Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа

Краткое описание

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Содержание

Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы

1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау

3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -

3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

5fan_ru_Кәсіпорын балансы және оны талдау.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

        Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге  бағытталатын қаражаттардың жалпы  сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың  үлесін көрсетеді. Ең мобильді  қаражаттар сомасының азаюы және  айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын көрсетеді деп айтуға болады. Алайда нарық жағдайында айналым  қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айрысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары  2003 жылы 786,2 пайызға өсті және ол 2004 жылы 47232 мың теңгені құрайды. Олардың үлесі 0,58 пунктке азайғанмен оның көлемі әлі де болса жоғары (1,04) болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш та едәуір өскен. Егер оның көлемі 2003 жылы 1096415 мың теңгені құраса, 2004 жылы ол 4452245 мың теңгені құрайды немесе 306,07 пайызға өскен және ағымдағы активтер құрамында оның үлесі 3,1 пунктке көбейді (98,4 – 95,3).

Дебиторлық борыш неге мұнша өскенін және бұл бапты не үщін түсіндіру керектігін зерттеп, қарызды өтеудің болашағын бағалау және болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдарынан болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің гнегізділігінен  және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аудару қажет. Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айрысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

        Кәсіпорынның  дебиторлық борышы қалыпты және  өтелмеген болып екіге  бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу  мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу  құжаттары бойынша тиеліп жіберілген  тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

       Дебиторлық борыштың  құрамы мен құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның  қайтарымдылығы өткен тәжірбиенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірбиесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білу керек.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

   Сапа дегеніміз – бұл  осы қарызды толығымен қайтарып  алу ықтималдылығы, ол қарыздың  қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірбие көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны  қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.              

 

 

2.4   Баланс активінің  құрастырылу көздерінің құрамы  мен

құрлымының динамикасын талдау.

 

       

         Талдау  жүргізушінің келесі әрекеті  баланс активінің құрылу көздерін  талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын  мүлкінің келіп түсуі,оны сатып  алу және оның құрылуы да , кәсіпорынның өзінің де , қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

         Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп беруі ағымдағы активтердің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаның қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

         Активтердің  қорлану көздерін талдау кезде  меншікті және қатыстырылған  капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады , себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның каржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

         Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай , сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды.Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэфиценті ,автономдық коэфициенті ) бірақ оның мәні бір ғана бұл коэфициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржының қаншалықты тәуелсіз екенін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффицентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды: 

                     Ктс   =Мк  / Ак           (2)

Мұндағы : Ктс - тәуелсіздік коэффиценті;  

                   Мк  - меншікті капитал;

                   Ак – авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

         Бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екеніндігін көрсетсе ,алдағы уақытта қаржылық қиындықтарының азаятындығын көрсетеді.

          Батыс  экономистері тәуелсіздік коэффицентінің  неғұрлым жоғары деңгейде болғаны  дұрыс деп санайды . Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер бұл осындай құрлымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінң кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

        АҚШ және  Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиценттерінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуелсіздігі төмен болады : өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүлкінің жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да, өзінің қарыз міндеттемелерін жабуға болады.

         Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар арасындағы  келісім-шарттың міндеттемелер қатаң  сақталатын және фирманың атағына  үлкен мән берілген нарықтық  экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

         Жоғарыда  келтірілген меншіктік коэффицент 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана  емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрлымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылар, мысалы банктер, несие берушілер меншік капиталдың авансталған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім шарттарға отырған кездегі қаржылық үлесі төмендегенде тәуелсіздік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқартылғаны жайлы айтуына мүмкіндік беріледі. Қысқа мерзімді несиенің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорынның қызметінің қысқарғанын көреміз. Бірақ біріңғай мұндай кәсіпорынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелері дивиденттердің мөлшерлемелері әсерінен болуы мүмкін. Бұл несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрлымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

           Қаржылық  есеп берудің активткрінің қалыптасу  көздерінің құрлымын зерттеу  үшін келесідей талдау кестесі  құрылады.

 

9-шы кесте                                                                                                                       

“Акционерлік қоғамы Жолаушыларды тасымалдаудың” негізінде кәсіпорынның авансталған капиталының құрамы мен  құрылымы.                            (мың теңге)

Көрсеткіштер

     2003 жыл

     2004 жыл

Жыл бойындағы өзгеріс

Құрылым-ның өзгеруі

 

Сомасы мың теңге

Үлес сал-

мағы

   %

Сомасы мың теңге

 

 

 

%

Мың теңге

(3гр-1гр)

%

(5гр /1гр х 100)

 

 

(4гр-2гр)

 

Меншікті капитал

 

84858

 

6,22

 

236301

 

4,62

 

151443

 

178,5

 

-1,6

Қарыздық капитал

 

1278903

 

93,7

 

4868021

 

95,4

 

35889118

 

280,6

 

+1,7

Тәуелсіздік коэффици-

-енті

 

 х

 

0,062

 

 х

 

0,046

 

  х

 

  х

 

-0,016

Қаржылан-дыру коэффициенті

 

  х

 

1,067

 

  х

 

1,048

 

  х

 

  х

 

-1,019

Қатыстыры-лған капиталдың меншікті капиталға қатынасы

 

 

 

 

 

  х

 

 

 

 

 

15,06

 

 

 

 

 

  х

 

 

 

 

 

20,6

 

 

 

 

 

  х

 

 

 

 

 

  х

 

 

 

 

 

5,54


 

         Тоғызыншы  кестеден кәсіпорынның есеп беру  жылдамдығы активтердің қалыптасу  көзі 3740561 мың теңгеге немесе 274,3 пайызға өскені көрініп тұр. Бұл өсу 2004 жылы 4868021 мың теңге болған, яғни 3589118 мың теңгеге өскен. Қатыстырылған капиталдың өсуімен болған бұл кезде тәуелсіздік коэффиценті 0,062-ден 0,046-ға дейін немесе 0,016 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді.

       Бұны тәуелсіздік  коэффициентіне кері болып табылатынын  қатыстырылған капиталдың барлық  авансталған капиталдағы үлес  салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік  коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады:

                   Кт=Қ к /Ак  немесе Кт =1-Ктс (3)

Мұндағы : Кт-тәуелділік коэффиценті;

            Қк-қатыстырылған капитал;

            Ак-авансталған капитал; (баланс валютасы, жиыны);

            Ктс-тәуелсіздік коэффициенті.  

  Бұл коэффициент авансталған  капиталдың жалпы салмағындағы  қарыздың үлесін сипаттайды.

        Бұл үлес  жоғары болған сайын , кәсіпорынның  сыртқы қаржыландыру көздерін  жоарылайды . Біздің кәсіпорынымызда  оның деңгейі 2003 жылы 0,938 (1-0,062), ал 2004 жылы 0,954(1-0,046) болады. Бұл көрсеткіш біршама өскенін, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жвлдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары. Келесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

                     Кк =М к / Қк           

Мұндағы: Қк- қаржыландыру коэффиценті;

                  Мк- меншікті капитал;

                  Қк- қатыстырылған капитал. 

 Бұл коэффицент жоғары болатын  сайын, соғұрлым банктер менинвесторлар  қаржыландыруға соғұрлым сенімді  кіред.

  Бұл коэффициент кәсіпорын  қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен , ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті < 1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қаржы қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

         Бұл көрсеткіш  ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз  түсінуден сақ болу керек.  Кейбір жағдайларда ,- деп жазады  О.В.Ефимова –меншікті капиталдың  оның жалпы көлеміндегі үлесі  жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сондада кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте , қызметі қызметі активінің жоғары айнамдылығымен, сатылатын өнімге тұрақты сұрансымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорынға қатысты.

Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау