Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат
Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.
Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117
Қостанай мемлекетік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қостанай, 2009.
Мазмұны
Типтік бағдарлама…………………………………
Пәннің жұмыс бағдарламасы.....
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
(силлабус)....................
Лекциялық материалдың мазмұны...........
пәннің семинар жоспары және
әдістемелік нұсқауы...........
Глоссарий ..............................
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау........................
Студенттердің өз бетімен игеретін
тақырыптары.(СӨЖ).............
Студенттердің
білімін бағалау жүйесі........................
Аралық
бақылау тапсырмалары..........
Реферат сұрақтары.....................
Әдебиеттер....................
Курсты оқыту саясаты және процедурасы
..............................
Лекция материалдары...........
Пәннің оқу-әдістемелік
Типтік оқу жоспары
Жоғары кәсіптік білім
Түркі халықтарының тарихы
05114 – Тарих мамандығы бойынша
Кредит саны – 3 (135 сағат)
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министрлігі
Алматы, 2006
Алғы сөз
1 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН.
2. Қазақстан Республикасы
білім және ғылым
3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
4 Типтік оқу бағдарламасы 050114 - тарих мамандығы бойынша Мемлекеттік жалшыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.
3 Бағдарламаны Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
Түсінік хат
Қазақстан
Республикасы педагогтік
Түркі халықтарының тарихын оқыту үлкен қиындықтар мен күрделі мәселелерден тұрады. Ол ең алдымен, іс жүзінде білікті мамандардың жоқтытынан туындайтын ғылыми жете зерттелгеи типтік бағдарламаның, мықты оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығына байланысты. Жаңа пәннің ғылыми базасын жасау өз бетіне жіберілген. Бұған ҚР Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығымен 2001 жылы тарих факультеттері үшін шығарылған түркі халықтары тарихының типтік бағдарламасы арқылы көрнекті түрде көз жеткізуге болады. Құрастырған Досымбаева А.М. Бұл бағдарлама кәсіби талапқа сай құрастырылмаған: түрі мен мазмұны және методологиялық жағынан да типтік бағдарламаларға қойылатын талаптарды ешқандай қанағатандырмайды. Бұл типтік бағдарлаама пән туралы түсінікті көрсетпейді: археология, мәдениеттану, саясаттану, этнография және ең соңында тарихтан үзік-үзік материалдар мен ережелер жиынтығының қойыртпағы болып табылады. Әдебиеттер тізімі мүлде білімсіз жасалған, оған пәнге ешқандай қатысы жоқ журналдық мақалалар, облыстық конференция материалдарының тезистері кіргізілген. Құрастырушы керек болса қазақстандық зерттеушілер дайындаған оқу құралдарының авторларын да атамайды.
Біз бұл бағдарламада туркі халықтарының
тарихына арналған жұмыстардың жетістіктері
мен кемшіліктерінен сабақ
Бағдарламаны құрастыру
Кіріспе лекция
«Түрік» этносы және этнонимі. Түркі
этностары және түркі тілдес халықтар.
Олардыц территориялық
Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)
Хунндар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар.
Олардың қоныстанған
Түрік қағанаты. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы. Түріктер жужандардың (аварлар) қол астында. Түрік тайпалық одағының нығаюы. Оғыздарды бағындыру. Түріктердің жужандарды талқандауы және Түрік Елінің - мемлекетінің, қағанатының құрылуы. Бумын қаған. Мұқан-қағанның билігі. Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы. Эфталиттермсн соғыс, Иранмен одақ. «Эфталипік мұраны» бөлісу. Қытаймен ара қатыиас, олардың түріктердің күші мен қуатын мойындауы, сыйлықтар (алым) төлеу. 'Түрік қағанатында жоғары биліктің бастапқы кезден бөлінуі. Естеми-жабғының (қаған) батыстағы билігі. Мұқан-қаған және Естеми-қаған өлгеннен кейін түрік мемлекетінде жоғары билік үшін күрестің және сепаратизмнің күшсюі. УІІг. басында Батыс түрік қағанаты жэне Шығыс түрік қағанатына беліну. 630 жылы Шыгыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.
Батыс түрік қағанаты. Жегуй-қаған мен Түн-жабғы қаған кезінде мемлекеттің күш-қуатының тасуы. Византиямен одақтастық қатынастар, интенсивті дипломатиялық байланыстар, Ираимен согыс. Орталықтан тепкіш күштің күшеюі. Мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы: Ұлы Бұлгария, «Он оқ бүдун», Хазар қаганаты. Дулу және нушиби тайпалық одақтарының арасындағы билік үшін күрес. Соғды колонистері Оңтүстік Қазақстанда, соғды көпестерінің, соғды тілінің және жазбасының ролі. Қытай әскерінің Жетісуға баса-көктеп енуі жэне 659 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы.
Мемлекеттік құрылыс. Түрік феодалдық лауазымдары: қаған, жабғы, шад, тегін, елтебер, тархан. Жоғары билікті мұралану. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні: тәңірілік, манихеймнің таралуы. Ұлы Жібек жолының маңызы, түріктер кезінде оның солтүстік тармағының - Сырдария, Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауы бойымен, Солтүстік Каспий, Солтүстік Кавказ арқылы Византияға баратын бөлігінің рөлінің өсуі.
Түрік жазба ескерткіштері. Олардың зерттелу дәрежесі. Вильгельм Томсен, В.В.Радлов, С.Е.Малов, С.Г.Кляшторный. Күлтегіннің, Білге-қағанның, Тоныкөктің құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің, соғды тілді Бугут жазбасының тарихи маңызы. Моңғол ғалымы Баярдың Білге-қаган моласындагы қазіргі кездегі жаңа археологиялық ашулары.
Екінші Шығыс түрік қағанаты. Шығыс түріктердің таугаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі. Құтылықгың басшылығымсн жеңіске жету. Түрік мемлекетін қалпына келтіру. Елтеріс (Құтылық)-қаған. Білге-қаған ксзінде екінші Шығыс түрік кағанатының гүлденуі. Түргеш қағанатын багындыру. Арабтармен соғыс. Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шыгыс түрік қағанатының әлсірсуі. Түріктердің қол астындағы басмылдар, үйғырлар жэне қарлұқтардың көтерілуі. Түріктер билігін құлату.
Түргеш қағанаты. ҮІ г. Аяғында Жетісуда, «Он оқ будун» жерінде Түргеш қағанатының құрылуы. Түріктердің Сақал-қағанды талқандауы, оның өлімі, елді түріктердің алуы, түргештердің батысқа қарай шегінуі, (печенегтер) қақтығысу. Сұлық (Сұлу)-қаған. Арабтармен соғыс, Сұлық (Сұлу)-қағанның шығыстағы дипломатиялық жетістіктері. Оның өлімінен кейін қағанаттың әлсіреуі. «Қара» және «сары» түргештердің күресі. Түргеш кағанатының құлауы, түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекетінің құрамында.
Ұйғыр қағанаты. ҮШғ. 40-жылдарының аяғында Орталық Азияда ұйғырлардың гетемондығының орнауы. Ұйғыр қағанатының Қытаймен, қарлұқтармен және басқа да түркі тайпаларымен қарым-қатынасы. Манихейлік - қағанаттың мемлекеттік діні. Ұйғырлардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті. 844 жылы Ұйғыр қағанатының қырғыздардың (хакастар) шабуылдарының нәтижесінде құлауы.
Қарлұқ қағанаты. Қарлұқтардың Алтайдан Жетісуға миграциясы. Қарлұқтар ұйғырлардың қол астында. Қарлұқтардың билеушісі - жабғу. Қарлұқтардың түргештерді багындыруы, олардың билігінің Ферганага Шыгыс Түркестанның бір бөлегіне таралуы. ұйғырлармен, арабтармен соғыс. Қарлұқтар Қараханидтер мемлекетінің құрамында.
Оғыз және Қарахандар мемлекеті
Оғыз мемлсксті. Оғыздардың (теле) шығуы. Оғыздар түрік қағанатының тарихында. VI ғ. Оғыздардың бір бөлігінің Жетісуга қоныс аударуы. Оғыздар Батыс Түрік және Түргеш қағанапарьшың құрамында. VIII г. аяғында қарлұқтардың қысымымен Оғыздардың Сырдария өңіріне ығысуы. Псченегтермен соғыс. Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыз билеушісінің титулы - жабғу. Оғыздар туралы Ибн Фадлан, ал-Масуди, Рашид ад-дин, Махмуд Қашгаридің еңбектсрі. Қорқыт ата кітабы. Алихан Маликшах-хан кезінде Огыздар мсмлекетіиің күш-қуатының артуы. Хорезм, Салжұқтармен қақтығыс. Оғыз-салжұқтардың оңтүстік-батысқа, Оғыздардың бір билігінің (орыс жылнамаларында торки) оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы. ХІ-ХП ғғ. қыпшақтардың оғыздарды Сырдария өңірінен Арал маңына ығыстыруы.
Қарахандар мемлекеті. «Қарахандар» терминінің және қарахандар династиясының шығуы. Қарахандар мемлекеті - Қарлұқ қағанатының мұрагері. Жетісу және Шығыс Түркістандағы түркі тайпалары. Қарахандар және Хорезмшах мемлекеттері. Қарахандардың Саманидтер мемлекетін талқандауы, Орталық Азияны алу. Қарахандардың және Газневилердің қарым-қатынастары. Салжұқтардың Қарахандарды бағындыруы. Жетісуда қарақытайлардың пайда болуы, Қарахандардың мемлекеттілігін сақтай отырып, оларды бағындыруы.
Қарахандар мемлекеті көшпелі
және отырықшы-егіншілік