Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

 «» ЖШС – де негізгі  құралдар мақсатты пайдаланылуына  және атқаратын функциясына байланысты  мына топтарға бөлінеді:

–        жер;

–        ғимараттар;

–        машиналар мен олардың жабдықтары;

–        көлік құралдары;

–        аяқталмаған құрлыс;

–        өзге де негізгі құралдар.     

 ЖШС – те негізгі  құралдар шаруашылық қызметте  қолдану үшін сатып алынады  және негізгі құралдар есебінде  көрініс табады. Кейбір негізігі құралдар қайта сату үшін сатып алынады және оларды тауарлы – материалдық құндылықтар негізінде есепке алады, ал  кейбір негізігі құралдар инвистиция ретінде көрініс табады, егер олар ұзақ мерзімге қаржылық салым ретінде салынса.    

 Кәсіпорында негізгі  құралдар қаржылық салым ретінде (жаңа ғимараттарды және де  басқа құрлыс объектілерінің  салынуы) құрылады және басқа жеке және заңды тұлғалардан сатып  алынады, сонымен қатар ақысыз тегін алынуы мүмкін.    

 Кәсіпорында негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынады. Бұл бөлімнің шоттары кәсіпорынға тиесілі жалпы негізгі құралдардың есепке алынуы мен қозғалысын есепке көрсетуге арналған.    

 Дебитінде негізгі  құралдар бастапқы құнымен мына  корреспонденциялық шоттар бойынша  кіріске алынады :

–        6210 «Өтеусіз алынған активтерден кірістер»

–        3310 «Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа мерзімді берешегі»

–        1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

–        1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»

–        1060 «Өзге ақша қаражаттары»

–        3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

–        6280 «Өзге кірістер»    

 Құрылтайшылардың кәсіпорынның  жарғылық капиталына салған салымы  ретінде негізгі құрал кіріске алынуынғанда : – 5110 «Төленбеген капитал» шоты кредиттеледі.    

 Кәсіпорынның есеп  саясаты бойынша негізгі құралдарды  есепке алу үшін ЖШС– те синтетикалық шоттар ашылады.    

 – 2410/1  – «Жер»;    

 – 2410/2 – «Ғимараттар»;     

 – 2410/3 – «Машиналар  мен құрал – жабдықтар»;    

 – 2410/4 – «Көлік құралдары»;     

 – 2410/5 – «Басқа негізгі құралдар»;    

 – 2420/1 – «Ғимараттардың  амортизациясы»;    

 –2420/2 – «Машианалар  мен құрал – жабдықтардың амортизациясы»;     

 – 2420/3 – «Көлік құралдарының амортизациясы»;    

 – 2420/4 – «Басқа негізгі құралдардың амортизациясы».    

 Кәсіпорынға келіп түскен барлық негізгі құралдар оларға қатысты барлық құжаттармен қамтамассыз етілуі керек және оларды ЖШС – гінің басшысының бұйрығымен арнайы құрылған комиссия қабылдайды.    

 Негізгі құралдар құрамына  жекелеген объектілерді енгізу  үшін; қолданылып жүрген заңға  сәйкес олардың енгізілуі ерекше  тәртіппен рәсімдеуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға беруді рәсімдеу үшін; негізгі құрал – жабдықтардың бір цехтан екішісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беруін рәсімдеу үшін, сондай–ақ басқа да айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруі үшін негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (қозғалыс) актісі (ф.№ Н.Қ– 1) негізінде жүргізіледі. Онда негізгі құралдың жалпы жағдайына баға беріледі, оларды бастапқы бағасы көрсетіледі және бұрын қолданыста болған негізгі құрал үшін тозу сомасы көрсетіледі, шығарылған уақыты, сонымен қатар қабылдаған комиссияның қорытындысы көрсетіледі. Барлық қабылданған негізгі құрал үшін қабылдау – тапсыру актісі толтырылады, жалпы қабылдау – тапсыру актісі толтырылады егер бір түрлі негізгі құралдарды бір уақытта қабылдаса және бағасында да сәйкестік болса. Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі екі жақпен де жасалады, яғни объектіні сатып алатын және сататын жақпен, онда объектіні қоланысқа енгізу уақыты, шығару уақыты, бастапқы бағасы, сонымен қатар тозу сомасы көрсетіледі.          

