Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардын бағасы да халық үшін қолайлы болады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

Материалдық емес активтер шаруашылық субьектілерінің балансында     бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Жалпы материалдық емес   активтердің қатарына шаруашылық субьектісінің  сатып алған патенттері,    лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен  электронды    есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды  пайдалану    құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру  шығындары  т.б. жатады. Кейбір  материалдық     емес  активтердің     бастапқы  құнын анықтаудың ерекшеліктері бар, бұған мысал  ретінде соңғы уақытта    акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген  шаруашылық субьектілерінде   басқада ұйымдарда қолданылып жүрген  «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге    болады.

Материалдык емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдык емес активтерді қабылдау – беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметгері көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. 

Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  болып табылады.

Белгіленген  мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу  қажет болады,  соның  ішінде:

- нарықтық  жағдайдағы  материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып  білу;

- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының  мәнін  ашу;

- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін  ұйымдастыруды ашу;

- материалдық емес активтер аудитінің  кезектілігін,  көздерін, шешімін  қарастыру.

Бірінші бөлімде материалдық емес активтер туралы жалпы түсінік және олардың туралы теориялық негіздері қарастырылған.

Екінші бөлімде кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру, соның ішінде материалдақ емес активтер есебінің аудиті қарастырылды.

Үшінші бөлімде материалдық емес активтер есебінің жетілдіру жолдары зерттелген.

Жұмыстың зерттеу объектісі – «Электрик инженеринг Актобе» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. 

Зерттеудің ақпараттық базасын материалдық есем активтер бойынша Қазақстандық және шетел авторларының еңбектері; осы саланы реттейтін нормативтік–құқықтық актілер; «Электрик инженеринг Актобе» ЖШС–нің жылдық қаржылық есептіліктері құрайды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығына материалдық емес активтер есебінің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, кәсіпорынның қызметін белсенді қызмет атқаратынын, сондықтан мемлекет алдында кәсіпорындардың қаржылық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналып отырғанын жатқызуға болады.

Зерттеудің  теориялық  маңыздылығы  материалдық емес активтер  есебін  ұйымдастыру  жəне оның құрауыштары туралы ғылыми түсініктерді кеңейтуден тұрады.

Зерттеудің  тəжірибелік  маңыздылығы.  Зерттеу  нəтижелерінің тəжірибелік  маңыздылығы  жұмыста  келтірілген  ұйымдастырушылық-əдістемелік  жəне  тəжірибелік  ережелердің  жүзеге  асырылуы  материалдық емес  есебін ұйымдастырудың  əдістемелік  аспектілерін  едəуір  жақсартуға,  бухгалтерлік жəне  есептің  жүйелерінде  қалыптасатын  ақпараттың  сенімділігін арттыруға  жəне  алудың  қиыншылығын  төмендетуге  мүмкіндік  беретіндігінен тұрады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында экономика ғылымының баланстық, экономикалық–статистикалық, монографиялық және бухгалтерлік есептің өзіндік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қолданылды. 

 

1 Материалдық емес активтер  есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері

 

 

1.1 Материалдық емес активтердің экономикалық мазмұны

 

 

Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға әкімшілік мақсатқа және басқа субьектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субьект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынтын экономикалық олжаға тікелей қатысы болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады [1].

Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активтермен тікелей байлансты, егер олар мынадай жағдай алынса:

  • болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса;
  • субьектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субьектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес активтер – нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін [2].

Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүргізушілердің) құрамында болады, атап айтсақ компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін – дискетте, фильм – лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискеттеде, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін,мысалға,патент,сауда маркісі сияқтылары,ал басқалары болса жеке теңестірілуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес актердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста болуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің   машықтық деңгейіне   негізделеді [3].

Материалдық емес активтерге:

  • лицензиондық келісімдер;
  • компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер;
  • патенттер;
  • авторлық құқықтар;
  • тауар белгілері;
  • қызмет ету  белгілері;
  • фирма атаулары;

-    тәжірибелі – конструкторлық жұмыстар және т.б. жатады [3].

Материалдық емес активтерге (МЕА) шартты түрде 4-топқа бөлінеді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және т.б. жатады. «Ноу-хау»-құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.

Кең мағынасында «Ноу-хау» техникалық құжаттама түрiнде рәсімделген, бiрақ патенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжірибесінің техникальқ, коммерциялық және  басқа да қыр – сырларын  көрсететiн бiлiм жиынтығы. Лицензиялық келiсiм – шарттарда, техникалык ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте   және т.б. қызмет керсетудiң сан алуан түрлерінде кеңiнен колданылады. Жаңалықтар  патентi, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттiк акпараттар субьектiнің меншiгi болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтiң анықтамасына жауап бере алады [4].

«Ноу-хау» өзiнiң бағасы мен басты көрсеткiштерiмен құнды. Өзiнiң табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу–хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен калыптасады  және ол оның иесiне төленетiн сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрiнде көрсетiледi. Субъект белгiлi бiр ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелiгi, ол әдетте, субектiнiң жарғылық капиталына құрылтайшылар қоскан материалдық үлесi ретiнде салынуы мүмкін. Ноу-хаудың субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келiсiм – шарттарының көмегiмен анықталады.

Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгiлi бiр уакыт кезеңi iшiнде табыс әкелетiн, ақыға сатып алынған өндiрiстiк ақпарат немесе субъектiнiң онымен болашақ кезеңдегi тұтынушылары туралы; шикiзатпен, материалдармен және қызметтер жабдықтау туралы, бәсекелестері және  тағылар туралы мәліметтер жатады [5]  .

Ұйымдастыру шығындары. Бiрлескен немесе акционерлiк кәсіпорынды құру кезеңiнде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелiнедi. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапкы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбiр қатысушының ұйымдастыру шығындары кiрмеуге тиiс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшiлерге төленген ақы, кәсіпорынды тiркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау – кәсіпорын  иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабiлеттi бағдарламаларды пайдалануға қажеттi мәліметтерді  талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесiнiң жиынтығы [6].

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл  топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жерi ж т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесiлi таңбалар бойынша айыра алатын белгiсiн айтады. Кәсіпкерлікті  заңды немесе жеке тұлға атына тiркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тiркелген тауар таңбасының иесi тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тиым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды   рұқсатсыз   жасау, қолдану, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына  өзгеріс  енгiзу тағы басқа осы iспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесiнің құқтарына қол сұғу болып есептелiнедi.

Таңбалар сөз турiнде, көркем сурет түрiнде, көлемдi немесе бәрінің комбинациясы түрiнде болуы мүмкiн: олар кез – келген түсте немесе түстер үйлесiмiнде тiркеледi [7].

Айыру белгiсi жоқ, тек бiр ғана белгiден тұратын, сондай – ақ мемлекеттiк елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердiң ресми аттары, халықаралық және үкiметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау,кепiлдiк және сапасын (пробасын) көрсететін белгiлерi, мөрлер,  марапаттау белгiлерi және басқа да айырым белгiлерiнен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейдегi белгiлерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етiлмейдi. Тауарды, тұтынушы немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтерi бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптерiне кайшы келетiн тауар таңбалары да тiркелмейдi.

Заңды немесе жеке тұлға тiркелген барлық тауарға немесе онын бiр бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесiнiң келiсімi бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келiсiм бойынша белгiленген тәртiпке сай iстелінеді [8].

Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалау үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекенiн, жердiң немесе баска географиялық  объектiнің атын қоса және басқа да ерекшелiктерi арқылы сипатталады.

Тауардың шыққан жерiнiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн. Ол белгiленген тәртiп бойынша тiркеледi. Тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану деп оны тауарда, корабында, жарнамада, проспектiлерде, банкiлерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгiзуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды  санайды [9].

Сондықтан  нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның  өте қымбат тұратын активi болып табылады, себебi компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесi ретiнде пайдалану құқығын бередi ол ушiн тауар таңбасының құньн бiлу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бiрнеше әдiсi бар: өзiндiк құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншiктi тауар таңбаларын өзiндiк құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнмен есепке алған жөн [10].

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі