Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Материалдық емес активтердің шығып қалуы: келісім құны бойынша өткізу, ҚР азаматтық заңдарына сәйкес белгілінетін құны бойынша жарғылық капиталға салым ретінде беру, бухгалтерлік есептердің деректеріне сәйкес баланстық құны бойынша тегін беру жолымен жүргізілуі мүмкін. Мысалы, «Материалдық емес активтер» атты 9 топтың 2 – ішкі тобының 1.01.2002ж. құндық балансы 880,0 мың теңге болды. Жыл ішінде «SUN» бағдарламалық қамтамасыз етуі 300,0 мың теңгеге сатылды,ал «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуі еншілес компанияға тегін берілді. Осы ішкі топтың есепті кезең аяғындағы құндық балансын айқындау үшін «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуінің баланстық құнын анықтау қажет. Бастапқы құны 120,0 мың теңге болды, бұл обьектіні пайдалану уақыты ішінде 50,0 мың теңге тозу есептелді. Декларацияға 22 – қосымшаның «ішкі топтың шығып қалған материалдық активтерінің құны» атты 100.22.005С – жолы бойынша 370,0 мың теңге сомма көрсетілетін болады және бұл ішкі топтың құндық балансы жыл аяғында 510,0 мың теңге (880,0-370,0) болады.

Материалдық емес активтердің шығуынан алынған табыс. Егер шығып қалған материалдық емес активтердің құны салық кезеңінде келіп түскен материалдық емес активтердің құнын ескергенде, ішкі топтың салық кезеңі басындағы құндық балансынан асып кетсе, асып кеткен мөлшері жылдық жиынтық табысқа қосылады. Бұл ішкі топтың салық кезеңі аяғындағы құндық балансы нөлге тең болады.

 

 

2.3 Материалдық емес активтер  аудиті

 

 

Шаруашылықтың мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік есептің жаңа нысандарынын қатарына жататын материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратыны заңды құбылыс.

«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де аудитор материалдық емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу тәртіптеріне және амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға, тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті:

- баланстың көрсеткіштерінің Бас кітаптағы мәліметтерімен сәйкестігін;

- материалдық емес активтердің топталу тәртіптерінің сақталғандығын;

- нақты қолда бар материалдық емес активтердің меншіктік құқығын растайтын бастапқы құжаттарын;

- кіріске алынған материалдық емес активтерді бағалау төртіптерінің сақталғандығын;

- материалдық емес активтерге дұрыс амортизация есептелгендігін;

- материалдық емес активтерді шығысқа шығару есеп операцияларының дұрыс орындалғандығын;

- материалдық емес активтердің аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудің дұрыс ұйымдастырылғандығын;

- материалдық емес активтерге салықтың дұрыс есептеліп көрсетілгендігін.

Шаруашылықтарға, өнеркәсіптік және интеллектуалдык (ақыл-ой) меншік нысандарына, сондай-ақ тағы басқа да осы төрізді мүліктік құқықтардың құнын білдіретін материалдық емес активтерге қаражаттарын салуға құқық берілген.

«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де материалдық емес активтерге аудиторлық тексеру жүргізген кезде оларға тән ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Материалдык, емес активтерді шаруашылық қызметінде алатын орны мен қызметіне қарай, олардың материалдық-заттық калпының, яғни табиғи мағынасының болмағандығына қарамастан оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтату белгілеріне сүйене отырып 3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік; мүлікті пайдалану кұқығы; кейінге қалдырылған шығындар.

Жалпы материалдық емес активтерді аталған үш топқа бөлудің негізгі мақсаты - оларды тізбектеп қайта-қайта жазып жатпай-ақ, топтар бойынша тұтас қарастыру.

Күшіндегі заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншікке жататындар: авторлық құқық (ғылым, әдебиет,) өнер туындыларына аралас құқық нысандары (ЭЕТ бағдарламалары мен базалары), патенттер (өнертапқыштық , жаңалық ашу, ендірістік үлгілер, селекциялық жетістіктер, пайдалану куәліктері (тиімді үлгілерді, тауар, қызмет көрсету белгілері) лицензиялық келісімдер, «ноу-хау», «гудвилл» ж.т.б.

Мүлікгі пайдалану құқығына жататындар: жер участкілерін, табиғи ресурстарды (су, пайдалы қазбалар), пәтерлерді, мүліктерді ж.т.б.пайдалану құқықтары. Кейінге қалдырылған шығындарға жататындар: ұйымдастырылу шығындары, ғылыми зерттеулерді өңдеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер шығындары.

«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де аудитор материалдық емес активтердің топталуын тексерген кезінде мына мәселелерге назар аударадыі:

- материалдық емес активтерге  азаматтардын санаткерлік және  іскерлік қасиеттері, оның біліктілігі және еңбекке қазіргі жатпайтындығына, өйткені оларды азаматтан ажырап (алшақтатып) басқа түлғаға беру мүмкін емес: ұйымдастыру шығындарын және гудвиллді субъектіден қарауға болмайтындығына. Өйткені, ұйымдастыру шығындарын және гудвилді субъектіден тыс және жалға беру, сату және басқадай пайдалану мүмкін емес.

Кейбір оқулықтарда материалдық емес активтерді өндіріс пен коммерциялық қызметпен, қолдану /пайдалану құқықтарымен байланысты және материалдық емес активтердің басқа да түрлері деп төрт бөліп қарастырған. Мәселе, олардың қандай топқа бөлінгендігінде емес, олардың сипатына, алатын орнына қарай жіктеліп, бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуінде. Аудитордың міндеті - материалдық емес активтердің бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізіп анықтау.

Жоғарыда аталған материалдық емес активтердің әрқайсына жеке-жеке тоқталып жатпай-ақ, кейбір түрлеріне ғана қысқаша тоқталамыз.

«Ноу-хау» мағынасы, техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибені қажет ететін техникалық коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.

«Ноу-хау» элементтері арнайы формулалар мен рецептерді, құжаттарды, өндірісті ұйымдастыру үлгілерін, техникалық прогресс сипатындағы ж.б. мүмкін болған басшылықты қолдану тиімділігі болуы мүмкін. Сондай-ақ, елеулі күрделі қаржы салымын талап ететін өнімді орау, маркетинг жөнінде жетістік, тәжірибе, лабораториялық және басқа да зерттеулер жүргізу дағдысы жатуы мүмкін. «Ноу-хау» түріндегі ақпараттардың негізгі белгілерінің бірі - оның жасырын құпиялылығы. «Ноу-хау»-дың өндіріс құпияларынан өзгешелігі - оның едәуір бөлігі көпшілікке мәлім белгілі әдістерден және т.б. тұратын болғандықтан, патенттелмейді. Демек, «Ноу-хау»-дың құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табысты бақылай алған жағдайда ғана, ол материалдық емес активтердің анықтамасына жауап береді. Нәтижесінде «Ноу-хау» субъектінің белгілі бір өндіріс үрдісіндегі меншігі болып табылып, сатып алу және сату нысанына айналады.

«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-де аудитор материалдық емес активтердің топталу белгілеріне сәйкес топталғандығын анықтағаннан кейін, олардың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың және нормативтік актілердің талаптарына сәйкес мына төмендегідей тәртіпте бағаланғандығына баса назар аударуы тиіс:

- нысандарды сатып алу және оларды дайындауға жұмсалған нақты шығындарына;

- басқа субъектілерден, мекемелер мен азаматтардан тегін

- сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасының сараптау жолымен немесе келісім бағасы бойынша анықталған.

Материалдық емес активтерге амортизация есептеп, ол өндіріс шығындарына немесе басқа көздердің шоттарына арқылы жабу үшін олардың бастапқы құнын дұрыс анык бағалаудың маңызы зор.

Материалдык емес активтерді өндірістік-шаруашылық салаларында пайдаланудың нөтижесінде толық және моральдық тозуға ұшырайды. Материалдық емес активтердің тозу үрдісі, оның пайдалы қызмет ету мерзімінде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енетін есептелген амортизациялану құны. Аудитордың бастапқы мақсаты - материалдық емес активтердің амортизацияланып тозу, шығындарының амортизация есептеу нормаларына сәйкес дұрыс есептеліп жене өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дүрыс таратылғандығын анықтау.Амортизациялану нормасы материалдық емес активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзіміне тікелей байланысты болғандықтан, аудитор амортизация есептеу базасы болып табылатын материалдық емес активтердің келіп түсу көздеріне карай кіріске алынып анықталатын, активтің бастапқы кұнымен, белгіленген пайдалы қызмет ету мерзімімен жете танысуға тиісті. Материалдық емсс активтердің бастапқы қүны нысанды сатып алуға, дайындауға және оларды жоспарланған мақсатқа пайдалануға байланысты жарамдылық жағдайына жеткізуге жүмсалған нақты жиынтық шығынды білдіреді.

Шаруашылық өзіне берілген құқығын пайдаланып, өз бетімен есептеп тапқан материалдық емес активтердің амортизациялану нормасы нысанның бастапқы құнының толық өндіріс шығындарына таратылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аудитордың материалдық емес активтердін бастапқы құнының өндіріс шығындарына толық таратылуы пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау жолдарына да байланысты екенін ескергені абзал. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімдерін анықтаудың үш жолы қаралған:

- тиісті шарттарда кдралған материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі олардың пайдалану мерзімімен сәйкес келеді. Демек, жылдық амортизациялануға бөлудің мәні, материалдық емес активтердің бастапқы құны белгіленген тиісті құжаттарда анықталған олардың пайдалы қызмет ету мерзіміне тең болады;

- шаруашылық, материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін өз бетімен анықтайды. Материалдык емес активтерге байланысты нормативтік қүжаттарында «Ұзак мерзімге» деген түсініктің қолданылуы материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімінің бір жылдан төмен болмауын естен шығармауды талап етеді. Бұндай жағдайда жылдық амортизациялануға бөлудің мәні, шаруашылық белгілеген материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі олардың бастапқы құнының қатынасына тең: егер материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда онда амортизациялаңуға бөлуді есептеу 10 жылға белгіленеді.

Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәліметі аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажетгілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметгі санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасыңдағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесіңде қолдануға дайындалады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.

Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар жасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын қүжат.

«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-нің бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен түрады: жоспар кіріспесі, өңдіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтын аналитикалық есебі). Бизнес- жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудитгің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы: өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.

Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын ролі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.

Аудит экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады, оған қоса нарықтық қатынас экономикасында, оның заңдылықтарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін тигізетін нақты функцияларды орьшдайтын ғылым. Аудит фундаменталдық емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым саласы. Ол жалпы ғылым тану теориясына сүйене отырып жұмыс бабында адамдарға экономикалық білім жолын анықтайтын, шаруашылықтың білімділііін бағалап, оның келешегіне болжау жасауға негіз беретін ғылым саласы. Аудит жеке ғылым саласы ретінде өзіне жақын ғылым түрлерінің әдістерін қолдана отырып, шаруашылық субъектілерінің жұмысын зерттеп, оны әділ бағалап тапсырушыларға өзіне тиімді шешім қабылдауды анықтап береді.

Қоғам тану ғылым саласында диалектикалық процесс әсерінен экономикалық ғылым тобында менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, статистика сияқты ғылым түрлері пайда болды. Қазіргі кезде осы топқа қосылатын жаңа ғылым саласы ол - аудит. Осы аталған ғылым салаларының ішіңде аудит бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты.

Бухгалтерлік есеп аудит үшін ең негізгі мәлімет көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есеп нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпорын шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есепке алынады. Бухгалтерлік есептің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорының қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық). Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор бухгалтерлік есептің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есеп мәліметінің дұрыстығын анықтау үшін "алғашқы есеп" есеп құжаттарын тексереді. Одан кетін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі