Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

 

 

     Кәсіпорынның 2008 жылғы  балансында қалдық құны 35 000 теңге тұратын бұрғылаушы станок бар. Оның жинақталған амортизациялық сомасы 70 000 теңге. Ол 2004 жылы сатып алынған ҚҚС сомасы 16 %.  Станок жұмысқа жарамсыз болып қалған және жөндеуге келмейді. Инвентарлық комиссияның актісі негізінде кінәлі адам табылған, ол слесарь – Ержанов А.П.    

 Кәсіпорынның басшысының шешімімен баланстан бұл станокты шығару және материалдық зиянды Ержановтан өтеп алу.    

 Бухгалтер станоктың  есептен шығарылуын есепте көрсетеді  және ҚҚС сомасын қайта есептейді. Ол 9 – кестеде келтірілген. 

 

Кесте 9 – Кәсіпорында болған операциялар мазмұны              

 

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы 

 

Сомасы, теңге

Дебет

Кредит

1.Есептелген амортизация  сомасы есептен шығарылды

2420

2410

70 000

2.Баланстық құны есептен  шығарылды

1280

2410

35 000

3.Станоктың есептен шығарылуынан  жарамды материалдар алынды

1310

6210

5 000

4.зиян кінәлі адамнан ұсталды

1250

1280

35 000

5.ҚҚС сомасын түзету  кінәлі адамның есебінен жүргізілді (35 000 * 16%)

 

1250

 

1420

 

5600

Зиян сомасы кінәлә адамның есебінен өтелді

(35 000 + 5 600)

1010

1250

4600


 

     

 Кәсіпорынның негізгі  құралдары бойынша болған операциялары 10 – кестеде келтірілген. 

 

 

 

Кесте 10 – Кәсіпорынның негізгі құралдары бойынша болған операцияларға шоттар корреспонденциясы 

 

Күні

Операция мазмұны

Шоттар корреспонденциясы 

Сомасы, тг

Дебет

Кредит

А

Б

1

2

3

29.04.08 ж

Кәсіпорын «Техмаркет» ЖШС – нен компьютер сатып алынды

– ҚҚС (13%)

2410

1420

3310

3310

67 400

8 762

30.04.08 ж

Құрылтайшылар жарғылық капиталға салым ретінде Автобетоносмиситель СБ 172 – 1 Z 558 кіріске алынды :

–        келісілген құнына

–        тозу құнына

 

 

 

 

 

 

 

2410

2410

 

 

 

 

 

 

 

5110

2420

 

 

 

 

 

 

 

719 298

81 200

02.05.08 ж

Орал Дизайн СтройСервис ЖШС – нен КамАЗ 54115 – 010 – 13 Z 688 тегін алынды :

–        қалдық құнына

–        берілген күнге дейін тозу сомасына

 

 

 

 

 

2410

2410

 

 

 

 

 

6220

2420

 

 

 

 

 

3 660 869

1 930 444

20.06.08 ж

Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі құралы (ғимарат) кіріске алынды :

2410

8110

192 875 460

25.07.08 ж

Кәсіпорынның бір цехынан екіншісіне Сваркалық аппарат орын ауыстырылды

 

2410

 

2410

 

13 430

30.08.08 ж

Негізгі құрал объектісін жоюдан түскен материалдар кіріске алынды (Газель – 330232 – 14)

 

1310

 

6210

 

313 430

1.10.08 ж

Кондиционер S 09 негізгі құралы есептен шығару актісінің негізінде есептен шығарылды :

–        объектіні пайдалану

кезінде есептелген тозу сомасына

–        объектінің баланстық

құнына

 

 

 

 

 

 

 

2420 

 

 

 

7410

 

 

 

 

 

 

 

2410 

 

 

 

2410

 

 

 

 

 

 

 

135 566 

 

 

 

143 421

11.11.08 ж

Компьютер Ноутбук НР Compaq акт бойынша мердігердің орындаған жөндеу шығындарына

8110

4110

10 000

14.11.08 ж

Кәсіпорында жүргізілген кайта бағалау негізінде арматураларды кесу станогының бастапқы бағасы өсті

 

2410

 

5420

 

7 200


 

 

10 – кестенің жалғасы

А

Б

1

2

3

14.11.08 ж

Автокран КС 45729А Z 552 сатқаннан табыс

1210

6210

8 310 000

15.11.08 ж

Жүргізілген түгендеу негізінде бұрын есепке алынбаған кондиционер S 18 кіріске алынды

–        ағымдағы құнына

–        есептелген тозу

сомасына

 

 

 

 

 

 

 

2410 

 

2410

 

 

 

 

 

 

 

6220 

 

2420

 

 

 

 

 

 

 

140 200 

 

20 500


 

     

27.04.2008 жылы кәсіпорын  сомасы 500 000 теңге тұратын шаруашылық жабдықты (жинақталған амортизация және тозу сомасымен қоса) және қосымша төлем ретінде 400 000 теңге көлемінде ақша сомасына сомасы 900 000 тұратын Volkswagen Passat автокөгін алды.    

 «» ЖШС – гінің  бухгалтері осындай бухгалтерлік  жазу берген :    

 Дебет 2410/4 «Көлік құралдары» 900 000 теңге    

 Кредит 1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаттары» 400 000 теңге     

 Кредит 2410/5 «Басқа негізгі құралдар» 500 000 теңге. 

 

 

     2.3 Кәсіпорындағы негізгі құралдардың тозуы және жөндеу есебінің жағдайы    

                   

 Негізгі құралдар алдынғы  бөлімде айтып кеткендей өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді. Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құның тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі құралдардың жай және кеңейтілген өндірісіне аударудың объективтік процесі. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.    

 Жауапкершілігі шектеулі  серіктестікте амортизацияны есептеу  бастапқы құннан бір қалыпты есептен шығару (тура жолды) әдісі арқылы есептелінеді. Бұл әдіс бойынша амортизацияны есептегенде объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу ұзақтылығына болжауға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралдарға есептелген амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдардың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен жойылу құнның айырмасын объектінің пайдалану кезіңдегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.    

 Мысалы, кәсіпорынның балансында бастапқы құны 100000  теңге, қалдық құны 10000 теңге тұратын компьютер бар. Бұл компьютерді пайдалану мерзімі бес (5) жыл.  Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі арқылы амотизацияны есептеу жолын көрсетейік.                      

100 000 – 10 000 = 90 000                      

90 000 / 5 =18 000.    

 Бұл компьютердің барлық  барлық амортизацияланатын сомасы 90 000 теңге, ал оның бір жылдық амортизациялық аударым сомасы 18 000.

Компьютерге амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін 11 – кестеден көруге болады. 

 

Кесте 11 –  Амортизациялық аударым сомасының есептелуі 

 

 

Компьютердің бастапқы

құны (теңге)

Бір

жылдық

амортизациялық

аударым

сомасы (теңге)

Жинақталған

тозу

сомасы

(теңге)

Компьютердің қалдық

құны (теңге)

Сатып алған кездегі

100 000

   

100 000

1 – жылдың соңында

100 000

18 000

18 000

82 000

2 – жылдың соңында

100 000

18 000

36 000

64 000

3 – жылдың соңынды

100 000

18 000

54 000

46 000

4 – жылдың соңында

100 000

18 000

72 000

28 000

5 – жылдың соңында

100 000

18 000

90 0000

10 000


 

     

 «» ЖШС – гі 2005 жылы  бастапқы құны 93 200 тұратын компьютер сатып алған. Пайдалы пайдалану мерімі 5 жыл. Жойылу құны 930 теңге.    

 Жылдық амортизация  сомасы (93 200 – 930) / 5 жыл = 18 454 теңге. 2010 жылы қаңтарда табиғи тозуына байланысты есептен шығарылған.    

 Кәсіпорында есептен  шығару актісінің негізінде есептен  шығарғанда мынадай бухгалтерлік  жазулар берілген :    

1) жинақталған тозу сомасы  есептен шығарылған (18 454 * 5):   

 Дебет 2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» 92 270 теңге    

 Кредит 2410 «Негізгі құралдар» 92 270 теңге;    

2) объектінің жойылу құнына :    

7420 «Активтердің істен  шығуы бойынша шығыстар» 930 теңге;     

2410 «Негізгі құралдар» 930 теңге;    

3) жойылу шығындарына :    

7420 «Активтердің істен  шығару бойынша шығындар» 600 теңге;     

3110 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге беретін қысқа мерзімді берешек» 600 теңге;    

4) жарамды материалдар  кіріске алынды :    

 Дебет 1310 «Шикізаттар  мен материалдар» 880 теңге;    

 Кредит 6210 «Активтердің  істен шығуы бойынша кірістер» 880 теңге;

5)     шығындар есебі жабылады :

Дебет 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» 1 530 теңге;

Кредит 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» 1 530 теңге;

6)     табыстар :

Дебет 6210 «Активтердің істен шығуынан алынатын кірістер» 880 теңге;

Кредит 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» 880 теңге;

7)     болған зиян :    

 Дебет 5510 «Есепті жылдың  бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» 650 теңге;    

 Кредит 5420 «Негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған резерв» 650 теңге.    

 Негізгі құралдар объектілерін  жұмысқа жарамды жағдайда ұстап  тұру үшін өндіріс барысында арнайы профилактикалық іс– шараларды жүргізу, сондай–ақ оны тұрақты жөндеу мақсатқа сай болады. Профилактикалық іс–шаралар объектінің әр түрлі жүйелерін қосымша күтуден, ретке келтіруден және реттеуден тұрады. Техникалық тұрғыдан алғанда негізгі құралдар жөндеудің алуан түрлері неғұрым күрделі болып табылады. Осы техникалық іс–әрекеттердің шығындары және олардың тиімді әсер етуі маңызды болуы мүмкін.Кәсіпорында негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеу де жүргізіледі. Күрделі жөндеу негізгі құралдар объектісінің тарату (қалдық) құның және (немесе) оның пайдалы пайдалану мерзімін ұлғайтатын шығыс ретінде қарастырылады. Егер күрделі жөндеу нәтижесінде негізгі құралдардың пайдалану сипаты, олардың өнімділігі және тиімділігі жақсарады. Негізгі құралдар объектілерін ағымдағы жөндеу немесе қызмет көрсету кәсіпорын күтетін болашақ экономикалық пайдаларды қалпына келтіру немесе сақтау үшін, яғни объектілерді ұстап түру және қалыпты жұмыс істеуі үшін жүзеге асырылады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың жекелеген тозған тетіктерін оларды жұмыс жағдайында ұстап түру үшін ауыстырудан немесе түзетуден тұрады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдарды пайдалану барысында жүргізеді. Бұл шығындар олар жұмсалған кезеңнің шығындарымен танылады.

Рефераты на Stud24.ru

Войти  Поиск  Новые рефераты  Задать вопрос  На сайте 209684 реферата


Список предметовФинансы

Негізгі құраолдар есебі

Дата добавления: 15 Марта 2012 в 13:38 
Автор: K*******@mail.ru 
Тип работы: курсовая работа

Скачать полностью (147.94 Кб)

Работа содержит 1 файл

Скачать  Открыть  

негізгі құралдар.doc  

—  635.50 Кб    

 Жұмысты жүргізу және  сипаты туралы шешім кәсіпорынның  басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Жөндеу жүргізу алдында негізгі құралдарды инженерлік–техникалық қызметкердің өкілдері зеттейді. Алдын–ала тексеру материалдарды және олардың көлемі мен жоспарлаған жұмыстың ұзақтығы туралы ұсыныстар кәсіпорынның директорына өткізіледі, кәсіпорынның директоры жұмыс объектісін жан – жақты тексеру үшін комиссия тағайындайды. Комиссия объектіні техникалық тексеру актісін жасайды, бұл актіде объектідегі жұмыстың сипаты және көлемі туралы тұжырымдар болады. Оған негізгі құрылымдық элементерден анықталған ақаулардың тізбесі немесе жабдықтан анықталған ақаулар туралы акт қосылады.    

 Аталған құжаттарды  кәсіпорынның директоры бекітеді. Одан кейін алынған құжаттама негізінде жұмыстың жобасы немесе ұйымдастыру кестесі, сондай–ақ сметалық – техникалық құжаттама жасалынады. ЖШС – те жөндеу жұмыстарын арнайы кәсіпорындармен келісім – шарттың негізінде жүргізіледі, яғни мердігерлік әдіспен. Жөндеу жұмыстарына ақы мердігерлердің (подрядчики) шотында қабылдау – тапсыру актісінің негізінде жүргізіледі.    

 Кәсіпорында жөндеу  қоры құрылған, ол ай сайын  жөндеудің барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржының 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалынады.    

 Егер кәсіпорынның  құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса, онда, есептеу қағидасына сәйкес, артық жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жазылады, яғни 7110 «Өнімдерді сату мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланылмаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Себебі жөндеу қоры шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында, негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезіңінде олардың мүліктік (инвентерлық) карточкасы карточкалардың «Жөндеу» бөліміне орналастырылады.    

 Жөндеу аяқталғанна  қарай, жөндеуден қабылдаған объектілердің  карточкалары бұл бөлімнен картотекеның  негізгі құралдар топтары бойынша  тиісті бөлімдеріне ауыстырылады. 

Информация о работе Негізгі құралдар есебі