Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;
Сонымен жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2012 жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теғгені құраған, ал 2013 жылы 76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша қаражаттары елеулі төмендеген. 2012 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2013 жылы 206484,1 теңгені құқраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2 пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша 2012 жылы 73594,8 мың теңгеге, ал 2013 жылы 30723,3 мың теңге, яғни 42871,5 мың теңгеге төмендеп отыр, бұл крсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да, зиянмен аяқтап отыр.
Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық сомаларды сот, арбитраж, салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен шығаруға құқылы.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-нің» шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.
Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағымдар қызмет көрсететін банкке жіберіледі.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.
Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Ұйымның төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым тауарлы – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен көо\рсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.
Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үшткүн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС –де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.
Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді.
Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.
Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.
Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардлың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықөталса, онда бұл тіркелген сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 3210 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 1280«Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады.
Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1030 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.
Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:
Кіші қалалар мен ауылды жерлерде рентабельді өндіріс Қазақстан экономикасының өсуіне ең бір басты шарт болып келеді. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі барысында өнім өндіруді, оны өткізуді бірнеше жылдарға маркетинг стратегия бойынша алдын-ала болжауы шарт. Ол ұзақ мерзімдік жоспарлардың бағғытттарын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өндірістік тиімділігті анықтау барысы көбінесе нарық сұранысына тәуелді, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы әсер ететіні айғақ Кәсіпорын шығыны өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемі және өндірістің оң тиімді деңгейі анықталады. кәсіпорынның өнім өндіру құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабелдік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және т.б.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-нің өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланылады. Сонымен бірге «АТФБанк» акционерлік қоғамы мен қабылданған есеп саясаты қолданылады. Кәсіпорында журнал – ордерлі форма қолданылады. Оларға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері болып:
- субьектіні, тағы да басқа қызығушы тұлғаларды кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық ақпараттарымен қамтамасыз ету;
- субьектілердің шаруашылық қызметтерін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай жүргізілуін бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттарымен қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп –есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, қажеттілік, маңыздылық, шындық, күмәнсіз жеткіліктілік, тәуелсіздік, жан – жақтылық, толықтылық, салыстырымдылық, кезектілік ұстамдарына негізделе отырып жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру өткізілетін шаруашылық операцияларға ішкі және алдын– ала бақылауды бас бухгалтердің міндетіне алудан басталады.
Бұл үшін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу мақсатында бухгалтерлік қызметшілердің міндеттері бөлінген. Бас бухгалтердің міндеттеріне жалпы бухгалтерлік қызметтерді ұйымдастыру, қаржылық және статистикалық есептемелерді құру регистрлердегі жазуды салыстыра отыра аванстық есеп берулерді тексеру, бас кітапты жүргізу, салықтардың бюджетке уақытылы төлеуін бақылау және қаржылық қызметке талдау жасау кіреді.
Бас бухгалтердің орынбасарының міндеттері: бухгалтерлік операцияларды нормативтік құжаттар мен шоттар корреспонденциясына сәйкес уақытында және дұрыс берілуін тексеру. Бухгалтерлік есеп шоттары бойынша ведомостілерді топтастыру, синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомостісін, бухгалтерлік баланс жасау, тиісті есеп регистрлері бойынша негізгі құралдар материалдық емес активтердің есебін жүргізу қызметтері болып табылады. Материалдық стол бухгалтері келесідей қызметтерді атқарады: орталық қойма шоттарын өңдеу, жабдықтаушылармен есеп айырысу есептерін дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу есептерін жүргізу. Дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің талдауын жүргізу.
Өндірістік столдың бухгалтерінің қызметтеріне келесілер кіреді: өндірістік және көмекші цехтардың есебін жасау, өнім өндірісіне шығындар есебін жүргізу, есеп регистрлеріне сәйкес өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру.
Есеп айырысу столының бухгалтері – қоймашының дайын өнім тұрған қойма есебін өңдейді. Дайын өнім мен тауарлы есебінің тиісті құжаттарға сәйкес жүргізілуін тексеру қызметтерін атқарады.
Сонымен қатар еңбек ақы есебін, сатып алушы және жабдықтаушылармен есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады.
Кассир кассаға нақты ақшаны қабылдау, беру, есеп айырысу шотына нақты ақшаны аудару, кіріс және шығыс құжаттарда толтыру, касса кітабын және есебін жүргізумен айналысады.
Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі бөлімдері мыналар:
1. Қаржылық жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспардың баланстық жоспары, кіріс және шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары сияқты құжаттары жасақталады.
2. Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасалып, олармен есеп айырысуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.
3. Қаржы органдарымен есептесу.
Бұл жерде бюджетпен есеп
4. Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігі мен айналымдылығын үдейтуді көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.
5. Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
6. Кассалық операциялар. Кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, оның қаржылық жағдайына байланысты болады.
Кәсіпорынның таңдаған бухгалтерлік есептегі іс - әрекетінің ағымдағы топтастырылуы мен жалпылама қызметін жүргізу, құндық өлшеммен жүргізу тәсілдері кәсіпорынның есеп саясатында көрінуі керек.
Есеп саясатын қалыптастыру - бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің жалпы ұстамдарын кәсіпорынның есеп саясатында іске асырған кезде мыналарды есепке алады: