Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып «Электрик инженеринг Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип жум.doc

— 559.50 Кб (Скачать документ)

Анықталған жаңа материалды емес активтердің нақтылы құнымен айырбасқа берілген активтердің баланстық құнының айырмасы, айырбас операциясының нәтижесіндегі түскен табыс немесе шеккен зиянға жатқызылады. Яғни айырбас нәтижесінде алынған МЕА есептен шығарылған активтердің баланстық құнымен бағаланады.

Есепке алу үлестік қатысу əдісі немесе нақты шығындар жөніндегі есеп əдісі бойынша жүргізілетін қауымдасқан немесе еншілес ұйымға инвестицияларды есепке алу кезінде инвестор  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепте  өзара (инвестор)  жəне инвестициялау  объектісі,  мысалы,  дивидендтер  мен  аванстар  арасындағы  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратпен шектеледі. 

Тепе-тең  шоғырландыру  əдісін  пайдалана  отырып,  бірлесіп  бақыланатын  ұйымдағы өзінің  үлесі  туралы  есеп (31  Бірлескен  қызметке  қатысу (IAS)  ХҚЕС-ын  қараңыз) беретін ұйым өзінің шоғырландырылған есебіне бірлесіп бақыланатын ұйымның ақша түсімдері мен  төлемдеріндегі  өзінің  тепе-тең  үлесін  кіргізеді. Үлестік  қатысу  əдісінің көмегімен  өзінің  үлесі  туралы  есеп  беретін  ұйым  өзінің  ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақыланатын ұйымға беретін оның инвестициясына байланысты  ақша  түсімдері  мен  төлемдерін,  оның  жəне  бірлесіп  бақыланатын  ұйым арасындағы бөлуді жəне басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады. 

Еншілес  ұйымдарды  мен  басқа  құрылымдық  ұйымдарды  бақылауға  алу  жəне одан айырылу нəтижесінде туындайтын ақша қаражаттартарының агрегатталған ағындары  бөлек  берілуі  жəне  инвестициялық  қызметтен  түсетін  ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі тиіс. 

Ұйымның  кезең  ішінде  еншілес  ұйымдарды,  басқа  да  құрылымдық  ұйымдарды бақылауға алу жəне одан айырылу мына төмендегі тұтас мəліметтің əрқайсысына байланысты: 

(а)   сатып алу  немесе сату кезіндегі сомалық  өтеу; 

(b) сатып  алу  немесе  сату  кезінде  ақша  қаражаттарымен  немесе  олардың баламаларымен өтеудің бір бөлігіне; 

(с)  сатып  алынған  немесе  сатылған  еншілес  ұйымдағы  немесе  бизнестің 

құрылымдық  бірлігіндегі  ақша  қаражаттарының  немесе  олардың баламаларының сомасына; жəне 

(d)   ақша  қаражаттарын  немесе  олардың  баламаларын  қоспағанда,  сатып алынған  немесе  сатылған   еншілес  ұйымдағы  немесе   бизнестің құрылымдық  бірлігіндегі  активтер мен міндеттемелердің  негізгі  санаттары бойынша жиынтықталған  сомасын ашуы тиіс.

Еншілес  ұйымдар  мен  бизнестің  басқа  құрылымдық  бөлімшелерінің  сатып  алулары жəне  сатуларына  түскен  ақша  қаражаттартарының  қозғалысына  əсер  ету  туралы ақпаратты  жеке  ұсыну  жəне  сатып  алынған  немесе  сатылған  активтер  мен міндеттемелер сомаларын жеке ашу басқа операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінің  нəтижесінде  туындайтын  ақша  қаражаттартарының  түсімдері  мен төлемдерінен  бөлуге  көмектеседі.  Сатудан  түскен  ақша  қаражаттары  қозғалысының нəтижелері  сатып  алудан  түскен  ақша  қаражаттары  қозғалысының  нəтижелерінен шегерілмейді.

Сатып  алу  немесе  сату  кезінде  өтем  ретінде  төленген  немесе  алынған  ақша қаражаттарының агрегатталған сомасы сатып алынған немесе шығынға жазылған ақша қаражаттары  мен  олардың  баламалары  шегеріле  отырып  ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есепте беріледі 

Еншілес  ұйымының  үлесіндегі  өзгерістер  нəтижесінде  пайда  болған жəне  бақылауды жоғалтуға  алып  келмейтін  болса,  онда  ақша  қаражаттары  қозғалысы  пайда  болып,  ол   сатылуға алып келмесе, онда бұл қаржы қызметіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы деп жіктелуі тиіс.

Басты  ұйымның  кейіннен  еншілес  ұйымның  үлестік  құралын  сатып  алу  немесе  сату сияқты  бақылауды  жоғалтуға  алып  келмейтін  еншілес  ұйым  үлесіндегі  өзгерістер меншікті үлес операциялары деп есептеледі (27 Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС (2008 жылы  түзетілген)). Сəйкесінше  нəтижесінде 17-тармақта көрсетілген  ақша  қаражаттарының  қозғалысы   иеленушілерге  қатысты  басқа  да қызметтер сияқты жүйеленеді.

Ұйым өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен  ақша  қаражаттары  баламаларының  елеулі  қалдықтарының  сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.

Ұйымның  ақша  қаражаттары  мен  ақша  қаражаттары  баламаларының  қалдықтарын топтың  пайдалануы  үшін  қол  жетпейтін  түрлі  жағдайлар  бар.  Мұның  мысалы – валюталық  бақылау  немесе  осы  қаражаттарты  бас  ұйымның  немесе  басқа  да  еншілес ұйымдарының  жалпы  пайдалануына  жол  бермейтін  басқа  да  заңдық  шектеулер қолданылатын елде жұмыс  істейтін еншілес ұйымындағы ақша қаражаттары мен ақша баламаларының қалдықтары.

 

 

    1. Бухгалтерлік есепті 1С: бухгалтерия жүйесінде жүргізу

 

 

1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, олар әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.

«Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті (регламентті) есеп беруді дайындау.

«Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» кәсіпорынның алдында тұрған бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалар шешімін қамтамасыз етеді. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8»-ге қоса 1С кәсіпорын 8 жүйесінің «Қазақстанда сауда басқару» және «Қазақстанда жалақы және персоналдарды басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік кепілденген.

Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген деректер заң талаптарына сай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы шот және аналитикалық есеп қимасын (разрез) құруға болады.

«Құжаттан» есеп және ұқсас операциялар. Есепте шаруашылық операциясының көрініс табуының басты тәсілі алғашқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес конфигурация құжаттарын енгізу болып табылады, сонымен қатар бөлек жазбаларды тікелей енгізуге болады. Жазбаларды топтық енгізуге ұқсас операцияларды қолдануға болады – оңай пайдаланушы және жылдам құра алатын автоматтандырудың қарапайым құралы.

Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен бірге жалпыға бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу үшін  «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер лоардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б  қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.

Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.

«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады. Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады. Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.» Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады.

Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі. Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады. Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады [45].

Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген. Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады. Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады.

Негізгі қорлар анықтамасында («ОС и НМА»- недвижимость, здания, и оборудование (ОС)) негізгі қорларды есепке алған кезде өзгермейтін мәліметтер сақталады.

Оларға жататындар:

  • обьектінің толық атауы;
  • өндіруші (даярлаушы);
  • паспорт номері;
  • заводтың номері;
  • шығарған мерзімі;
  • негізгі құралдар тобы;

Бұл анықтамаларды негізгі қорларды есепке алмас бұрын анықтамаға енгізу керек. Негізгі қорлар туралы ақпараттар арнайы регистрлерде сақталады. Анықтамада бұл ақпарат арнайы бөлімшелерде орналасқан:

  • мекеме (обьект меншігіне жататын мекеме немесе кәсіпорын);
  • обьектіні қолданған мерзімі;
  • амортизациялық есептеудің әдістері;
  • негізгі қорлардың құрамы;
  • негізгі қорлардың жағдайы;
  • амортизация бойынша шығындарды көрсету әдісі;

 Негізгі қорлардың бір типті  обьектілерін анықтамаға қосу  үшін арнайы форма белгіленген, ол «Групповое добавление» кнопкасымен шақырылады.  Бұл формада мына мәліметтерді көрсету керек:

  • жаңа элементтер қосылатын топтар;
  • қосылатын жаңа элементтер коды;
  • анықтама элементтерінің саны;
  • қосылатын элементтердің атаулары, саны, және т.б мәліметтер;

Негізгі қорлардың обьектілерімен болған оқиғалар атауы бойынша «Заполнить» командасымен тіркеледі. Бұл сервисті қолдану үшін құжаттың кестелік бөліміне жол қосып, анықтамадағы негізгі қорлардың ішінен обьектіні таңдап, сол жолды белгілеймізде «Заполнить» командасын таңдағанда «Атауы» бойынша деп таңдаймыз.  Нәтижесінде бір атаулы обьектінің барлығы құжаттың кестелік бөліміне қосылады.

Кәсіпорынның мүлкіндегі негізгі қорлардың обьетілері туралы ақпарат талдау үшін келесі есептемелер арналған:

  • «инвентарная карточка обьекта ОС»;
  • «Инвентаризационная опись ОС»;
  • «Ведомость амортизации ОС»;
  • «Отчет одвижении стоимости ФА(НУ).

Құрал-жабдықтар кірістелгенде «Поступление ТМЗ и услуг» құжатымен

«Покупка» операциясымен тіркеледі (Меню «Покупка»- «Поступление ТМЗ и услуг»). Талдамалық есбі номенклатуралық позициялар бойынша 2932 шотында жүргізіледі және аналитикалық есебі  бұл шоттың негізгі құралдардың сақталу орнымен, келіп түскен партия бойынша жүргізіледі.

Негізгі құралдарды жаңарту мен жөндеуге кеткен салымдары 2933 шотында жүргізіледі. Құрылыс обьектілерінен жіберілген салымдар 2931 және 2940 шоттарында жүргізіледі. Құрылыс көлемдерін есепке алу үшін «Обьекты строительства» анықтамасы белгіленген.

Сыртқы кәсіпорындардың қызметінің құндары әр түрлі құжаттармен көрсетіледі, ол «Поступление ТМЗ и услуг» («Услуги» бөлімшесінде), «Поступление доп.расходов», «ГТД по импорту», «Авансовый отчет» («Прочее» бөлімшесінде). Құрал-жабдықтарды монтаждауға, жөндеуге, қоймадан жіберілген негізгі құралдар «Требование- накладная» құжатымен рәсімделеді. Монтаждауда, құрылыста, жөндеуге қатысқан жұмысшылардың еңбекақысы, «Отражение зарплаты в учете» құжатымен есепке алынады.

Құруға кәсіпорын өзі жасаған негізгі құралдарды есепке алу үшін «Принятие к учету ОС» құжатымен тіркеледі. Бұл құжат рәсімделген кезде ең алдымен «Операция» кнопкасы арқылы мынадай операция түрлерін таңдап аласыз:

  • оборудование;
  • обьекты строительства;
  • приобретенные основные средства;
  • по результатам инвентаризации.

Негізгі қорлардың тізімі құжаттардың кестелік бөлімінде көрсетіледі және есепке алғанда негізгі есеп параметрлері көрсетілуі керек:

  • белгілі бір мекеме немесе кәсіпорынның инвентарлық номері;
  • бухгалтерлік есепте құнын есептен шығару әдісі, және корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептік шығындар құрамына енгізу тәртібі;
  • негізгі құралдардың құнын есепке алу шоты;
  • мүлік, көлік, жер салықтарарының есептеу тәртібі;

 Бұл параметрлер негізгі  құралдарды қабылдап алған кезде  ғана енгізіліп, эксплуатация барысында  өзгерістер жасалмайды.

Конфигурацияда мүлік, көлік, жер салықтары бойынша декларация формалары қарастырылған (Меню «Отчеты»- «Регламентированные отчеты», «Налоговая отчетность» группасы).

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі