Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

4)     негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі

операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

5)     негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен

көрсетудің мақсатқа сәйкестілігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) – негізгі құралдардың құның арнайы ақшаны – өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдаланылуына көшірудің объективті процесі;

6)     бухгалтерлік есеп пен есеп регистірлерінде негізгі

құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелілігі;

7)     негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі

және т.б.    

 Негізгі құралдар аудитінің  жоғарыда көрсетілген процедураларының  мазмұның ескере отырып, мыналарды  зерттеп білу қажет :

1) негізгі құралдардың  сақталуын қамтамассыз ету бойынша  нақты шаралар қабылдынды ма, кәсіпорының басшысының бұйрығымен  материаларға жауапты адамдар тағайындалды ма, олармен толық және материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім – шарт жасалды ма;

2) негізгі құралдардың  сақталуын қамтамассыз ету үшін, материалды жауапты адамға жағдайлар  жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары  бар ма, олар күзет сигнализацияларымен  жарақтандырылған ба ?

3) кәсіпорын аумағынан  тауарлы – материалдақ құндылықтарды  тасып – шығару тәртібі ұйымдастырылған  ба, басшының бұйрығымен негізгі құрал – жабдықтардың сақталуын тексеру үшін тұрақты комиссия тағайындалды ма?

4) негізгі құралдарды  сақтауды түгендеу (инвентаризация) мен іріктемелі тексерістер жүргізілді ме, олардың қорытындылары рәсімделген бе, кем шыққан жағдайларда айыптыларға қандай шаралар қолданылады?    

 Ал, негізгі құралдардың  қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар аудару керек:

1)     мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік

жағынан (меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзінде не жұмыс істеп тұрмаған), белгілеуі бойынша  (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді – активті немесе бәсең – пассивті) және тағы да басқа жіктелулердің дұрыстығы;

2)     бастапқы құны, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын

(ұлтық валютамен сатып  алу сәтіндегі қайта есептеу  бағамы байынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;

3)     кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін бітпеген

құрлыс ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрлыс объектілері;

4)     баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;

5)     негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға

тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС – ны төлеуші болып табылады және т.б).    

 Аудитор жабдықтаушы (мердігер) төлейтін ҚҚС – ын есепке ала отырып, негізгі құралдарды өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілудің дұрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша, негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі мәліметтеріне сай және 10 журнал – ордерде «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.     

 Сонымен қатар, аудитор  негізгі құралдарды беру нәтижесінде  болған шығындардың орның толтыру  ықтимал көзерге, «Табыстар» мен  «Шығындар» бөліктерінің шотында есептен шығарудың заңдылықтарына ерекше қөңіл бөлуі керек.    

 Негізгі құралдарды  пайдаланудың тиімділігін анықтау  тексерудің маңызды процедураларының  бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әр түрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және көэффиценттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.    

 Сонымен қатар, қор  қайтарымы, қор сиымдылығы, қордың  жарақтандырылуы, айналымдылығы, негізгі  құрал – жабдықтаордың жаңаруы, істен шығуы және тозуы коэффиценттері, негізгі құралдарды және тағы  да басқа эктенсивті, интенсивті және интегралды коэффиценттері сияқты көрсеткіштер есептелінеді /22/.    

 Аудитор негізгі құралдарды  тексерген кезде негізгі құралдардың  жөңдеу есебінің дұрыс жүргізілгенің  тексеруі қерек. Бұл тексеріс  кезінде аудитор келісім шарттардың, жөндеуге жоспар мен сметаның, жөңдеуден қабылдау – тапсыру  актілерінің бар екендігін және  уақытында және тәртіпке сәйкес  жасалғандығын, материалдар шығынының  нормаға сәйкес екендігін, жөндеу жұмысымен айналысатын жұмыскерлер еңбек ақысын тексеру қажет. Негізгі құралдарды жөндеу шығындарды мына екі әдістің бірімен жүргізетінің аудит есепке алады :

1)     ағымдағы үлкен көлемде емес жөңдеу жүргізілген кезде

жөңдеу шығындары сол кездегі жөңдеу шығындарына апарылады;

2)     күрделі жөндеу жүргізілген кезде бұл шығындарды өнімнің

өзіндік құнына апару үшін жөндеу шығындарына резерв құрылады немесе жөндеу фонды. Ол  ай сайынғы аударымдардан құрылады.     

 Таңдалған әдіс кәсіпорынның  есеп саясатында көрсетілуі тиіс.     

 Тексеріс барысында  аудитор жөндеу жүргізу үшін  сметалық –  жөндеу құжаттарының  дұрыс жүргізілуін тексеру керек және жөндеу деп жаңа құрлыс жүргізілмейтінің, негізгі құралдардың қайта жарақтандырылмайтының, себебі олардың шығындары капиталдық салымға апарылуы тиіс /23/.       

 

 

  

 

 

2 «SADI ГРУПП» ЖШС – дегі  негізгі құралдар есебінің жағдайы     

 

 

     2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы 

 

 

     «Sadi Групп» кәсіпорыны 2004 жылы сәуір айында құрылды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2004 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі № 16133 – 1910 – ЖШС. Меншік түрі – жеке меншік.    

 Кәсіпорынның мекен  жайы : 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі 31.    

 Жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің құрылтайшысы –  Амралин М.О. Жарғылық капиталға салым – 100 %.    

 Негізгі қызмет түрі – құрлыс объектілерін салу болып табылады.     

 Жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің жеке балансы, банктегі  есеп – шоттары, оның ішінде  валюталық, мемлекеттік және ресми  тілде мекеме атауының мөрі, бланкілері, тиісті мөр таңбалары бар.    

 «Sadi Групп» ЖШС  – гі өзінің қызметің мына құжаттардың және нормативтік актілердің негізінде жүзеге асырады :

1)     «Sadi Групп» ЖШС  – нің жарғысы (19.04.04 жылғы);

2)     № 409 – 1.1.07.99 жылғы Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексі; өзгертулер мен толықтыруды есепке ала отырып;

3)     Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілік

серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 22 сәуір 1998 жылғы № 409 – 1 заңы, өзгертулер мен толықтыруларды қоса; Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қаржылық – экономикалық қызметтін жүзеге асыруға негіз болатын басқа да заңдар, нормативтік актілер және олар бойынша әдістемелік ұсыныстар.    

 «Sadi Групп» ЖШС  – нің қызметін атқарушы болып жоғарғы орган – құрылтайшы болып табылады, ал атқарушы орган – директор. Директордың және қатысушылардың қызмет аясы Қазақстан Республикасының заңымен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысымен анықталады. Директордың қарамағында серіктестіктің комерциялық бөлімнің директоры, қаржы бөлімінің директоры және бас бухгалтер.     

 Қаржы бөлімінің директоры  мына жұмыстарды атқарады :

Экономистің қызметін, яғни оған кәсіпорынның қаржылық жоспарын және жобаларын құру, ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау мен қадағалау, ақша қаражаттарының қозғалыс есебін ұйымдастыру және қаржылық нәтижеге талдау.    

 Бас бухгалтер жалпы  бухгалтерияның қызметін басқарады, оған белгіленген мерзімде шаруашылық  қызметінің жағдайы туралы толық  мәліметтермен қамтамассыз ету  жатады. Қаржылық есеп беруді  құру, оған кәсіпорынның балансы, шығындар мен табыстар есебі, капиталдағы қозғалыс есебі және  салықтық есеп саясатын құру, салықтық есепті құру әдістемесі, өндірістік ұсталымдар есебін, бухгалтерлік есепті компьютерлендіру және бірынғай компьютерлік жүйеге бухгалтерлік есепті еңгізу, ақша қаражаттарының, тауарлы – материалдық құндылықтардың түсуінің шынайы екендігін бақылау және шығындардың өзгеруін бақылау, сонымен қатар түгендеуді (инвентарихация) жүргізу жатады.   

 «Sadi Групп» ЖШС –тігінің негізгі қызмет түрі құрлыстан басқа мына қызметтерден де табыс алады :

–        жалға беруден табыс;

–        инвестициялық қызметтен табыс;

–        материалдық емес активтерді өткізуден табыс;

–        негізгі құралдарды өткізуден табыс;

–        бағалы қағаздарды өткізуден түскен табыс;

–        пайыздар бойынша табыстар және акциялардан девиденттер;

–        оң курстық айырмадан табыс.     

 Серіктестіктің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңына және ішкі еңбек тәртібіне сәйкес директор белгілейді.    

 Серіктестік өз қызмет  нәтижелерін бухгалтерлік есебінде  жүзеге асырады, статистикалық және  қаржылық есеп беруді  Қазақстан Республикасының қазіргі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.    

 Жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің мүлкін құрайтын  көздер:

–        жарғылық капиталдағы катысушысының салымы, сонымен

бірге оның серіктестік мүлкіне қосқан қосымша жарнасы;

–        өндірістік – қаржы қызметінен түскен табыс;

–        ұзақ және қысқа мерзімді несиелер, қарыз қаражаттары;

–        заң актілерімен тиым салынбаған басқа да көздер.    

 Серіктестіктің құқықтары :

1)       серіктестік осы үлгідегі ұйымдарға арналған қазіргі

заңдарды және жарғыда көрсетілген құқықтарды қолдана алады;

2)       серіктестіктің дербес мүлкі бар, ол өзіне қатысты мүлік

шегінде өз міндеттемелері бойынша жауап береді;

3)       өз атынан келісім жасауға, мүліктік және мүліктік емес

құқыққа ие болуға;

4)       қорғау құжаттарына, технологияларына, «ноу – хау» және

басқа ақпараттарға қожалық етуге және пайдалану құқығына ие болуға не пайдалануға беруге;

5)       өзінің тұрғын жерінен басқа жерлерде филиалдар құруға,

өкілдіктер ашуға құқылы;

6)       Қазақстан Республикасының немесе шетелдердің қаржы

басқармалары мен банктеріндегі түрлі шоттар ашып басқару;

7)       өзінің қызметі мен өніміне теңдік мөлшерде баға бекіту, тауар мен

қызметтерді жеткізу шарттарын баға бойынша тәуелсіз келіссөз жүргізу.     

 Серіктестіктің пайдасы  бюджетпен қатынас сомасын алып  тастағаннан кейін және қорларды  құру әрі толықтыруға бағытталған сомасы серіктестіктің қатысушыларына беріледі. Ол серіктестік қызметінің тиісті жылының нәтижелеріне арналған өз шешіміне сәйкес анықталады.    

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – шаруашылық жүргізу үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталынады.     

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай ативтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді.    

 Кәсіпорынның баланс  активтерінің құрамы мен құрылымы 1- кестеде келтірілген.     

 

 

     

2.2 Кәсіпорындағы негізгі құралдардың қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебі 

 

 

     «» ЖШС – де негізгі  құралдар есебі ҚЕХС 16 «Негізгі  құралдар есебі» стандартына  сәйкес жүргізіледі. Жауапкершілігі  шектеулі серіктестікте негізгі  құралдарға құрлыс жұмыстарын жүргізуге және дайын өнімді жеткізуге (тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету үшін) және әкімшілік мақсаттарға арналған ұзақ уақытта қолданғуа арналған (1 жылдан астам) материалдық активтер жатады. Құрлыс инвентарі және кіші механизация жұмыстары негізгі құралдарға еңгізілмейді, себебі олар ұзақ уақытқа қолданылмайды және оларды тауарлы – материалдық қорларға жатқызамыз да «өзге материалдар» деп тозуына байланысты есептен шығару актісінің негізінде  есептен шығарылады.    

 Негізгі құралдардың  қозғалысы шаруашылық операциялардың  нәтижесінде болады, яғни негізгі  құралдардың түсуі, ішкі орын  ауыстыруы, есептен шығарылуы және  олар бастапқы құжаттармен рәсімделуі тиіс. Кәсіпорын шаруашылық операцияларын жүргізу нәтижесінде негізгі құралдарды толықтырып және тозы жеткен негізгі құралдарды есептен шығарып отырады.    

Информация о работе Негізгі құралдар есебі