Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:14, дипломная работа

Краткое описание

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Содержание

Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы

1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты
1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік
баланстың түрлері
2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны
2.3. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау
2.4. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы
талдау

3.1. Беларус және Ресей елдерінің бухгалтерлік балансының нысандарын
салыстырмалы талдау -

3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жетілдіру
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

5fan_ru_Кәсіпорын балансы және оны талдау.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

 

 

    1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты.

 

   2002 жылдың 24 маусымындағы «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есертілік  туралы» Қазақстан Республикасының  заңдылығына сәйкес есеп саясаты  ұйымның қажеттілігі және оның  қызметінің ерекшілігінің нәтижесінен  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік жоспар шоттары заңдылығының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасауды жүргізу үшін ұйыммен қабылданған тәжірбие және тәртіпті, шарттарды, негіздерді, қағидаларды көрсетеді.

   Есеп саясатын қалыптастыру  үшін  негіз болып шаруашылық  операциялардың, активтердің, капиталдың, міндеттемелердің, табыстардың және  шығыстардың альтернативті әдісін  көруге мүмкіндік беретін қаржылық еселтіліктің халықаралық стандарты табылады.

Есеп саясатының қалыптасуы қаржылық есептілікті жасау және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін сапа негізінде қабылданған және ұйым қызметі шарттарының нәтижесі негізінде бір әдісті таңдаудан тұрады.

Сонымен есеп саясаты – бұл қаржылық есептілікті ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ұйыммен қабылданған әдістер жиынтығы. Жолаушыларды тасмалдаудың бухгалтерлік қызметінің міндеті  болып бухгалтерлік есепті бухгалтерлік есеп стаендарттарына, Қазақстан Республикасының субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің Бас шоттар жоспары және бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық құжаттары және де есеп саясатымен, жұмыстық есеп шоттарына сәйкес жоғарыдағы құжаттарға қарама-қарсы келмейтін және кәсіпорын компетенциясы шегінде жасалынған бұйрықтар, үкімдер.

Бухгалтерлік қызметтің мақсаты болып:

- кәсіпорынның барлық меншік  түрлерінің сақтылығын қамтамасыз  етілуін бақылау;

- табыс және кірістерді максималды  алуды қамтамасыз ету және кәсіпорынның барлық құралдарын үнемді және рационалды шығындалуын бақылау;

-мемлекеттік бюджетпен, бюджеттен  тыс қорлармен, кредитор және  дебиторларменөз уақытындағы есеп  айрысуларды қамтамасыз ету және  бақылау.

Бухгалтерлік қызмет Бас шоттар жоспсрына сәйкес екі жақты жазу әдісімен, олармен жузеге асырылған шаруашылық операцияларын және кәсіпорын міндеттемелерін, меншікті капиталын, активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізеді.

«Жолаушыларды тасымалдау» бухгалтериясы қызметтік белгілері бойынша ұйымдастырылған топтан тұрады:

- жұмысшылардың еңбек ақысы  бойынша есес айрысу есебінің  тобы;

-тауарлы-материалдық қорлар есебінің  тобы;

-негізгі құралдар есебінің тобы;

- бухгалтерлік есепті автоматтандыру  және әдістемелеу тобы.

Жолаушыларды тасымалдаудың бас бухгалтері барлық жүзеге асырылған шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы оперативті ақпараттардың ұсынылуын, бухгалтерлік есептіліктің белгіленген уақытында жасалуының бақылауын қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есеп тіркеулерінде жазба үшін негіз болып шаруашылық операциялардың іс-жүжінде жасалғанын көрсететін алғашқы құжаттар табылады.

Шаруашылық операцияларды безендіруде республикалық статистикалық және қаржылық органдармен белгіленген алғашқы бухгалтерлік құжаттардың типтік ішкі аралық нысандары қолданылады. Алғашқы бухгалтерлік құжаттардың типтік ішкі аралық нысандарымен қатар Жабық акйионерлік қоғамы ұлттық компаниясы «Қазақстан темір жолы» бекіткен арнайы теміржол көліктері үшін алғашқы құжаттардың бланкілері пайдаланылады. «Жолаушыларды тасымалдау» кәсіпорнында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың екі нысаны қолданылады:

- есептің журнал-ордерлік нысаны;

-есептің автоматтандырылған нысаны.

Есептің автоматтандырылған нысаны прогрессивті, персоналды компьютерлер және әр түрлі класстағы есептеуіш машиналарын пайдаланумен жузеге асырылады.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі келесі негізгі қызметтермен қамтамасыз етеді:

- алғашқы есептік ақпараттардың  сақталуы, берілуі, дайындалуы,жиналуы;

- жоғары сенімділікпен және  қысқа мерзімде кәсіпорынның  қосымша бухгалтерлік құжаттарын  алу және мәліметтердің нәтижесін  машинамен өңдеу;

- кәсіпорынның экономикалық роцестерін  басқару үшін қажетті есептік  ақпараттарды кәсіпорындарға беру.

Жолаушыларды тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесі төрт бөлімнен тұрады:

1 еңбек және еңбек ақы есебі

2 тауарлы-материалды қорлар есебі

3 негізгі құралдар есебі

4 аналитикалық және синтетикалық  есеп.

 

 

 

1.3  Кәсіпорынның технико-экономикалық  көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы.

            

               Кәсіпорынның балансын талдап  зерттеуге көшпес бұрын ең  алдымен оның технико-экономикалық  көрсеткіштеріне, яғни мүлігінің  және оның құралу көздерінің  жағдайына, кәсіпорынның  олармен  қамтамасыз етілуіне тоқтала  кеткен жөн.

               Кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы мәлімет 2003,2004 жылдар үшін бірінші кестеде көрсетілген.

1-ші  кесте

 

Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі.

  (мың теңге)

Негізгі құралдар атауы

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Үйлер мен ғимараттар

 

174662

 

498662

 

+324

 

2,85

Машиналар мен жабдықтар

 

 

9091

 

 

24859

 

 

+157,7

 

 

2,73

Көлік құралдары

 

445

 

2818

 

+2373

 

6,33

Басқадай негізгі құралдар

 

 

17074

 

 

38796

 

 

+217,2

 

 

2,27

Барлығы

201272

577053

375781

2,86


 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдар 2003 жылға қарағанда 2004 жылы едәуір көбейіп отыр. Бұл кәсіпорынның тағы да қызметін жүзеге асыруға қажетті негізгі құралдар сатып алынғанын көрсетеді. Негізгі құралдар ішіндегі үлес салмағы жағынан үлкен орынды үйлер мен ғимараттар +324 мың тенге, немесе 2,85 пайызды алып отыр. Машиналар мен жабдықтар 2,73 пайызға, көлік құралдары 6,33 пайызға, басқадай негізгі құралдар 2,27 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, кәсіпорында негізгі құралдардың өсуі оны сатып алумен байланысты болып отыр, яғни оларға машиналар мен жабдықтар, оның ішінде компьютерлер, ксерокс, факс, принтерлер және тағы басқалары жатады.

Кәсіпорынның 2003 және 2004 жылдар үшін дебиторлық қарызы екінші кестеде қарастырылған.

 

2-ші  кесте

 

Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарына көз шолу. (мың теңге)

 

Дебиторлық қарыздар атауы

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

АҚ “ҰҚ ҚТЖ” және ЖШС “Жолаушыларды тасымалдау”еншілестерінің арасындағы қарыздар

 

 

1095409

 

 

448440

 

 

+3353031

 

 

4,06

Жұмысшылардың қарыздары

325

3623

+3330

11,3

Басқа дебиторлық қарыздар

683

152

-531

0,22


 

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорынның дебиторлық қарызы жал ішінде өсіп отыр, яғни еншілестер арасында 2004 жылы 4448440 мың тенге  немесе 4,06 пайызға өскен. Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарыздары 2004 жылы  3653 мың тенгеге немесе 11,30 пайызға көбейген, яғни бұл өсу есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздарын өтемеуімен байланысты. 2004 жылы есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары 3653 мың тенгені құрап отыр. Ал кәсіпорынның басқадай дебиторлық қарыздары 531 мың тенгеге немесе 0,22 пайызға азайғанын көрсетеді.

Жалпы алғанда кәсіпоынның дебиторлық қарызы 3355830 мың тенгеге немесе 4,06 пайызға өскен. Олардың ішінде үлкен үлес салмаққа еншілестердің қарыздары 2003 жылы 1095409  мың тенгеге , 2004 жылы  4448440 мың тенгені құрайды.

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі үшінші кестеде көрсетілген.

 

 

3-ші  кесте

 

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі

                                                                                                                          (мың теңге)

Тауарлы-материалдық босалқылар

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Материалдар

5330

47232

+41902

8,86

Барлығы

5330

47232

+41902

8,86


 

Үшінші кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорында материалдардың өсуі 2004 жылы 47232 мың тенгеге немесе 8,86 пайызға өскен. Материалдардың өсуі жақсы, себебі онымен де өнім өседі. Кәсіпоынның материалдары шикізаттан тұрады.

 Кәсіпорынның 2003 және 2004 жылдар үшін кредиторлық борыштары  туралы мәлімет төртінші кестеде көрсетілген.

 

 

 

4-ші кесте

Кәсіпорынның кредиторлық борышына шолу   (мың теңге)

Кредиторлық борыштар

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Төленуге тиісті шоттар және вексельдер

 

 

 

 

1669

 

 

 

 

6101

 

 

 

 

+4432

 

 

 

 

365,5

Салықтар бойынша қарыздар

 

 

3208

 

 

4196

 

 

+988

 

 

130,7

Алынған аванстар

 

3309

 

2123

 

-1186

 

64,15

Еншілес серіктестіктерге борыш

 

 

1258905

 

 

4845572

 

 

+3586677

 

 

384,9

Төленуге тиісті есептелінген шығыстар

 

 

127734

 

 

2889

 

 

-9845

 

 

22,68

Басқалары

2387

2217

-170

92,8

Барлығы

1282212

4863098

+3580886

379,2


 

        Кесте мәліметтерінен  көріп отырғанымыздай  кәсіпорынның  кредиторлық борышы 3580886 мың теңгеге  немесе 3,9 есе көбейіп отыр. Оның  ішінде төленуге тиісті шоттар  және вексельдер 4432 мың теңгеге немесе 3,6 есе өсіп отыр. Салықтар бойынша қарызда  988 мың теңгеге немесе 1,3 есе өсіп отыр, оның ішінде әлеуметтік салық 1500 мың теңгені, мүлік салығы 950 мың теңгені, 1746 мың теңгені басқадай салықтар құрайды. Еншілес серіктестіктерге борыш  3586677 мың теңгеге немесе 3,8 есе көбейген, ол бас кәсіпорынға қаржыландыру үшін қарызын құрайды. Алынған аванстар 1186 мың теңгеге немесе 6,4 есе азайған. Басқадай кредиторлық борыштары  170 мың теңгеге немесе 9,2 есе азайған, яғни ол зейнетақы қоры бойынша есептесулер және тағы басқа кредиторлық борыштарын білдіреді. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар 9845 мың теңгеге немесе 2,2 есе азайған, оған кәсіпорынның еңбекақы бойынша қарыздары жатады.

Информация о работе Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау