаттар осы құжаттарды  ұсынған адамдардың өтініші бойынша  оларға қайтарылуы мүмкін.  Істе  құжаттардың судья куәландырған  көшірмесі қалады.

199. Қылмыстық және  азаматтық істер бойынша үкімдер, шешімдер және ұйғарымдардың, оның  ішінде жоғары тұрған сот шығарған  ұйғарымдар мен қаулылардың  көшірмелері  куәландырылып, елтаңбалы мөрмен  бекітіп берілуі тиіс. Үкім, шешім, ұйғарымды жоғары тұрған сот  өзгерткен жағдайда, бұл туралы  берілетін көшірмеде көрсетіледі.

Құқықты бекітетін сот актісін бұрмалауды болдырмау мақсатында сот актісін берудің  төмендегі тәртібі бекітіледі:

сот актілерінің көшірмесі істі қараған судьяның, ал ол болмағанда облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы немесе оның міндетін атқарушы адамның немесе алқа төрағасының қолы қойылып куәландырылады;

сот актілерінің және анықтамалардың көшірмелері, міндетті түрде сот актісінің берілген күні көрсетіліп, соттың мөрімен куәландырылуы тиіс. Соттың мөрі айқын оқылатын, судьяның қолын жаппайтын және лауазымның атауының жартысын қамтитын  болуы тиіс;

судьяның қолының ксерокөшірмесін мөрмен куәландыруға жол берілмейді;

бірнеше баспа табақтан тұратын сот актісі тігіліп, нөмірленіп, судьяның қолымен  және соттың мөрімен куәландырылуы тиіс;

заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерінде «заңды күшіне енген жоқ» деген  белгі болуы тиіс.  Аталған жазба сот актісін шығарған судьяның қолымен және берілген күні көрсетіліп, соттың мөрімен куәландырылуы тиіс;

заңды күшіне енген сот актілері  көшірмелерінің соңғы бетінің екінші  жағына күні көрсетіле отырып  « заңды күшіне енді» деп жазылуы  керек.

Сот талқылауына қатысушы болып табылмайтын адамдарға сот шешімдерінің көшірмелері сот төрағасының немесе тиісті алқаның төрағасының  жазбаша рұқсатымен (бұрыштамасымен) және тек мемлекеттік баж төленгеннен кейін беріледі (жіберіледі). Осындай талап, сот актісінің көшірмесі оларға қайталанып берілген жағдайда, сот процесінің қатысушыларына да жүреді.

Бұл арыздар мен жауаптар жеке нарядта тігіледі.

200. Сот актісінің  көшірмесі көшірмені алушының  өзі жазған қолхаты бойынша  беріледі. Құжаттың көшірмесі поштамен  жіберілген жағдайда бұл туралы  анықтама қағазына белгі қойылады.

Істен төлқұжатты алған адам,  істе қалдырылған көшірмеге құжатты алғанын растап  қол қояды.

201. Істер мен  құжаттар судьяларға, сот кеңсесінің  қызметкерлеріне (мамандарға, консультанттарға) және прокурорларға  олардың сұратуы  бойынша, сот төрағасының немесе  тиісті алқа төрағасының жазбаша  рұқсатымен (бұрыштамасымен) беріледі, бұл туралы алқаның маман- хатшысы  арнайы журналға белгілейді.

 

25. Сот  статистикасын жүргізу

 

202. Облыстық және  оған теңестірілген соттарда  алғашқы құжаттарды бірыңғай  есепке алу, статистикалық мәліметтерді  қорландыру  осы Нұсқаулыққа, ағымдағы  нормативтік құқықтық актілерге  сәйкес жүзеге асырылады.

203. Ақпараттық-есептік  карточкаларға  енгізілген мәліметтердің  дұрыстығына кеңсе меңгерушісі  және оның орынбасарлары жауап  береді.

204. Сот статистикасын  жүргізуге бақылау және жауапкершілік  кеңсе меңгерушісі мен сотта  статистикалық есепті құрайтын  және жүргізетін маманға жүктеледі.

205. Сот статистикасын  қалыптастыру, талдау және басуды  - осы  функционалдық міндеттеріне  кіретін маман орындауы мүмкін (1,2,3 Регламент 2.5.2 т).

 

26. Облыстық  және оған теңестірілген соттың  Істер номенклатурасы

 

206. Соттың бақылау  және құжат айналымы бөлімі  облыстық және оған теңестірілген  соттарға арналған іс жүргізу  номенклатурасының  үлгі тізіміне  сәйкес Істер номенклатурасын  жасайды және сараптама комиссиясының  қолдауынан кейін оны (төрт данасын  және   электронды үлгідегі  бір данасын (электронды пошта, флэшкартта, СD-дискіде, дискетте) тиісті мемлекеттік  мұрағаттық  мекемеге келісілуге  жібереді, содан кейін облыстық  және оған теңестірілген соттың  төрағасы оны  бекітеді.

207. Істер номенклатурасының  қажетті данасы басылып, жаңа  жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне  енеді. Істер номенклатурасы функциясы  және құрылымы өзгерген жағдайда  қайта жасалып, бірақ кемінде  бес жылда бір рет, жаңадан  келісіледі. Ол жыл сайын тиісті  түзетулерімен қайта басылады  да  облыстық және оған теңестірілген  соттың төрағасы оны бекітеді.

Істер номенклатурасы үш дана етіп басылады. Келісілу және бекітуден кейін бірінші данасы  мұрағат және құжаттама жөніндегі мемлекеттік басқармада қалады, екіншісі нарядқа тігіліп, сот жұмысында қолданылады, үшінші дана сот мұрағатына беріледі.

 

 

 

 

 

     

                                                     

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі