Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.
Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы
1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы
Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау
Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау
3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -
3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас.
Бухгалтерлік баланстың активтер жағын да пассивтер жағын да екі көзқараспен қарастыруға болады:
1 Ресурстар және талаптар, яғни
жоғарыда айтылғандардың
Алайда бухгалтерлік балансқа қатысты бұл көзқарастың кемшіліктері де бар. Біріншіден, акционерлік капиталды талап ретінде түсіндіру өте күрделі. Себебі кәсіпорын иелері мен кредиторлар оған әр түрлі мағына береді. Екіншіден, қорлар көздері және оларды пайдалану бағыттары. Бұл көзқарас бойынша бухгалтерлік баланстың сол жағы кәсіпорынға берілген қаржыларды бухгалтерлік баланс құрылған мерзімге пайдалану бағытын көрсетеді. Бұл салымдар кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуіне, анығырақ айтқанда таза табысқа қол жеткізу үшін жүзеге асырылады. Оң жағында активтерге салынған қаржылардың құралу көздері көрсетіледі.
Бұл көзқарас бойынша негігі бухгалтерлік теңдеу –
Активтер = Міндеттемелер + Капитал былайша түсіндіріледі: кәсіпорын активтеріне салынған әрбір теңгені не кредитор не кәсіпорын иесі алады және де әрбір берілген теңге активтердің жекелеген түрлеріне салынады.
Бухгалтерлік балансты түсіндірудің екі тәсілі де дұрыс және де бірін-бірі толықтырады.
2.3 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мумкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірбиеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсірінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі төртінші аналитикалық кесте құрылады.
7-ші кесте
«Алматы регионалдық
жолаушылар филиалының» «
Көрсеткіштер |
2003 жыл |
2004 жыл |
Жыл бойындағы өзгеріс |
Құрылымның өзгеруі | ||||
Сомасы мың теңге |
Үлес салмағы % |
Сомасы мың теңге |
Үлес салмағы % |
Мың теңге (3 гр –1 гр) |
% (5 гр /1 гр* 100) |
(4 гр-2 гр) | ||
Активтер құны, барлығы соның ішінде: |
1363761 |
100 |
5104322 |
100 |
+374057 |
274,3 |
х | |
Ұзақ мерзімді активтер: |
213230 |
15,64 |
577053 |
11,30 |
+363823 |
170,6 |
-4,34 | |
Негізгі құралдар |
201272 |
14,75 |
577053 |
11,30 |
+375781 |
186,7 |
-3,45 | |
Аяқталмаған құрылыс |
11958 |
0,776 |
11958 |
- |
- |
- | ||
Ағымдағы активтер |
5330 |
0,390 |
4827269 |
94,6 |
+4821939 |
90467,8 |
+94,21 | |
| ||||||||
Кәсіпорынн- -ның өндіріс- -тік потен- -циалы |
213230 |
15,25 |
577053 |
11,30 |
363823 |
170,6 |
-4,33 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 3740561 мың теңгеге немесе 274,3 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылатындығын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы әдебиеттерде түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өнімдегі және бордақылаудағы малдар құнына қосылады.
Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда келтірілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады.Бұл әдістеме кәсіпоында болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжірбиесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни кәсіпорыннның потенциалы 0,5- тен үлкен қалыпты болып есептеледі” – деп жазады А.Д.Шеремет және Р.С.Сайфулин.
Көрсеткіштердің мәні ең төменгі мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны талдау жүргізіп отырған кәсіпорында 2003 жылы 213230 мың теңгені 2004 жылы 577053 мың теңгені құрайды, яғни 3633823 мың теңгеге немесе 170,6 пайызға өскен.
Жетінші кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2003 жылы 15,25 пунктке аз болса (0,39-15,25), 2004 жылы ол мерзімді активтер үлесінен 83,3 (94,6-11,30) пунктке асып түсті. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен бес есеге артық (90167,8 / 170,6) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпоынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айрысу мүмкіндігі де арта түседі.Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл кәсіпорынның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі 2003 жылы 0,004 (5330 / 1363761), ал 2004 жылы 0,941 (4827 / 5104322) мың теңгені құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құрамына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі 2003 жылы 0,02 (5330 / 213230), ал 2004 жылы 8,36 (4827269 / 577053) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы бірішілер, яғни мобильді қаражаттар 9,5 (4827 / 5330) есеге, ал екіншілері 2,7 пайызға (577053 / 213230) ғана өскен.
Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың деңгейі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпоынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып табылатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнынының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының елу пайызынан кем болмауы тиіс.
Кәсіпорынның баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2003 жылы 14,75 пайызды, ал 2004 жылы 11,30 пайызды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 38,7 пункт сәйкес келмейді.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгіқұралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2003 жылы 0,38 (1267 / 328039), ал 2004 жылы 0,03 (14748 / 591801) құрайды, яғни 0,35 пунктке азайған.
Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша елу пайыздан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және қатаң көңіл аударуы тиіс.
Әрі қарай келесі сегізінші аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қаж
8-ші кесте
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы.
(мың теңге)
Көрсеткіштер |
2003 жыл |
2004 жыл |
Өсуі (+) Кемуі (-) | ||
Сомасы мың теңге |
Үлес салмағы % |
Сомасы мың теңге % |
Үлес салмағы |
||
Ағымдағы активтер соның ішінде: |
1150531 |
100 |
4527269 |
100 |
+239,5 |
Тауарлы-материалдық қорлар |
5330 |
0,46 |
47232 |
1,04 |
+786,2 |
| |||||
Дебиторлық борыш |
1096415 |
95,3 |
4452245 |
98,4 |
+306,07 |
Ақша қаражаттары |
48786 |
4,24 |
27792 |
0,62 |
-43,03 |
Келтірілген
мәліметтер кәсіпорын
Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау