Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Пайдалы қызметтеу мерзімін анықтау қиы немесе мүмкін емес материалдық емес активтер бойынша   амортизация   нормасы  он жылға,  бірақ  ұйымның әрекет ету мерзімінен артық емес жылға,есептеу арқылы анықталады.

Материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалы қызмет ету мерзімін  анықтаудың дұрыстығы мен негізділігіне амортизацияның есептелін  отырған  нормасының  дұрыстығы, сәйкесінше  материалдық емес  активтердің  амортизацияланатын сомасының дұрыстығы байланысты болып табылады. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы ұйымның шығындарына жатқызылады және шаруашылық қызметтің қаржылық   нәтижесіне елеулі әсер етеді.

Материалдық  емес  активтердің  амортизациясы  ай  сайын  активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзімі негізінде есептелген   нормалар  бойынша  анықталады.  Алйда  ол  материалдық  емес активтердің салықтық кезең соңына Салық кодексінің 110 бабымен бекітілген   құндық   балансының   шегінен  аспауы   керек [20].

Амортизация материалдық емес активтер арналуы бойынша пайдалануға дайын  болған   кезде  біртекті есептен шығару әдісімен, бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзіміне қарай есептелген амортизация   нормасы   негізінде   есептеледі.

Материалдық  емес   активтердің  амортизациясының  аналитикалық есебі бектілген «Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар  сомасын  есептеудің  жасақталған  кестесі»  типтік  нысанда жүргізіледі.  Жасақталған  кесте  бір  жылға  ашылады  және   материалдық емес    активтердің   бары   мен   қозғалысын   есептейді,  онымен   қатар  олар бойынша есептелген амортизация сомасын есептейді. Оған әрбір материалдық емес   актив   туралы  мәліметтер – түрі,  қысқаша  сипаттамасы, пайдалы  қызмет  ету  мерзімі, есепті кезең басындағы қалдығы,  дебеттік және кредиттік   қозғалыс,  есепті кезең соңындағы қалдығы   және   амортизация   бойынша   мәліметтер   сызықты – позициялық  әдіспен   жазылады.  8 графа пайдаланылытын айлық амортизация нормасы әрбір материалдық емес актив түрінің құнына пайызбен көрсетіледі.  9 графада әрбір иатериалдық емес актив түрінің бастапқы құнына амортизацияның айлық сомасы анықталады. Айға есептелген амортизацияның қорытынды сомасы №10 Журнал-ордерге ашылған №5 Ведомостьте 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы»  бөлімшесінің  шоттарының  кредиті  бойынша 7210 «әкімшілік  шығындар»  шотының  дебетімен  корреспонденциясында  көрініс   табады [21].

Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтiң әрекет ететiн мерзiм бойына жүйелi түрде есептен шығарылып отырылуы тиiс. Жоғарыда айтылғандай, материалдық емес активтердiң есебiнде экономикалық қызмет ету мерзiмiн белгiлеу жеткiлiктi түрде күрделi болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңiн анықтау барысында келесi факторларды  ескерген  жөн:

- заңды  реттеушi, келiсiмдi жағдайларын ескерiп, олардың максималды қызмет ету мерзiмiмен шектелуi мүмкiн;

- жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзiмi өзгеруi мүмкiн;

- тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар оның істеу мерзiмiн қысқартуы мүмкiн;

- келешектегi бәсекелестіктердің және басқада субъектiлердiң әрекетi материалдық емес активтердiң бүгiнгi белсендiлiк қабiлеттiлiгiн шектеуi мүмкiн [22].

Материалдық емес активтердiң пайдалы қызмет ету мерзiмiн субъектiнiң   өзi дербес белгiлей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы  қарастырылмаса (патент, авторлық құқық) немесе келiсiм шартпен   (лицензиондық келiсiм). Материалдық емес активтердiң  мерзiмiн дәл анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану   мерзiмiн 10 жыл   деңгейiнде   белгiлейдi, бiрақ ол шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызмет ету мерзiмiнен аспауы керек.

Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзiмi 5 жыл (60 ай) болып белгiленген.

Ай сайын  амортизация сомасы 120,0/60=2 000 теңге. Немесе 1,67 (2000*100/120,0).

Материалдық емес активтердi есептеу үшiн әртүрлi әдiстер пайдаланылады: бiрқалыпты (түзу сызықты), қалдық  құнын азайтатын және кумулятивтiк. Әдiстi таңдау активтен күтiлетiн экономикалық олжаның моделiне байланысты болып келедi.

Материалдық емес активтердiң арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейдi [23].

Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретiнде танылады, егер де ол басқа да активтердiң құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдiсiн таңдау бiр есептiк кезеңнен екiншiсiне жүйелi түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделi айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердiң жою құны өте сирек кездеседi, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзiмiнiң соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердiң жою құны, әдетте нольге тең болады.

Материалдық емес активтердiң амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы» деп аталатын бөлiмшесiнiң шоттары арналған:

2741 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы лицензиялық келiсiмдер», 2742 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы бағдарламалық жабдықтау», 2743 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы — патенттер», 2744 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы — ұйымдастыру шығындары», 2745 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы — «Гудвилл» ,2746 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы — тағы басқалары».

Бұл шоттар пассивтi, реттеушi, контрактивтi болып келедi, олардың кредитi бойынша ай   басындағы   амортизацияның қалдығы, ағымдағы айда есептелiнген амортизациясы және есеп берiлген айдың соңындағы амортизацияның   қалдығы көрсетiледi, ал дебетi   бойынша — материалдық емес активтердiң амортизациясын есептен шығарылған (төмендетiлген) сомасы көрсетiледi . Материалдық емес активтердiң амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиiмдi пайдаланудың болжамды мерзiмiне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелiнiп отырады [24].

Әр бiр кәсіпорын материалдық емес активтердiң барлық түрлерiнiң пайдалану  мерзiмiн, негiзделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиiс.

Амортизацияны есептеу материалды емес активтер құны толық өтелгеннен кейiн немесе актив табыс келудi доғарған сәттен бастап тоқтатылады. Материалдық емес активтер ұтымды пайдалану мерзiмiнiң дұрыс есептелуіне рлардың амортизациясын өндіріс немесе аайналым шығындарына қосу тәуелді, демек оған субъек т қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ материалдық емес активтер амортизациясының есебі  РТ № 6-нысанында жүргізіледі [25].

Амортизацияның есептелiнген сомасына: 7110 «Тауарлардың (жұмыстарды, қызметтердi ) сату шығындары», 7210 «Жалпы және әкiмшiлiк шығындары», 2740 «Негiзгi құралдардың тозуы және материалдық емес активтердiң амортизациясы», шоттары дебеттеледi де, 2741 -2746  шоттары  кредиттеледi.

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді актвитердің құрамында 2700-бөлімше шоттарында есептеледі.

Материалдық емес активтер – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ,  ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді санаймыз [26].

Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына келесілер жатады: лицензиялық келісімдер,  бағдармалық  жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқық, франчайзинг.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы   құны бойынша кіріске алынады.               

Материалдық емес активтердің талдамалық есебі әрқайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.

Лицензиялық келісім – белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болыа табылады.

Патент -  жеке адамның  немесе топтың , заңды тұлғаның ашқан , ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап  және  ол жаңалықты өз пайдасына қолдануға рұқсат беру туралы құжат.

Ұйымдастыру шығындары – кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге  және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер.

«Ноу-хау» -  шаруашылық  қызметі, яғни пайдалануы барысында субъектіге табыс беретін  жаңа технологиялық  шешімдер мен  жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айырықшы құқықтарды, жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми  жаңалықтары [26] .

Гудвилл немесе  фирма бағасы  материалдық емес активтер шотында есептеледі және сонымен қатар  ол бір кәсіпорын  екінше кәсіпорынды түгелдей  сатып алған кезде  немесе  екі кәсіпорын  қосылған  уақытта  пайда болады. Егерде  сатылып  алынған  кәсіпорынның  барлық  активтерінің  сатылып  алынған құны  олардың  баланстық құнынан артық болса,  онда шыққан айырмашылық «жағымды гудвилл», ал  кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл»  болып есептеледі.

Мысалы:

Барлық активтердің баланстық құны 90 миллион теңге тұратын кәсіпорын барлық активтерімен түгелдей 100 миллион теңгеге сатылып алынды делік. Бұл жағдайда 10 миллион теңге жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептеленеді.

Егер керісінше болған жағдайда, яғни барлық активтерінің баланстық құны  100 миллион теңге  тұратын  кәсіпорын 90 миллион теңгеге сатылып алынса, онда 10 миллион теңге жағымсыз гудвилл болып саналып есептелінеді.

Кәсіпорын материалдық емес активтерді кіріске алғанда:

Дт: Материалдық емес активтер шоты

Кт: Ақша қаражаты шоты

Басқа да кірістер шоты

Материалдық емес активтер  есептен шығарылғанда олардың баланстық құнына:

Дт: Материалдық емес активтер бойынша шығындар шоты

Кт: Материалдық емес активтер шоты

Кәсіпорындағы  материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкеуі қажет. Бұл материалдыұ емес активтеді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарына есептеудің қажеті болмайды және оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады [27] .

Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі  ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелінеді. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне  қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдаалну мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан аспауы тиіс[28].

Ай сайын есептелініп отырылатын амортизациялық аударым сомасына :

Дт: Тауарларды сату жөніндегі шығындар шоты, Әкімшілік шығыстар шоты

Кт: Материалдық емес активтердің амортизациясы шоты.

 

 

1.3 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару    

 

         

Материалдық емес активтер келесі жағдайлардың нәтижесінде түседі:

  • Құрылтайшылардың құрылып жатырған ұйымның жарғылық қорындағы өзінің салымына қосуы;
  • Заңды және жеке тұлғалардан сатып алу. Сатып алу төлеміне қайтарылмайтын  салықтар  мен алымдарды, объектілерді пайдалануға дайындау бойынша басқа да шығындарды қоса       алғандағы  сатып  алуға  жұмсалған  нақты  шығындар  енгізіледі;
  • Мемлекеттен, заңды  және жеке тұлғалардан тегін (қайтарусыз) алу немесе мемлекеттік субсидия есебінен нолдік немесе номиналды  құны бойынша алу;
  • Ұқсас немесе ұқсас емес активке айырбасталатын активтің сату құны  немесе баланстық  құны  бойынша  айырбастау;
  • Ұйымның өзі жасауы.

Материалдық  емес  активтердің  түсуін  «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісімен» рәсімдейді. Актіде материалдық емес активтер түрінің  дұрыс  атауын, қысқаша  сипаттамасын, алушы  немесе жіберуші жақтың атауын, объектіні алу (жасау) күнін, бастапқы құнын, пайдалы  қолдану мерзімін, тозу ормасы мен сомасын, беру негізін және т.б. көрсетіледі[29].

Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде әрбір қабылданатын объектіге акт бір дана жасалады. Бірнеше бір типті материалдық емес активтердің  түсуі  кезінде  ортақ  бір  акт  толтыруға  болады.

Есепке алынатын материалдық емес активтердің объектісі сатып алушыда  оның  ұдайы   өндірілуіне   мүмкіндік  беретін  объективті   нысанда көрініс  табу  қажет. Бұл жерде аталған объектіге құқық оның көрініс   тауып  отырған  материалдық   емес  активіне  құқықпен  байланысты  емес. Егер  тауарлық   белгіге  құқық   сатып  алынып отырса, онда  бұл   құқықты   кірістеу   үшін  негіз  болып   куәлік  табылады,  ал   егер   құқық   иесі   тауарлық   белгіге  құқықты  басқа   тұлғаға   беретін болса негіз болып лицензиялық келісім табылады. Олар құқық иесінің тауарлық   белгіге  құқығын  немесе  басқа  ұйымға  пайдалануға  беру  фактін  растайды. Куәлік   пен   лицензиялық  келісім  заңмен  бекітілген тәртіпке  сәйкес  рәсімделіп,  Қазпатентте   тіркелуі  тиіс [30].

Осы секілді құжаттар арқылы басқа да сатып алынған материалдық емес активтердің түрлері расталуы тиіс. Бұл құжаттарда объектілердің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, осы объектіге қатысты ұйымның басқа да мүліктік құқықтары көрсетіледі. Құжаттар (куәлік, лицензиялық   келісім,  патент,  лицензия, т.б.) «Материалдық емес активтерді  қабылдау – тапсыру   актісіне» тіркеледі.

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі