Түркі мемлекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.

Содержание

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Прикрепленные файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Тоныкөк тас жахуы - VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Ұлы Жібек жолы – сауда – керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.д. ІІ ғасырдан XVI ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырыды.

«Шығыснама» - Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу

Этникалық қауымдасық – адамдардың әлеуметтік тұрықты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт, т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

Айша – бибі  кесенесі – ХІ –ХІІ ғасырларда ірге көтерген сәулет өнері ескерткіші. Ескерткіштен қазақ халқының ою-өрнек, әшекей бұйымдарының көп екендігін көруге болады.

Алаша хан кесенесі – Қарахан немесе оғыз – қыпшақ заманында XIV-XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Қарағанда облысы, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.

Арыстан-баб кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған.

Ахмет Йассауи кесенесі – қарахан дәуірінде(ХІІғ), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темір бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.

Баба-Ата – қыпшақ-қарахандар дәуіріндегі (ІХ-ХІІғ.)қала.Қаратаудың шығыс етегіне таман, Шолаққорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.

Бабаджа-қатын кесенесі – Х-ХІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-бибі кесенесінің жанында орналасқан.

Жошы хан кесенесі - қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш.Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.

Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (ХІғ.)биік мұнаралы етіп салынған сәулет өнері.Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтстік-батыснан 8 км жерде Сырдария жағасында орналасқан.

Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» атанатын ХІІІ-XVІІІғасырлардағы бекініс. Шымкент облысы, Созақ ауданында рналысқан.

Қостөбе – Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала (І – VІІғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында, Шәуілдір кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан.

Мырзарабат сардобасы – Мырзашөлдегі байырғы керуен жолы бойында орналасқан күмбезді құдық, сардоба.

Отырар – ортағасырлық қала. Сырдарияның орта алқабында, темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Түркістан (Йасы) – ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. XІІ-ХІV ғасырларда қала Йассы атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық  институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушының жетекшілігімен игеретін студенттердің жұмыс жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай , 2009 .

 

 

 

Оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары.

 

Өзіндік жұмыс аудиторлық сабақ  ретінде өткізіледі және студенттердің  оқу жұмысының бір түрі болып  табылады. Оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары өзара байланысты логикалы екі міндетті шешеді.

      Деректер қоры  мен арнайы әдебиеттер институт  кітапханасында бар.Көптеген қосымша  әдебиеттер де жеткілікті. Оқытушы  аудиторлық сабақтарда студенттің  пәннің өте қиын тақырыптарын  игеруіне көмектеседі. Екіншіден, оқытушы жеткілікті мөлшерде әдебиеттер бар тақырыптарды лекция сабақтарынан әдейі алып тастайды. СОӨЖ-дің екінші функциясы бақылаушылық. Оқытушы артта қалған, лекциялық және семинарлық сабақтарға қатыспаған студенттермен белсенді жұмыс істейді.  

 

№ 1-2 тақырып. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар).

Тапсырмалар:

1. Ғұндар туралы алғашқы  тарихи мәліметтер.

2. Ғұн державасының  құрылуы, территориясы..

3. Ғұндардың қоғамдық-саяси  құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті,  діні, әскери iсі және өнepi.

4. Мемлекеттік құрылысы.

5. Ғұндар Қазақстан  территориясында.

6. Қазақ халқының этногенезіндегі  ғұндардың ролі.

        ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектілерді тексеру. Тақырып бойынша студенттермен  жеке әңгімелесу.

       Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған тақырыптарды берілген әдебиеттер бойынша реферат дайындау барысында ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi баса назар аудару қажет. Тақырыпқа сәйкес презинтация жасау.

Негізгі әдебиеттер: 9, 15, 17, 42, 43, 71.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 17.

 

№ 3 тақырып. Түpкі қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Түркілер туралы  алғашқы мәліметтер, мекендеген  территориясы.

2. Tүpiк тайпалық одағының  нығаюы.

3. Түркі қағанатының  құрылуы. 

4. Түркі қағанатының  ішкі және сыртқы саясаты.

5. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.

        ОСӨЖ өткізу түрі:

Оқыған материал бойынша  әңгімелесу.

       Әдістемелік нұсқау:

Сұрақтарды қарастыру  барысында түркілердің саяси  құрылымына, ішкі және сыртқы саясаты  басына назар аудару, берілген ақпараттардың объективтілігіне назар аудару.

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 35, 58, 62, 63, 69.

 

№ 4 тақырып. Батыс түpiк қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Батыс түрік қағанатының  қалыптасуы.

2. Мем лекеттік құрылысы.

3. Түріктердің шаруашылығы,  тұрмысы, діні.

4. Түрік жазба ескерткіштері. 

5. Күлтегін, Білге-қаған,  Тоныкөк ескерткіштері.

       ОСӨЖ өткізу түрі:

Көрсетілген монографияларды  талқылау.

 

Әдістемелік нұсқау:

Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқауды басшылыққа ала отырып, аннотация жазу. Аннотоциялар аудиторияда талқыланып, таныстырылады. Талаптар: аннотоция жазылған монографиялардағы проблемалық мәселелерін айқындау. 

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 5 тақырып. Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.

Тапсырмалар:.

1. Саяси тарихы.

2. Жаулап алушылық  жорықтары.

3. Шығыс түрік қағанатының  әлсіреуі.

4. Түркілердің тілі, жазуы,  жазба ерекшеліктері.

5. Түріктердің қол  астындағы  басмылдар, ұйғырлар  және қарлұқтардың көтерілуі.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Студентпен жеке әңгімелесе отырып, орындалған тапсырманы тексеру.

 

Әдістемелік нұсқау:

Сұрақтарды дайындағанда пайдаланған деректерге мінездеме  беру (автор, шыққан жылы, жазу мақсаты, дерек қандай хабар береді).

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 6 тақырып.  Түргеш қағанаты.

Тапсырма:

1. Түргеш қағанатының құрылуы.

2. Түргеш қағанатының ішкі және  сыртқы саясаты.

3. «Қара» және «сары» түргештердің  күpeci.

4. Қағанаттың әлсіреуі.

5. түргештер «тухси» деген атаумен  қарлұқ мемлекеттінің құрамында

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Тақырыпты ұсынылған  әдебиеттер бойынша қарастырып, реферат  дайындау барысында ғұндардың қоғамдық-саяси  құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi баса назар аудару қажет.

 

Әдістемелік нұсқау:

СӨЖ-ге арналған әдістемелік  нұсқаулар бойынша.

Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 39, 40, 44, 45, 51, 80.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 7 тақырып. Ұйғыр қағанаты.

Тапсырма:

1. Ұйғырлар үстемдігінің  орнауы.

2. Сыртқы саясаты. 

3. Манихейлік - қағанаттың  мемлекеттік діні.

4. Шаруашылығы, тұрмысы  және мәдениеті.

5. Ұйғыр қағанаты қырғыздар  шабуылдары нәтижесінде құлауы.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру  және студеттермен әңгіме жүргізу.

 

Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттерді алдыңғы әдістемелік нұсқауларға  сәйкес конспектілеу. Ұйғыр қағанатының  кезіндегі діни наным сенімдеріне  мән беріңіз.

Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 40, 44, 45, 51, 57, 80, 104.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 8 тақырып.  Оғыз мемлекеті.

Тапсырма:

1. Оғыздар мемлекетінің  құрылуы.

2. Оғыздар мемлекетінің  күш-қуатының артуы.

3. Хорезм, Селжұқтармен  қақтығысы.

4. Оғыздардың бip бөлігінің  оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы.

5. Оғыздар мемлекетінің  әлсіреуі.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру, студенттермен тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

 

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмаларды орындау  барысында Оғыздар туралы Ибн  Фадлан, ал-Масуди, Рашид ад-дин, Махмуд Қашғаридің еңбектеріндегі ақпараттарған баса назар аудару. Қорқыт ата кітабы. Алихан Маликшах-хан кезінде Оғыздар мемлекетінің күш-қуатының артуына тоқталу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 17, 18, 36, 41.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 99.

 

№ 9 тақырып. Қарахандар мемлекеті.

Тапсырмалар:

1. Қарахандар мемлекетiнің қалыптасуы.

2. Қарахандар мемлекетi жаулап алушылық  жорықтары.

3. Қарахандар мемлекеті көшпелі  және отырықшы-егіншілік өркениеттері  жүйесінде.

4. Қарахандар династиясының исламды  ресми діни ретінде қабылдауы.

5. Мәдениеті.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру. Студенттермен жеке әңгімелесу.

 

Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттерді талдау негізінде Қарахандар мемлекетiнің  билеуші әулеттерін, билеушілерді анықтау. Олардың ішкі, сыртқы саясатын сипаттау. Махмуд Қашғари, Иусуф Баласағуни, Абул-Фадл Байхаки еңбектеріне назар аудару.

Негізгі әдебиеттер: 6, 16, 17, 18, 22, 31, 36, 41, 51.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13.

 

№ 10 тақырып. Хазар қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Хазарлардың шығуы  және этникалық тегі.

2. Хазар мемлекетінің құрылуы.

3. Мемлекеттік құрылымы.

4. Шаруашылығы, мәдениеті.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерін тексеру, әңгімелесіп, дерек жайлы ой-пікір  алмасу.

 

Әдістемелік нұсқау:

Хазар қағанаты тарихын  оқу барысында мынадай мәселелерге  басты назар аударған жөн: Хазарлардың шығуы және этникалық тегі; «Хазар» этнонимі; Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында; Хазар мемлекетінің құрылуындағы Ашинаның - түркілерден шыққан патша тайпасының ролі; Хазар қағанатының территориясы; Билеуші топ; Қағанның жоғарғы билігі; Тұрақты армияның болуы.

Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 27, 36, 40, 41, 47, 66, 107.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 12, 13, 21.

 

№ 11тақырып. Қимақ қағанаты.

Тапсырма:

  1. Қимақтардың шығу тeгi мен opнaлaсy аймағы.
  2. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.
  3. Шаруашылығы, әлеуметтік - саяси жағдайы.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру.

 

Әдістемелік нұсқау:

Жалпы нұсқауларды қараңыз. Конспектілеуге және аннотация жазуға ұсыныстардың ішінде берілген.

Негізгі әдебиеттер: 6, 16, 17, 18, 22, 31, 36, 41, 51.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13.

 

№ 12 тақырып. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы.

Тапсырмалар:

1. Қыпшақтардың шығу  тегі мен орналасу аймағы.

2. XI-ХІІ ғғ. шамасындағы  қыпшақ тайпалар конфедрациясының  құрылуы.

3. Қыпшақ мемлекеттілігі.

4. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы.

5. Қыпшақтардың шаруашылығы,  әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы.

6. Қыпшақтар қазақ  халқының этногенезінде.

 

ОСӨЖ өткізу түрі:

Информация о работе Түркі мемлекеттері