Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.
Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы
1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы
Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау
Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау
3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -
3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпорыннынның
қаржылық тұрақтылығын тек
Қатыстырылған капиталды талдау.
Талдау жүргізөу үшін қарыз қаражатының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қортындылар мен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес. Қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырылған (тартпаған ). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі 2003 жылы 1278903 мың теңге, 2004 жылы 9410 мың теңге болған, яғни 1269493 мың теңгеге , немесе 135,9 есеге өскен. Оның құрылымында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар азайған . Егер 2003 жылы оның мөлшері 3309 мың теңге болған болса, 2004 жылы 2123 мың теңге құраған, яғни 0,6 есеге аз. Бұдан кейін оны дебиторлық борышпен салыстырып талдау керек. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2/1 болуы керек деп ұсынды. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады,себебі ол өзіндік қаражаттың әлде бір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциалдық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борыш қатты өсіп кетуі мүмкін.
Кәсіпорында кредиторлық борыш 2003 жылы дебиторлық борыштан 1,666 (1278903 / 1096415), 2004 жылы 0,002 (9410 / 4452245) аз болды.
Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де, кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады.
Енді келесі маңызды жұмыстың бірі кәсіпорынның қаржылқ жағдайы, оның қаржылық тұрақтылығының дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсалютті көрсеткіштерін зерттеу.
Қаржылық тұрақтылықтың
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1 Меншікті айналым капиталының
бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш
меншікті капитал мен (баланс
пассивінің 1 бөлімі) ұзақ мерзімді
активтердің (баланс активінің 1 бөлімі)
арасындағы айырма ретінде
Мак = Мк – Ұа = 1б П – 1а А (10)
Мұндағы: 1б П– баланс пассивінің бірінші бөлімі
1а А –баланс активінің бірінші бөлімі
Мк – меншікті капитал
Ұа – ұзақ мерзімді активтер
Мак – меншікті айналым капиталы
Меншікті айналым капиталы көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті, тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Ма.к / ұз).
Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзаұ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталынады:
Мак / ұз = Мак + Ұз = Мак + 2б П (11)
Мұндағы: Ұз – ұзақ мерзімді міндеттемелер
Мак – меншікті айналым капиталы
2б П –баланс пассивінің екінші бөлімі
Тауарлы материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткіштің қысқа мерзімді несиелерімен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК= Мак / ұз +Қнқ (12)
Мұндағы: НК –негізгі көздер
Қнқ– қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар
Тауарлы-материалдық босалқылардың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлармен шығындардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді:
1.Меншікті айналым
Мак =Мак –Қш
Мұндағы: Қш- тауарлы материалдық қорлар мен шығындар
2.Тауарлы-материалдық
Мак / ұз =Мак / ұз –Кш
3.Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы немесе жетіспеушілігі
НК= НК - Кш
Тауарлы-материалдық қорлардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
1 қаржылық жағдайдың абсалютті тұрақтылығы
2 қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы
3 қаржылық жағдайдың тұрақсыз қаржылық жағдайы
4 қаржылық жағдайдың дағдарысты қаржылық жағдайы
Баланс өтімділігін
талдау мәселесін қарастырар
алдында, жалпы активтердің, баланстың
және кәсіпорынның “
Өтімділіктің екі
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменділерге , яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады.
Кейде керісінше тәртіп болуы мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне қарай, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірбие бойынша бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен
құнды қағаздар – айналым
Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айрысу шотына белгілі бір уақыттта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжатары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез-келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің екінші бөлімінің “Тауарлы-материалдық қорлар”бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” бабы.
Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті.
Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға енгізілгенбаптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар” бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпоындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігін әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділікпен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
“Жолаушыларды тасымалдау”акционерлік қоғамының ұзақ және қысқа мерзімді несиелері болмағандықтан, басқа “Өркен” біріккен өнеркәсіптік кәсіпорынның материалдарын пайдаланамыз.
11-ші кесте
“Өркен” біріккен өнеркәсіптік кәсіпорынның мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы. (мың теңге)
Актив |
Сомасы мың теңге |
Пассив |
Сомасы мың теңге |
Төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі (-) |
|||
2003 жыл |
2004 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл | ||
Ең өтімді активтер |
122 |
3751 |
Төлену- -ге тиісті міндеттемелер |
22352 |
26564 |
-22230 |
22813 |
Тез өткізілетін активтер |
18448 |
10168 |
Қысқа мерзімді міндеттемелер |
5750 |
2550 |
+12698 |
+7618 |
Баяу өткізілетін активтер |
7100 |
11745 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
735 |
735 |
+6365 |
+10740 |
Қиын өткізілетін активтер |
64896 |
62944 |
Тұрақты міндеттемелер |
61756 |
58489 |
+3140 |
+4455 |
Жиыны |
90566 |
88338 |
Жиыны |
90566 |
88338 |
- |
- |
Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау