Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

 

 

     Негізгі құралдарды  пайдалануды талдауда олардың  қозғалысы мен жағдайын талдау  үлкен мәнге ие. Негізгі құралдардың  қозғалысы мен жағдайы 14 – кестеде  көрсетілген. 

 

Кесте 14 – Кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы мен жағдайының көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

 Мәні 

Өзгеріс(+ –)

 

   

2006ж

 

2007ж

 

2008ж

2007ж/

2006ж

2008ж/

2007ж

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны, мың тг

96126

149395

489083

+53269

+339653

Келіп түскен қорлар құны, мың тг

59658

382498

32550

+322840

–349948

Есептен шыққан қорлар құны, мың тг

6389

42810

66531

+36421

+23721

Негізгі қорлардың жыл соңындағы құны, мың тг

149395

489083

455102

+339688

–33981

Жинақталған тозу сомасы, мың тг

55740

59810

62920

+4070

+3110

Жаңару коэффиценті,%

39,3

78,2

2,5

+38,9

–75,7

Жаңару мерзімі, жыл

1,6

0,4

15,0

–1,2

+14,6

Шығу коэффиценті,%

6,6

28,6

9,3

22,0

–19,3

Жарамдылық коэффиценті, %

155,4

327,3

93,1

+171,9

–234,2

Тозу коэффиценті, %

58,0

40,0

12,9

18,0

–27,1


 

     

15 – кесте мәліметтері  бойынша 2008 жылы кәсіпорынның негізгі  қорларының 2,5%  осы жылы өндіріске енгізілген, яғни жаңару коэффиценті өте төмен деңгейді көрсетеді. Бұл жағымды фактор болып табылмайды. Егер негізгі құралдар осы қарқынмен ауыстырылса, онда олар тек қана 15 жылда толығымен жаңартылады. Тозу коэффиценті 12,5% құрайды, яғни негізгі қорлар құнының 12,5 % техникалық тозығы жеткен негізгі құралдар болып табылады. Демек кәсіпорынның  негізгі қорлары толық техникалық тозығы жеткен деп айтуға болмайды. Бұл көрсеткіштер 2007 жылмен салыстырғанда төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Кәсіпорында 2007 жылы жаңару коэффиценті 78,2 % – ды құраса, ол 2008 жылы 75,7% – ға төмендеп 2,5% – ды құраған. Бұл жағымды фактор емес. Кәсіпорынада негізгі құралдар тез жаңарып отырса, яғни маральдық және техникалық тозығы жеткен негізгі құралдар аз болса, ол соғұрым кәсіпорын үшін тиімді болып табылады.     

 Негізгі қорларды пайдалану  тиімділігі – кәсіпорын қызметінің  нәтижелігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі қорлардың пайдалану тиімділігіне баға беруге келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді :

–         Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің

өнімі өндірілгенің сипаттайды.

–         Қор сиымдылығы – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі

құралы пайдаланғаның сипаттайды. Ол қор қайтарымына қарама – қарсы көрсеткіш болып табылады.

–         Қорлардың рентабельділігі – негізгі қорлардың 1 теңгесіне неше теңге

пайда алатының сипаттайды.     

 Кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану тиімділігінің көрсеткішері 15 – кестеде көрсетілген. 

 

Кесте 15 – Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері  

 

Көрсеткіштер

 Мәні

 Өзгеріс (+ –) 

2006 ж

2007ж

2008ж

2007ж/

2006ж 

2008ж/    

2007ж 

Жалпы өнім құны, мың тг

195655

556860

210660

+ 361205

– 346200

Жалпы табыс, мың тг

11290

101576

98643

+90286

– 2933

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың тг

80560

110555

102110

+29995

–8445

Қор қайтарымы, тг

2,428

5,036

2,459

+2,608

–2,577

Қор сиымдылығы, тг

0,411

0,198

0,406

– 0,213

+ 0,208

Қорлардың рентабельділігі,%  

14,01

91,87

96,60

+ 77,86

+ 4,73


 

 

Берілген кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларың 1 теңгесіне 2,428 теңгенің өнімі өндірілген, ал 1 теңгенің өнімін өндіру үшін 0,411 теңгенің негізгі қорлары пайдаланған. Негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесінен 14 теңге пайда алады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қор қайтарымы өсіп отыр, ол негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің артқаның көрсетеді және керісінше 2008 жылы 2007 жылға қарағанда қор қайтарымы 2,577 теңгеге төмендеген. Қор қайтарымының өсуі жалпы өнім көлемін артырудың негізгі факторларының бірі. Оны сипаттау үшін жалпы өнім көлемін келесідей үлгілермен бейнелеуге болады :                                

Q = Ф * Н,                                                                                (1)

Мұндағы Ф = негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық өқұны; Н = қор қайтарымы.   

 Кесте мәләметтері  бойынша 2008 жылы жалпы өнім құны 346200 мың теңгеге кеміп отыр, оның ішінде :    

 а) негізгі қорлар құнының  жоспарлы деңгейден 8445 мың теңгеге  кемуінен жалпы өнім құны 20509 мың теңгеге кеміді.              

(Ф1 – Ф0 ) *Н 0 = (102110 – 110555) * 2,4286 = – 20509 мың теңге.    

 б) қор қайтарымының  2,577 теңгеге кемуінен жалпы өнім құны 303664 мың теңгеге кеміді.             

(Н1 - Н0 ) * Ф 1 = (2,0630 – 5,0369)*102110 = – 303664 мың теңге.    

 Негізгі қорларды пайдалану  тиімділігін сипаттаушы көрсеткіш  – қорлардың рентабельділігі. Талданып  отырған кәсіпорында 2008 жылы қор қайтарымы төмендесе де, қорлардың рентабельділігі жоғарлап отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (Rф) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабнльділігінен (Rө ) тәуелді :                                

 Rф = Н * Rө,                                                                                              (2)    

 Жоғарыдағы екі фактордың  қорлардың рентабельділігіне әсері 16 – кестеде келтірілген.

Кесте 16 – Кәсіпорындағы қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне факторлардың әсері 

 

Көрсеткіштер 

 Мәні

 Өзгеріс (+ – ) 

2006ж

2007ж

2008ж

2006ж/

2007ж

2007ж/

2008ж

Жалпы өнім құны, мың тг

195655

556860

210660

+ 361205

– 346200

Жалпы табыс, мың тг

11290

101576

98643

+90286

– 2933

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың тг

80560

110555

102110

+29995

–8445

Қор қайтарымы, тг

2,428

5,036

2,459

+2,608

–2,577

Өнімнің рентабельділігі, %

5,77

18,24

39,28

+12,47

+21,04

Қорлардың рентабельділігі, %

14,01

91,87

96,60

+ 77,86

+ 4,73

Қорлардың рентабельділігіне факторлардың әсері, %

–          қор қайтарымының өзгерісі

–          өнімнің рентабельділігінің өзгерісі

 

 

 

 

 

х

 

 

 

 

 

х

 

 

 

 

 

х

 

 

 

 

 

+15,04

+62,79

 

 

 

 

 

– 47,00

+51,73


 

  

 Кесте мәліметері бойынша  қорлардың рентабельділігінің деңгейінде  екі жылда да өсу факторы байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 77,86 пайыздық пунктке жоғарылаған, ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 4,73 пайыздық пунктке жоғары. Олардың өзгерісіне қорлардың қайтарымы мен өнімнің рентабельділігі қалайша әсер еткенің анықтау үшін абсолютті айырмашылықтар әдісін қолдануға болады.    

2007 жылы қор қайтарымының  2,608 теңгеге жоғарлауынан қорлардың рентабельділігі 15,04 пайыздық пункке жоғарлады :                       

(5,036 – 2,428) * 5,77 = + 15,04 %    

2007 жылы өнім рентабельділігінің 12,47 пайыздық пунктке жоғарлауынан  қорлардың рентабельділігі пайыздық  пунктке жоғарлады :                       

(18,24 – 5,77) * 5,036 = + 62,79 %.    

 Ал 2008 жылы қор қайтарымының 2,577 теңгеге төмендеуінен қорлардың  рентабельділігі 47,00 пайыздық пунктке  кеміді :                      

(2,459 – 5,036) * 18,24 = – 47,00 %   

 Өнім рентабельділігінің 21,04 пайыздық пунктке жоғарлауынан  қорлардың рентабельділігі 51,73 пайыздық  пунктке жоғарлады :                     

(39,28 – 18,24) * 2,459 = + 51,73 %. 

 

 

      3.3 Негізгі құралдар есебі  мен аудитін жетілдіру жолдары  

 

 

     «» ЖШС  – де негізгі құралдар жалға алмайды және де жалға бермейді, сондықтан оларда жал есебі жоқ деп айтуға болады. «Sadi групп» ЖШС – гінің алдыңғы жылғы өзінің таза пайдасын жоғарлатуы үшін негізгі құралдарға байланысты жал есебі бойынша экономикалық тиімді ұсыныстарды енгізейік.    

 Кәсіпорын үшін өзнің  өзінің қаржылық жағдайын және  төлем қаблеттілігін бағалай  келіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін өз меншігіне қорда тұрған, яғни қазіргі уақытта қолданыста емес негізгі құралдарын жалға беруі кәсіпорын үшін тиімді болып табылады.  

 «Sadi групп» ЖШС –  гі өз меншігіндегі негізгі  құралдарын жалға беруін ұсыну алдында жал есебіне жалпы сипаттама берейік.    

 ХҚЕС № 17 «Жал есебі»  стандартына сәйкес жал дегеніміз  – келісімге сәйкес жалға беруші жалға алушыға келісілген мерзім ішінде активті пайдалану құқықтарын жал төлемдеріне ауыстыру арқылы беріледі.    

 Жал дегеніміз –  көпке дейін өзгертуге жатпайтын  кезеңімен ерекшеленеді және  сол жалға алынған мүлік келісім  – шартпен рәсімделінеді, сондай – ақ кез – келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей – ақ ұзартылуы мүмкін.    

 Төменде біз ағымдағы  жалгерлікі есептеу жолдары мен  мен оларға байланысты «» ЖШС – де экономикалық пайданы алуын көрсетеміз.

 


Информация о работе Негізгі құралдар есебі