Түркі мемлекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.

Содержание

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Прикрепленные файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Біздің заманымыздан бүрынғы 203—202 жылдары Моде Саян, Алтай жэне жоғарғы  Енисей тайпаларын (оның ішінде Хакас  аумағындағы ертедегі қырғыздарды) бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік  шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірак әлі де ең басты екі  қарсыласы — Қытай мен юэчжилер (иран тілдес үлы жүздер) қалып еді.

Б. з. б. 202 жылы Қытайда  азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін  калаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын кауіпсіздеңціруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мүны байқаған Хундар шегіністі бірден токтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. "Жеті күн бойы таудағы жэне одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азык-түлік көмегін де, эскери көмек те бере алмады",— деп жазады тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты эскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — түмсығында ак дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер — қара түмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген".

Императорга хундармен туыстыққа  негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уэдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар — жібек маталар, шарап, күріш, эшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бүл салыктар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166— 163 жылдарға дейін созылды. Бүдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.

Моде мен оның мүрагерлері, дәлірек айтқанда, тэңірқүт Лаошаньнің ең қатал соғысты үлы жүздермен  (юэчжилермен)жүргізуіне тура келді (б. з. б. 177—176 жылдары). Күрес цшрек гасырға созылды және біздің заманымыздан бүрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нэтижесінде қатты шиеленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі үрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тэңірқут Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: "Хундардың тэңірқүты Аслан (Лауошань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасаткан. Алғашында үлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында отыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге қарай ауып кеткен. Үлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрған" делінген. Осылайша бүл жолғы шабуыддар арқылы хундар мен үйсін тайпалары үлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.

Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тэңіркүты Хуханьенің басшылығымен шапқыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал кытайлар олардың тынышталуы үшін бэрін істеді, сөйтіп 50 жылдай уақыт бойы хун — қытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тэңірқүты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтгі, бірақ бүл жерде хундар кытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады. Өйткені қытайлар Чжичжиді қаңлы мемлекетімен бірігіп, Шығыс Түркістандағы билігіне қауіп төндіреді деп күдіктенген. Осы түстарда хун тайпалары ыдырап, оңтүстіктегілері қытайдың боданына айналып, солтүстіктегілері кытай әскерлерінен жеңіліп, батыска карай жылжиды. Біздің заманымыздан бүрынғы 49 жылы Барқол маңында билік қүрған хун тайпаларының тэңірқүты Шөже үйсіндердің терістік өңірдегі Күнбиіне елші жіберіп, оларды өздеріне қаратпақ болады. Қытай жазба деректері бул оқиға жайлы былай деп жазады: "Үйсіндер тайпасы хундардан келген елшіні өлтіріп, басын кесіп алып, қытай патшаларының өкілдігі түрған жерге жібереді. Өзі 8 мың әскерді бастап, тэңірқүты Шөжеге қарсы соғысқа аттанады. Алайда бүл жолғы соғыста үйсіндердің кіші Күнбиі атанған Өжет батыр жеңіске жетпеді".

Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік жэне оңтүстік болып екіге  бөлінді.  Оңтүстік хундардыңтағдыры негізінен Хань империясынатэуедді болды. Солтүстік хундар

—Енисей (ежелгі қырғыз) тайпаларынан, эсіресе дуньху — үйсін үрпақтарынан, сэнби—Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы эуелі Қазақстанның шығысына —Тарбағатайга жэне Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін күрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңыңдағы жерлерге коныс аударды.

Хундардың экономикасы  және мемлекетгі басқару дәстүрі

Сыма Цяньнің жазғанына қарағанда, хун коғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға үқсайды: "Жай уақытта олар мал бақты, эрі аң, күс аулаумен айналысты, ал қиын-қыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ретінде эркім өзінше эскери істерге үйренді.

Жылқы табынынан басқа хундардың  негізгі байлығы — сиыр, қодас, түйе, қой жэне ешкі отарлары болады. Мал

жеке меншікте үстадды, эр отбасы туыстығына байланысты аумақтың белгілі бір  бөлігінде мал жайды, эрі ол жерді  бүкіл туыстарына корған түтты. Адам баласы мүліктерінің бүтіндігін сақтау мақсатымен, Сыма Цянь айтпақшы, "Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгершілік жолымен өздері алып отырған", басқа көршілері сияқты хундарда да көп эйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы қатаң жауапка тартылған, ал мал үрлаған кінәлі отбасы қулдыққа түсіп отырған.

Хун қоғамының жоғарғы билікті  төрт аристократиялык ру күрды, олар — яғни кез-келген бір ер кісі өзіне  әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бірімен некелік  қатынаста байланысқан рулар  еді.

Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой терісін жэне басқа да салык түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардың ру басшыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын ездері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етгі. Хундардағы қүлдықты көрсететін мэліметтер жиі кездеседі. Қүлдыққа негізінен түткындар алынды, ал кейде эр түрлі қылмыстары үшін хундардың ездері де қүлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни қүддар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген қалада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас калау жэне қүрылыс жүмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты. Қүлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық отбасының ең төменгі тобын күрауы мүмкін.

Хун мемлекетінің қүрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V—IV ғасырларда жун (хун) тайпасынын, әскери демократиясынан өсіл шыққан хун державасы көршілес тайпа одақтары жэне қытай патшалығымен соғыста әбден шындалды. Мүндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен үйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.

Қатал билік жүргізген ел басын "тэңірқүты" деп атаған. Ол "Аспан  мен Жерден жаралган, Күн мен Айға теңестіріп койылған үлы хун —  Тэңірқүты деген арнайы титулға  ие болған. Оны "Көк үлы" деп  те атаған. Оның билігі мынадай міңдеттер мен функциялардан көрінеді: а) мемлекетгің барлық аумағы мен баскару міндеті, осы аумақты корғау функциясы; э) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен эскерге жетекшілік ету функциясы; б) мемлекеттің барлык карулы күштеріне жүмсалатын шығынды ез қолына жүмылдыру жэне сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы; в) қарамағындағы эрбір адамның өмірі мен өліміне жауаптылық міндеті.

Мемлекетте Тэңірқутынан кейінгі  лауазымды кісілер — сол жэне оң (батыс, шығыс) "дана басшылар", яғни олар Тэңірқүтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын баскарды, эскердің сол жэне оң канатын басқарды. Бүлардан кейін Тэңірқүтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары түрды, олардың бэрі эр түрлі лауазымға ие бодды жэне "он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар" деп атадды. Бүлардың жалпы саны империяның батыс, шығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң канатгарына бекітілген 24 жоғары әскер басылардан қүралды. Бүл орындарға Тэңірқүтына туыстық жакындығына карай алынды. Басшыларды Тэңірқүты өзі белгіледі. Ол эр басшының   иелігіне   сонда   мекендеуші   түрғындарымен   бірге   аумақтар   бөліп   берді.   Тәңірқүтының рүксатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.

Мемлекетте барлык ер адамның негізгі борышы әскери кызмет бодды. Әр хун жауынгер атанды жэне әскери міндетгі орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлык, ер адам балалық шағынан өмірінің соңына дейін қатал бекітілген эскери бөлімшелерге жазылып койды, әркайсысы өз басшысының буйрығымен соғысты.

Міндетті түрде төрт аристократиялық  рудан шықкан басшылар "аспанға, жерге, адам рухьша, аспан элемінің рухына қүрбандык шалуға" жылына үш рет, ал "мемлекет істерін талқылауға, адамдар мен үй жануарларының санағьш тексеруге" күзде бір рет Ордадағы тэңірқутына барып түрды. Бүл жиынды баскару уйымы дегенмен, ол туыстардьщ

отбасылык кеңесі ретінде өтеді, өйткені  оның катысушылары Төңіркүтының туыстары болатын.

Сөйтіп Хун империясының басқарушы  тобы рулық-тайпалық негізде калыптасты; мемлекеттің жоғарғы басшыларын сайлауда туыстык қатынас шешуші мәнін сақтады. Барлық аксуйектер ру ішілік жөне тайпа ішілік байланыстарды сақтай отырып, қатардағы тайпалармен кандас ретінде көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-түліктерді бөлу жайылым жерлерге деген жеке меншіктілік жоғарыдағылардың саяси күшінің негізін күрады.

Хун империясының үш ғасырдай емір сургенін және усақ хун мемлекетінің бірнеше  ғасырғы өмірін жалғастыру ушін бүл  қүрылымдардың барлығы толық  түрақтьшыққа ие болды.

Шығыс Еуропадағы хундар империясы

Біздің заманымыздың басындағы  I ғасырда Хун одағы еьсі топқа жарылып, бірі — Шығыс хун мемлекеті, екіншісі Солтустік Батыс хун мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстіктегі Хун мемлекеіі біздің заманымыздың IV ғасырында әйгілі болып, шығыс Европаға қарай жылжыды. Б. з. IV ғасырынык 70-жылдарының аяғында хундар солтүстік Қаратеңіз оңірінде пайда бола бастады. Хундардан бірінші болып соккыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген аландар (осетиндер) еді. Көшпелі аландардың біраз болігі қазіргі Кубань өзені бойындағы хундарға бағынды. Хундар екі бағытта ілгері жылжыды: біріншісі — қыста мүзды жолмен яғни Перекоп жэне Таман түбегі аркылы қазіргі Керчь бүғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Оның калалары алынды жэне тоналды. Мың жыддан аса емір сүрген Боспор патшалығы жойыдды. Екіншісі батыс және солтүстік батыста орналаскан Сармат — алан және Готтар немесе швед тайпасына бет түзеді. Вестоготтар (Батыс Готтар) Дунайға қашты, Остоготтар (Шығыс Готтар) талкандалды. Олардың королі 110 жастағы Эрмонарих жеңіліске үшырағанын көтере алмай, өзін-езі өлтірді. Сонымен Оңтүстік Батыс хундарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген турлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін — 376 жылы хундар Рим империясымен көршілес мемлекет болып, коп узамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хундар Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады.

Хундардың патшасы Аттила 450 жылы Рим  империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалады. Ол Рим императоры Валентино Ш-ден карындасы Гонорияны озіне эйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз болігін беруін талап етеді. Гонорияның өзі болса Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі — Гонория кеп жылдар бойы оз туыстарымен Римде билікке таласқан еді. Сондықтан ол Аттилаға қүпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді, оның белгісі ретінде қымбат жузігін беріп жібереді. Римдіктер муны біліп койып, катты дурлігеді, Муны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық экелді, Римге опасыздық жасады" деп жазды. Әрине, Аттиланың сарайында 32 жастағы Рим қызынан басқа да жас қыздар жеткілікті еді. Бірақ Аттиланың Рим кызымен кесілер некесі римдік патшаның мүрагері болуға мумкіндік беретін еді.

451 жылы Аттила алып державаның  эміршісі болды. Оған Днестрден  Римге дейінгі, Балтык, теңізінен  Қара тёңізге дейінгі жерлер  бағынды. Ол қай жерге аяк  басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген.  Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалады. 451 жылы Аттила Рейн өзенін басып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде түрды. Римнің эскер басы Аэции деген адам еді. Ол жас кезінде хундардың тутқыны болған, сол жерде Аттиламен кездескен болатын, ол хундар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астына вестоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 жылы 15 маусымда Тура каласының жанындағы жазықта Атгила әскерімен шешуші шайқас болады. Мүндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі қантөгісті бүдан соң тарихта XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот тарихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқасты қайғылы суретгеген. Алғашқы шайкас Атгиланың жеңілісімен бітгі. Ол эскерлерімен бірге күшті лагерде тасалануға мэжбур болды. Шабуылды күту кезінде ол хундардың дэстүрі бойынша жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Бірақ хундар бекінісіне шабуыл болмады, Римдіктер қүрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық бастадды, вестоготгар өз эскерлерін соғыс аймағынан алып кетті. Аттила болса, өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп үзамай ол өзінің эскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне — Римге қарай бет адды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Верона, Монтуя жэне Бергамоны басып алды. Милан каласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны езі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады. Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік каладан Лев I Рим папасы Аттиладан қайырымдылык сүрау үшін елші жіберді. Елшілер Аттилаға кеп алтын, асыл заттар тарту етті. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хун елінде оба ауруы басталған еді. Хун патшасы Поннонияға кетпекші бодды. Бірак Римдіктер Гонорияны эйеддікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтьш келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сүлу қызы Ильдиконы алды.

Информация о работе Түркі мемлекеттері