Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Тауар таңбасының нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек. Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолдануымен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қантардың 18-i күнi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.

Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндiрiстiк ақпаратты қолдану құқықтар, копирайт (көшiру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады [11].

Патенттер. Патент оның ұстанушысының патент қамтыған нәрсенің, процесiн немесе қызмет түрiн және дәл сондай әрекеттi басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндiретiн және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттiң күшi оны берген мемлекеттің  аумағында  ғана  жүредi. Патенттiң қызмет мерзiмi (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгiленедi. Сонымен қатар, патент деп белгiлі кәсіппен тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берiлгенде патенттiк алым (пошлина) ұсталынады. Патенттi алуға көптеген iрi кәсiпорындар мүдделi болып келедi. Себебi, патент сатып алуға да, патенттелiнген жаңалықтарды өндiрiске енгізуге де қаржысы болуы керек.

Өнеркәсіптік үлгiлер. Өнеркәсіптік үлгiлердi пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға  берiледi. Өнеркәсiптiк үлгiлерi: модельдерiмен, суреттерiмен немесе екеуiнiң қосындысымен берiлуi мүмкiн. Егер үлгiнiң қоғамдық белгiлерi Қазақстан Реслубликасында немесе шетелдерде, белгiсiз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгi болып табылады. Егер өнеркәсіптік үлгi өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретiнде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолданылуға болатындығы мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгi бiрнеше азаматтардың бiрлескен еңбегiнiң жемiсi болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгiлердiң авторы болып есептелiнедi .Өнеркәсіптік үлгiлерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк   тiзiлiмiне  тiркелген соң берiледi [12] .

Лицензиялық келiсiм бойынша патент иесi (лицензиар) өнеркәсіптік үлгiнi пайдалану құқығын басқа тұлғаларға да (лицензиат)  бере алады, ал соңғысы лицензиярға төлемдер берiп тұруға және келiсiмде қарастырылатын басқа да iс-әрекеттерді орындауға мiндеттi. Өнеркәсіптік үлгiлердiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледi.

Лицензия  (еркiндiк, құқық деген латын сөздерiнен алынған) – қандай да бiр операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттiк органдарынын берген рұқсаты [13].

Материалдық емес активтердiң басқа да түрлерi. Материалдық  емес активтердің бұл тобына «Фирма бағасы» («гудвилл»), интеллектуалдық меншiк және тағы басқалары кiредi («гудвилл» құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбада көрсетiлген).

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б. Гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғарыда келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана көрініс табатындығын көреміз.

Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалауымен тікелей байланысты болып келеді [14].

Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлiк есеп тұрғысынан қарағанда, ол компаничларды бiрiктiрiп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алған бағасын және оның дербес бiрлiк болып тұрған кезiндегi баланстық қалдық құнының (мiндеттемелерiн қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетедi.

Гудвилл  материалдық емес активтердiң бұл түрi бүтiндей жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлiмдерiнiң бiр тобын сатып алгғанда пайда болады. Гудвиллдiң пайда болу себептерi әрқилы  болып келедi. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлiмшелердiң) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкiндiгiне, оның өнiмдi шығару нарығындағы беделiне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына немесе сатып алынатын нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның сатылу құны оның балансындағы активтерінен асып түсуі «Фирма бағасын» құрайды, яғни «фирма бағасы» – болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болса «жағымсыз гудвилл»  деп   аталады [15].

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б.

Материалдық  емес активтердiң барлық түрлерiн алған кезде шоттардың  төмендегiдей  корреспонденциясы  жасалады:

 

Кесте 1

Материалдық  емес активтердiң бойынша шоттар  корреспонденциясы 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы

Шоттар

Дебет

Кредит

Материалдық емес активтерді алу

1

Басқа заңды тұлғалардан материалдық емес активтер алынады:

-келісілген құнына

-ҚҚС сомасына

 

 

100 000

16000

 

 

2710

1420

3310, 3390

3310, 3390

2

Кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған материалдық емес активтері кірістеледі:

-келісілген құнына

 

 

 

80000

 

 

 

2710

 

 

 

5020

3

Тегін алынған материалдық емес активтер кірістелді:

-баланстық құнына

 

 

60 000

 

 

2710

 

 

6220

4

Кәсіпорынның барлық активінен асып түскен сатып алу құны көрсетілді

 

200 000

 

2710

 

1040

5

Активтерді дайындық жағдайын қалтына келтірумен байланысты және айналымы бойынша пайдалану шығыстары материалдық құнына қосылды

 

 

 

40000

 

 

 

2730

 

 

 

3310, 3390

                     Материалдық емес активтерді жасауға кеткен  шығыстар

6

Материалдық емес активтерді жасауға кеткен шығындар жинақталып және оларға шолу жасалды:

- материалдық емес активтерді  жасауға қатысқан еңбеккерлердің  еңбек ақысы бойынша шығыстар

 

 

 

 

50 000

 

 

 

 

2710

 

 

 

 

3350

7

Еңбек ақыдан аударылған шығыстар, есептелген әлеуметтік салық

 

9 450

 

2710

 

3150

8

Материалдық емес активтерді жасау кезінде пайдаланған сыртқы ұйымдардың көрсеткен қызметі үшін төленген шығындар

 

35000

 

2710

 

3310

9

Материалдық емес активтерді жасауға берілген несие үшін төленетін пайыздар немесе матаптаулар (ұзақ мерзімі ұзаққа созылған жағдайда)

 

15000

 

2710

 

3380

10

Материалдық емес активтерді жасау кезінде алынған материалдар

8000

2710

1310,1350

11

Субьектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің құны кірістелді

 

107450

 

2730

 

2710


 

Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалауымен тікелей байланысты болып келеді.

Материалдық  емес  активтер     шаруашылық      субьектілерінің    балансында     бастапқы   құны    бойынша     кіріске   алынады [16].

Бұл   материалдық   емес  активтердің    бастапқы   құны    былайша   анықталады:

- құрылтайшылар   мен    үлес   қосушылардың     шаруашылық     субьектісі     жарғылық    қорына   қосқан    үлесі      есебінен   келіп     кіріске   алынған      материалдық   емес    активтердің      бағасы   екі   жақты   нақты    келісім   бойынша   бағаланады.

- заңды   тұлғалар   мен  жеке   адамдардан     тегін,  сый  ретінде    алынған     материалдық  емес   активтер    сол   уақыттағы    нарықтық   баға   бойынша   бағаланады.

-басқа   шаруашылық   субьектілерден,  заңды   тұлғалардан    сондай  – ақ    жеке  адамдардан   сатылып   алынған   материалдық   емес   активтер,    ол   обьектілерді    сатып  алуға   және         оларды   пайдалану   үшін    дайындауға   кеткен   шығындар      бағасы    сомаларының     қосындысы   бойынша   бағаланады.

 

Кесте 2

Материалдық емес активтердің мінездемесі

 

Материалдық емес активтер

   

1.Кәсіпорындардан бөлінбейтін активтер

2. Жеке тұлғалардан бөлінбейтін активтер 

3. Кәсіпорыннан да,жеке тұлғадан  да бөліп қарайтын материалдық  емес активтер

1.1 Оқыған персоналдар

   

1.2 Клиенттер 

2.1 Менеджерлердің (иелерінің)жеке тұлға  ретінде іскерлік әлемдегі репутациясы 

3.1 Фирмендік маркілері

1.3 Аймақ деңгейінің имиджі

3.2 Фирмендік маркілері

1.4 Аймақтың орналасу артықшылығы

2.2 Менеджерлердің жеке ұждандық  және іскерлік қасиеті

3.3 Лицензия мен патенттер

1.5Жарнама саласындағы жетістіктер 

2.3 ұйымдағы жеке тұлғаның өз  персоналдарымен қарым- қатынасы

3.4 Жаңа технологияның ноу-хауы

1.6Бастапқы қиыншылықтарды артқа  тастау

2.4 Басқалары

3.5 Жерді және суды пайдалануға берілетін құқығы

ГУДВИЛЛ


 

Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан артық  бағаға сатылуы, оның біршама үстемдігі бар болғандығынан.

Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептен шығару мерзім он жыл, бірақ субьектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі   керек [17].

«Интелектуалдық меншік» ұғымына: авторлық құқықтары, орындаушы артистердің қызметіне қатысты құқықтары, ойлап табушылық патент құқықтары, ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, т.б. интелектуалдық меншік түрлері жатады.

Материалдық  емес  активтердiң нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлiмшесiнiң шоттарында жүргiзiледi. Осы  шоттардың  дебетi  бойынша — материалдық  емес  активтердiң келiп түскен айдың  басы  мен аяғындағы қалдықтары көрсетiледi  де, ал  кредитi  бойынша  материалдық  емес активтердiң  есептен шығарылғандары  көрсетiледi. 2700 – шы бөлiмшеге төмендегi шоттар жатады: 2710 «Гудвилл», 2711 «Лицензиондық келiсiмдер», 2712 «Бағдарламалық жабдықтау». 2713 «Патентгер», 2720 «Гудвиллдің құнсыздануы», 2730 «Материалдық емес басқа да активтер», 2740 «Өзге материалдық емес басқа да активтердің амортизациясы», 2750 «Өзге материалдық  емес басқа да  активтердің құнсыздануынан болатын  залалдар».

 

 

    1.   Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

 

 

Ұйымның қаржылық – шаруашылық  қызметі  процесінде  материалдық емес активтер пайдалы қызмет ету мерзімі бойы өзінің бастапқы  құнын амортизация есептеу арқылы ұйымдық шығындарға ауыстырады. Амортизация нормасын ұйым бастапқы құн және пайдалы қызмет  ету мерзімі  негізінде  анықтайды.  Пайдалы қызмет ету мерзімі ретінде  материалдық  емес  активтердің   ұйымға  табыс  алып  келетін мерзімі  есептеледі.  Бұл  мерзім  материалдық   емес  активтердің  әрбір   түрі  бойынша  оның  қызмет  ету  мерзімі – табыс  алып   келуі   тиіс   уақыты  негізінде  бекітіледі.  Материалдық  емес  активтердің  пайдалы  қызмет  ету  мерзімі,  Қазақстан  Республикасының  заңымен  басқа жағдайлар қарастырылған болмаса,  материалдық емес активтердің пайдалануға дайын болу сәтінен бастап ұйымның әрекет ету мерзімінен аспауы   керек [18].

Пайдалы қызмет ету мерзімін ұйым обьектіні бухгалтерлік есепке қабылдау   кезінде   анықтайды.  Обьектілер мынадай негіздер бойынша есепке   алынады:

- куәліктің, патенттің, лицензияның  және  басқа да  ресми құжаттардың  әрекет  ету  мерзімі;

- обьектінің  ұйымға  табыс  алып  келуі  мүмкін  болжамды   пайдалану мерзімі;

Материалдық емес активтердің кейбір түрлері үшін пайдалы  қызмет  ету мерзімі нақты обьектіні пайдалану нәтижесінде күтілетін тауар   айналымының  көлемі   негізінде  анықталады [19].

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі