Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;
б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес активтер болып саналады, егер:
а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есептеп тіркеледі:
- субъектінің осы активке
- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді [42].
Материалдық емес актив объектілерін қабылауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалдық емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес активті объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. Бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес активтер объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.
Жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу - материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және тағы басқа.
Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект үшін бұл – пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдыраму үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:
Мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету).
Айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалады, танылады.
Құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерий) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таралуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейтн және кезең шығындары болып танылмайды.
Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқауларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.
Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады; тәжибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптастыру (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.
Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:
материалдық емес активті жасауға шығындар болды:
а) өндіріске материалдар босатылды.
ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді
б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына
Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:
материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді:
- материалдық емес активтерді мойындалатын белгі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сәтіне дейін
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.
Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.
Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер:
нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;
сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.
Аудитор метериалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескерген жөн:
а) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;
ә) бұл объектіерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
б) басқа кәсірорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйіндегі сараптама жолымен.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 – «Негізігі құрал-жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолднылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептеп шығару тәсілі қолданылады.
Қаржылық есеп беруде есептiк кезеңдегi шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиiс: бағдарламалық жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компанияның жарнама шығындары; субъектiнi құру кезiндегi жұмсалған шығындар; материалдық емес активтердi алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетiледi.
2 Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру ЖШС ЖШС «Электрик инженеринг Актобе» үлгісінде
2.1 «Электрик инженеринг
Актобе» ЖШС-нің
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС 2010 жылы 14 шілде айында құрылған. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсеиін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «БанкЦентрКредит» филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.
Кесте 4
«Электрик инженеринг Актобе» ЖШС-нің қаржы – шаруашылық қызметінің экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Жылдар, мың тенге |
Ауытқу (+,-) | ||
2012 |
2013 |
+,- |
% | ||
1 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге |
73594,8 |
30723,3 |
-42871,5 |
139,5 |
2 |
Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге |
54949,4 |
67432,7 |
+12483,3 |
122,7 |
3 |
Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге |
2582,7 |
3000,5 |
+417,8 |
13,8 |
6 |
Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам |
68 |
79 |
+11 |
13,9 |
7 |
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге |
14896,6 |
76465,4 |
+61568,8 |
80,5 |
8 |
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың теңге |
7928,6 |
66705,2 |
+58776,6 |
88,1 |
9 |
Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+), залал(-) |
6968 |
97602 |
27922 |
140,1 |
10 |
Қор қайтарымдылығы, теңге |
0,2 |
2,4 |
+2,2 |
91,6 |
11 |
Қор сыйымдылығы, теңге |
4,9 |
0,4 |
-4,5 |
112,5 |
12 |
Өткізу рентабельділігі, % |
0,5 |
1,7 |
-1,2 |
70,5 |
Таза пайда (зиян) |
-37548,5 |
-52809,8 |
-15261,3 |
28,8 |