Түркі мемлекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.

Содержание

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Прикрепленные файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.31 Мб (Скачать документ)

 

Бақылау түрі мен формасына  қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.                               

 

2.1. Пәнді оқу технологиясы

 

Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:

    • Лекция сабақтары
    • Семинар сабақтары.
    • Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.
    • Студенттің өзіндік жұмысы.

Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері  бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.

Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді  шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік  жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.

Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен  бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.

Барлық тапсырмалар тексеру  уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға  жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды  беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық  институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай , 2009 .

 

 

 

 

 

 

№1 . Тақырыбы: Түркі халықтарының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың  ортасындағы орны.

Мақсаты: Курс туралы жалпы түсінік беру.

Жоспар:

І.Түркі халықтары тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Түркі халықтарының тарихы пәні:

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихка VI ғасырда "түркі" деген атпен енсек те, алтайлыктар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төнкерісіне дейін қазақ та. түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихыңда толыққаңды мемлекет болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, ку тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты.

Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі — бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бүрынғы III ғасыр мен бергі XI ғасыр арасындағы хундар, түркілер дэуірі — біздің рухани қазыналарымыз, түркі жүртының мөдениет тарихының деректі коздері.

Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жүрты X—XIV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болган тайпалар мен халықтардың жэне хун, түркі империяларының қүрамына кіріп аралас-күралас күн кешкен 20-дан астам түркі жүртының ру-тайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқүрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, үграқ, шарух, жүмылы, үйғыр, таңғүт, қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы "пантюркис" деген сойкан сез "халық жауы" деген мағынада қолданылып, Отан сүйер, үлт сүйер есіл ерлердің басын жүтқандыктан, ежелгі ел екенімізді үмытып, Ресейдің кол астындағы "тегі жок тексіздер", "жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар" болып шыға келдік. Өз негізімізден, өз дөулетімізден озіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мүрасынан ат-тонымызды ала қаштық.

Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созган шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне комектесу — тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген эрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мүрасына жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уакыт безбеніне салып, тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуымыз кажет.

   Түркі елі өзі омір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену-ерлеу, төрт рет дағдарыс-қүлдырауды бастан кешірді. Бірінші ерлеу — біздің заманымыздьщ VI ғасырында Еуразияны жайлаған ежелгі түркі тегінен шыққан тайпалардың, халықтардың бірігіп, бірінші Түркі қағандығын (империясын, 551—630 жылдар) қүрған кезі. Бүл империя кең байтақ аумақты — Монғолияны, Енисейдің шығыс жағын, Байкал жағалауын, ал батысында Қырымға дейін, Оңтүстікте Амударияның бастауына дейін қамтыды. Солтүстік Қытай мемлекеті — Ци жэне Батыс қытай мемлекеті— Чжоу түркі қағандарына алым-салық толеді. Олармен VII ғасырдың 60-жылдары сол кездегі ірі мемлекеттер — Иран, Византия саяси-экономикалық қарым-қатынас жасады. Түркі елінің тарихындағы бірінші ауыр дағдарыс, экономикалық-мәдени қүлдырау кезеңі — VII ғасырдың ортасы. Бүл кезде түркі бектерінің дербестікке үмтылуы озара қырқыстарға өкеп соқты. Қытайдың Ци империясы оған белсене араласты. Соның салдарынан түркі қағандығы Орталық Азияда Шығыс жене Батыс қағандықтар болып екіге бөлінді, империя дағдарысқа килікті, әлсіреді. Шығыс Түркі мемлекеті қытайлардан жеңіліп, түркі халқы 50 жыл бойына (630— 679 жылдар) бостандығынан айырылды.

Бүгінгі күні Орта Азиядағы Түркі  тектес елдер Қазақстан, Озбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан жэне Әзірбайжан төуелсіздігін алып ертеңіне сеніммен қол созған шақта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев түркі халықтарының одағын қүруды үсынды, ол өз созінде Орта Азия елдерінің одағын қүру туралы "Біз ... үлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бэсекелестігін де байқап отырмыз.

Біздің алдымызда таңдау түр: бірі — өлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялауына қарай қадам жасау.

Мен осының соңғысын үсынамын.

Бүдан былайғы интеграциялауымыз — біздің оңіріміздін түрақтылығына, прогреске, экономикалық және өскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің еңірді өлем қүрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз кауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пэрменді күрес жүргізетін боламыз. Мүндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.

Түркі халыхтарының тарихы - элеуметтік-гуманитарлық пэндер циклындағы дербес пэн. Пэнді  оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан ортағасыр аралығын қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде  тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мэн  беруіне үйрету. Сонымен қатар  студенттердің тарихи үлттық санасын қалыптастырып жэне тарихи үлттық қүндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Әлемдік білім кеңістігіне терең  бойлап тэуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы  оқу орнын бітіріп шыққан білікті  мамандарын биік деңгейден көргісі  келетіндігі заңды қүбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жүртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бүл орайда Түркі халықтарының тарихы пэніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тэрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Түркі халықтарының тарихы институтың тарих мамандықтары бойынша екінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жері түркі халықтарының қара шаңырағы екендігіне тоқталу.

Осыған байланысты пэн өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы жэне оның өркендеуі, жаруашылығы жэне мэдениеті жөнінде білім беру
  2. Түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі жэне қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мэселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мүраты- студент  жастарға тек қана осы пэн бойынша  терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пэнді игерген  маман елеміздің парасаты, іскер, жогарғы мэдениетті, патриот азаматы болуы керек. Курстың түйіні:

Түркі халықтарының түп - тамыры. Азия мен Еуропадағы хундар империясы  жэне үйсін, қаңлы мемлекеттері. Түркі  тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық  шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық қүрамы. Түрікі империясы мен мемлекеттері. Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып қалыптасуы ( VIII - ХІІІғ). Шыңғыс хан империясы жэне түркі халықтары (XII - ХІІІғ). IX - XIII ғ. Русь жэне түркі халыктары. Алтын Орданың қоғамдық - саяси қүрылысы жэне ыдырауы мен қүлауы (XIII - ХУғ.). Кіші Азияда түрік үлтының қалыптасуы жэне Осман империясынын қүрылуы мен нығайюы (XIV - XVIII ғ. 1 ж.)

 

Пайдаланған әдебиет

1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005. 320 бет.

2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б. Тоқтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.

3. Қабышұлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007.

 

 

 №2-3. Тақырыбы: Түркі халықтарының түп тамыры.

Мақсаты:. ари, сақтардың түркі халқының атасы екендігін дәлелдеу

Жоспар

1 .Ари және сақ дәуірі.

2. Андорнов мәдениеті

І.Б. з. б. (біздің заманымыздан бүрынғы) III мыңжыддықтың басында Еуразия даласывда, Қазакстан мен Орта Азия жерінде, теменгі Еділ мен Алтайда, Батыс Сібір мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмір сүрді. Бүл тайпаларды "алтайлық" деп шартты түрде ғана атайды; олардың мекендеген жерлері Алтайдың шығысын, Сібірдің керемет кең оңтүстігін, Енисей мен Тынық мүхиттың арасын, Монғол, Манчжурияны және қазіргі Кытайдың солтүстік провинцияларын қамтыған еді.

Алтайлықтарға б. з. б. II мыңжылдықта арилік тайпалар келіп араласа бастады.

Ариліктер кімдер? Олардың шығу тарихы, мэдениеті қандай? Салт-дэстүрлері, діни сенімі, түрмыс жағдайы, эскери өнері, мекендеген жерінің аумағы, даму кезендері туралы не білеміз?

Үнді-еуропа (иран) тілінде сөйлеген олар, яғни арилер казіргі Иран жерінен  шыгыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген.

Б. з. б. 1800—1600 жылдары шығыс Азияға келіп қоныстанып, Қазақстан мен  оңтүстік Сібірде орналаскан жеріне қарай, Енисейде Андрон елді мекеніне байланысты аңдроновтар мэдениетін қүрады.

Андроновтар мэдениетінің дамуы 3 кезеңге  бөлінеді: 1) ерте кезең (б. з. б. XVIII—XVI ғасырлар), 2) өркендеген кезең (б. з. б. ХЛ-ХШ ғасырлар), 3) кейінгі кезең (б. з. б. ХІІ-Х ғасырлар).

Кеңес ғалымдарының зерттеуімен соңғы 40 жыл ішінде шамамен аңдроновтардың 150 мекені мен көптеген бейіттері ашылды. Олардың қоныстанған жерлерін тек Батыс Сібір мен жоғарғы Енисей аңғарынан ғана емес, Тянь-Шаньнан, Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, ал кейбір андроновтарға тэн белгілерді Солтүстік Пэкістан жерлерінен табуға болады. Соған қарамастан, андроновтардың түп тамыр мекеніне Қазақстандағы жэне Орал өңіріндегі жерлер жатады. Олардың ескерткіштері осы аймақтан көп табьшған.

Андроновтар түрған жерден бидай үнтақтағыш (тартқыш) тас табылған. Қола дәуіріндегі  жартастардың суреттеріне көз салсак, олар бүқаға соқа жегіп, жер жыртқаны да аныктадды. Андроновтарда түрғын үйлер де көп кездеседі. 1 — 1,5 метр қалындыкта евдеген ағаштардан екі қабатгы немесе пирамида тәріздес шатырлар салынған. Ол үйлерде мүржалар жэне күн сэулесі түсетін ашық жерлер — түңліктер қалдырған. Шатырлар бірнеше діңгекпен үсталып түрғызылған. Түрғын үилердің жарты бөлігін қыста жас малдарды бағуға арнап бөлген. Андроновтардың үйлері түрған жерлерден жылқы жэне қой сүйектері көп табылған.

Қорыта келе, қалдырған іздеріне сүйенсек, олардың дэнді дақьшмен бірге негізгі асы сүт тағамдары екенін көреміз жэне андроновтардың емір сүруінің негізгі кайнар көзі мал шаруашьшығы болып табылғанын да байқаймыз.

Информация о работе Түркі мемлекеттері