7. Мемлекеттік тіл
іс қағаздарын жүргізу тілі
болып табылады, орыс тiлi ресми
түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады,
ал «Қазақстан Республикасындағы
тіл туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген жағдайларда
басқа да тілдер қолданылады.
Азаматтардың өтініштеріне
жауаптар және басқа да құжаттар мемлекеттік
немесе орыс тілінде өтініштің берілген
тіліне қарай беріледі.
8. Осы Нұсқаулық
құпия сипаты жоқ құжаттармен
жұмыс iстеуге, сондай-ақ «Қызмет
бабында пайдалану үшін» деген
белгісі бар құжаттарға қолданылады.
Құпия құжаттармен
жұмыс icтey және оларды жүргiзу тәртiбi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысымен
бекітілген «Қазақстан Республикасында
құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа» сәйкес белгiленедi.
9. Сотта іс қағаздарын
жүргізу бірыңғай цикл болып
табылады. Алқалардағы сот ісін
жүргізумен байланысты іс қағаздарын
жүргізуді қоспағанда, іс қағаздарын
жүргізуге жалпы басшылық ету
кеңсе басшысы мен оның орынбасарына
жүктеледі.
Алқаларда сот ісін
жүргізумен байланысты іс қағаздарын
жүргізу алқалардың төрағаларына жүктеледі.
10. Іс қағаздарын
жүргізу, яғни кіріс, шығыс және
ішкі құжаттарды, бұрыштамалар мен
тапсырмаларды, сондай-ақ сот ісін
жүргізу, статистикалық есептілік
пен талдау материалдарын жасау,
тіркеу мен есепке алу соттарда
Қазақстан Республикасы Сот органдарының
«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау
жүйесі» (бұдан әрі – СО БААТЖ) арқылы
автоматтандырылады.
11. СО БААТЖ-дың
автоматтандырылған жұмыс орындары
осы нұсқаулыққа және жүйені
пайдаланушының жадынамасына сәйкес
пайдаланылады. Автоматтандырылған
жұмыс орындары ІВМ фирмасының
«Lotes Domino/Notes» бағдарламалық қамтамасыз
етуінің негізінде әзірленіп, жұмыс
істейді және оның құрамындағы
ақпаратты пайдаланудың ара-жігін
ашу тетіктерін, шифрлау алгоритмдерін
және электронды-цифрлы қол қоюды
пайдаланады.
12. Сот актілерінің
республикалық қоры Жоғарғы Соттың
WEB-сайты немесе Интернет желісі
арқылы СО БААТЖ «Сот іс
қағаздарын жүргізу» дерекқоры
арқылы толықтырылады.
13. Іс қағаздарын
жүргізу жөніндегі қызмет құзыреттер
шегінде мынадай тәртіппен іске
асырылады:
4. Бақылау
және құжат айналымы бөлімі
Бақылау және құжат
айналымы бөлімінің құзыреті:
1) соттың сараптау
комиссиясына мақұлдатып, тиісті
мемлекеттік мұрағат мекемесімен
келісіп, соттың істер номенклатурасын
әзірлейді және оны сот төрағасының
бекітуіне ұсынады;
2) бекітілген номенклатураға
сәйкес нарядтар мен журналдарды
жүргізеді;
3) кіріс почтаны
қабылдап, тіркейді, құжаттарды бөлу
үшін сот төрағасына береді, содан
кейін оларды бөлінгеніне сәйкес
тиістілігі бойынша таратады, шығыс
почтаны жібереді;
4) қызметтік хат-хабарлармен,
азаматтардың және заңды тұлғалардың
хаттарымен және шағымдарымен
жұмысты ұйымдастырады;
5) сот істерінің,
апелляциялық және кассациялық
шағымдардың, қызметтік құжаттардың,
азаматтар мен заңды тұлғалардың
арыздары мен шағымдарының қозғалысын
ұдайы талдайды, бұл туралы талдамалық
анықтамалар әзірлейді, кеңсенің
тиісті қызметкерлерінің СО БААТЖ-ның
«Сот іс қағаздарын жүргізу»
дерекқорына мәліметтерді уақытылы
енгізуін қадағалайды;
6) сот төрағасының,
кеңсе басшысы мен оның орынбасарының
қызметтік хат-хабарларды, шағымдар
мен арыздарды қарауға байланысты
берген тапсырмаларының уақытылы
орындалуын, Жоғарғы Соттың, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) бақылаудағы тапсырмаларын
орындауды бақылауды жүзеге асырады,
атқарушылық тәртіптің жағдайын
талдайды және тиісті ұсыныстар
енгізеді;
7) елтаңбалы мөрлер
мен мөртаңбалардың, қатаң есептегі
бланкілердің сақталуы мен есепке
алынуы үшін жауапкершілік көтереді;
8) елтаңбалы мөрлер
мен мөртаңбаларды пайдалануға,
қатаң есептегі бланкілерді алуға
және беруге жауапты адамдар
облыстық сот кеңсесі басшысының
бұйрығымен тағайындалады;
9) іс қағаздарын
жүргізуді дұрыс ұйымдастыру
және СО БААТЖ-ды пайдалану
бойынша алқалардың қызметкерлеріне
әдістемелік көмек көрсетеді;
10) сот төрағасының
және алқалардың төрағаларының
тапсырмасы бойынша өзге де
жұмысты орындайды.
5. Ұйымдастыру-талдау бөлімі
Ұйымдастыру-талдау
бөлімінің құзыреті:
- облыстық соттың кеңейтілген,
жалпы, аралық жалпы, жедел отырыстарын
және сотта өткізілетін басқа да іс-шараларды
ұйымдастыру дайындығы;
- облыстың аудандық
және оған теңестірілген соттардың судьяларына
қатысты сот мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
- облыстық соттың судьяларымен
бірлесіп жеке және заңды тұлғалардың
облыстық сот судьялары мен мамандарының
әрекеттеріне келтірілген өтініштерді
қарау, оларды есепке алуды жүргізу;
- Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты және облыстық соттың сот
алқалары судьяларға қатысты шығарған
жеке қаулылар, ұйғарымдар бойынша материалдарды
жүргізу, есепке алу және жинау;
- прокуратура органдарының
ұсынымдары бойынша материалдарды
жүргізу, есепке алу, жинау;
- судьялардың, облыстың
аудандық және оған теңестірілген соттардың,
кеңсе қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру бойынша, сондай-ақ сот кеңселерінің
мамандарымен әдістемелік сабақтар мен
семинарларды өткізу бойынша Оқу орталығының
жұмысын ұйымдастыру;
- облыстың аудандық
және оған теңестірілген соттарында БААТЖ
бағдарламасының жұмыс істеуі мен пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ БААТЖ
бағдарламасын сүйемелдеу және техникалық
қызмет көрсету;
- халықаралық-құқықтық
көмек көрсету тәртібімен бөлімге келіп
түсетін құжаттарды уақытында орындауды
бақылау;
- жергілікті соттарда
сот статистикалық жүргізуді ұйымдастыру
және бақылау, сондай-ақ сот статистикасын
жүргізу мәселелері бойынша Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу комитетінің
Басқармасымен өзара әрекеттесу;
- облыстың аудандық
және оған теңестірілген соттарында іс
қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу
бойынша әдістемелік және практикалық
көмек көрсету жөнінде кешенді, нысаналы
тексерулер жүргізуге қатысу;
- консультативтік кеңестің
жұмысын ұйымдастыру;
- жұмыс сапасын жақсартуға
ықпал ететін жаңа амалдарды іздестіру
және енгізу;
- облыстық соттың қызметінен
туындайтын өзге де функцияларды жүзеге
асыру;
- облыстық соттың, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің
жоспарлы іс-шаралары мен хаттамалық шешімдерінің
орындалуын бақылау;
15) осы Нұсқаулықтың
талаптарын сақтау жөнінде сот
алқаларындағы іс қағаздарын
жүргізу жағдайын мезгіл-мезгіл
зерделеп отырады және қорытады,
талдамалық анықтама әзірлейді
және осы жұмысты жақсарту
бойынша ұсыныстар енгізеді;
16) қылмыстық, азаматтық
және әкімшілік сот істерің
бірінші сатыдағы соттарға, прокуратураға
жібереді, Сот Жюриіне материалдарды
жібереді және т.б.;
17) құжаттарды Жоғарғы
Соттың WEB-сайтына және Интернет
желісіне орналастырумен айналысады;
18) ұйымдастыру-талдау
тобы туралы үлгі ережеге сәйкес
сот төрағасының, кеңсе басшысы
мен оның орынбасарының тапсырмасы
бойынша өзге де жұмыстарды
орындайды.
6. Кадр
жұмысы жөніндегі бөлім
Кадр жұмысы жөніндегі
бөлімінің құзыреті:
- облыстық сот кеңсесінің
мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлерінің
еңбек кітапшаларын жүргізу;
- «ҚР соттары және судьялары»,
«Кадр құрамы» атты кадрларды ақпараттық
есепке алу жүйесін жүргізу;
- облыстық сот кеңсесінің
мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлерінің
жеке істерін ресімдеу және жүргізу;
- бөлімнің жұмысы бойынша
талдаулар мен қорытындылауды жүргізу;
- облыстық сот кеңсесінің
мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне
ағымдағы бұйрықтарды және облыстық сот
төрағасының өкімдерін дайындау;
- әкімшілік мемлекеттік
қызметшілерге қатысты тәртіптік іс жүргізу
бойынша қызметтік тексеру жүргізу;
- аттестаттау материалдарын
ресімдеу, атестаттау қорытындысы бойынша
статистикалық есептерді жасау;
- еңбек сіңірген жылдары
бойынша қызметкерлердің арыздарын қарау
және олар бойынша хаттамалар жасау;
- арнайы тексерулер
жүргізу бойынша ҚР Бас прокуратурасының
жанындағы ҚСжАЕКБ-мен, ҰҚК органдарымен
өзара әрекеттесу;
- еңбекке жарамсыздық
парақтарын тіркеу, еңбек кітапшаларын,
басқа да құжаттарды есепке алу және беру
журналдарын жүргізу;
- ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Басқармасымен өзара
әрекеттесу (мемлекеттік қызметшілердің
саны бойынша статистикалық есептер, өткізілген
конкурстардың қорытындысы бойынша есептер
жасау (кадр резерві бойынша жұмысты жүргізу);
12) бекітілген номенклатураға
сәйкес істерді жүргізеді, сондай-ақ
Нұсқаулықта көрсетілген істер
мен ақпараттық-есептік карточкаларды,
сондай-ақ автоматтандырылған жүйедегі
есепті жүргізеді;
13) сот төрағасының,
алқа төрағаларының, кеңсе басшысы
мен оның орынбасарының, бақылау
және құжат айналымы бөлімі
бастығының тапсыруы бойынша
өзге де жұмыстарды орындайды.
7. Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету және мемлекеттік
сатып алу бөлімі:
Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып
алу бөлімінің құзыреті:
1) жергілікті соттарды
және кеңсе аппаратын материалдық-техникалық
қамтамасыз ету мәселелері бойынша
тиісті қызметті қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып
алуға байланысты жұмыстарды
қамтамасыз ету;
3) облыстық соттардың
және аппаратт ұстауға тиісті
қаржы жылына арналған бюджеттік
өтінім жобасын қалыптастыру;
4) бюджет қаражатының
нысаналы және тиімді пайдаланылуын,
тауарларды, жұмыстарды және қызмет
көрсетулерді мемлекеттік сатып
алуды жүргізуді бақылау;
5) республикалық
бюджет қаражатының игерілуін
бақылауды жүзеге асыру;
6) облыстың судьяларын
және сот кеңселерін нормативтік
құқықтық актілермен, заң әдебиеттерімен
және анықтамалық-ақпараттық материалдармен
қамтамасыз ету;
7) есептілікті уақытында
жасауды қамтамасыз ету және
тиісті органдар мен Департаментке
белгіленген мерзімдерде ұсыну;
8) облыстық соттың
балансында тұрған жергілікті
соттардың ғимараттарын күрделі
және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз
ету, оларды ұстау, сондай-ақ оларды
орналастыру орындарын айқындау;
9) үлгілік ережеге
сәйкес сот төрағасының, кеңсе
басшысы мен оның орынбасарының
тапсырмасы бойынша өзге де
жұмыстарды орындайды.
8. Сот
алқасы
Сот алқасы құзыреті:
- бекітілген номенклатураға
сәйкес істерді жүргізеді, сондай-ақ Нұсқаулықта
көрсетілген істер мен ақпараттық-есептік
карточкаларды, сондай-ақ автоматтандырылған
жүйедегі есепті жүргізеді, қаралып болған
сот істерін ресімдейді;
- сот статистикасын
жүргізу мәселелері бойынша Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу комитетінің
Басқармасымен өзара әрекеттесу;
- бірінші сатыдағы соттарға,
прокуратураға қылмыстық, азаматтық істерді
және әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді жолдайды;
- сот төрағасының, алқа
төрағаларының, кеңсе басшысы мен оның
орынбасарының, бақылау және құжат айналымы
бөлімі бастығының тапсыруы бойынша өзге
де жұмыстарды орындайды.
9. Кіріс
хат-хабарларын қабылдау, тіркеу
және қарау
14. Келіп түскен
хат-хабарларды алғашқы өңдеуге
жеткізудің дұрыстығы мен ішіндегілерінің
толықтығын, құжаттардың сотқа түсу
фактісін есепке алуды және
құжаттарды тиістілігі бойынша
беруге дайындауды қамтиды.
Сотқа түсетін хат-хабарларды
почта бөлімшелерінен, азаматтардан және
заңды тұлғалардан Бақылау және құжат
айналымы бөлімінің қызметкерлері хат-хабарларды
алған адамның қолын қойдырып, күнін, уақытын,
тегін және аты-жөнін көрсетіп жұмыс күндері
күні бойы қабылдайды.
Хат-хабарлар кеш жеткізілген,
көлемі үлкен немесе келіп түскен хат-хабарға
қосымша материал жинақтау қажет болған
жағдайда ол тіркеледі және түскеннен
кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей
қарау үшін тиістілігі бойынша беріледі.
Осы орайда хат-хабарды тіркеу кезінде
есепке алу карточкасының кешіктіріліп
жеткізілгені көрсетіліп, «Ескерту» деректемесінде
құжаттың нақты түсу уақыты мен күні белгіленеді.
Құжат айналымына жауапты
қызметкерлерден басқа сот қызметкерлерінің
жұмыс күндерінде және жұмыс уақытында
азаматтар мен заңды тұлғалардың қолынан
хат-хабар алуларына жол берілмейді.
15. Сотқа түскен
барлық хат-хабарларды облыстық
сот кеңсесінің бақылау және
құжат айналымы бөлімі қабылдайды
және кіріс хат-хабарлардың есепке
алу карточкаларына тіркейді (4-Регламенттің
2.2.1-тармағы). Есепке алу карточкаларында
кіріс хат-хабарлардың нөмірлерін
беру автоматты түрде жүргізіледі.
Қағаз жүзінде түскен
хат-хабарларды кеңсе маманы сканерлейді
және кіріс құжаттың есепке алу карточкасына
электрондық форматта салады. Көлемі 10
беттен асатын кіріс хат-хабарлардың барлық
беттерін сканерлеудің қажеттілігін Бақылау
және құжат айналымы бөлімінің басшысы
немесе орынбасары айқындайды.
Хат-хабарлардың сканерленген көшірмелеріне
бейнелерді оптикалық тану технологиясын
қолдану мүмкін болған жағдайда оны мәтіндік
процессорлар көмегімен өңделетін форматқа
өзгерту жүзеге асырылады.
Хат-хабарлар жедел
жылжытылуға тиіс және оларды өңдеу барысында
барынша біркелкілілікке - электрондық
есепке алу карточкасында тіркеуді жедел
жүргізуге қол жеткізу қажет.
Сотқа түскен электрондық
құжат электрондық цифрлық қол қоюдың
сәйкестігі тексерілгеннен кейін электрондық
деректер нысандарының тиісті алаңдары
толтырылып, автоматтандырылған ақпараттық
жүйеде тіркеледі.
16. Қате жеткізілген
хат-хабарлар почта бөлімшесіне
қайтарылады.
17. Міндеттердің
бөлінуі бойынша хат-хабарды қабылдауға
міндетті бөлім қызметкері конверттердің,
бандерольдардың бүтіндігін тексереді.
Конверттерді, пакеттерді ашады, олардың
ішіндегі құжаттардың, құжаттардың
қосымшаларының бар-жоғын тексереді,
түскен құжаттардың нөмірлерінің
конвертте көрсетілген нөмірлерге
сәйкестігін салыстырады. Құжаттар
жетіспеген, пакеттер бүлінген, конверттердегі
(пакеттердегі) және құжаттардағы
нөмірлер сәйкес келмеген жағдайда
акт жасалады, оған актіні жасаушының
өзі, кіріс хат-хабарларды тіркеуді
жүзеге асырушы маман және
бөлім бастығы қол қояды.