Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 12:54, реферат

Краткое описание

Сот істерін және басқа да құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға өткізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 217 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАТАЖ.docx

— 88.47 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы Соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаменті

(Қазақстан Республикасы  Жоғарғы

Сотының аппараты) басшысының м.а.

2012  жылғы  21 маусымдағы 

№ 254 өкімімен  

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын электрондық тәсілмен жүргізу жөніндегі                                                             нұсқаулық

 

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген сотының кеңсесінде (бұдан әрі - сот) іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырудың бірыңғай ережелерін белгілейді.

Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы  
21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерінің негізінде әзірленді.

Сондай-ақ Нұсқаулықта Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексі және басқа да заңнамалық актілер нормаларының талаптары ескерілді.

Нұсқаулық сот ісін жүргізу процесінде «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесін» пайдалану мүмкіндігі назарға алынып әзірленді және оның қолданылуын реттейді.

Сот істерін және басқа да құжаттарды қалыптастыру, іріктеу,  уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға өткізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 21 маусымдағы  № 217 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.  

                         

Сот кеңсесінде іс қағаздары жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделмегендер ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексі нормаларының талаптарымен реттеледі.

 

1. Осы  нұсқаулықта  қолданылатын  негізгі  ұғымдар

 

1. Осы Нұсқаулықта  «Іс қағаздарын жүргізу және  мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар»  Қазақстан  Республикасының ҚР  СТ 1037-2001 Мемлекеттік стандартымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  қолданыстағы іс жүргізу заңнамасымен  белгіленген терминдер пайдаланылды:

1) шағым – азаматтың, заңды тұлғаның қарау тәртібі  Қазақстан Республикасы Азаматтық  іс жүргізу кодексінің, Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің және  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің  ережелерімен реттелетін шешіммен, өкіммен, қаулымен не өзге сот актісімен келіспеушілігін білдіретін жазбаша өтініші;

2) қосымша шағым - азаматтың, заңды тұлғаның алдыңғы  шағымда баяндалған мәліметтерді  толықтыратын өтініші;

3) арыз - азаматтардың, заңды тұлғалардың олардың сот  актілеріне шағым берумен, наразылық  келтірумен байланысты емес субьективтік  құқықтарын іске асыру құралы;

4) өтініштің көшірмесі  – сол тұлғаның сол мәселе  бойынша әр түрлі адресаттарға  жіберген және тиістілігі бойынша  шешу үшін аталған органдардан  түскен өтініші;

5) ұсыныс – соттың  және оның кеңсесінің жұмысын, сондай-ақ жергілікті соттардың  қызметін жетілдіру қажеттілігіне  назар аударуды және олардың  алдына қойылған міндеттерді  шешудің нақтылы жолдары мен  тәсілдерін ұсынуды мақсат еткен  өтініш түрі;

6) үн қосу - азаматтардың  мемлекет жүргізіп жатқан сот-құқық  реформасына, сот төрелігін іске  асыруға өздерінің көзқарастарын  білдіруге арналған өтініштің  түрі;

7) сұрау салу  – азаматтың, заңды тұлғаның жеке  бастарын қызықтыратын немесе  қоғамдық сипаты бар мәселелер  бойынша ақпарат алу жөніндегі  сұранысын білдіретін өтініштері;

Ескертпе: Шағымдардың, арыздардың, ұсыныстардың, пікірлердің көшірмелері, статистикалық есептілікті ұсыну туралы сұраулар, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы сұраулар «сұрау салу» ұғымына кірмейді.

8) иесі бүркемеленген  өтініштер – өтінішті жіберген  адамның тегі, аты, әкесінің аты  көрсетілмеген, қолы қойылмаған, тұратын  жері, жұмысы немесе оқитын жері  жазылмаған өтініш;

9) қадағалау іс  жүргізуі – шағым бойынша іс  жүргізу, оған қадағалау шағымының  өзі, шағымдалып отырған сот актілерінің  көшірмелері және оны қараудың  нәтижелері туралы құжаттар, сондай-ақ  егер шағымды шешу кезінде  іс талап етіп алдырылса, істі  талап етіп алдыру туралы және  қайтару туралы хаттардың көшірмелері  тігіледі;

10) хат-хабар –  сотқа түсетін барлық қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер, сондай-ақ қызметтік хат-хабарлар  мен мемлекеттік билік және  басқару органдарының, жергілікті  атқарушы және өкілді органдардың, соттардың өзге де өтініштері, заңды тұлғалар мен азаматтардың  шағымдары, арыздары мен өзге  де өтініштері;

11) қызметтік хат-хабар  – осы Нұсқаулықтың 24-тармағына  сәйкес, осы санаттағы хат-хабарларға  жатқызылған, сотқа түсетін барлық  хат-хабарлар;

12) ішкі құжаттар - өкімдер, тапсырмалар, бұрыштамалар, қорытындылар, қорытулар, шолулар, анықтамалар  және соттың, сот кеңсесінің, төмен  тұрған соттардың және уәкілетті  органның («Облыстық сот кеңсесі»  ММ) қызметіне байланысты ақпараттық-талдау  және ұйымдастыру сипатындағы  өзге де құжаттар;

13) іс қағаздарын  жүргізу – қағазға жазылған, сондай-ақ  ақпараттық технологиялар арқылы  карточкалық электронды мәліметтер  түрінде түскен хат-хабарларды, ішкі  құжаттарды және сот істерін  осы Нұсқаулықпен белгіленген  қабылдау, тіркеу, жылжыту, есепке алу, жөнелту және сақтау тәртібі;

14) СО БААТЖ –  Қазақстан Республикасы сот органдарының  бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау  жүйесін пайдалана отырып, тиісті  нысандардағы тіркеу-бақылау карточкалары  арқылы шағымдарды, арыздарды, наразылықтар  мен ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық істерді және әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді  тіркеудің, жылжытуды есепке алудың  авоматтандырылған жүйесі, сондай-ақ  АІЖК-нің, ҚІЖК-нің және ӘҚБтК-нің  талаптарына сәйкес Нұсқаулықпен  белгіленген статистикалық есептер  мен өзге де талдау материалдарын  әзірлеу автоматтандырылады;

15) «Сот іс қағаздарын  жүргізу» дерекқоры (бұдан әрі  – ДҚ)– СО БААТЖ-дың құрамдас  бөлігі, барлық кіріс, шығыс және  ішкі ұйымдық-өкім беру құжаттарын  тіркеу-бақылау карточкаларының  негізінде жүйелі есепке алуды  ұйымдастыруға арналған автоматтандырылған  жүйе. Дерекқор арқылы құжаттарды, басшылықтың бұрыштамаларын,  атқарушылық  тәртіпті бақылау жүзеге асырылады. Дерекқор істерді қарау, өтініштерді, шағымдарды шешу және өзге  де хат-хабарларды  қарау жөніндегі  түрлі есептерді автоматты түрде  дайындауды, сондай-ақ сот кеңсесінің  стандартты есептік құжаттарын  алуды  қамтамасыз етеді;

16) СО БААТЖ-ды  қолданудың регламенті (бұдан әрі  – Регламент) – «БААТЖ» автоматтандырылған  ақпараттық жүйені тәжірибелік  және өндірістік пайдалану кезеңдерінде  сот қызметкерлерінің жұмыс технологиясы  сипатталатын құжат;

17) тіркеу-бақылау  карточкасы (бұдан әрі – есепке  алу карточкасы) – кіріс, шығыс, ішкі  хат-хабарлардың есептік деректемелерін, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің  нысандарын СО БААТЖ-дың «Сот  іс қағаздарын жүргізу» дерекқорына  енгізуге арналған арнайы белгіленген  үлгідегі экрандық нысан;

Есепке алу карточкаларында іс жүргізу сатыларына сәйкес барлық міндетті есептік деректемелер толтырылуға тиіс. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқорының  жазу алаңы кейін мәліметтерді жедел іздеу талаптарына толық жауап беруі керек. Есепке алу карточкалары бақылау-анықтама картотекасының электрондық базасын қалыптастырады.

18) сот қызметкерлері  – штатта тұрған, сондай-ақ жеке  еңбек шарты бойынша жұмыс  істейтін сот кеңсесінің қызметкерлері;

19) құжат айналымы  үшін жауап беретін адамдар  – функционалдық міндеттерге  сәйкес хат-хабарларды тіркеу, есепке  алу, жылжыту, олардың орындалуын  және жөнелтілуін бақылауды жүзеге  асыру, есептік-тіркеу құжаттамаларын, орындау тәртібінің жай-күйін  талдауды жүргізу жүктелген, хат-хабарлардың  құрылымдық бөлімшенің ішінде  жылжуына және орындалуына есеп  жүргізетін, сондай-ақ тиісті нысандары  және т.б. бойынша тіркеу-бақылау  карточкаларының тиісті бағандары  мен бөлімдерінің толтырылуы  үшін жауап беретін сот кеңсесінің  мамандары;

20) сот кеңсесінің  құрылымдық бөлімшелері –  бақылау  және құжат айналымы бөлімі, ұйымдастыру-талдау  бөлімі, кадр жұмысы бөлімі, материалдық-техникалық  қамтамасыз ету және мемлекеттік  сатып алу бөлімі, бухгалтерлік  есеп бөлімі, мұрағат.