 Негізгі құралдарды  қабылдау – тапсыру актісімен  қатар сол объектіге техникалық  құжаттар қосылады (ғимараттың, жабдықтың  паспорты). Комиссияның толтырған  және комиссия мүшелерінің қолы  қойылған қабылдау – тапсыру  актісі және техникалық құжатпен  бірге бухгалтерияға беріледі. Әрбір инвентарлық объектіге негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы (аналитикалық есептің регистірі) ашылады, қабылданған негізгі құралдарға бухгалтерлік жазу беріліді. Берілген инвентарлық номер инвентарлық объектіде кәсіпорында қолданыста болған кезінің барлық мерзімінде сақталады және барлық бастапқы құжаттарда, есеп регистірлерінде сол номермен көрсетіледі. Негізгі құралдар қолданыстан шыққан кезде олардың инвентарлық номері басқа негізгі құралдарға берілмейді.     

 «» ЖШС –гі негізгі құралдардың пайдалы қолдану уақытын өзі анықтайды (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу кезеңі) және жою құның (негізгі құралдардың пайдалы қызметінің соңыда негізгі құралдардың шығуына кеткен күтілетін шығындарды есепке алмағанда бұзудан, қосымша бөліктерден алынатын күтілетін сома).    

 Кәсіпорында негізгі  құралдар келіп түскен сәтінде  бастапқы құнымен есепке алынады, оған негізгі құралды салуына  және сатып алуына байланысты  барлық шығындар есепке алынады, сонымен қатар сатып алу кезінде  өтелмейтін салықтар мен төлемдерді  қоса (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж). Негізгі құралдардың бастапқы құнына жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар, құрлыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер, активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.    

 Негізгі құралдарды  тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығындары ретінде есепке алынады.    

 Негізгі құралдардың  бастапқы құны былай анықталады :

1) құрылтайшылардың келісімі  бойынша жарғылық капиталға құрылтайшының белгіленген бағамен салған салымы;

2) ЖШС – тің өзі салған  негізгі құралдары және сатып  алынған негізгі құралдары;

3) жеке және заңды тұлғалардан  айырбас операциялары негізінде алғанда, онда қабылданған актив ағымдағы бағамен бағаланады, ол  қабылданған ақша қаражаттарының сомасына түзетулер арқылы тапсырылған негізгі құралдардың бағасына тең болады.     

 Негізгі құралдар құрылыс  операциялары негізінде кәсіпорын  өздері де тұрғызады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрлыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік құжат болып саналады және бұл актіде :

1)     объектінің аты;

2)     объектіні алушы мен тапсырушы субъектілер;

3)     салынып біткен құрлыстың қабылданған кездегі жағдайы;

4)     құрлыстын салынып біткен уақыты;

5)     амортизациялық мөлшері;

6)     бастапқы құны және де басқа да шартты белгілері көрсетіледі.    

 Құрлыс операциялары  кезінде салынған негізгі құралдардың  бастапқы құнына құрлыс жөніндегі  мынадай шығындардың барлығы  қосылады :    

1) материалдар;    

2) еңбек ақы төлеу;    

3) үстеме шығындардың  тиісті үлесі;    

4) сәулетшінің және заңгердің қызметін төлеу;

5) құрлыс кезіндегі сақтандыру  шығындары;

6) құрлыс кезінде берілген  несиелер бойынша пайыздар;

7) құрлыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығындар.    

 Қолданыстағы заңға  сәйкес «SADI Групп» ЖШС –гінде  бастапқы құнды нарықтағы ағымдағы  бағаға келтіру мақсатымен қайта бағалауды да жүргізеді, соның негізінде негізгі құралдар есепте және қаржылық есеп беруде ағымдағы бағамен көрініс табады. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы  ЖШС – нің негізгі құралдардың бастапқы бағасын және қосымша капиталын өсіреді. Қайта бағалаудан алынған қор 5410 шотына бөлінбеген пайдаға (жабылмаған зиян) апарылады.    

 Негізгі құралдар резерв  ретінде қоймада сақталынуы мүмкін  немесе көрсетілген тәртіппен  тіркелуі мүмкін.    

 ЖШС – те негізгі  құралдар қолданудан заңды және  жеке тұлғаға тегін беру әсерінен, сатудан, апат жағдайдан іске жарамай қалуына байланысты, табиғи және моральдық тозуының әсерінен істен шығарылады. Ол негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінде есептен шығарылады.    

 Негізгі құралдар есептен  шығарылғанда сәкесінше 2410 «Негізгі  құралдар» корреспонденциялық шоттың  кредитінде есептен шығарылады, ал ал дебеті бойынша мына корреспонденциялық шотта көрсетіледі :

–        Апат жағдайларына байланысты іске жарамай қалған негізгі құралдарды

есептен шығарғанда : – 7510 «Тоқтатылған қызметпен байланысты шығыстар»

–        Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған жарайтын

материалдар мен басқа да бөлшектердің құны 1310 «Шикізат пен материалдар; 1350 «Өзге қорлар» шоттарында дебеттеліп, ал кредиті бойынша 6210 «Активтерді істен шығарудан алынатын кірістер» шотында дебеттеледі.     

 Негізгі құралдардың  қолдануға жарамай қалуын және жөндеуге жіберуін  анықтауға кәсіпорында қаржы деректорының, сату бөлімінің бастығының, бас инженердің көмекшісінің құрамынан тұратын коммисия бар. Комиссия негізгі құралдардың қолданыстан шығатын объектілерін қарап шығады, олардың қолданыстан шығару себептерін және кінәлі адамдарды, яғни жауапқа тартылатын адамдарды, сонымен қатар қолдануға жарайтын негізгі құралдардың бөлшектерін анықтайды. Атқарылған жұмыстың нәтижесі болып бухгалтерияда қажетті бухгалтерлік жазулар жазуға себеп болатын  негізгі құралдардың есептен шығару актісін (ф. № НҚ – 3) немесе автокөліктік құралдарды есптен шығару актісін (ф. № НҚ – 4) жасау болып табылады. Актіде объектілердің бастапқы құны, есептелген амортизация сомасы, объектілерді бұзудан алған материалдардың құның, жоюдан шегетін шығын көлемін, жоюдың жалпы құның және мүмкін өткізу бағасын көрсетеді.    

 Негізгі құралдар апат  жағдайларына байланысты есептен  шығарылса есептен шығару актісімен  бірге апат жағдайы туралы  қажетті органдардың берген анықтамасы  қосылады немесе апаттың себебі  мен кінәлі адамдары көрсетілген актінің көшірмесі қосылады. Мұндай жағдайда негізгі құралдардың жарамды бөлшектері (материалдары) кәсіпорында кіріске алынады.    

 Негізгі құралдарды  тегін беру тек кәсіпорының басшысының келісімімен жүргізіледі.    

 Кәсіпорында негізгі  құралдарды ақша қаражаттарына  сатып алған кезінде бухгалтерлік  жазуда дебетінде негізгі құралдар  шоты көрсетіледі, ал кредитінде  бойынша ҚҚС сомасын көрсету үшін салықтық счет – фактура негізінде кредиторлық қарыз шотында жүргізіледі. Кредиторлық қарыздың жабылуы шоттағы ақша қаражаттарының азаюы арқылы көрініс табады.    

 «» ЖШС – гі 2008 жылдың 23 қаңтарында «Сантехпрофстрой НС»  ЖШС –гінен сомасы 55 200 теңге тұратын газосваркалық аппапратты сатып алды (ҚҚС – пен бірге).    

 Бұл шаруашылық операцияларының  кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде  көрініс табуы 8 – кестеде келтірілген.  

 

Кесте 8 – «Sadi групп» ЖШС – гі негізгі құралды сатып алу 

 

Оперерациялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы 

Сомасы, теңге

Дебет

Кредит

1.Сатып алынған негізгі  құралдың нақты құнына (ҚҚС – сыз)

2410

3310

 

48 850

2.ҚҚС сомасына счет  – фактурға сәйкес (13%)

1420

3310

6350

3.жабдықтаушының шотына  сәйкес төлем жүргізілді

3310

1030

48 850


 

                 

 «» ЖШС – к «Toyota»  фирмасынан «Corolla» жеңіл автокөлігін 913 920 теңгеге (ҚҚС ішінде) сатып алды. Автокөлікті пайдалы қолдану уақыты 10 жыл деп белгіленген және жойылу құны 4 780 теңге.    

 Кәсіпорынның бухгалтериясында  мынадай жазу берілгін :    

1) автокөліктің бастапқы  құнына :    

 Дебет 2410 «Негізгі құралдар» 913 920 теңге    

 Кредит 3310 «Жеткізушілер  мен мердігерлерлерге қысқа мерзімді берешек» 913 920 теңге;    

2) амортизация сомасына : амортизация бірқалыпты есептен шығару әдісімен есептелген (913 920 – 4780) / 10 = 90 914;     

 Дебет 7440 «Резервті құру  және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар» 90 914 теңге (ай сайын 7576 теңге)    

 Кредит 2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» 90914 теңге (ай сайын 7576 теңге). 

Информация о работе Негізгі құралдар есебі