Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

 Тегін алынған негізгі  құралдардың объектілері бойынша  – құжаттарда көрсетілген құны  алынады (құрал – жабдықтарды  жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығыдарын қоса есептегенде).     

 Айырбас операциясы  нәтижесінде алынған объектілердің  бастапқы құны негізгі құралдардың  алынған ағымдағы құны бойынша анықталынады, ал ол негізгі құралдардың берілген негізгі құралдардың ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер әр түрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір – біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторларды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланылады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған сомасы ескеріледі /11/.          

 Негізгі құралдарды  тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңі шығындары ретінде есепке алынады /1/.                

 Негізгі құралдар объектісіне  жатқызылатын кез – келген  кейінгі шығындар, егер олар активпен  алынатын болашақ экономикалық  пайдалардың ағының ұлғайтатын болса, негізгі құралдардың бастапқы құның өзгертуі мүмкін. Яғни кейінгі шығындар (күрделі жөндеу, модернизациялау, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру) негізгі құралдар объектісінің құнын ұлғайтуға жатқызылатын болады, егер осы салымдардың негізінде мерзімі, қуаты, ауданы, жылдамдылығы, еңбек өнімділігі, өндірістік шығындарды қысқарту, шығарылған өнімнің сапасы және басқа да көрсеткіштер ұлғайған болса. Мысалы, үйді қайта жоспарлау немесе құрлысын аяқтау, оны қосымша қолайлықпен жабдықтау; машинаның тетіктері мен тораптарын мүлдем жаңа, өнімнің сапасын және оператордың өнімділігін біршама артыратын тетіктермен және тораптармен ауыстыру. Сондай - ақ  капиталдандыру экономикалық пайдалардың ұлғаю мөлшерімен жүргізіледі. Кейінгі барлық басқа да шығындар олар келтірілген кезеңдегі шығыстар ретінде танылуы тиіс. Осылайша:

1) капиталдандыруға (қаржы  жағдайы туралы есепте көрсетуге  – экономикалық пайданың ұлғаюы  шегінде) жататын кейінгі шығындарға :

– негізгі құралдар объектісін, оның қуатын ұлғайтуды қоса алғанда, пайдалану мерзімін ұлғайтатын түрлендіру;

– өндірілген өнімнің сапасын айтарлықтай артыруға қол жеткізу үшін тораптардың тетіктер мен машиналарды жетілдіру;

– бұрын жоспарлаған шығындарды айтарлықтай қысқартуды қамтамассыз ететін жаңа өндірістік процесстерді ендіру;

– негізгі құралдардың күрделі объектісінің жаңа ауыспалы элементтерін жасау шығындары;

– негізгі құралдар объектісінің жұмысын қамтамассыз ететін бағдарламалық қамтамассыз етуді түрлендіру шығындары жатады.

2) кезең шығындарына:

– негізгі құраладар объектісінен бастапқыда күтілетін болашақ экономикалық пайдаларды қалпына келтіру немесе сақтау (мысалы, жабдықты жөндеу және қызмет көрсету шығындары);

– негізгі құралдар объектісінің пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жүзеге асырылатын тұрақты кешенді тексеру немесе жөндеу (осы шығындар негізгі құралдардың дербес элементі ретінде танылған жағдайларды қоспағанда) шығындары есептен шығарылады (жиынтық табыс туралы есепте көрсетіледі /14/.      

 Бухгалтерлік шоттарда  есептелген негізде негізгі құралдардың  бастапқы құны тек мына жағдайларда  ғана өзгертіледі :

1) негізгі құралдардың  пайдалы қызмет атқаратын мерзімін  ұзартатындай немесе қысқартатындай  оның жалпы жағдайына әсер  ететіндей қосымша күрделі қаржы  жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішнара бұзғанда, жойғанда немесе бөлшектегенде;

2) Қазақстан Республикасы  үкіметінің шешімдері бойынша  негізгі құралдарды қайта бағалағанда;        

 Негізгі құралдардың  есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Сол сияқты пайдалануға берген кезде оның бастапқы құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі пайдалануға берген уақыты мен оның қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралдарды өндіруге, салуға жұмсалатын  материалдардың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы – жалпы негізгі құралдарды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың белгілі бір уақыттағы құны оны сол кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға қажет болатын, жұмсалатын қоғаммен қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын – оқтын уақыт өте қайтадан бағалап отырған жөн болады.    

