Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 12:54, реферат

Краткое описание

Сот істерін және басқа да құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға өткізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 217 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАТАЖ.docx

— 88.47 Кб (Скачать документ)

157. Іс қаралып  біткенде немесе басқа мерзімге  ауыстырылғанда, сот отырысының  хатшысы сотқа келген адамдардың  шақыру қағаздарына сотта болған  уақытын көрсетіп белгі қояды  және оны қолын қойып,соттың  мөрімен растайды.

158. Іс бірінші, апелляциялық  немесе кассациялық сатыларда  қаралып болғаннан кейін, сот  отырысының хатшысы немесе апелляциялық  және кассациялық алқалардың  мамандары төмендегі әрекеттерді  жүзеге асырады:

1) іске мынандай  құжаттарды: қаулылар, ұйғарымдар және  сот талқылауы басталғанға дейінгі  хат-хабарлар, сот отырысы барысында  іске тіркелген барлық құжаттар  сот отырысының хаттамасының  алдына тігілуі керек, белгіленген  тәртіппен тексерілген және қол  қойылған сот отырысының хаттамасы, үкім немесе шешім (бірінші сатыда  қаралған іс бойынша), апелляциялық (кассациялық) шағымы немесе наразылық  бойынша шығарылған ұйғарым, жеке  шағым немесе наразылық бойынша  шығарылған қаулы, ұйғарым, тігеді;

2) істің беттерін  нөмірлейді және істе бар құжаттардың  тізімдемесін жасайды, ол тізімдеме  түсу ретіне қарай жүргізіледі. Істе 180 парақ болған жағдайда, жаңа  том ашылады, оның мұқабасында  одан іс түскен бірінші сатыдағы  сот,  істің атауы, азаматтық іс  бойынша тараптар, том нөмірі  және т.б. көрсетіледі;

3) дереу орындалуға  жататын сот актісінің орындалуын  жүзеге асырады.

159. Егер қылмыстық  немесе азаматтық істің қаралуы  кейінге қалдырылып, басқа күн  тағайындалса, онда сот отырысына  келген адамдарға (қамаудағы сотталушылардан  басқа) сотқа шақыру қағазы тапсырылады  немесе  сотқа келмеуінің салдары  түсіндіріліп, ауызша хабарланып, ол  жайында  қолхат алынады, қолхат  сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

Сот отырысының  кейінге қалдырылуы және оның себептері  туралы сот отырысының хатшысы хаттама толтырып, сол күні алқаның маман-хатшысына береді, ол бұл туралы  №1 журналы бойынша іс жүргізу нысанының   «Қарау» - «Сот отырысы»  бөлімінде  белгілейді (1 Регламент 2.2.7 т.).

160. Сотталушы немесе  жауапкерге іздеу салуға байланысты  қылмыстық немесе азаматтық істі  тоқтату туралы сот актісі  болған жағдайда сот отырысының  хатшысы  іздеу салу туралы  сот актісінің көшірмесін тиісті  органға орындау үшін жібереді.

Бұған қоса, іс қарау сотталушының қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін жағдайдан басқа, қылмыстық іс прокурорға қайтарылады (ҚІЖК 315-бап 2-бөлік, 321-бап  2-бөлік).

Іс өндірісінің тоқтатылғаны туралы судья уәжді қаулы шығарған күні сот отырысының хатшысы бұл жөнінде алқаның маман-хатшысына хабарлайды, ол бұл туралы № 1 журналы бойынша  қылмыстық іс жүргізу нысанының  « Қарау» -  « Тоқтату » бөлімінде белгілейді (1 Регламент 2.2.8 т.).

161. Қаулы түпкілікті  нысанда жасалғаннан кейін үш  тәуліктен кешіктірілмей, оның көшірмесі  сотталған  немесе ақталғанға, қорғаушыға  және айыптаушыға тапсырылуға  тиіс. Егер сотқа жәбірленуші, азаматтық  талапкер, азаматтық жауапкер және  олардың өкілдерінен  өтініш түссе, аталған тұлғаларға қаулының  көшірмесі сол мерзімде тапсырылады.

162. Маман азаматтық  істер бойынша қаулының көшірмесін  немесе соттың ұйғарымын сот  актісі түпкілікті нысанда жасалғаннан  кейін үш тәуліктен кешіктірмей  тараптарға және сот отырысына  келмеген  басқа да іске қатысушыларға  жібереді немесе тапсырады.

13. Азаматтық істер  бойынша тараптарға және сот  отырысына келмеген басқа да  іске қатысушыларға  істі тоқтата  тұру немесе қысқарту немесе  талапты қараусыз қалдыру туралы  ұйғарымының көшірмесі  ұйғарым  түпкілікті нысанда шығарылған  күннен бес күн кешіктірмей  немесе ұйғарым шығарылғаннан  кейін тапсырылады (АІЖК 254-бап).

164. Қылмыстық істер  бойынша сот отырысының хаттамасын  маман           5 тәулік ішінде дайындауға тиіс. Сот отырысының барысында аудио, және (немесе) бейнежазу жүргізеді, оны іске қосады.

Азаматтық істер бойынша сот отырысының хаттамасын маман 3 тәулік ішінде дайындауға тиіс. Сондай-ақ сот отырысының барысында аудио, және (немесе) бейнежазу жүргізеді, сот отырысының хаттамасына іспен бірге сақталатын аудио, бейнежазбалар бар дискілерді іске қосады.

165. Іске қатысатын  адамдар және өкілдер хаттамамен  танысуға және хаттамаға қол  қойылған сәттен бастап бес  күн ішінде оған жазбаша ескертулер  беруге құқылы (АІЖК 258-бап).

166. Істі ресімдеумен  байланысты барлық іс-әрекеттерді  аяқтаған соң сот отырысының  хатшысы істі алқа маманына  тапсырады, ол Нұсқаулықта көзделген  барлық іс-әрекеттердің орындалуын  тексеруге, істі қараған күнді  және қарау нәтижесін есепке  алу карточкасына белгілеуге, есептік  деректемелерді толтырудың дұрыстығын  тексеруге міндетті (1 Регламент  2.2.9 т.).

Дереу орындалуға жататын шешімнің орындалуын  істі қарауға төрағалық  еткен судья жүзеге асырады.  Шағымдану және кассациялық тәртіппен наразылық білдіру мерзімі аяқталған соң іс бірінші сатыдағы сотқа жіберілуі мүмкін.

167. Істің ақпараттық-есептік  құжатында және есепке алу  карточкасында маман – алқа  хатшысы  істің қайтарылған күнін  көрсетіп, қол қояды.

 

20. Заңды  күшіне енген сот актілерін  орындауға жіберу

және істі сот мұрағатына өткізуге дайындау

 

168. Апелляциялық  сатының қаулысы, ұйғарымы, үкімі  үкімді  шығарған сотқа іспен  бірге жіберіледі.

Үкім, шешім, қаулы және ұйғарымдарды орындауға жіберу істі бірінші сатыда қараған сотқа жүктеледі (ҚІЖК 423-1-бап, 449-бап 2-бөлік, АІЖК 236-бап 4-бөлік).  Қамаудағы адамдарға қатысты  істің апелляциялық тәртіппен қаралуының нәтижесін хабарлау, дереу орындауға жататын шешімдерді орындау апелляциялық сатыдағы сотқа жүктеледі.

169. Атқару құжаттары  айқын және сауатты толтырылуы  тиіс. Атқару құжаттарын ластауға  және түзетуге жол берілмейді.  Ақша өндіруге қатысты атқару құжаттарын толтырғанда өндіріп алушының немесе борышкердің  аты-жөні, атауы мен мекен-жайы көрсетілген бағандарға  олардың құжат бойынша көрсетілген және нақты тұратын мекенжайлары, паспорттық  мәліметтері, банктік  мәліметтері (есеп және басқа шоттары, СТН, ФАА және т.б.). енгізілуі керек.

170. Олар бойынша  бірінші сатыдағы соттың үкімін, шешімін, қаулысын, ұйғарымын өзгеріссіз  қалдыру, өзгерту немесе бұзу  туралы апелляциялық сатының  қаулылары мен ұйғарымдарының  көшірмелері соттың нарядтарында  қажет болған жағдайда сақталады. Қаулылардың электрондық көшірмесін  істі апелляциялық, кассациялық  сатыда қараған судьялар міндетті  түрде істің есепке алу карточкасына  салады (2 Регламент  2.2.6 т.).

171. Апелляциялық  сатының отырысына қатысып отырған  сотталушыны қамаудан босату  туралы апелляциялық саты қаулы  шығарса, ол дереу орындалуға  жатады, ал қаулының көшірмесі  назарға алу үшін қамау орнының  әкімшілігіне жіберіледі.

Апелляциялық сатының отырысына қатысқан  сотталушының  сот залында  қамаудан босатылғаны туралы алқа хатшысы істің есепке алу карточкасына белгілейді (2 Регламент 2.2.9 т.).

Апелляциялық сатының отырысына қатыспаған сотталушыға қатысты қаулының көшірмесі немесе оның қарар бөлігінің жазбасы   қамаудан босату туралы шешімді дереу орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне жіберіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шағым, наразылық қаралып болған соң дереу қаулы шығарған сотқа жіберілуге жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты  қаулыға (ол бойынша  адам қамауға алынған) келтірілген  шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарған судья, бұл туралы сот қаулысын  орындаушы органды (лауазымды адам), сондай-ақ оған қатысты қаулы шығарылған адамды дереу хабардар етеді.

172. Апелляциялық  тәртіппен қаралған азаматтық  іс  қаулыға немесе ұйғарымға  кассациялық тәртіппен шағымдану  және наразылық білдіру мерзімі  аяқталған соң бірінші сатыдағы  сотқа жіберілуге жатады.

173. Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іске  келтірілген  шағым, наразылық бойынша шығарылған  ұйғарым  үш күннің ішінде  соған қатысты қаулы шығарылған  жеке тұлғаға немесе заңды  тұлғаның өкіліне,  шағым немесе  өтініш берген жағдайда жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға  тапсырылады немесе жіберіледі.

 

21. Айғақ  заттар мен құжаттарды есепке  алу және сақтау

 

174. Қылмыстық және  азаматтық істер бойынша айғақ  заттарды қабылдау, есепке алу  және сақтау Қазақстан Республикасы  Әділет министрінің  1998 жылғы 12 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы,  Қазақстан  Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  комитеті Төрағасының  1998 жылғы 8 желтоқсандағы бірлескен бұйрықтарымен    бекітілген  № 2115 «Соттардың, алдын-ала  тергеу, анықтау және сот сараптамасы  органдарының қылмыстық, азаматтық  істер жөніндегі және әкімшілік  құқық бұзушылық істері туралы  құжаттарды, заттай дәлелдемелерді  алу, есепке алу, сақтау, беру және  жою тәртібі туралы» нұсқаулығына  сәйкес жүзеге асырылады.

Айғақ заттарды есепке алу, сақтау, беру және жою  № 4 нысанды журналдың  «Айғақ заттар» есепке алу карточкасына тіркеледі (1 Регламент 2.2.1 т.)

Жеке басты куәландыратын құжаттар болып: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға белгі қағазы, азаматтығы жоқ адамның куәлігі табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы  мемлекеттердің Қарулы Күштерінің  Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери бөлімдерінде әскери қызметін өтеп жүрген, басқа мемлекеттің азаматтары болып табылатын   әскери қызметшілер, офицерлер және прапорщиктердің жеке басы әскери бөлімнің және әскери мекемелердің  басшылығы берген әскери билетпен, өздері азаматы болып табылатын  мемлекеттің паспортымен куәландырылады.

Сондай-ақ айғақ заттардың тағдыры туралы шешім сот шешімі «Айғақ заттар» есепке алу карточкасына жазылады (1 Регламент 2.2.9 т.).

 

22. Кассациялық  сот алқасында іс жүргізу 

 

175. Сот актілеріне  келтірілген барлық сотқа түскен  кассациялық шағымдар мен наразылықтарды  бақылау және құжат айналымы  бөлімі  индексі іс номенклатурасына  сәйкес келетін журналдың  «Кіріс  хат-хабарлар» есепке алу карточкаларына  тіркейді (3 Регламент 2.2.1 т.).

Тіркелген шағымдар мен наразылықтар сол күні автоматты түрде бөлу арқылы облыстық сот төрағасына немесе алқалар төрағаларына беріледі. 176. Сот төрағасының қарауынан кейін кассациялық шағымдарды бақылау және құжат айналымы бөлімінің маманы кассациялық шағымдарды қабылдау журналына қол қойғызып, алқаның маман-хатшысына береді, ол СО БААТЖ бағдарламасында есепке алу карточкаларын толтырады.

177. Судьяларға бөлінген  шағымдарға кассациялық алқасының  хатшысы № 1н немесе   № 2н  журналдарында есепке алу карточкасын  ашады                  (3 Регламент 2.2.1 т.). Қылмыстық іс  бойынша шағым түскенде алқа  хатшысы оған қатысты кассациялық  шағымы  берілген сотталғанды  жеке нысанда тіркейді (3 Регламент 2.2.2 т.). Содан кейін алқа хатшысы төменгі сатыдағы соттардың шағымдалып отырған құжаттарын тіркейді (3 Регламент 2.2.3 т.).

Тіркеуден кейін шағымды алқа хатшысы  төрағаның  бұрыштамасына сәйкес кассациялық алқаның іс бойынша  баяндамашы судьясына  журналға қол қойдырып береді.

Шағымға тиісті істің индексінен (1-қылмыстық істің және т.б.), шағымның кассациялық сатыға түскенін білдіретін  «к» әрпінен және шағымдарды тіркейтін  №1н  немесе  № 2н  нысанды  журналдар   бойынша автоматты түрде  тағайындалған  реттік нөмірден  тұратын  тіркеу нөмірі қойылады.

Әр шағымға жеке іс өндірісі жүргізіліп, тиісті тіркеу нөмірі қойылады.

178. Қажет болғанда  істі  іздеу 3 Регламенттің 2.2.12 т. сәйкес  жүргізіледі.

Шағымға тіркеу нөмірі берілгеннен кейін сондай нөмір  әліпбилік  карточка немесе әліпбилік сілтемеге де, сондай-ақ шағым бойынша сұратып алуға байланысты  істің мұқабасына қойылады.

179. Тіркеу алдында  маман-хатшы шағым және /немесе  наразылықтың қайталанып  түспегенін  тексереді.

Қайталанған шағым және/немесе наразылық болып,  сол  адамнан  сол мәселемен келіп түскен,  кемшіліктері бірінші жолы жойылғандықтан қайтарылған кассациялық шағым мен прокурордың наразылығы саналады.

180. Қайталанғанына  қарамастан, түскен шағым және/немесе  наразылыққа кезекті тіркеу нөмірі  беріледі. Алқаның хатшысы осы  шағым және/немесе наразылықтың   есепке алу карточкасының  тиісті  бағанына оның қайталанғанының  белгісі ретінде  өткен жолғы  нөмір туралы белгі кояды (3 Регламент).

181.  Сот отырысының  хатшысы істі сұратып алдыру  қажеттігі туралы шағым оның  өндірісінде болған судьяның  тапсырма берген сәтінен бастап  үш тәулік ішінде істі тиісті  соттан сұратып алады.

Ол бойынша істі сұратып алдыру туралы шешім қабылданған шағым іс тиісті соттан түскенше бақылауда болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі