Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :
– негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық
қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;
– «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау жасау;
– Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің
жетілдіру жолдарын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 145.72 Кб (Скачать документ)

Негізгі құралдар есебі



КІРІСПЕ    

 

 

     Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Негізгі құралдар кәсіпорынның  өндірістік – шаруашылық қызметінде маңызды орын алады, себебі олар кәсіпорынның барлық материалдық – техникалық базасын құрайды және өндірістік қуатын анықтайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану үшін олардың бағалануы, сақталуы жайлы толық әрі дәл ақпарат болуы керек. Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдау субъектінің нарықтағы іс – қимылын анықтап, бәсекелес – субъектіні анықтауға, сондай–ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде шаруашылық қызметтің іс – әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашылып көрсетіледі. Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есептің күрделі және маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорындардағы қаржылық есеп беруде маңызды орын алады. Негізгі құралдар бойынша мәліметтер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және кәсіпорынның түпкі нәтижесіне маңызды әсер етеді.    

 Халықаралық қаржылық  есеп беру стандартына сәйкес  негізгі құралдар – өндірісте, тауарларды жеткізуде, қызмет көрсетуге, жалға беруге және әкімшілік мақсаттарда еңбек құралы ретінде ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қызмет атқаратын материалдық активтер. Осылайша негізгі құралдар анықтамасын  үш негізгі белгілерге бөлуге болады. Олар :

–        материалдық нысанның болуы;

–        кәсіпорынның қызмет процесінде мақсатты қолдануы (сатуға арналмаған);     

 –  ұзақ уақыт бойы қолдануы.     

 Өндірістік процесс және сыртқы орта әсерінен олар тозады және белгіленген норма бойынша амортизация есептеу жолымен олардың қызмет атқару нормаларын мерзім бойы өзінің бастапқы құнын өндірістік шығындарына аударады. Негізгі құралдар кәсіпорынның материалдық – техникалық негізі бола отырып, өндірістік қуатының негізгі элементі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жұмыс қуатын жоғарлатуға негізгі шарт болып, негізгі құралдардың сақтауын қамтамассыз ету және оларды дұрыс пайдалану табылады.     

 Мемлекеттің ұлттық  шаруашылықтан нарықтық экономикаға  ауысуы, әр түрлі меншік формаларының пайда болуы, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа енуі және шетелдік инвесторлар үшін экономиканың ашылуы экономикалық ғылымның жеке саласы ретінде аудитке қажеттілік туғызды.    

 Аудит нарықтық экономика  жағдайында барлық шаруашылық  процесіне қатыусшылардың қызметінде  маңызды рөл атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамассыз етеді, серіктестер арасында сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай – ақ қаржылық жағдайды тұрақтандаруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін артыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Ал, негізгі құралдар аудитінің басты мақсаты – негізгі құралдар бойынша ақпараттың толықтығы және шынайылығын тексеріп отырған кәсіпорынның қаржылық есеп беру мен түсініктеме хатта көрсеткен мәліметтермен сәйкестігін тексеру. Негізгі құралдарды тексерген кезде, егер аудитордың жұмыс жоспарында өзгеше көрсетілмесе аудитор негізгі құралдармен байланысты жұмыс аумағын, есеп беру баптарын, яғни олар негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды, негізгі құралдарды жалға бергеннен түскен пайданы және жалға алуға кеткен шығындарды, негізгі құралдардың шығуынан түскен пайда мен шығын, аяқталмаған құрлыс, мүліктік салық бойынша міндеттемелерді тексереді.    

 Керекті ақпараттың  болуы кәсіпорынның қызмет атқару  жағдайын жақсартуға себеп болады  және әр түрлі экономикалық шешімдерден болған жағдайларды болжауға және бағалауға мүмкіндік береді.    

 Зерттеу жұмысының  мақсаты – негізгі құралдардың  мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне  және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелерді қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылады :

–        негізгі құралдардың есебі және аудиті бойынша шаруашылық

қызметтің қазіргі заманның талабына сәйкес теориялық аспектілерін қарастыру;

–        «Sadi групп» ЖШС – гінің шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау жасау;

–        Кәсіпорын бойынша негізгі құралдар есебі мен аудитінің

жетілдіру жолдарын анықтау.     

 Дипломдық жұмысты  орындау барысында келесідей  әдістер қолданылады : монографиялық, баланстық, экономикалық – математикалық және тағы да басқа әдістер.    

 Зертттеудің ақпараттық  базасы болып 2007 жылғы 28 ақпандағы  № 234 – ІІІ «Бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік туралы»  ҚР Заңы, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139 – ІІІ «Аудиторлық қызмет» туралы ҚР заңы, Кеулімжанов Қ.К, Радостовец В.К, Талпаков Ж.С және Абленов Д.О еңбектері, «Sadi групп» ЖШС – нің 2006 – 2008 жылдардағы қаржылық есеп беруі және бастапқы құжаттары.    

 Дипломдық жұмыстың  көлемі мен құрлымы. Дипломдық  жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 65 бет, негізгі бөлімнен, 19 кестеден, 3 суреттен, қосымшадан тұрады.      

1.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ              

 

 

     1.1 Негізгі құралдар түсінігі, олардың жіктелінуі және бағалануы 

 

 

    Негізгі құралдар –  деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылатын өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп – бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралын, яғни материалдық активтерді айтады.    

 Негізгі құралдарға  – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш  тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары  мен құралдары, есептеуіш машиналар  мен техникалары және олардың  программалық құралдары, көлік тасымалдау  құралдары, аспаптар өндірістік және шаруашылық құрал – саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшектер, шаруашылықтың ішкі жолы, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын және тағы басқа негізгі құралдар жатады /1/.    

 Негізгі құралдар- материалды активтер, олар :   

1) кәсіпорынмен өндірісте қолдану үшін немесе тауарларды жеткізу үшін және қызмет көрсетуге, жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға арналған;    

2) бір жылдан астам уақыт мерзіміне арналған;

Берілген анықтамадан үш негізгі белгіні бөліп шығаруға болады. Олар негізгі құралдардың :    

1) материалдық формада  болуы;    

2)              кәсіпорынның іс-әрекетінде мақсатты негізде қолдануы (сатуға арналмаған);     

3)              ұзақ мерзімде қолдану.    

 Бірақ бұл кәсіпорынның  активті негізгі құрал деп мойындауына жеткіліксіз негіз болып табылады. Объектілерді мойындау дегеніміз – ол оларды бухгалтерлік балансқа енгізу үшін есепке алу болып табылады /2/.    

 Негізгі құралдар актив  ретінде танылады, яғни қаржылық  есеп беруде көрініс табады, егер олар актив анықтамасына сәйкес келсе. Актив бұл – болашақта экономикалық пайда әкелетін ресурс болып табылады. Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оның сатып алу құны есепті кезеңнің шығындарына апарылады /3/.    

 Кәсіпорындар объектілерді, яғни жылжымайтын мүлік, ғимараттар  мен жабдықтарды негізгі құрал  деп мойындайды егер мына жағдайлар орындалса :

–        кәсіпорын осы активпен байланысты болашақта

экономикалық табыс алатынына сенімді болса;

–        кәсіпорын активтін өзіндік құның сенімді бағалай алса /4/.         

 Негізгі құралдар –  материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын материалдық активтер.    

 Субъектілерде негізгі  құралдардың болуы оларды сатып  алған сәттен бастап тұрақты  пайдаланылғаның көрсетпейді, себебі  негізгі құралдар резерв ретінде  қоймада болуы, белгіленген тәртіппен  сақтаулы тұруы немесе жалға берілуі мүмкін.    

 Негізгі құралдар кәсіпорындардағы  қаржылық есеп беруде маңызды  баптардың бірі болып табылады. Негізгі құралдар бойынша мәліметтер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және кәсіпорынның түпкі нәтижесінде маңызды әсер етеді /2/. Әр түрлі салада қызмет көрсететін кәсіпорындарда көп жағдайда негізгі құралдар кәсіпорынның активтерінің көп бөлігін алады /5/.    

 Назарова В.Л автордың  ойы бойынша, Негізгі  құралдар – материалдық активтер, олар:

1) компания немесе тауарлы  материалдық қорларды жабдықтау  немесе қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолдануды болжайды;    

 Негізгі құралдар - ұзақ  уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс– әрекет ететін материалдық активтер ұлтық комисиясы /6/.     

 Негізгі құралдар :

1) тауарлар мен қызмет  көрсетулерді өндіруге немесе  жеткізуге пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;

2) бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтер.    

 Бір жылдан астам уақыт ішінде пайдаланылған объектілердің барлығы бірдей негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келе бермейді, себебі компанияның осы объектілерден тікелей немесе жанама түрде экономикалық пайдалар (яғни ақшалай қаражат) алатынын не алмайтының анықтау өте күрделі. Әдетте бұл проблема мынадай негізгі құралдар объектілерін актив ретінде таныған кезде туындайды : 

 1) қоршаған ортаның қауіпсіздігін және қорғау қамтамассыз ету үшін сатып алынған, болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты емес, бірақ компанияның болашақ экономикалық пайдалар алуы үшін қажетті негізгі құралдар объектілері. Мысалы, тазалау сүзгілері, шу басу экрандары және басқалары;

2) өндірістік емес, әкімшілік мақсаттарға пайдаланылатын, яғни түсім немесе өзге табыстар әкелетін өндірістік, сауда немесе өзге үдірістерге тікелей қатыспайтын негізгі құралдар объектілері – үйлер, машиналар және жабдық. Мысалы, әкімшілік үйлер, зерттеу орталықтары, деректерді электрондық өндеуге арналған жабдық және басқалары;

3) өндірістік емес немесе әлуметтік сала объектілері – компания қызметкерлерінің немесе басшыларының қажеттілігіне арналған, ұстап тұру шығының компания төлейтін, бірақ осы объектілерден компания комерциялық табыс алатын профилакторлар, бала бақшалар және осындай өзге объектілер /7/.      

 Негізгі құралдар есебі  бухгалтерлік есептің күрделі  әрі маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады.    

 «Негізгі құралдар»  түсінігі халықаралық тәжірибеде  әр түрлі терминдермен түсіндіріледі: fixed assets (тұрақты активтер), property, plant and equipment (мүлік, ғимарат және жабдық),  tangible assets ( материалдық активтер) /8/. Негізгі құралдар көптеген өндіріс салаларында пайдаланылады, қасиеті мен нысаның сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.    

 Кәсіпорында негізгі құралдар есебі № 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.   

 Инвентарлық объектілер  негізгі құралдардың есеп бірлігі  болып табылады. Инвентарлық объект  күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады /9/.    

 Негізгі құралдардың  ғылыми негізделген жіктемесі  алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.    

 Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді:     

 Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардын көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машиналар, құрал – жабдық, құрал – саймандар т.б) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).    

 Өндірістік емес негізгі құрал – жабдықтар – тұтынуға арналған құрал – жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.   

Информация о работе Негізгі құралдар есебі