 Негізгі құралдардың  бастапқы бағасын белгілі бір  күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі, осының нәтижесінде негізгі құралдар есеп пен есептілікте ағымдағы баға бойынша көрсетіледі.    

 Негізгі құралдарды  қайтадан бағалау кезінде оның  осы кездегі, яғни бүгінгі салу, өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағалағаннан бастап оны баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.    

 Негізгі құралдардың  бастапқы бағасын белгілі бір  күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерге қайта бағалау жүргізіледі.    

 Қайта бағалау жүргізген  кезде шаруашылық субъектілеріндегі  негізгі құралдарға есептелген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады /1/.     

 Егер негізгі құралдардың  белгілі бір түріне қайта бағалау жүргізілсе, онда сол негізгі құрал қатысатын топтың барлығына да қайта бағалау жүргізіледі. Бір топқа активтердің қолдану аясы ұқсас негізгі құралдарды жатқызамыз. Мыналар негізгі құралдардың әр түрлі топтарына жататын негізгі құралдар:

1) жер;

2) жер мен ғимарат;

3) жабдықтар;

4) ұшақтар;

5) автокөліктік құралдар;

6) кеңсе жиһазы;

7) оргтехника.    

 Бір топқа жататын негізгі құралдарға қайта бағалау бір мезгілде барлығына жүргізіледі, ол таңдаулы қайта бағалаудың болмауы үшін және қаржылық есеп беруде қиындықты тудырмауы үшін қолайлы болып табылады. Активтер тобы ауыспалы графикпен қайта бағаланылуына болады, егер қайта бағалау аз уақыттың ішінде жүргізіліп отырса және нәтижесі әрдайым жаңартылып отыррады /12/.          

 ҚЕҰС 278 – бабы мен  ҚЕХС 16 29 – бабына сәйкес ұйымның  негізгі құралдарының барлық  нысандары бастапқы өлшеуден  өтіп және тағайындалғаннан кейін ұйым екі әдістің бірі бойынша оларға бағалау жасайды. Олар: бастапқы құны бойынша немесе қайта бағалау құны әдісі бойынша есепке алуы қажет /15/.          

 Бастапқы құны бойынша  негізгі құралдарды есептеу үлгісінде  қолданыс жиналған  және құнсызданудың шығындар есептеп шығарудан басқа нысандар бастапқы құны бойынша есептелуі тиіс. Қайта бағалау әдісінде нысанның өтелетін сомасы оның баланстық құнынан төмен болу арқылы жүзеге асырылады. Сондай – ақ түскен құны осы өткен кезеңнің шығыны болып саналады.    

 Амортизация жинағын  есептен шығарғанда негізгі құралдардың  баланстық құны тарату құнына  тең (сонымен қатар тарату құны 0 тең), ал негізгі құралды компания  пайдаланады, нысанның есептік бағасын қолдана отырып, нысанның әділетті құны бойынша негізгі құралдарды қайта бағалаған жөн /7/.    

 Бастапқы құны бойынша  әдістің мәні негізгі қаражаттардың есепте жинақталған амортизация мен құнсыздану шығындарын шегергеннен кейінгі өзіндік құны бойынша көрсетілуі болып табылады. Қайта бағалау тек негізгі қаражаттың аталған нысанының өтелетін сомасы өз баланстық құнынан төмен болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кемітілген баға сомасы бұл жағдайда аталған кезенің шығыны болып табылады. Бастапқы құны бойынша әдіс түпкілікті құн принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ҚЕХС 16 стандартына сәйкес қолайлы болып табылады. Алайда негізгі құралдар біршама ұзақ уақыт бойынша (мысалы, ғимарат пен құрлысқа) пайдаланылуы мүмкіндігі нәтижесінде пайдаланылатын нысанның бастапқы және әділ құнының арасында айырмашылығы болуы ықтималдылығы артады.    

 Қайта бағалау құны  бойынша әдістің мәні негізгі құралдарды олардың әділ құнына дейінгі қайта бағалаудан тұрады. Жер мен ғимараттардың әділ құны әдетте кәсіби бағалаушылар арқылы нарықтық бағалар негізінде анықталады, станоктартар мен жабдықтардың әділ құны бағалау жолымен анықталған нарықтық құн болып табылады. Егер нарықтық құн туралы ақпарат болмаса, әділ құн қосымша есептеулер жүргізу жолымен белгіленеді (мысалы, болашақ кірістердің шегерілген құның немесе амортизацияны шегергеннен кейін қалпына келтіру құнын есептеу арқылы).    

 Негізгі құралдарға қайта бағалау әдісі жүргізіледі, егер олардың  әділетті құны сенімді бағаланса. Негізгі құралдардың әділетті құны тәуелсіз бағалаушылардың көмегімен анықталады. Егер нарықтық бағасы белгілі болмаса, онда қайта бағалау құны тозу құның ескере отырып ауыстыру құнымен ескеріледі немесе ол активтерден  алатын болашақ экономикалық табыс арқылы бағаланылады. Баланстық және әділетті құндардың арасында айырмашылық болмауы үшін қайта бағалау оқтын – оқтын жүргізіліп отыруы тиіс. Сонымен қайта бағалаудың жиілігі негізгі құралдардың әділетті құнының өзгеруіне байланысты болады /16/.          

 Негізгі құралдарды  қайта бағалау ол жөнінде толық  мәліметтер алу үшін жүзеге асырылады. Оны инфляция шеңберінде индікстеу жолымен немесе олардың құнын қайта бағалау күніне қалыптасатын және негізгі құралдардың нарықтық құны туралы құжаттармен және сарапшылар тізімімен расталған бағаларға қатысты қайта есептеу жолымен өткізуге болады.    

 Қайта есептеу күніне  сәйкес жинақталған амортизация  сомалары да түзетіледі. Бұл жерде  екі әдісті қолдануға болады :

1) амортизация тозу шегерілгенге  дейін активтің баланстық активінің  өзгерісіне пропорционалды түрде  қайта бағаланады, бұл жерде қайта  бағалаудан кейін активтің баланстық  құны оның қайта бағаланған  құнына  сәйкес келуі тиіс (тозуды түзету әдісі). Бұл әдіс индекстеу жолымен орын басқан қалдық сомаға дейін активті қайта бағалау кезінде жиі қолданылады;

2) амортизация активтің  бастапқы құнының төмендеуі шығынына  жазылады, бұл алынған нәтиже қайта бағаланады (тозудың күшін жою әдісі) /14/.   

 

 

     1.2 Негізгі құралдар есебін жүргізу негіздері 

 

 

     Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің міндеті :

1) расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;

2) негізгі құралдардың  келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамассыз ету;

3) негізгі құралдардың  тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарылымын арттыру жөніндегі шараларды дұрыс ұйымдастыру;

4) негізгі құралдарға  ағымдағы және күрделі жөндеуді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;

5) сапалы және физикалық  тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;

6) негізгі құралдар боойынша  дұрыс есептеме жасау үшін  бухгалтерлік есептің деректері  банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру /10/.          

 Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады /9/.    

 Автор Қ.К Кеулімжановтың  ойы бойынша негізгі құралдар  өндіріс процесінде бірте – бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді /1/.          

 Негізгі құралдардың  тозуын «табиғи» және «сапалық»  тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғанына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты, яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) оларды ұзақ пайдалану  және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылады және әр түрлі сыртқы факторлардың әсерінен болады : ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металлдардың тот басуынан ескіруінен пайда болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың құнының бөлігі жоғалады.     

 Негізгі құралдардың  сапалық (моральдық) тозуы техникалық  процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық тиімсіз болып қалады /1/.     

Информация о работе Негізгі құралдар есебі