Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа

Краткое описание

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Содержание

Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы

1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау

3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -

3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

5fan_ru_Кәсіпорын балансы және оны талдау.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы кәсіпорынның кредиторлық борыштары 3580886 мың теңгеге немесе 3,9 есе өскен. Бұл кәсіпорын үшін жақсы емес және кәсіпорының төлеуіне жататын қарыздарының өскенін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Бухгалтерлік баланстың мазмұны  және оны талдау

 

 

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың  түрлері.

                

                  Субъектінің қарамағындағы қаржылық  ресурстар мен өзіне қабылдаған  міндеттемелері  туралы ақпараттарды  қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды  есептің нысанында пайдаланушыларға ұдайы (жүйелі түрде) тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде «баланс» деп аталады.

Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.

Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама-қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:

Төменде бухгалтерлік баланстың схемасы келтірілді.

А = МК + М                (1)

                         Жылдық баланс (қорытынды)- есеп беру мерзіміндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті жылдың аяғында (есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші күніне) құрылады. Есепті жылдың аяғына ең дұрыс баланс құрудың міндетті постулаты-бухгалтерлік есепте нәтижесін толық көрсете отырып, кәсіпорынның мүліктеріне және қаржылық міндеттемелеріне міндетті түрде түгелдеу жүргізу.

                        Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен  есеп регистрлерінің, Бас кітаптың  мәліметтері негізінде құрылады.

                       Жойылу балансы- шаруашылық жүргізуші  субъекті әртүрлі себептерге  байланысты жойылған сәтте құрылатын  баланс. Жойылу балансының кәдімгі  баланстан негізгі айырмашылығы  оның баптарының бағалануымен  айқындалады.

                     Бағалу сатып- өткізу бағасы бойынша  жүзеге асырылады, көп жағдайда  ол баланстық құнынан әлдеқайда  төмен болады. Әдетте қорытынды  баланста болатын кейбір баптар, бюджеттік бөліп-таратушы «Алдағы  кезеңнің есебіне жататын табыстар», «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар», «Күмәнді борыштар бойынша резервтер», «Болашақ төлемдердің резерві» баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы мүмкін, мысалы, «фирма бағасы» (гудвилл). Кәсіпорынның меншікті капиталы жойылу балансында кейде жеке баптар бойынша көрсетілмейді. Себебі жойылу кезеңнің басында кәсіпорынның меншікті капиталы арнайы ашылған «жою» шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды бағалудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде немесе пассивінде көрсетіледі.

                    Брутто баланс- реттеуші баптар  енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға  негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және тағы басқалары жатады.

                  Нетто баланс (немесе тазаланған  баланс)- реттеуші баптар алынып  тасталынған баланс. Оны кәсіпорынның  қаржылық жағдайына талдау жасау  кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Бұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды.

                Бөлуші баланс- кәсіпорынның құрылымдық  бөлімшесін өз алдына дербес  кәсіпорын ретінде бөліп шығарған  сәтте немесе кәсіпорында бір-бірінен тәуелсіз бірнеше кәсіпорындарға бөліп жіберген кезде құрылады.

               Ішкі баланс (мейлінше егжей- тегжейлі)- қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен  оның филиалдарының, құрылымдық  бөлімдерінің   шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.

              Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар  үшін құрылады. Сыртқы пайдаланушылар  үшін ең алдымен басты ақпарат  көзі болып табылады. Ондай баланстың  мазмұны құрылымы және сыртқы  пайдаланушыларға тапсырылу тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына, қор биржаларына тапсырылады, бұқаралық ақпарат құралдарына, арнайы анықтамаларда басылады.

        Қазақстан  Р еспубликасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты шоғырландырылған (консалидацияланған) баланстың ролі артып отыр.

      Ірі компаниялар  салық төлеуде тиімдірек экономикалық  қол жеткізу үшін немесе басқадай  мақсаттармен еншілес кәсіпорындар  құрады. Инвестор олардың бірінің акцияларын сатып ала отырып, барлық кәсіпорындар туралы түсінікті ақпараттар алғысы келеді.

        Шоғырландырылған (консалидацияланған) қаржылық қорытынды  есепті құрудың негізгі мақсаты- бас кәсіпорын мен еншілес  кәсіпорындардың қызметін бірегей шаруашылық ұйым ретінде көрсету. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған қаржылық қорытынды есеп еншілес серіктестерге салынған инвестициялар есебі » деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес шоғырландырылған қаржылық қорытыгды есеп дегеніміз- бір серіктестіктің қорытынды есебі ретінде тапсырылған топтың жекелеген қаржылық қорытынды есептері.

     Шоғырландырылған (консалидацияланған) қаржылық қорытынды есепті дайындау  кезінде негізгі серіктестік  пен оның еншілес серіктестіктерінің  қаржылық қорытынды есептері активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар және шығыстар туралы мәліметтерді қосу арқылы баптар және жолдар бойынша бірігеді. Бірқатар операциялар бойынша қайта есептеуді болдырмау мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Шоғырландырылған қаржылық қорытынды есептерде топ жөніндегі қаржылық ақпараттарды бірегей ұйымдар туралы ақпараттар ретінде көрсету үшін одан төмендегі көрсеткіштер алынып тасталынады:

  - негізгі серіктестіктің еншілес  серіктестіктердің әрқайсысына  салынған инвестицияларының  баланстық құны және негізгі серіктестіктің әрқайсысының меншікті капиталындағы үлесі;

- негізгі және еншілес серіктестіктер  арасындағы өзара есеп айрысулар  бойынша шоттардағы сальдо (қалдық).

- табыстар, шығыстар және девидендтер  бойынша ішкі топтық операцияла сондай-ақ осы операциялардың нәтижесінде пайда болатын іске асырылған (жұмсалынбаған) табыс немесе зиян, орны толтырылмайтын зияндардан басқа.

 

 

2.2 Бухгалтерлік баланстың  құрылымы мен мазмұны.

 

                   Өзінің  құрылымы  бойынша бухгалтерлік баланс жиынтығы әр уақытта                                   

      тең болатын екі  қатар сандар болып табылады. Бұл тепе-теңдік баланстың 

           маңызды  белгісі болып табылады.  

         Екі жақты  кесте түріндегі бухгалтерлік  баланстың сол жақ бөлігінде субъектінің активтері (экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы активтерге қатысты әр түрлі тұлғалардың талаптары «пассивтер» деп аталады. «Пассивтер» екі түрге бөлінеді:

  1. Міндеттемелер, яғни кредиторлардың талаптары (басқаша айтқанда, субъектінің иесінен кез келген тұлғаның талаптары);
  2. Кәсіпорын иелерінің капиталы, яғни кәсіпорын иелерінің талаптары.

                Егер кәсіпорынның барлық активтері  оның иелерінің немесе кредиторлардың  тарапынан талап етілетін болса  және де осы талаптардың жалпы сомасы талап етілген активтердің құнынан аспайтын болса, онда ол актив пен пассивтің теңдігін көрсетеді. Бұл бухгалтерлік есептің екі жақтылық қағидасынан формальді түрде туындайтын негізгі бухгалтерлік теңдеу:

     Активтер = Міндеттемелер + Капитал.

             Бухгалтерлік есептің барлық  процедуралары осы теңдіктен  туындайды. Төменде екі жақты  кесте түріндегі бухгалтерлік  баланстың қысқартылған үлгісі (нысаны ) келтірілді.

 

5-ші  кесте

 

Бухгалтерлік баланс      (мың теңге)

Активтер

Есепті кезеңнің басына

Есепті кезеңнің аяғына

Меншікті капитал және міндеттемелер

Есепті кезеңнің басына

Есепті кезеңнің аяғына

1

2

3

4

5

6

1Ұзақ мерзімді активтер

 

 

1Меншікті капитал

   

Негізгі құралдар:

   

Жарғылық қор

   

Бастапқы құны

 

328039

 

579843

Қосымша төленген капитал

 

 

134581

Жинақталған тозу құны

126767

14748

Бөлінбеген табыс

-6358

101720

Қалдық құн

201272

565095

     

Аяқталмаған құрылыс

11958

11958

 

     

Жиынтығы

201272

565095

Жиынтығы

84858

101720


 

 

 

 

 

5-ші кесте жалғасы

ағымдағы  активтер

   

2Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

0

 

0

Тауарлы-материалдық қорлар

 

5330

 

47232

3 Ағымдағы міндеттемелер

   

Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

 

 

1096415

 

 

4452245

Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар

 

 

1278903

 

 

5002602

Ақша қаражаттары

48786

27792

Бюджетпен есеп айрысу

   
     

Кредиторлық борыштар

   
     

Басқа да кредиторлық борыштар

   

Барлығы

1363761

5104322

Барлығы

1363761

5104322


 

Субъектілердің бухгалтерлік балансына біртекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал және міндеттемелер) біріңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері «баптар» деп аталады.

Баланстың «активтер» бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, «меншікті капитал» және «міндеттемелер» бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.

Бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер «ұзақ мерзімді» және «ағымдағы» болып жіктелінеді.

Бухгалтерлік есептің 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есептегі негізгі ашып көрсетулер» деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес бухгалтерлік баланста    төменде кестеде келтірілген көрсеткіштер тұруға тиісті.

.

 

  6-шы  кесте

    

 Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері                                   (мың теңге)

Бөлім

Баптар тобы

Баптар

Ұзақ мерзімді активтер

Материалдық емес активтер

Гудвилл (фирма бағасы)

Патенттер

Тауар белгілері және басқалары

Материалдық емес активтердің амортизациясы

 

Негізгі құралдар

Жер

Ғимараттар мен жабдықтар

Негізгі құралдардың басқа да түрлері

Жинақталған тозу

Аяқталмаған күрделі құрылыс

 

Инвестициялар

Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар

Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар

Басқадай инвестициялар

     
 

Дебиторлық борыштар

Алынуға тиісті борыштар

Алынған вексельдер

Негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар бойынша борыштар

Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары

Басқа да дебиторлық борыштар

Ағымдағы активтер

Тауарлы-материалдық босалқылар

Материалдар

Аяқталмаған құрылыс

Тауарлар

 

Дебиторлық борыштар

Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар

Аванстық төлемдер

Алынуға тиісті борыштар

Алынған вексельдер

Негігі шаруашылық серіктестік мен оның арасындағы ішкі топтық операциялар бойынша борыштар

Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары

Басқа да дебиторлық борыштар

 

Ақша қаражаттары

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Ақша қаражаттары

Меншікті капитал

 

Жарғылық капитал

Қосымша төленген капитал

Қайта бағалау сомасы

(қосымша төленбеген капитал)

Резервтік капитал

Бөлінбеген табыс

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Несиелер

Қамтамасыз етілген, етелмеген несиелер

Негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне берген несиелері

   

Кейінге қалдырылған салықтар

Ағымдағы міндеттемелер

Несиелер

Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт

Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі

 

Кредиторлық борыштар

Төленуге тиісті шоттар және вексельдер

Алынған вексельдер

Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау