Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;
Есеп саясатынының басты тапсырмалары - шаруашылық қызметінің жоғары деңгейін көтеру, бұл әрекетті тиімді реттеу мақсаты үшін шаруашылық жөніндегі толық обьективті ақпаратты қалыптастыру. «Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-нің қаржылық қызметінің алдында тұрған басты тапсырмалары болып төмендегілер саналады:
2.2 Кәсіпорында материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де материалдық емес активтерді тану оларды бухгалтерлік балансқа енгізу үшін есепке алуды білдіреді. Материалдық емес активтерді танудың жалпы шарттары мынадай екі талаптың бірдей орындалуын;
- компания болашақта активпен байланысты экономикалық пайда ала алатынына сенімі жоғары болуын;
- активтердің нақты құнын бағалауға сенімді болуын қарастырады.
Аталған материалдық емес активпен тікелей байланысты болашақ экономикалық пайда: болашақ экономикалық пайдаларды өсіруде материалдық емес активтің ролі бөлінсе: салық төлеушінің аталған активті пайдалануға қабілетті және ниеті болса; субьектінің күтіп отырған болашақ экономикалық пайданы алуына мүмкіндік беретін тиісті техникалық қаржылық және ресурстары бар болса алынатын болады.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де кейбір материалдық емес активтер физикалық тасығыштарда болады: компьютерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету- дискетада, фильм лентада болады. Мұндай жағдайларда материалдық емес активтер дискета мен лента емес компьютерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен фильм тексеріледі. Олар өз кезегінде көмекші элементтер болып табылады және активтің мәнін анықтауда негізгі алынбайды.
Салық кодексінің 105- бабына сәйкес материалдық емес активтер- жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезеңі ішінде пайдаланылатын материалдық емес обьектілер. Тану сәтінде бұл активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емесактивтердің бастапқы құнын бағалау олардыңкомпанияға келіп түсу тәсіліне: басқа жақтан келіп түсуіне (сатып алу, компанияның бірігуі нәтижесінде алу, айырбас) немесе компанияның өзі жасауына байланысты болады. Салық салу мақсаты үшін қатысушылардың, құрылтайшылардың шығфындардың қоса алғанда, оларды сатып алу жөніндегі шығындар материалдық емес активтердің бастапқы құны болып табылады.
«А» кәсіпорын лицензиялық шарт бойынша тауар белгісін оның иесінен 5 жыл мерзілге 500000 теңгеге сатып алды. Шартты рәсімдегені үшін заң компаниясына 30000 теңге мөлшерінде төлем жасалды. Бұл материалдық емес активтің бастапқы құны бухгалтерлік есепте де салық есебінде де 530000 теңге мөлшерінде белгіленілетін болады.
«В» компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудi «А» компаниясына тегiн бердi. Бұл материалдық еместiң берiлу сәтiнде рыноктық құны 300000 теңге болды. «А» компаниясы бухгалтерлiк есебiнде бағдарламалық қамтамасыз етудi рыноктың құны бойынша балансқа қояды.
Салық салу мақсаты үшiн бұл материалдық емес актив танылмайды, өйткенi бұл бағдарламалық қамтамасыз ету компанияның кәсіпкерлік қызметiнде пайдаланылуына қарамастан «А» компаниясы оны сатып алуға шығын жұмсаған жоқ (Салық кодексiнiң 106-бабының 4 -тармағы). Бiр жылдан кейiн «А» компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудi «С» компаниясының жарғылык капиталына салым ретiнде енгiзуге шешiм қабылдады. Активтiң рыноктық құны енгiзу сәтiнде 250000 теңге болды. «С» компаниясы бұл бағдарламалық қамтамасыз етудi балансқа қойды, бiрақ салық есебiнде амортизациялық аударымды есептеген кезде оны ескермейдi. Мұның өзi құрылтайшының материалдық емес активтi сатып алуға шығын жұмсамауына байланысты (Салық кодексiнiң 106-бабының 4-тармағы).
Амортизациялық аударымдарды және материалдық емес активтер бойынша басқа шегерiмдердi есептеу үшiн салық төлеушiге «Материалдық емес активтер» iшкi тобының құндық балансын дұрыс анықтау маңызды. Осы мақсаттар үшiн корпорациялық табыс бойынша декларацияда «Амортизациялық аударымдар, жөңдеу шығыстары және тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер» атты 100.22-нысын және оған қосымша 100.22.005-нысын қарастырылған.
«Материалдық емес активтер», iшкi тобының салық кезеңiнiң аяғындағы құндық балансы былайша анықталады:
Iшкi топтың салық кезеңi басындағы құндық балансы + Салық кезеңiнен түскен материалдық емес активтер — Салық кезеңiнде шығып қалған материалдық емес активтер.
Материалдық емес активтердiң түсуi:
1. Сатып алу — материалдық емес активтердiң бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру жөнiндегi шығындар, сондай-ақ олардың құнын өсiретiн басқа да шығындар кiредi.
2 .Қатысушылардың материалдық
Материалдық емес активтердiң шығып қалуы:
• Келiсiм құны бойынша өткiзу;
• ҚР азаматтық заңдарына сәйкес белгiленетiн iс бойынша жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
• Бухгалтерлiк есептiң деректерiне сәйкес баланстық құны бойынша тегiн беру жолымен жүргiзiлуi мүмкiн.
«Материалдық емес активтер» атты IХ топтың 2-iшкi тобының 01.01.2002 ж. құндық балансы 880,0 мың тг. болды (оған кiретiндер «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуi, «бағдарламалық қамтамасыз етуi 300,0 мың тг. сатылды, ал «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз ету еншiлес компанияға тегiн берiлдi.
Осы iшкi топтың есептi кезең аяғындағы құндық балансын айқындау үшiн «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуiнiң баланстық құнын анықтау қажет. Бастапқы құны 120,0 мың теңге болды, бұл объектiнi пайдалану уақыты iшiнде 50,0 мың теңге тозу есептелдi.
Декларацияға 22 – қосымшаның «Iшкi топтың шығып қалған материалдық активтерiнiң құны» атты 1 00.22.005С – жолы бойынша 370,0 мың теңге сомма көрсетiлетiн болады және бұл iшкi топтың құндық балансы жыл аяғында 510,0 мың теңге (880,0-З70,0) болады.
Материалдық емес активтер бойынша шегерiмдер.
Амортизациялық аударымдар.
Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеудiң тәртібі 1.01.2012ж дейiн қолданылған салық зат салыстырғанда өзгерген жоқ. Iшкi топ бойынша амортизациялық аударым iшкi топтың салық кезеңi аяғындағы құндық балансына амортизация нормасын, бiрақ Салық кодексiнiң 110-бабында белгiленген шектен аспайтын норманы қолдану арқылы есептеледi.
Салық кодексiнiң 110 – бабының 2 – тармағьна сәйкес қосымша шегерiм пайда болды: салық төлеушi пайдалануға алғаш берiлген тiркелген активтер бойынша пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде амортизациялық аударымдары амортизацияның екi есе нормасы бойынша есептеуге құқылы. Аталған объектiлер пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде iшкi топтың құндық балансынан бөлек декларацияға 23 – қосымшада (100.23 – нысан) ескерiледi. Келесi салық кезеңiнде бұл материалдық активтер ішкі топтың құндық балансында қосылуға жатады. Амортизацияның екi есе нормасы пайдаланылуы жылдық жиынтық табыс алуға келетiн және кемiнде З жылға созылатын материалдық емес активтерге қолданылуы мүмкiн. 2001 жылы салық төлеушi амортизацияның екi есе нормасын пайдалануға берiлген жаңа негiзгi құралдар бойынша ғана қолдануға құқылы болатын, ал мұның өзi машиналар мен жабдықтарға ғана қатысты едi.
Материалдық емес бойынша басқа шегерiмдер.
1. Iшкi топтың бүкiл материалдық емес активтерi шығып қалған кезде iшкi топтың есептi кезең аяғындағы құндық балансы шегерiмге жатады.
«Материалдық емес активтер» iшкi тобының құндық балансы 1.01.2012ж. 300.0 мың теңге болды (оған кiретiндер: «1С Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуi, сауда белгiсi). Компания сауда белгiсiн пайдалану құқығынана арналған шарттың мерзiмiн ұзартқан жоқ және «1С Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуiн 120,0 мың теңгене сатып жiбердi. Iшкi топтың жыл аяғындағы құндық балансы 180 мың теңге (300,0 - 120,0) болды. Бұл сома 100.22.- қосымшаның 100.22.005 -жолына қосымша нысанда көрсетiледi, ал содан кейiн декларацияның «Шегерiмдер» бөлiмiндегi 100.00.036D - көшіріледі.
Егер салық кезеңiнiң аяғында iшкi топтың құндық балансының мөлшерi 100 АЕК-тен кем сома болса, ол шегерiмге жатады. Бұл шегерiм 100.22 – қосымшаның 100.22.005 – жолына қосымша нысанда көрсетiледi, ал содан кейiн декларацияның «Шегерiмдер» бөлiмiндегi 100.00.03 6Е - жолына көшiрiледi.
Материалдық емес активтердiң шығуынан алынған табыс
Егер шығып қалған материалдық емес активтердiң құны салық кезеңiнде келiп түскен материалдық емес активтердiң құнын ескергенде, iшкi топтың салық кезеңi басындағы құндық балансынан асып кетсе, асып кеткен мөлшерi жылдық жиынтық табысқа қосылады. Бұл iшкi топтың салық кезеңi аяғындағы құндық балансы нөлге тең болады.
«Материалдық емес активтер» iшкi тобының құндық балансы 1.01.2002ж. 200,0 мың теңге болды (оған кiретiндер: «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуi, «SUN» бағдарламалық қамтамасыз етуi). 2002 жыл iшiнде « бағдарламалық жинағы 250,0 мың теңгеге сатылды. Ішкi топтың құндық балансы терiс мәнді құрайды – 50,0 мың теңге (200,0 – 250,0). Бұл сома (50,0 мың теңге) 100.22 – қосымшаның 100.22.005-жолына қосымша нысанда көрсетiледi, ал содан кейiн декларацияның «Жылдық жиынтық табыс» бөлiмiндегi 100.00.008 – жолына көшiрiледi.
Материалдық емес активтерді есепке алу бөлімі бойынша бухгалтерде туындаған жағдайларға Павлодар қаласындағы сертификаттандырылған бухгалтер-практик, САР Н.Айрих пікірі бойынша:
Қазақстандық кәсіпорын 2012 жылдың басында қызметін жүзеге асыруға 1 жыл мерзімде қолданыста болатын лицензия алды.Кәсіпорын бухгалтері лицензия құнын материалдық емес активтер шотына жатқызады. 2006 жылдың аяғында басшы құжаттамадағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі барлық өзгерістерімен бірге компанияның ХҚЕС-на көшетіні туралы шешім қабылдады.Жағдайды талдау, мұндай жағдайда кәсіпорынға көшу күні сияқты екі күнді айқындап алуы қажет. Егер болжам бойынша, ХҚЕС-н көшу күні 2007 жылдың 1 қаңтары болса, онда ХҚЕС-на сәйкес жасалған бірінші есептілік 2008 жылдың 31желтоқсан күніндегі есептілік болады. Сонымен, 01.01.2007 жылы лицензияға қатысты шаруашылық операциясы жабық болады және ХҚЕС-на ешқандай қатысы болмайды.
Кез келген мүлікті сатып алу, бағдарламалық өнімдерді сатып алу сауда – саттық шарты бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Аталған шартта бухгалтер мынадай тармақтарға айрықша көңіл бөлген жөн:
- шарт сомасына
- жеткізудің жағдайлары мен жиынтықтылығына
- кепілдік міндеттемелеріне
- бағдарлама өнімін жаңартуды енгізудің жағдайларына
- тегін қызметке
- жеңілдік пен артықшылық жүйелеріне
Бағдарламалық өнімнің бастапқы құны қәсіпорынға түсу әдісіне байланысты:
- жарғылық капиталға салым ретінде түскені және өтеусіз алынғаны тараптардың немесе сарапшы – бағаланушылардың келісімі бойынша бағаланады;
- төлем үшін сатып алынғаны – сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығын және пайдалануға дайын күйіне келтіру арқылы анықталады.
Материалдық емес активтер: жылдық есепке дайындықты тексеру. Материалдық емес активтерді есепке алу ережесі қазақстандық және батыстық есеп тәжірибесінде шешімі ең күрделі және біржақты емес мәселелердің бірі болып табылады. Материалдық емес активтердің құрамын белгілеудің, оларды баланста көрсетудің, шығыстарын ағымдағы кезеңде есептен шығарудың немесе оларды материалдық емес активтер ретінде капиталдандырудың, оларды амортизация мерзімін белгілеудің және т.б. түрлі жолдары бар. Материалдық емес активтерді есепке алудың тәртібі №28 –«Материалдық емес активтердің есебі» Бухгалтерлік есеп стандартымен және №38 – «Материалдық емес активтер» Қаржы есептілігінің халықаралық стандартымен реттелінеді. Материалдық емес активтер – intangible assets (латын тілінен tanger-жинасу, сезіну) – физикалық мәні жоқ, ұзақ уақыт кезеңі ішінде әкімшілік мақсаттары үшін тауарлардың өндірісінде және оларды өткізуде пайдалануға және басқа субьектілерге жалға беруге арналған ақшалай емес активтер, оларды:
1) белгілеуге болады;
2) субьекті бақылайды;
3) субьект оларды пайдаланудан болашақта экономиклық пайда алуды күтеді. Материалдық емес активтерді танудың жалпы шарттары мынадай екі талаптың бірдей орындалуын:
- компания болашақта активпен байланысты экономикалық пайда ала алатынына сенімі жоғары болуын;
- активтердің нақты құнын бағалауға сенімді болуын қарастырады;
Аталған материалдық емес активпен тікелей байланысты болашақ экономикалық пайда, егер: болашақ экономикалық пайдаларды өсіруде материалдық емес активтің рөлі белгіленсе; салық төлеушінің аталған активті пайдалануға қабілеті және ниеті болса; субьектінің күтіп отырған болашақ экономикалық пайданы алуына мүмкіндік беретін тиісті техникалық, қаржылық және басқа да ресурстары бар болса, алынатын болса. Кейбір материалдық емес активтер физикалық тасығыштарда болады: компьютерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету – дискетада, фильм – лентада болады. Мұндай жағдайларда материалдық емес активтер ретінде танудың анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкестігін анықтау үшін дискета мен лента емес, компьютерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен фильм тексеріледі. Олар өз кезегінде көмекші элементтер болып табылады және активтің мәнін анықтауда негізге алынбайды [44].