Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Іскерлік атақ сомасы ХҚЕС сай басқа да материалды емес активтер қатарында қаралып, 5 жыл ішінде амортизациялануы керек. Қажет деп танылған жағдайда арнайы мамандардың сараптамасының негізінде іскерлік атаққа тән амортизациялық мерзім едәуір уақытқа, алайда 20 жылдан артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Халықаралық қаржылық стандарт талабына сай бизнесті сатып алудағы активтер және міндеттемелердің бастапқы құны, осыған ұқсас бизнестегі активтер мен міндеттемелерге қойылған әділетті құн деңгейінен төмен болған жағдайда, есепке алынған активтердің әділетті құнынын артық дәрежедегі сомасы әр бір есепті жылдар ішінде пропорционалды әдіспен таратып жазу арқылы теңестіріледі.

Егер активтердің әділетті құнын барынша төмендеткеннен кейін қалған артық сома болса, мұндай сомалар жағымды іскерлік атақ түрінде танылып, кейінге қалдырылған немесе мерзімі ұзартылған пайда түрінде көрсетіледі.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық зерттеулер жүргізу шығындары 1 маусым 1999 жылдан бастап № 38 «Материалды емес активтер» жөніндегі халықаралық стандарт арқылы реттелетін болды. № 38-ші «Материалды емес активтер» стандарты бұрын да қолдануда болған № 9 «Зерттеу мен дайындау шығындары» ХҚЕС пен ауыстырылды.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық шығындары негізінен екі бағыттағы қызметті зерттеу мен жаңалық ашуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Зерттеулер - жаңа ғылыми және техникалық білім алу мен идеяларды іске асыру мақсатындағы айрықша және жоспарлы нәтижелер. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі іргелі зерттеулер және тәжірибелік тұрғыдағы қолданбалы зерттеу нәтижелерімен бағаланады.

Жаңалықтар ашу – жаңа немесе маңызы жағынан сапасы жақстартылған материалдар, құрылғылар, өнімдер, процестер және қызмет көрсету үшін ғылыми жаңалықтарды немесе басқа да ғылыми нәтижелерді қолдану мақсатында жоспарлау және конструкциялау жұмыстарын жүргізу. Жаңалықтар ашу процесі коммерциялық өндірістің қалыптасуына немесе пайдаланылуына дейін орындалуы керек.

Зерттеу мен жаңалықтар ашу жөніндегі жұмсалған шығындар есебі айрықша жүргізілетіндігіне қарай, зерттеу мен жаңалықтар ашу қызметін жеке қарастыру керек. Алайда, зерттеу мен жаңалық ашу процестері бірімен-бірі өте ұқсас болғандықтан, бұларға жұмсалған шығындар сомасын екі бағытқа бөліп көрсету өте қиын. Мұндай күрделі мәселені біршама жеңілдету мақсатында ХҚЕС-да зерттеу өрісіне тән қызметтер мен жаңалық ашу қызметтеріне тән объектілердің мысалдары келтірілген.

Мысалға, зерттеу жүргізу қызметіне ұйымдардың жаңа бағыттағы білім алуына және ғылыми жаңалықтар ашу, сондай-ақ бәсекеге түсерлік жаңа өнімдер немесе ғылыми процестер нәтижесіне жұмсалған шығындар жатады. Ал жаңалықтар ашу қызметіне ұйымдардың жаңа модельдер жасау, тәжірибелік жаңа үлгілер ендіруді жобалау, конструкциялау және сынақтан өткізу жөніндегі шығындар жатады. Сонымен қатар,  жаңалықтар ашу үрдісіне коммерциялық жаңа бағыттағы өндіріс үшін жаңа жабдықтар жасау, технологиялық жабдықтарды жетілдіру, эксперименталды қондырғылар қою, жобалау, конструкциялау жұмыстары да жатады.

Зерттеу және жаңалық ашуға тән тығыз байланыста болатын қызметтердің мысалына мына төмендегідей қызметтер жатады:

- коммерциялық өндірістің бастапқы кезеңін инженерлік қызметпен қамтамасыз ету;

- коммерциялық өндіріс процесінде өндірілген өнімдердің сапасын (өнімдерді күнделікті тестілеуді қосқанда) тексеру;

- коммерциялық өндіріс процесінде пайда болған жарамсыздықтарды, орын алған ақауларды жою;

- өндіріс процесінде өндірілетін өнімдер сапасын жақсарту, бұларды жаңалау және көлемін арттырудағы күнделікті шаралар;

-  тұрақты коммерциялық қызметтің белгілі бір бөлігі түрінде өндірілетін өнімдерді нақтылы қойылған талаптарға сәйкестендіріп, сипаттау және сатып алушылар талабын қанғаттандыру;

- өндірістегі өнімдердің сыртқы пішінін (дизайндарын) әр кезде жаңалау және маусымдық талаптарға сай сәйкестендіру;

- өндірістік саймандарды күнделікті технологиялық жабдықтау және өндірілген өнімдерге арнайы стандарт сапасының белгісін қою;

- зерттеу және жаңалық ашу үшін нақтылы жобаларға қолданылатын құрылғылар мен жабдықтардан бөлек, басқадай құрылғыларға байланысты және өндірістік қуаттарды іске қосу, орнын ауыстыру, басқа жерлерге орналастыруға байланысты қызметтерді жобалау және жаңа құрылыстар салу.

Зерттеу кезеңіндегі жұмсалған шығындар бұлардың нақтылы орын алған кезеңінде және жұмсалған уақытындағы осы жылдың шығындары құрамында жүргізіледі. ХҚЕС-на сәйкес зерттеу кезеңінде жұмсалған шығындар табыс әкелуші шығындар сапасында танылып, материалды емес активтер құрамында есепке алынады. 

Жаңалық ашу кезеңінде қалыптасқан материалды емес активтер, активтер түрінде танылады, егер мына төмендегі жағдайлар сақталған болса:

- сатуға және пайдалануға жарамды болып, материалды емес активтердің барлық техникалық сипаттамалары толығымен аяқталса;

- сатуға және пайдалануға жарамды материалды емес активтердің толығымен жасалғандығы жөнінде, бұлардың сызба жобасы, техникалық құжаты толығымен дайын болса;

- дайындалған немесе жасалған материалды емес активтерді сату немесе пайдалану мүмкіндігін сатып алушы жақтар толығымен таныған жағдайда;

- дайындалған материалды емес активтерді пайдалану барысында міндетті түрде пайда түсетіндігі анықталып, бұл үшін анықтама алынған жағдайда, сондай-ақ осындай материалды емес активтерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі жөнінде арнайы талдау есебі жасалғанда, сонымен қатар, ұйымдар осындай материалды емес активтерді сату жөніндегі рыноктың бар екендігі жөнінде тиісті құжаты болған жағдайда;

- материалды емес активтер жасауға жұмсалған барлық нақтылы шығындар жөніндегі бастапқы құжаттарға сай материалды емес активтердің нақтылы өзіндік құны анықталғанда.

Егер материалды емес активтер – қойылған анықтамалық атауына және бұларды тану жөніндегі тиісті белгілерге сай келмесе, онда бұларға байланысты жұмсалған шығындар ағымдағы жылдың шығындары құрамына жазылады.

Материалды емес активтер кіріске алынады, өндірістік процеске қатысады және есептен шығарылады.

МЕА  есебі бұлардың жекелеген түрлері және объектілері бойынша жүргізіледі. Бұлардың бастапқы есебі негізгі құралдарға тән құжаттармен рәсімделеді (меа қабылдау актісі, босату (беру) актісі т.с.с.). МЕА қабылдау мен беру актісіне – бұлардың жекелеген түрлерінің аталуы, алынған және берілген күн (ұйымның өзінде құрылған), қысқаша сипаты, бастапқы құны, амортизациялық норма, басқа да қажетті мәліметтер жазылады. Бір типтегі бірнеше МЕА қабылдау немесе беру актілері жалпы жасалынған бір актімен рәсімделуі мүмкін. Толығымен рәсімделген актілер, барлық қосымша қосылған құжаттармен бірге (объектіні сипаттаушы, бұларды пайдаланудың тәртібі, мүліктік құқық) ұйым бухгалтериясына тапсырылады.

(МЕА қозғалысы есебінің бастапқы құжаттарына: №1 МЕА үлгідегі «Материалды емес активтерді қабылдау-беру актісі» және №2 МЕА үлгідегі «Материалды емес активтер есебінің карточкасы» белгіленген. Басқада құжаттардың арнаулы үлгілері ҚР Қаржы министрлігінің 19 шы наурыз 2004ж № 128 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы құжаттардың типтік үлгісін» қолдана білуді ұсынамыз)

МЕА басқада ұйымдарға (сатқанда, ақысыз бергенде) берген кезде №1 типтік үлгі екі дана, бір данасы беруші жақта, ал екінші данасы алушы жаққа беріледі. МЕА аналитикалық жіктеу есебі № 2 типтік үлгіде жүргізіледі. МЕА тән бастапқы құжаттардың типтік үлгісі бухгалтериядағы компьютерлік бағдарламаларға жазылған деп қарау керек.

Қолда бар және қозғалыстағы МЕА бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік есеп счеттары жоспарының «Материалды емес активтер» тармағындағы  «Лицензиялық келісімдер», «Бағдарламалармен қамту», «Патенттер», «Ұйымдастыру шығындары», «Гудвилл», «Басқада материалды емес активтер» счеттарында жүргізіледі.

Жоғарыда келтірілген синтетикалық счеттарды қолдану МЕА ерекше-ліктеріне және ұйымның өндірістік, технологиялық, басқарушылық, сондай-ақ МЕА құру шығындары ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. 

Мысалы, құрылған МЕА бастапқы құны тікелей жұмсалған шығындар және осы объектіге таратылып жұмсалған үстеме шығындардан құралады.

МЕА құру және бұларды өз бағытына немесе мақсатына қарай пайдалану шығындары есебі қосымша ашуға болатын «Материалды емес активтерді құру шығындары» счетында жүргізілуі мүмкін.

МЕА құру шығындары:

МЕА құруға қатынасушы жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек ақысынан;

- тиісті заңмен қойылған дәрежеде еңбек ақыдан аударылатын аударымдардан;

-  жұмсалған материалдар және көрсетілген қызметтерден;

- ұзақ мерзімде құрылатын МЕА үшін алынған несиелер бойынша несиелік пайыздар төлеуден.

МЕА құру мен пайдалануға даярлау мақсатында жұмсалған басқа да шығындардан;

- үстеме шығындардан қалыптасады.

МЕА құруға жұмсалған барлық шығындар, МЕА тану белгілеріне толығымен жауап берерлік дәрежеге келген соң, «Материалды емес активтер» счетының дебетіне, уақытша қолданылған «Материалды емес активтер құру шығындары» счетының кредитінен жазылады.

ХҚЕС 38 «Материалды емес активтер» стандарттарына сай МЕА мына төмендегі жолдармен кіріске алынады:

- сатып алу жолымен;

- бизнесті біріктіруден;

- мемлекеттік жәрдем есебінен;

- активтерді айырбастаудан.

Сатып алу жолымен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы. Ұйым өзінің жасаған бизнес-жоспарына сай "Электрик инженеринг Актобе" команиясының технологиясымен шұжық өндіріп сатумен айналысатын болды. Өндірістік жабдықтар 200 000теңге, шұжық өндіруге қажетті жартылай фабрикаттар мен қаптау материалдарының құны 50 000 теңге, "Беккер және К" технологиясын пайдалану құқығының құны – 100 000 теңге.

Осы операциялар бухгалтерлік есеп счеттарына төмендегіше жазылады:

Дт «Материалды емес активтер»              100 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу»          100 000

Дт «Жабдықтар»                                         200 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу»          200 000

Дт «Шикізаттар мен материалдар»           50 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу»           50 000

Бизнесті біріктіру жолымен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы. 31 желтоқсан күні  "Бек"  фирмасы 2 000 000 теңге "Дәулет" ұйымының 100 % капиталын сатып алу үшін ақша төледі. Сатып алынған күнгі "Дәулет" ұйымының балансындағы таза активтердің әділетті бағаланған құны 1 200 000 теңге болды. Салық салу сомасы есепке алынбады. Материалды емес активтерге жататын ұйымның іскерлік беделі (гудвилл) 800 000 теңгеге = (2 000 000 - 1 200 000) бағаланады. Сатылып алынған немесе біріктірілген ұйымның мүліктерін сатып алушы жақтың балансына есепке алуда, бастапқыда төленген (2 000 000 теңге) ақша тиісті счеттардың «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттардың дебетіне «Ақша қаражаттары» счетының кредитінен жазылады. Яғни, 2 000 000 теңге мүліктердің бастапқы кездегі бағаланған құны болып танылады. Бұдан соң ұйымды сатып алуға төленген нақты ақша мен ұйым мүліктерін бағалаудағы айырма:

Дт «Материалды емес активтер     - "Гудвилл "»  800 000

Кт «Есеп айырысу» счеты                                      800 000  жазылады.

Анықталған осы айырым сома жиырма жыл бойы (фирманың қызметі тоқтайтын мерзімнен артық емес) әрбір есепті ай ішінде жұмсалған шығындар құрамында ашылған, «Шығындар» счетының дебетіне, «Материалды емес активтер» счеты құрамында ашылған «Мүліктерді сатып алудағы сатып алу мен бағаланған құн айырым» счетының кредитінен жазылып отырады.

Сатылып алынатын ұйымның бағаланған мүліктерінің құны сатып алу бағасынан артық дәрежеде болған жағдайдағы айырым сома жағымсыз "Гудвилл"   түрінде «Алдағы кезеңдер табысы» счетына жазылады. Бұл  үшін мына  төмендегідей бухгалтерлік есеп счеттары рәсімделеді:

Дт «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттар

Кт «Есеп айырысу счеты» -  мүліктерді сатып алудағы бағасы.

Дт «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттар

Кт «Алдағы кезеңдер табысы» - мүліктерді бағалаудағы бағаланған құнмен, бұларды сату бағасының айырымына.

Анықталған айырым сома жиырма жыл бойы (фирманың қызметі тоқтайтын мерзімнен артық емес) әрбір есепті ай ішінде бірқалыпты қаржылық нәтижеге көшіріліп отырады:

Дт «Алдағы кезеңдер табысы»

Кт «Басқалай табыстар».

Мемлекттік жәрдем  (субсидий) есебінен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы.

Егер МЕА тегін немесе мемлекеттік жәрдем есебінен номиналдық құнын жабу жолдарымен кіріске алынатын болса, бұлар бастапқы кезеңде не номиналдық құнымен, не активтерді бағалаудың әділетті құны бойынша мемлекеттік жәрдем алынған күні бағаланады. МЕА әділетті құны активті рыноктағы  бағамен өлшенеді. Егер МЕА тән активті рынок болмаған жағдайда, бұлардың бастапқы құны, МЕА  дайындау және өз бағыты бойынша жұмсау шығындарын қосып есептегендегі номиналдық құны бойынша бағаланады.

Мысалы,  екі  жақты  келісім  негізінде  Қазақстан  Республикасындағы "Денсаулық" фирмасына дәрілер өндірудің лицензиялық келісімі шетелдік ұйымнан берілді. Үкімет шешіміне сай лицензиялық келісім "Фармацевт" ұйымына  тегін берілді. Лицензияның осы түрі бойынша активтік рынок жоқ. "Фармацевт" ұйымы осы алынған лицензиялық келісімді номинал-дық 1 теңгемен бағалады. Осы номиналдық баға бойынша лицензиялық келісім (бұлардың құнын сенімді бағалау мүмкіндігі және активті рыноктың  жоқтығына байланысты) есепке алынды.  

Материалды емес активтерді, бұларға ұқсамайтын басқада активтерге айырбастау немесе жартылай айырбастау нәтижесінде кіріске алынатын МЕА әділетті құн дәрежесімен бірдей дәрежедегі нақтылы құнмен кіріске алынады. Нақтылы құн айырбысқа берілген активтердің әділетті құнымен теңестіріледі.

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі