Талап арыздар оларға
қоса тіркелген қосымшалар көлемді болған
жағдайда тиісті жерлерге осылай тапсырысты
бандерольдермен жіберіледі.
Мемлекеттік қылмыстар
туралы істер, мемлекеттік құпиялары бар
істер немесе сотталғандарға өлім жазасы
(өмір бойы бас бостандығынан айыру) белгіленген
істер фельдъегерлік немесе өзге арнайы
байланыспен жіберіледі.
97. Адресаттарға
хат тасушы арқылы жіберілетін
сот істері мен құжаттар жергілікті
хат-хабарларға арналған тарату
кітабына жазылады. Адресаттарға
осы хат-хабарла осы кітапқа
қолдары қойдырылып беріледі, осы
ретте хат-хабарды алған адресаттың
тегі толық әрі анық етіліп
жазылады, сондай-ақ хат-хабарлардың
алынғаны күні көрсетіледі.
98. Қажетті жағдайларда
шығыс хат-хабарлар республика, алыс
және жақын шет елдерге шығыс
хат-хабарларды тіркеудің барлық
қағидалары орындала отырып сот
төрағасының немесе кеңсе басшысының
рұқсатымен электронды почта
арқылы жіберілуі мүмкін. Құжаттың
электронды почта арқылы жіберілгені
туралы есеп карточкасына тиісті
белгі қойылады (4-Регламенттің 2.3.1-тармағы).
99. Қызметтік мәселелерді
төмен тұрған соттармен жедел
шешу мақсатында, сондай-ақ бақылауға
алынған тапсырмалардың мәтіндері,
СО БААТЖ бағдарламасы арқылы
жіберумен қатар телефонхат, факстік
байланыс немесе электронды почта
арқылы жіберілуі мүмкін.
Телефонхатты беру
кезінде тапсырмалардың мәтіндері мәтіннің
соңында құжатқа қол қойған адамның қолынан
кейін телефонхатты немесе факс хабарламаын
берген және қабылдаған адамдар туралы
деректер, берілген уақыты мен күні көрсетіліп,
беріледі.
16. Құжаттардың
орындалуын бақылау
100. Нақтылы тапсырмалары
мен орындалу мерзімдері бар
барлық құжаттар бақылауға алынуға
жатады.
101. Қазақстан Ресубликасы
Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан
Ресубликасының Парламентінен, Қазақстан
Ресубликасы Премьер-Министрінің
Кеңсесінен, Жоғарғы Соттан алынған,
тапсырмалары бар құжаттар, жеке
және заңды тұлғалардың өтініштері
міндетті түрде бақылауға алынуға
жатады.
Қажетті жағдайларда
орындау мерзімдері көрсетілген, «баяндалсын»,
«ұсыныс енгізілсін» және т.б. белгілері
бар қызметтік құжаттар сот төрағасының,
алқалар төрағаларының және кеңсе
басшысының тапсыруы бойынша бақылауға
алынуы мүмкін.
102. Құжаттарды мәселенің
мәні бойынша орындалуын бақылау
алқаларда алқалардың төрағаларына
немесе басқа лауазымды адамдарға
жүктеледі.
103. Құжаттың орындалуын
бақылау «Бақылау», «Контроль», «Бақылауға
алынды», «Взято на контроль»
деген сөздермен немесе мөртаңбалармен,
«Б», «К» литерлерімен белгіленеді
және құжаттың бірінші парағының
сол жақ жоғарғы бөлігіне қойылады.
104. Тиісті есепке
алу карточкасының «Тұтастай
бақылау» бөлімінде бір мезгілде
«Бақылау» белгісі, бақылауға алынған
күні және орындауды бақылау
күні белгіленеді (4-Регламенттің 2.2.7-тармағы).Орындаудың
бақылаудағы күнін негізге алып,
СО БААТЖ орындалатын күнге
дейін қалған күндердің санын
автоматты түрде есептеп шығарады
және белгілі бір параметрлер
берілген кезде алуға болатын
тиісті тізілімді қалыптастырады
(4-Регламенттің 2.2.7-тармағы)
105. Құжаттарды орындау
Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгіленген мерзімдерге сәйкес
жүзеге асырылады. Құжаттарды орындаудың
Қазақстан Республикасының заңдарымен
көзделмеген мерзімдері осы Нұсқаулықпен
және Қазақстан Республикасының
қолданыстағы іс жүргізу заңдарымен
белгіленеді.
106. Орындау мерзімдері
құжатқа қол қойылған (бекітілген)
күннен бастап, ал кіріс хат-хабарлары
үшін – құжат тіркелген күннен
бастап есептеледі.
Мемлекет басшысының
тапсырмасы нақты мерзім көрсетілмеген
жағдайда – екі апта мерзімде, ал қалған
тапсырмалар – құжат кіріс хат-хабар ретінде
сотта тіркелген күннен бастап бір ай
мерзім ішінде орындалады.
Тексеру жүргізуді
талап етпейтін хат-хабарларды шешу мерзімі
кіріс хат-хабар сотта тіркелген күннен
бастап 15 күнді құрайды.
107. Тексеруді талап
ететін шағымдар мен арыздар
бойынша шешу мерзімі сот төрағасының
бұрыштамасына немесе тапсырмасына
сәйкес белгіленеді, алайда олар
тіркелген күннен бастар 1 ай мерзімнен
аспауы керек.
108. Құжаттардың
орындалу мерзімін сол мерзімдерді
белгілеген лауазымды адамдар
ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту
негізделуге тиіс.
109. Сот төрағасының,
алқа төрағаларының және кеңсе
басшысының (меңгерушісінің) тапсырмалары
көрсетілген құжаттар бұрыштамаларда
немесе тапсырмаларда көрсетілген
мерзімдерде орындалады.
Кез келген орындау
мерзімі көрсетілген құжат барлық орындаушылардың
назарына бір мезгілде жеткізілуге тиіс.
110. Құжаттар мен
тапсырмалардың орындалуын тексеру
және бұл туралы ескерту мерзім
аяқталардан 5 күн бұрын жүзеге
асырылады. Орындалу барысын жедел
тексеру үшін «Сот ісін жүргізу»
дерекқорында қалыптастырылатын
тиісті тізілімдер пайдаланылады
(4-Регламенттің 2.3.7-тармағы).
111. Құжаттарды (шағымдарды,
арыздарды) және тапсырмаларды орындау
үшін қосымша мерзім қажет
болған жағдайда орындаушы орындау
мерзімі аяқталардан кем дегенде
3 күн бұрын орындау мерзімін
белгілеген лауазымды адамға
құжатты орындау немесе қарау
мерзімін ұзарту туралы жазбаша
өтініш жасайды.
112. Егер құжат
бойынша орындау мерзімі ұзартылса,
онда орындаушы мерзімнің ұзартылғаны
туралы сол күні кеңсе басшысына
(меңгерушісіне) хабарлайды. Кеңсенің
тиісті қызметкері есеп карточкасының
«Тұтастай бақылау» бөліміне
мерзімнің ұзартылғаны туралы
мәлімет енгізеді (4-Регламенттің 2.3.7-тармағы).
Егер жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімі
ұзартылса, онда бұл туралы өтініш иесіне
хабарланады,
113. Құжатты орындау
мына тәртіппен жүргізіледі: қажетті
ақпараттарды жинау және өңдеу,
жобаны дайындау және құжатты
ресімдеу, келісу және сот төрағасына
қол қою (бекіту) үшін беру.
114. Құжатта қойылған
мәселелер шешіліп, арыз иесіне
жауап берілген жағдайда құжат
орындалды деп есептеледі.
115. Егер мәселелерді
шешу ұзақ мерзімге шегерілсе,
онда өтініш түпкілікті шешілгенге
дейін қосымша бақылауға алынады.
Орындау мерзімін қосымша бақылауға
қою туралы да есеп карточкасының
«Тұтастай бақылау» бөліміне
тиісті белгі түсіріледі (4-Регламенттің
2.3.7-тармағы).
116. Егер жауапта
автор алға қойылған мәселелерді
шешу жөнінде шаралардың межеленгені
туралы ғана хабарланса, құжаттың
қаралуы аяқталды деп есептелмейді.
Мұндай жағдайларда авторға мәселенің
түпкілікті шешілгені туралы
қосымша хат жіберілуге тиіс.
Аралық жауаптың берілгені туралы
есеп карточкасына белгі түсіріледі
(4-Регламенттің 2.3.7-тармағы).
117. Орындалған құжатта
орындалған күні, оның қандай
нөмірмен орындалғаны және құжаттың
«нарядқа» есептен шығарылған
күні көрсетіліп белгі түсірілуге
тиіс.
118. Қойылған мәселелер
жедел тәртіппен шешілген құжаттар
бойынша орындаушы соңғы парақтың
сыртына мәселенің қашан және
қалай шешілгені туралы белгі
түсіреді және қолын қояды.
119. Орындалған құжат
арыз иесіне берілген жауап
немесе қысқаша анықтама болған
жағдайда бақылаудан алынады, бұл
туралы кіріс құжаттың есепке
алу карточкасына бақылаудан
алынғаны және оның нарядқа
жіберілгені турлы белгі түсіріледі
(4-Регламенттің 2.3.8-тармағы).
120. Орындаушы құжатты
жіберуге дайындауды жүзеге асырады,
құжатқа қоса тіркелген даналардың
санын анықтайды, таратуға арналған
тізімді дайындайды. Бұдан кейін
орындаушы барлық құжаттарды
бөлімнің тиісті қызметкеріне
береді, ол құжатты «Шығыс құжаттың»
есепке алу карточкасына (4-Регламенттің
2.3.1-тармағы) тіркеп, құжатты жіберу үшін
өткізеді және құжаттың көшірмесін істер
номенклатурасы бойынша бекітілген тиісті
нарядқа орналастырады, ал жауаптың электрондық
нұсқасын шығыс құжаттың есепке алу карточкасында
қалдырады (4-Регламенттің 2.3.4-тармағы).
121. Сот төрағасының
бұрыштамалары мен тапсырмаларының
орындалуын, судьялардың іс-әрекеттеріне
жасалған шағымдарды қараудың
нәтижелерін және олардың орындалу
мерзімдерін ұйымдастыру-талдау
бөлімі, алқа төрағаларының, кеңсе
басшысының тапсырмаларын бақылауды
бөлімнің арнайы тағайындалған
қызметкерлері жүзеге асырады. Бұрыштамалар
мен тапсырмалардың орындалу
барысын жедел тексеру үшін
«Сот ісін жүргізу» дерекқорында
қалыптастырылатын тиісті тізілімдер
пайдаланылады (4-Регламенттің 2.3.7-тармағы).
122. Алқаларда шағымдардың,
арыздар мен істердің қаралу
мерзімдерін қараудың іс жүргізу
мерзімдерінің сақталуын бақылауды
іс жүргізу заңнамасына сәйкес
алқа төрағалары, қассациалық алқасында
– тиісінше сот төрағасы жүзеге
асырады.
123. Есептік-талдау
және статистикалық мәліметтердің,
қорытулардың уақытында әзірленуін
және олардың орындалу мерзімдерін
бақылауды алқа төрағалары (алқаларда)
және ұйымдастыру-талдау бөлімі
(тұтастай алғанда сот бойынша)
жүзеге асырады.
124. Кіріс және
шығыс хат-хабарлар мен сот
істерінің уақытында тіркелуін
және дұрыс ресімделуін бақылауды
құжат айналымы және бақылау
бөлімінің бастығы жүзеге асырады.
125. Орындауды бақылауды
ұйымдастыру құжаттарды бақылауға
қоюды, бақылауға алу фактісін
тіркеу карточкаларына тіркеуді,
карточкаларды тиісті картотеканың
тиісті бөлімдеріне орналастыруды
және картотека жүргізуді (сот
төрағасының нұсқауы бойынша
қағаз жүзінде қосымша бақылау
жүргізілген кезде), орындау мерзімдері
туралы ескертуді, басшыларды орындау
барысы мен нәтижелері туралы
хабардар етуді, құжатты бақылаудан
алуды қамтиды (4-Регламенттің 2.2.7 және
2.2.8-тармақтары).
126. Құжаттардың
орындалуын бақылауға жауапты
қызметкер демалысқа шыққанда, іссапарға
кеткенде, ауырған жағдайда, басқа
жұмысқа ауысқан немесе жұмыстан
шыққан кезде өзінде орындауда
тұрған барлық құжаттарды кеңсе
басшысымен немесе бақылау және
құжат айналымы бөлімінің бастығымен
келісе отырып, басқа қызметкерге
беруге міндетті.
127. Құжат бойынша
орындаушыны өзгерту туралы белгі
түсіру үшін бақылауға қойылған
құжаттарды беру туралы міндетті
түрде бастыққа хабарлау қажет.
128. Бақылау және
құжат айналымы бөлімінің құжаттар
мен тапсырмаларды тиісті алқалар
мен басқа да құрылымдарда
орындау жөніндегі жұмыстың жай-күйі
туралы талдау материалдарын
дайындайды, бұл туралы сот төрағасы
мен кеңсе басшысына (меңгерушісіне)
мезгіл-мезгіл баяндап отырады. Талдау
материалдарын жедел дайындау
үшін «Сот ісін жүргізу» дерекқорында
қалыптастырылатын тиісті тізілімдер
пайдаланылады (4-Регламенттің 2.2.7-тармағы).
17. Қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істерді тіркеу, есепке
алу және ресімдеу
Істерді
тіркеу және есепке алу
129. Тіркеу тиісінше
есепке алуды, бақылауды және
қажетті істер мен құжаттарды
жедел тауып алуды қамтамасыз
етеді.
130. Барлық қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істерді, сондай-ақ қарау
үшін сотқа түскен талап арыздарды
бақылау және құжат айналымы
бөлімі істерді тіркеу журналы
бойынша кіріс нөмірін беріп,
кіріс хат-хабарларды есепке алу
журналына тіркейді (1-Регламенттің
2.2.1-тармағы). Тиісті деректемелер
толтырылғаннан кейін карточкаларды
басып шығару арқылы қағаз
нұсқадағы тиісті нысандардағы ақпараттық
есептік құжат алынуы мүмкін. Кіріс хат-хабарларды,
яғни түскен істерді тіркеу үшін сот алқаларында
индекстердің мынадай тізбесі белгіленеді:
«1»-қылмыстық істер; «2» - азаматтық істер;
«3» - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істер.
131. Түскен істі,
талап арызды, ерекше, ерекше талап
қою ісін жүргізу арыздарын
немесе жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша арызды (сот шешімінің
күші жойылғаннан кейін) бөлім
маманы кіріс хат-хабарларды тіркеу
қағидасына сәйкес хат-хабардың
түріне қарай тиісті журнал
бойынша жаңа тіркеу нөмірін
беріп есепке алу карточкасына
тіркейді (1, 2, 3, 4-Регламенттің 2.2.1-тармағы).
Істерді, арыздарды
тіркеу үшін жаңа тіркеу карточкасы ашылып,
оған жіберушінің ілеспе хатқа берген
тиісті деректемелері (шығыс нөмірі, жіберілген
күні, құжатқа кімнің қол қойғаны), содан
кейін жаңа тіркеу деректемелері (кіріс
нөмірі, түскен күні, томдардың саны, істің
парағы, олардың қосымшалары және т.б.)
толтырылады (1, 2, 3, 4-Регламенттің 2.2.1-тармағы).
132. Белгіленген
нысан бойынша толтырылған және
қағаз нұсқада басылған кіріс
хат-хабардың есепке алу карточкалары
тіркелген хат-хабарға (ерекше талап
қою және ерекше іс жүргізу
тәртібімен сотқа түскен талап
арыздарға және өзге де арыздарға)
бекітіледі және келесі жұмыс
күнінен кешіктірмей бөлім маманы
одан әрі автоматты түрде бөлуі
үшін есепке алу карточкасына
немес жұрналға қолын қойдырып
алқаның маманына береді.
Түскен хат-хабарлардың
көлемі көп болған жағдайда бөлім маманы
есепке алу карточкаларының орнына бір
күнде түскен хат-хабарлардың тиісті журналдар
бойынша тізімін басады, сол бойынша хат-хабар
қол қойдырылып орындаушыларға, алқалардың
хатшыларына және т.б. тапсырылады.
Одан кейін аталған
тізімдер журналдардың нөмірлері бойынша
есепке алу карточкаларымен қатар тиісті
нарядтарда сақталады.