Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа

Краткое описание

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Содержание

Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы

1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау

3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -

3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

5fan_ru_Кәсіпорын балансы және оны талдау.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

   Қазіргі кезде біздің  елімізде есептіліктің халықаралық  стандарттарына көшуде, бірақ бұл осы уақытқа дейінгі қолданылған бухгалтерлік есеп стандарттары өз күшін жойды дегенді білдірмейді. Кәсіпорындар бухгалтерлік есепті Қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргізеді және өз кезегінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сүйенеді.

 Ешқандай ол толық стандартқа  көше алмайтыны анық, ол әлеуметтік  ортаның әсерімен, экономикалық  дамудың кезеңімен, кәсіпкерлік  қызметтің ерекшеліктерімен, мемлекеттік  экономикалық қатынастарға, саясат  жүйесіне білім беру жүйесіне, шетел инвестицияларының деңгейіне байланысты. Дегенмен, есепті біріктірудің пайдалы жақтары да кездеседі.

 «Жолаушыларды тасымалдау»  Ашық акционерлік қоғамы бухгалтерлік  есептің халықаралық стандартына  көшуді бастайды. Әрине бұл стандартқа  тез көшу мүмкін емес, бірақ кәсіпорын бухгалтерлік есепті жүргізгенде және есептілікті қарастырғанда оларды басшылыққа алуы артық болмайды.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу жаңа экономикалық институттардың  пайда болу қажеттілігін тудырды. Бұл институттардың арасында маңызды орын болып аудит институты табылады. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік және салық есебігде көрсетілетін ақпараттың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету.

Кәсіпорында аудитті жүргізу маңызды болып табылады. Аудиторлардың тәуелсіз қызметінің дамуы кәсіпкерлік тәуеклдің азаюына және қаржылық есептілік  пен бухгалтерлік есептілікті жетілдіруге әкеледі.

Осыған байланысты мен «Жолаушыларды тасымалдау» Ашық акционерлік қоғамында қаржылық есептіліктің аудиторлық тексеруін жургізуді ұсынамын.    

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

           Мен  дипломдық жұмысты «Жолаушыларды  тасымалдау» ашық акционерлік  қоғамының материалдарының негізінде  жаздым.

Дипломдық жұмыстың кіріспесінде бухгалтерлік есептің жаңа этаптағы мағынасы, магистралды темір жол желісінің және эксплуатациялық-тасымалдау қызметінің және техникалық құралдарды жөндеу және ұстау жүйесінің, жетілдірілудің  және  поездардың қозғалысын халықаралық талаптар және стандарттардың деңгейіне жеткізуді басқарудың оптимизациялау   және қайта құруларға бағытталған негізгі іс-шаралар    және де зерттеліп отырған объектінің негізгі мақсатары көрсетіліп , дипломдық жұмыстың тақырыбының актуалділігі  ашылып жазылған.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері және «Жолаушыларды тасымалдаудың » бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен есеп саясаты және кәсіпорынның негізгі  технико-экономикалық көрсеткіштері қарастырылған.

 Кәсіпорынның негізгі нормативті  құжаты  болып 2002 жылдың 24 маусымында  қабылданған Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы болып табылады. Бұл құжатпен қатар арнайы темір жол көліктері үшін типтік ішкі аралық нысандары пайдаланылады.  Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың екі нысаны   есептің журнал ордерлік  және автоматтандырылған нысандары қолданылады.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін негіз болып шаруашылық операцияларды, активтердің, капиталдың, міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың альтернативті әдісін көруге мүмкіндік беретін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты табылады.

Екінші бөлімде бухгалтерлік баланстың мазмұны мен оның талдануы, яғни бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы, түрлері, құрылымы,мазмұны, баланстың активі мен оның құралу көздерінің  2003,2004 жылдардағы жағдайының талдануы, баланс өтімділігі   келтірілген.

Бухгалтерлік баланс бұл кәсіпорынның қарамағындағы қаржылық ресурстары мен оның құралу көздері туралы ақпараттарды қаржылық жағдайды қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға тапсыратын екі жақты кесте.   Бухгалтерлік баланс субъектінің нақты бір уақыт кезеңіндегі  қаржылық жағдайын көрсетеді. Қаржылық жағдай бұл кәсіпорынға қатысты активтердің бары мен оларға  қарама-қарсы қойылған құралу көздері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде екі шетелдің бухгалтерлік балансы салыстырылып талданған және кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұымдастырудың жетілдірі жолдары қарастырылған.  Мұнда екі елдің балансының нысандары, олардың әр бөлімшесінің мазмұны  және бухгалтерлік баланстың статьялары, бір-бірінен айырмашылығы түсіндірілген.  Көруімізше екі елдің де бухгалтерлік балансының құрылымы мен мазмұны бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді.

Бірінші және екінші вариант та кәсіпорынның қаржылық жағдайына сыртқы талдау үшін қажетті  негізгі ақпараттарды бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің

 

 


Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау