Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 12:54, реферат

Краткое описание

Сот істерін және басқа да құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға өткізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 217 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАТАЖ.docx

— 88.47 Кб (Скачать документ)

Бұрыштамада немесе тапсырмада көрсетілген құжаттың түпнұсқасы жауапты қызметкерге, барлық қалған орындаушыларға құжаттардың көшірмелері басшылықтың бұрыштамасымен немесе тапсырмасымен бір мезгілде беріледі не кіріс құжаттың есепке алу карточкасында сақталатын кіріс құжаттың электрондық нұсқасын пайдалануға рұқсат беріледі.

Құжатты орындау кезінде қосалқы орындаушылар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, өзінің ұсыныстарын (немесе құжаттың жобасы мен қажетті анықтамалық-ақпараттық материалдарды) белгіленген орындау мерзімі өткенге дейін екі күн бұрын жауапты орындаушыға беруге міндетті.

Құжатты орындалуы аяқталғаннан кейін орындаушылар құжаттардың алынған көшірмелерін орындалған құжатпен бірге бірінші орындаушыға тапсырады.

40. Құжатты орындау  келесі тәртіппен жүргізіледі: қажетті  ақпаратты жинау мен өңдеу, жобаны  дайындау және құжатты ресімдеу, келісу және қол қою (бекіту) үшін  басшыға беру, құжатты бақылаудан  алу туралы ұсыныстар енгізу.

41. Бұрыштамада бірінші  көрсетілген орындаушы құжатты  орындау кезінде пайдаланып дайындалған  ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы  үшін жауапкершілікті көтереді.

42. Жауап қайтарылатын  құжаттың жобасын дайындау жөніндегі  жинақтауды жүзеге асыру тапсырылған  орындаушы тапсырмада немесе  бұрыштамада қойылған мәселелер  толық шешімін тапқаннан кейін  көшірмелердің барлық даналарын  түпнұсқа құжатпен және басшылықтың  бұрыштамасымен бірге бақылау  және құжат айналымы бөліміне қайтарады.

43. Құжатты орындау  аяқталған соң орындаушы «Менің  құжаттарымның жобаларын» пайдаланып, есепке алу карточкасын жасайды,  оған қолбелгі қойылады және  цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Сондай-ақ кіріс құжаттың есепке  алу карточкасының «Мұрағат»  бөлімінде түпнұсқа құжаттың, орындалған  құжат бойынша бұрыштама мен  хат жазысудың қандай нарядта  сақталатыны туралы белгі түсіріледі.

44. Орындалған хат-хабар  барлық қосымшаларымен бірге  оның мазмұнына сәйкес және  номенклатурасы бойынша сақтау  үшін тиісті бөлімнің нарядына  орналастырылады.

45. Қағаз нұсқада  шығарылған құжаттардың есепке  алу карточкалары оларды алған  орындаушылардың қолдары қойылып, құжатты орындау аяқталғанға  дейін бақылау және құжат айналымы  бөлімінде сақталады.

 

11. АІЖК,  ҚІЖК және  ӘҚБтК-мен белгіленген  тәртіппен қаралуға жатпайтын  өтініштерді, арыздар мен шағымдарды  тіркеу 

және есепке алу

 

46. Азаматтар мен  заңды тұлғалардың сотқа түскен  өтініштерін қараудың жалпы тәртібі  «Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу және Азаматтық  іс жүргізу, «Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы» кодекстерімен, басқа да нормативтік құқықтық  актілермен, сондай-ақ осы Нұсқаулықпен  реттеледі.

47. Сотқа түскен, сот ісін жүргізу тәртібімен  қарауға жатпайтын барлық өтініштер, арыздар мен шағымдар бекітілген  істер номенклатурасына сәйкес  индекс бойынша есепке алу  карточкаларында жеке журналға  тіркеледі (4-Регламенттің 2.2.1-тармағы).

Тіркелген өтініштер, арыздар мен шағымдар сол күні сот төрағасына, кеңсе басшысына және оның орынбасарына беріледі, олар орындаушыны белгілейді.

48. Азаматтардың  жеке қабылдау кезінде берген  жазбаша өтініштері мен шағымдарын  тіркеу кезінде есеп карточкасындағы  «жеткізу нысаны» деректемесінде  «жеке қабылдау кезінде алынды»  деген белгі қойылады, «жеке қабылдауды  кім жүргізді» деректемесінде  азаматтарды жеке қабылдауды  жүргізу кезінде өтінішті (шағымды  немесе арызды) қабылдаған лауазымды  адамның тегі мен аты-жөні белгіленеді (4-Регламенттің 2.2.1-тармағы).

49. Қараудың нәтижелері  туралы арызданушыға хабарланатын  өтініштер, арыздар мен шағымдар  бақылауға  алынады, бұл туралы  есепке алу карточкасының «Тұтас  бақылау» бөлімінде белгі түсіріледі, сондай-ақ бақылау нысаны, бақылауға  алынған күн және құжаттың  қай күнге дейін орындалуға  тиіс екендігі белгіленеді (4-Регламенттің 2.2.7-тармағы). Осы орайда құжаттың  өзіне «Бақылау», «Контроль», «Бақылауға  алынды», «Взято на контроль»  мөртаңбалары немесе «Б», «К»  белгісі басылады.

50. Бақылау және  құжат айналымы бөлімінің маманы  сот төрағасының бұрыштамасына  сәйкес өтінішті, арызды және  шағымды журналға қолын қойдырып  келесі күннен кешіктірмей тиісті  орындаушыға береді.

51. Өтініште қойылған  барлық мәселелер қаралып, арызданушыларға  жауаптар берілген кезде өтініштер  шешілді деп есептеледі. Жауаптар  заң тұрғысынан негізделуге және  қабылданған шешімге шағым берудің  заңмен белгіленген тәртібі анық  түсіндірілуге тиіс.

Шешілген өтініштер, арыздар мен шағымдар орындалғаннан кейін немесе сот төрағасының нұсқауы бойынша бақылаудан алынады. Қажет жағдайларда орындаушының дәлелді анықтамасының негізінде орындау мерзімі сот төрағасының рұқсатымен ауыстырылады немесе ұзартылады. (4-Регламенттің 2.2.7-тармағы). Тиісті орындаушы өтінішті қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы өтініш иесіне хабарлайды.

52. Өтінішті, арызды  немесе шағымды шешу аяқталғаннан  кейін кеңсе меңгерушісі оларды  қараудың нәтижелері мен мерзімдері  туралы «Тұтас бақылау» есепке  алу карточкасының бөліміне белгі түсіреді (4 Регламенттің 2.2.8-тармағы). 

53. Шешілген өтініштер  арызданушыға берілген жауаптың  көшірмесімен және сол бойынша  басқа да хат жазысулармен  бірге істер номенклатурасы бойынша  тиісті нарядқа немесе жеке  іске тігіледі.

 

12. Ішкі  құжаттар, оларды ресімдеу мен  тіркеудің тәртібі

 

54. Ішкі пайдалану  үшін әзірленетін (сот практикасын  қорытулар, анықтамалар, шолулар және  жоспарлы шараларды орындау үшін  әзірленген басқа да құжаттар), есепке алуды, орындауды және  ақпараттық-анықтамалық мақсатта  пайдалануды талап ететін, сондай-ақ  жоғары және төмен тұрған соттар  мен басқа да органдарға жіберілетін  барлық құжаттар кіріс және  шығыс құжаттармен бірдей тіркеуге  жатады.

55. Сотта әзірленген, соттан тыс жіберуге жатпайтын  және шектеулі мөлшерде таратылатын  құжаттар (өкімдер, хаттамалар, Алқалар  туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар, қорытулар, шолулар, анықтамалар, бұйрықтар  және т.б.), сондай-ақ мәлімет ретінде  және жұмыста басшылыққа алу  үшін төмен тұрған соттарға  жіберілетін құжаттар ішкі құжаттарға  жатады.

Барлық ішкі құжаттар бекітілген істер номенклатурасына сәйкес журналдар индекстері мен нөмірлер беріліп, «Ішкі құжаттар» есептік тіркеу карточкаларында тіркеуге жатады (4-Регламенттің 2.4.1-тармағы).

56. Ішкі құжат  ретінде тіркеуге алуға жататын  құжат таза парақта дайындалуы  керек (соттың баспаханалық бланкісін  пайдаланбастан). Ішкі құжат «Менің  құжаттарымның жобалары» функциясы  қолданылып жасалуы  және тиісті  бөлімге тіркеуге жіберілуі тиіс. Сот кеңсесінің мөрі болуын  талап ететін құжаттар тиесілігі  бойынша берілетін қағаз нұсқада  тіркеледі.

Төменгі тұрған соттарға хаттың мазмұны шығыс құжаттарды тіркеу тәртібімен сақтала отырып, соттың баспаханалық бланкісіне басылып жіберіледі. 

57. Жоспарлы немесе  жоспардан тыс шараларға сәйкес  әзірленген ішкі құжаттар (сот  практикасын қорытулар, талдау анықтамалары) қорытуды немесе талдауды жүргізген  адам оларға қол қойған күні  орындалды деп есептеледі.

Бұйрық – облыстық сот кеңсесінің кадр және басқа да ішкі жұмыс мәселелері бойынша шығаратын құқықтық актісі.

Облыстық сот судьяларының жалпы, аралық жалпы отырыстарының хаттамалары Үлгі ережелеріне, осы органдардың регламенттеріне сәйкес жасалады.

58. Есепке алу  карточкасын тіркегеннен кейін  бақылау және құжат айналымы  бөлімінің маманы  Жоғарғы Соттың, облыстық соттың жоспарлы іс-шараларының, хаттамалық шешімдерінің орындалуы  жөніндегі құжаттардың электрондық  нұсқасын  ұйымдастыру-талдау бөліміне  беруге міндетті, ол жоспарлы  шаралардың орындалуын бақылауды  жүргізеді.

59. Құжаттың электрондық  көшірмесі есепке алу карточкасына  орналастырылуы тиіс (4-Регламенттің 2.4.3-тармағы.).

60. Ішкі құжаттар  сот ішінде орындаушылар арасында  журналға қол қойдырылып барып  беріледі.

61. Алқалар мен  құрылымдық бөлімшелердің орындауы  үшін тапсырма мен мерзімі  көрсетілген ішкі құжаттар тіркелгеннен  кейін тиістілігіне қарай берілуге  және қызметтік хат-хабарлармен  жұмыс істеу қағидасы бойынша  орындауға қабылдауға жатады.

Орындалған құжаттар бекітілген істер номенклатурасына сәйкес мәселелер бойынша нарядтарда сақталады.

Ішкі құжатты орындау кезінде жасалған құжаттардың электрондық көшірмелері де ішкі құжаттың есепке алу карточкасына салынады  (4-Регламенттің 2.4.3-тармағы).

 

13. Қызметтік және өзге де құжаттарды басу және көбейту

 

62. Басшылықтың  құжаттарын және алқалардың судьялары  дайындаған сот құжаттарын беруді, сондай-ақ құжаттарды көбейтуді  осындай функциялар жүктелген  бақылау және құжат айналымы  бөлімінің қызметкерлері  құжаттарды  электрондық түрде беруді қамтамасыз  ететін  жергілікті желі бойынша  немесе тиісті бағдарлама бойынша  жіберу жолымен  қамтамасыз етеді.

63. Құжатты басуға  беру кезінде орындаушы бірінші  беттің сол жақ жоғарғы бұрышына  басылатын дана санын, мәтіннің  соңында өзінің тегі мен құжаттың  дайындалған күнін көрсетеді.

64. Шығыс хаттарда адресат көрсетілген кезде мынадай қағидалар сақталады:

1) құжат ұйымға, құрылымдық бөлімшеге жолданған  кезде олардың атаулары атау  септігінде, құжат жолданып отырған  адамның лауазымы барыс септігінде  жазылады. Құжат ұйым басшысына  жолданған кезде ұйымның атауы  адресаттың лауазымының атауына  кіреді;

2) құжатты жеке  тұлғаға жіберу кезінде почталық  мекенжайы толық көрсетіледі (индекс, республика, облыс, қала, көше, үйдің  нөмірі және т.б.);

3) құжаттағы көрсетілген  мекен жайлар төрттен аспауы  тиіс, құжат төрттен көп мекенжайға  жіберілген жағдайда құжаттың  әр данасында бір мекенжай  көрсетіледі.

4) «Көшірме» сөзі  екінші, үшінші, төртінші адресаттың  алдынан қойылмайды. Адресаттар  саны көп болған жағдайда құжаттарды  тарату тізімі (тізілім) жасалады  және құжаттың әр данасында  бір адресат көрсетіледі.

65. Құжаттарды дайындау  кезінде қолданыстағы қағидаларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді т.б. пайдалана отырып мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың атауларында  біркелкілікті сақтаған жөн.

Құжаттардың мазмұны толық, нақты және сауатты дайындалуы тиіс және ешқандай түзетулерге дол берілмейді.

66. Азаматтардың  өтініштеріне және басқа да  құжаттарға жауаптар мемлекеттік  тілде немесе өтініш жасалған  тілде беріледі.

67. Құжаттың мәтінін  басу кезінде тыныс белгілерінен  кейін ара қашықтық қалдырылады. Ашық жер санмен жазу тәсілімен  ресімделген құжат күнінің элементтерін  бөлетін нүктелерден кейін қойылмайды.

68. Бірнеше жолдардан  тұратын құжаттың деректемелері, «адресат», «бекіту белгісі» және  «келісу белгісі» деректемелерін  қоспағанда, бір жоларалық қашықтықта  басылады.

Осы деректемелерде БЕКІТЕМІН (БЕКІТІЛГЕН, БЕКІТІЛДІ және т.б.), КЕЛІСІЛДІ (КЕЛІСІЛГЕН және т.б.) деген сөздер басқа құрамдас элементтерден екі жоларалық қашықтықта бөлінеді.

69. Ресми бланкіні  пайдаланбай, құжатты А4 көлеміндегі  қағазға ресімдеу кезінде мәтін  алаңының сол жағындағы нольдік  белгіден бастап мына деректемелер  басылады:

1) жоғары тұрған  органның ресми атауы;

2) ұйымның ресми  атауы;

3) құжатты әзірлеу  немесе шығару орны;

4) қосымшаның бар  екендігі жөніндегі белгі;

5) қойылатын қолы;

6) келісу белгісі;

7) келісу визасы;

8) орындаушы туралы  белгі;

9) құжаттың орындалуы  және оның іске жіберілгені  туралы белгі;

10) құжаттың электрондық  көшірмесінің идентификаторы.

Мәтінде ТЫҢДАДЫҚ,  СӨЗ СӨЙЛЕДІК, ШЕШТІК, ҚАУЛЫ ЕТТІК, БҰЙЫРАМЫН деген және тағы басқа сөздер осындай ретпен орналасады.

Құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі мен мәтіннің тақырыбы тең ортаға жазылады.

70. Құжат мәтінінің  бірінші жолы абзацтан бастап  басылады. Абзац мәтін алаңының  сол жақ шетінен бес таңбадан  кейін басталады.

Мәтін алаңының оң жағында мына деректемелер басылады:

1) құжаттың күні;

2) құжатты пайдалануды  шектеу туралы белгісі;

3) адресат;

4) бекіту белгісі.

Қалған деректемелер, сондай-ақ бланкіге ресімделген құжат деректемелері басынан бастап аяғына дейін құжат бланкісінде белгіленген орындарға басылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі