Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

 Негізгі құралдардың  пайдалануға дайын кезіңен бастап, яғни пайдалану орнында және жұмыс істеуіне жарамды жағдайынан бастап амортизациялық аударымдар есептелінеді, ал амортизация есептеу тоқтатылады, егер негізгі құрал сатылымға жіберілсе немесе оларды актив ретінде тану тоқтатылған кезде /19/.          

 Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады, бұл бойынша объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептен шығарылады.     

 Бұл әдіс бойынша  амортизацияны есептегенде объектінің  амортизацияланатын құны негізгі  құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің  ішінде шаруашылық субъектісінің  шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу ұзақтылығына болжауға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралдарға есептелген амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдардың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен жойылу құнның айырмасын объектінің пайдалану кезіңдегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі /1/.     

 Амортизация сомасы  мыналарға орай анықталады :

ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай – күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер. Негізгі құралдарды ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді негізгі құралдардың күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзартуына әкеп соқтырады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқынындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады. Сонымен қатар, амортизациялық соманы Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде аудару керек. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі белгіленген нормалар, салық заңнамасының нормасынан аспауы керек /9/. Бұл әдісті негізгі құралдарды пайдаланудан түскен табыс оны пайдалану мерзімінде бірден пайда болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдалынады /10/.     

 Құнды орындалған жұмыстың  көлеміне үйлесімді (тепе – тең, пропорционалды) мөлшерде есептен  шығару әдісінде (өндірістік әдіс) объектінің пайдаланған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген және оны есептеуде уақыт кескіні ешқандай роль атқармайды /9/. Кәсіпорында өндірілген әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің оның көмегімен осы өнімдер, қызметтер, жұмыстар өндірілген негізгі құралдардың объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация объектінің құнын осы қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады, яғни негізгі құралдардың бастапқы құнынан жойылу құнын алып тастаймыз да оны орындалған жұмыстың болжамды мөлшеріне бөлеміз. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектісінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектеулі кезінде пайдалынады /10/.  Жалпы бұл әдісті объектіні пайдалану кезінде оның істейтін  жұмыс көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болады деген жағдайда ғана қолдануға болады /1/.               Амортизацияны есептеудің өндірістік әдісінде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуат арасында тура бағыныстылық болады. Бұл ретте амортизацияны анықтау үшін қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ. Өндірістік қуат өнім шығару бірлігімен және тағы да басқалармен көрсетілуі мүмкін. Активтің қалдық сомасы жойылу құнына жеткенге дейін жыл сайын өндірістік қуаттың көрсеткіштеріне тура тепе – тең кемиді. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн мен жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігене пропорционалды түрде азайып отырады.      

 Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау – кең өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы бойынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланылады.     

 Өндірістік әдісті қолданған кезде мынаны ескеру керек, объектінің өндірістік қуатын пайдалануға байланысты амортизация мөлшерінің жылдан – жылға күрт өзгеру бағдары туралы анық түсінік бермейді және өзіндік құн мен қаржы нәтижесін анықтауға тиісті ықпал етеді.    

 Негізгі құралдардың  жекелеген түрлеріі пайдалану  мерзімінің бас кезінде барынша тиімді іс – әрекет жасайды. Бұдан басқа, технологияның жетілдіру жағдайында негізгі құралдар моральдық жағынан тез тозады. Сондықтан өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізуді жылдамдату және негізгі құралдарды жаңартуға мүдделікті артыру үшін қаржылық жағдай туғызу мақсатында субъектілер амортизацияны есептеудің жылдамдатылған әдісін қалдықты азайту әдісін қолдануға болады.    

 Амортизацияны (тозуды) есептеудің  жеделдетілген әдісі. Өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктер енгізу, түзету мен негізгі құрал – жабдықтарды жаңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару және кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады /6/. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады /9/. Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептен шығару үшін пайдаланылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелген амортизациялық аударым сомасы, оны соңғы пайдаланылатын жылдардағы есептелген амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдаланылу, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қаблеті соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдықпен есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жеделдетуге, яғни жаңартуына орай жабдықтардың негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқса да жақтардан тиімді болып келетін негізгі құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға тағы да бір негіз болатын жағдай – негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егер де негізгі құралдарға жылдамдатып есептен шығару – деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда, амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдарды пайдалану барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде, негізгі құралдарды пайдаланылуы барысында шаруашылық субъектісіне келтірідген пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде болып қалады.    

 Амортизацияны қалдық  құнның кемуі (қалдықты азайту) әдісімен  амортизацияны есептегенде амортизация  сомасы объектіні бірінші жыл қолданғанда бірден көбейеді және соңында төмендейді. Бұл тәсілде амортизацияны есептеу бастапқы емес, баланстық құннан жасалады /6/.     

 Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі бойынша  негізгі құралдарға амортизациялық  аударым есептеу алдымен құны  бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланылатын уақыт санына бөліп  әр есепті жылға тиісті амортизацияның проценті анықталынады. Бұл жерде бастапқы құнын жүз пайыз деп аламыз. Одан кейін табылатын пайыз мөлшері (100 пайыз бөлінген пайдаланылатын жылы) еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, есепті жыл басындағы амортизацияланбаған қалдық құны баланстық құнға көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құны қалатындай мөлшерде шектеліп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарды өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды /1/.    

 Шаруашылық субъектілерінде  негізгі құралдар алдында айтып  кеткендей табиғи және сапалық  жағынан тозады. Олардың жекелеген  бөлшектері (негізгі бөлшектері  мен детальдары, құрлымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай  алғандығымен салыстырғанда (запас  бөлшектері мен детальдары) неғұрым  қысқа мерзімде тозады.    

 Негізгі құрал –  жабдықтар уақытынан бұрын тозып  кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын  жөндеп тұруы керек. Ұйымдстыру  – техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді жай (ағымдағы) және күрделі болып бөлінеді.    

 Негізгі құралдар объектілерін  жұмысқа жарамды жағдайда ұстап  тұру үшін өндіріс барысында арнайы профилактикалық іс – шараларды жүргізу, сондай – ақ оны тұрақты жөндеу мақсатқа сай болады. Профилактикалық іс–шаралар объектінің әр түрлі жүйелерін қосымша күтуден, ретке келтіруден және реттеуден тұрады. Техникалық тұрғыдан алғанда негізгі құралдар жөндеудің алуан түрлері неғұрым күрделі болып табылады. Осы техникалық іс – әрекеттердің шығындары және олардың тиімді әсер етуі маңызды болуы мүмкін.     

 Күрделі жөндеу негізгі құралдар объектісінің тарату (қалдық) құның және (немесе) оның пайдалы пайдалану мерзімін ұлғайтатын шығыс ретінде қарастырылады. Егер күрделі жөндеу нәтижесінде негізгі құралдардың пайдалану сипаты, олардың өнімділігі және тиімділігі жақсарады, бірақ осындай шығындар объектінің өзіндік құның ұлғайтуға капиталдандырады (объектіден түсетін пайданы ұлғайту мөлщерінде). Егер бұлай болмаса, келтірілген шығындар кәсіпорынның шығыстары ретінде анылады /20/. 

Күрделі жөндеу болып :

–        машиналар, жабдықтар және көлік құралдары үшін агрегетты

толық бөлшектеу, тозған тетіктер мен тораптарды ауыстыру немесе қалпына келтіру, агрегатты жөндеу, реттеу мен сынақтан өткізуді жүзеге асыратын бір жылдан астам кезеңде жөндеу;

–        автомобиль көлігінің негізгі агрегаттары (қозғалтқыш, артқы

және ақырғы көпірлер, беріліс қорабы және басқалары) үшін –машиналардың маркасына қарай белгіленген жүру жолы жүргеннен кейін жөндеу;

–        үйлер мен ғимараттар үшін–тозған құрлыстар және тетіктер

ауыстыратын жөндеу саналады.      

 Негізгі құралдар объектілерін  ағымдағы жөндеу немесе қызмет  көрсету кәсіпорын күтетін болашақ  экономикалық пайдаларды қалпына  келтіру немесе сақтау үшін, яғни  объектілерді ұстап түру және қалыпты жұмыс істеуі үшін жүзеге асырылады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың жекелеген тозған тетіктерін оларды жұмыс жағдайында ұстап түру үшін ауыстырудан немесе түзетуден тұрады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдарды пайдалану барысында жүргізеді. Бұл шығындар олар жұмсалған кезеңнің шығындарымен танылады.    

 Жұмысты жүргізу және  сипаты туралы шешім кәсіпорынның  басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Жөндеу жүргізу алдында негізгі құралдарды инженерлік–техникалық қызметкердің өкілдері зеттейді. Алдын–ала тексеру материалдарды және олардың көлемі мен жоспарлаған жұмыстың ұзақтығы туралы ұсыныстар кәсіпорынның директорына өткізіледі, кәсіпорынның директоры жұмыс объектісін жан–жақты тексеру үшін комиссия тағайындайды. Комиссия объектіні техникалық тексеру актісін жасайды, бұл актіде объектідегі жұмыстың сипаты және көлемі туралы тұжырымдар болады. Оған негізгі құрылымдық элементерден анықталған ақаулардың тізбесі немесе жабдықтан анықталған ақаулар туралы акт қосылады.    

 Аталған құжаттарды кәсіпорынның директоры бекітеді және күрделі жөндеу немесе күрделі құрлыс мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімге жіберіледі. Одан кейін алынған құжаттама негізінде жұмыстың жобасы немесе ұйымдастыру кестесі, сондай–ақ сметалық– техникалық құжаттама жасалынады.     

 Жөндеу мынандай үш  тәсілмен орындалуы мүмкін : мердігерлік, шаруашылық және аралас. Мердігерлік тәсіл негізінде негізгі құралдарды мамандандырылған субъектілер (автожөндеу, жөндеу–құрлыс жөндейді). Шаруашылық тәсілі негізінде жөндеу субъектінің өзінің күшімен және қаражатымен жүзеге асады. Аралас тәсіл кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігі өзінің қүшімен және бір бөлігін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.    

 Негізгі құралдарға мердігерлік ұйыммен жасалған шарт негізінде мердігерлік тәсілмен күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілген кезде кәсіпорын жөнделетін объектілерді жөндеу орнына және кері жеткізу бойынша шығындарды қоса алғанады.  Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден, қайта құрудан, және түрлендіруден қабылдау–тапсыруды рәсімдеу «Жөндеуден, қайта құрудан (түрлендіруден) қабылдау–тапсыру актісі негізінде (НҚ–3 нысаны) жүргізеді. Тапсырыс үшін материалдық жауапты қызметкерлерді және жөндеуді, қайта құруды жүргізетін орындаушы ұйымның қол қойылған акт екі данада жасалынады. Тиісті негізгі құралдардың техникалық паспортына объектінің сипатына күрделі жөндеуге, қайта құруға байланысты қажетті өзгерістер енгізілуі тиіс. Актіге тапсырыс беруші кәсіпорының бас бухгалтері қол қойып, басшысы бекітеді.    

 Жұмысты шаруашылық  тәсілмен жүргізу кезінде ақаулар ведомосы (немесе ақаулар актісі) негізінде жөндеу жүргізуге арналған тапсырма–тапсырыс толтырылады. Кәсіпорынның жөндеу бөлімшелерінде (жөндеу цеіы, жөндеу–механикалық щеберхана, жөндеу–құрлыс цехы) жөнделетін әрбір объектіге көп бағанды карточкалар ашылады, оларға жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін объектілер акт (НҚ–3 нысаны) бойынша тапсырыс берушіге өткізіледі /21/.   

 

 

     1.3 Негізгі құралдар аудитін жүргізудің теориялық негіздері    

 

 

     Негізгі құралдар аудитінің  мақсаты – негізгі құралдар  бойынша ақпараттың толықтығы  және шынайылығын, тексеріп отырған кәсіпорынның қаржылық есеп беруі мен түсініктеме хатында көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексеру.    

 Негізгі құралдарды  тексерген кезде, егер аудитордың  жұмыс жоспарында өзгеше көзделмесе  аудитор негізгі құралдармен  байланысты есеп аумағын, есеп  беру баптарын, яғни олар негізгі  құралдардың жөндеуге кеткен  шығындарды, негізгі құралдарды  жалға бергеннен түскен пайда мен жалға алғанға кеткен шығын, негізгі құралдарды шығуынан түскен пайда мен шығын, аяқталмаған құрлыс және мүліктік салық бойынша міндеттемелерді тексереді.   

 Негізгі құралдардың  қолда барын, сақталуы мен пайдалану  аудитінің бағдарламасының құрамдас  элементі болып келесі тексерістер  табылады :

1)     негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс

баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

2)     негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;

3)     мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу

бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

Информация о работе Негізгі құралдар есебі