 

2.Жалпы  ережелер

 

2. Осы Нұсқаулықта  белгіленген құжаттармен жұмыс  істеу қағидалары мен тәртібі  соттың барлық судьялары мен  кеңсе мамандары үшін міндетті  болып табылады.

3. Кеңсе басшысы  мен оның орынбасары, бөлімдердің  бастықтары, сот отырысының хатшылары, сондай-ақ бөлімдердің  басқа  да мамандары осы Нұсқаулықты  білуге тиіс және жұмыс үшін  жеткілікті көлемде қазіргі заманның  компьютерлік, көбейту, жазып алу  техникасын, іс қағаздарын жүргізудің  тиімді нысандары мен әдістерін  меңгеріп, соттардың құрылымын, қылмыстық  және азаматтық іс жүргізу  нормаларын, әкімшілік құқық бұзушылық  туралы заңдарды және басқа  да нормативтік құқықтық актілерді  біліп, өздерінің кәсіби деңгейі  мен іскерлік біліктілігін ұдайы  арттыруға тиіс.

 

3. Соттың  іс қағаздарын жүргізуге басшылық  ету

 

4. Сот төрағасы, кеңсе басшысы және оның орынбасары  сот кеңсесіне жалпы басшылық  жасауды жүзеге асырады, оның  жай-күйі үшін жауап береді, сондай-ақ  Нұсқаулықтың дұрыс қолданылуын  бақылайды.

Алқалардың төрағалары тиісті алқалардағы іс қағаздарының жай-күйі  үшін жауап береді.

Іс қағаздарын ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу, хат-хабарлармен және сот істерімен жұмыс істеудің осы Нұсқаулықпен белгіленген қағидасы мен тәртібін сақтау, хат-хабарлар мен сот істерінің есепке алынуы, сақталуы және уақытында жылжуы, тапсырмалар мен бұрыштамалардың уақытында  және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік сот кеңсесінің басшысына жүктеледі.

5. Бақылау және  құжат айналымы бөлімінің бастығы  апелляциялық және кассациялық  алқаның жұмысын, кіріс және шығыс  хат-хабарларды, мемлекеттік тілді  дамыту мен сот мұрағатынның  жұмысын ұйымдастырады және жүзеге  асырады.

Кадр жұмысы жөніндегі бөлім бастығы жаңадан қабылданған қызметкерлерді осы Нұсқаулықпен және соттың жұмысын реттейтін басқа да құжаттармен қолдарын қойдырып таныстырады.

Сот кеңсесі мамандарының арасындағы міндеттерді бөлу кеңсе басшысының бұйрығымен жылына бір рет бекітіледі.

6. Сот төрағасы, кеңсе басшысы және басшының  орынбасары «Жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес азаматтарды жеке  қабылдауды жүргізеді. Келушілерді  қабылдау кестесі жұрт көзі  түсетін жерге ілінуі керек. Облыстық  сот басшылығының жеке және  заңды тұлғаларды қабылдауы облыстық  сот төрағасының өкімімен бекітілген  кестеге сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ  Интернет кеңістік не сот органдарының  VPN (Корпоративтік компьютер торабы) пайдалана отырып жүзеге асырылуы  мүмкін (онлайн қабылдау). Басшылықтың  жеке қабылдауына жазылғысы келетін  адамдарды тіркеуді азаматтардың  қабылдауын жүргізу жөніндегі  функционалдық міндеттер жүктелген  бақылау және құжат айналымы  бөлімінің  маманы қабылдауы күні  белгіленген үлгідегі журналда  жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақытында бөлім маманы карточка жүргізеді, электрондық дерекқордан осы мәселе бойынша бұрын өтініш берілген-берілмегендігін тексереді, қажет кезде алдыңғы шағымдар бойынша материалдарды талап етеді және өтініш бойынша деректерді ұсына отырып, ҚР СО БААТЖ базасы бойныша сот актілерін көтереді.

Жеке қабылдауда қабылданған шағымдар қабылдаған тұлға бұрыштамасымен бірге қысқаша мазмұны, парақтардың саны көрсетіліп, журналда тіркеледі және сол күні белгіленген тәртіппен бақылау және құжат айналымы бөліміне беріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі