Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

О ң т ү с т  і к  К а с п и й  ақмарқасы  –южнокаспийский жерех – Aspius aspius taeniatus (Eichw). Оңтүстік Каспийдің өрістеуші балығы. Дене ұзындығы 80 см, салмағы 6 кг болатын балық.  4-5 жасында пісіп жетіледі. Көбею кезеңі  ерте көктемде , наурыз-сәуір айларында өтеді. Өсімталдығы 500 мың дана уылдырық. Жыртқыштар қатарына жатады. Негізгі қоректері майда балықтар.

Ш о р т а н  т әр і з д і  а қ м а р қ а – щуковидный жерех- Aspiolucius. Денесі майда қабыршақтармен жабылған. Ауызы үлкен. Басы жалпақ.  Бұл туысқа екі түр жатады: Сырдария және Амудари өзендерінде мекендейтін шортантәрізді ақмарқа, немесе лысач,- A. esocinus (Kessl.), және Оңтүстік Қытай суларында тіршілік ететін  - A. harmandti (Sauv.).  Бұл балықтың дене ұзындығы шамамен 50 см, салмағы 1 кг болады.  Негізгі азығы балықтар.  Кәсіптік маңызы шамалы.

А м у р  а қ м а р қ а с ы  туысы – род амурские жерехи – Pseudoaspius. Ең басты ерекшелігі,  ауызы аталған түрлер мен салыстырғанда кішірек болады. Бұл туысқа Амур өзенінде  мекендейтін, ұзындығы 640см , салмағы 3,7 кг болатын - амурдың жалпақ бас ақмарқасы – P. leptocephalus (Pall) жатады. Кәсіптік маңызы шамалы жыртқыш балық.

М а й б  а л ы қ туысы – род шемаи – Chalcalburninus. Майбалық деп аталуына себеп болған етінің майлы болуы. Оның үстіне Иранда оны «шахмай» парсы тілінде «патша балығы» деп аталады. Сондықтан болар орыс тілінде «шемай» болып аталып кеткен. Құрсақ қанатының арт жағында төс қыры, немесе сырты қабыршақты иық белдеуі болады. Ауызы орташа, жоғарғы, жұтқыншақ тістері екі қатар болып орналасқан.  Бұл туысқа бірнеше түрлер мен түршелер жатады. Таралуы: ТМД елдерінің оңтүстік теңіздерінің алаптары, Ван көлі, Оңтүстік Иран, Тигр және Эфрат өзендерінің алаптары .Арал майбалығы ащылау суда мекендейді. Майбалықтың екі формасы кездеседі: жартылай өрістеуші және тұрғылықты. Тұрғылықты формасы жартылай өрістешілерге қарағанда майдалау болып келеді және  кеш жетіледі. Экологиялық тұрғыдан қарағанда  майбалықтардың тұщы суда, өрістеуші және теңізде тірішлік ететін  формаларға бөлінеді.

М а й б а л  қ – шемая – Chalcalburnus chalcoides (Guld.). Каспий, Арал, Қара теңіздердің алабтарында мекендейді. Майбалықтардың бірнеше түршелері кездеседі.

А з о в – қ  а р а т е ң і з майбалығы  – азовско-черноморская шемая –  Сh. сh.  schischkovi  Drensky. Азов және Қара теңздерінде мекендейді. Ұзындығы 40см жететін өрістеуші балық түрі.  Ұрықтарын шашу үшін күз айларында шығады. Мысалы, Кубань өзеніне уылдырық шашу үшін  қыркүйектің соңынан қаңтар айына дейін өтеді Ал уылдырықтарын мамыр айында, өзен суының температурасы 180 С көтерілгенде шаш бастайды. Оңтүстік Буг өзеніне наурыз-сәуір айларында көтеріліп мамыр – шілде айларында уылдырықтарын шашады.  Жыныстық қаблет жағдайына, аталықтары денесінің ұзындығы 2 жасында 14 см жеткенде, ал аналықтары денесінің ұзындығы 3 жасында 17-18 см болғанда жетеді. Уылдырықтарын ымыртта және түнде шашады. Уылдырықтарын өзеннің ағысы жылдам, табаны тасты, тереңдігі 20-40 см болатын тұстарына шашады. Шашылған уылдрықтары судың ағысымен тастардың арасына жиналып сол жерде дамиды.  Инкубациалану мерзімі 2-3  тәуілік шамасында. Шыққан дернәсілдері сарыуыз қапшығы тартылысымен, судың ағысымен теңізге келеді. Негізгі қоректері: планктондар, суға түскен насекомдар, майда балықтар. Кәсіптік маңызы бар құнды балық.

К а с п и й  майбалығы – каспийская шемая  – Ch.ch. typical (Guld.). 3 жасында жетілетін, ұзындығы 40 см болатын, өрістеуші балық. Терек өзеніне, уылдырықтарын шашуға қараша – қаңтар айларында шығады, ал Кура, Еділ және Жайық өзендеріне  өзеніне  қазан-наурыз айларында көтеріледі. Өсімталдығы 10-60 мың уылдырық. Кәсіптік маңызы бар.

А р а л  м а й б а л ы ғ ы – аральская шемая – Ch.ch. aralensis (Berg.) Арал теңізінде мекендейді. Аралдың суында уылдырығын шашып сол жерде өсіп семіреді. Баяу өсетін балық түрі. Денесінің ұзындығы 30 см аспайды. Жыныстық қаблетке 2-6 жасында , денесінің ұзындығы 15-17 см  жетісімен жетеді.  Өсімталдығы 35 мың данадан уылдырықтан аспайд. Уылдырықтарын теңіздің құмды, немесе тасты табаны бар жағалауына судың температурасы 15 0 С жеткенде шаша бастайды. Жас шабақтары теңіздің ортасында зоопланктондармен қоректенеді. Шабақтар түнгі кезде су қабатының үстіңгі бөлігінде, ал күндіз   судың төменгі терең  қабатына барады.  Өмірінің ұзақтығы шамамен 9 жыл.  Кәсіптік маңызы шамалы.

Ү к і ш  а б а қ т а р  т у  ы с ы – род уклейки – Alburnus. Майбалыққа ұқсас майда балықтар.  Иық белдеуінің сырты қабыршақсыз.  Денесі сыртынан тез түсіп қалалтын, жылтыр, күміс түсті қабыршақпен  жабылған. Ауызы жоғары қарай орналасқан. Жұтқыншақ тістері екі қатар болып орналасқан.  Европа, Кіші Азия, Сібір, Солтүсті Иранның суларында уклейкалардың 7 түрі кездеседі, соның ішінде  ТМД суларында 4 түрі кездеседі, ал Қазақстанда бір ғана – Alburnis alburnis (L.) түрі бар.

Ү к і ш а б  а қ т а р – уклейка  – Alburnis alburnis (L.). Олар денесінің ұзындығы 10-20 см болатын майда балықтар.  Түсі сұр-көк, арқасы жасылдау, екі бүйірі күмістүсті жылтырауық. Қанаттары сұр түсті. Таралуы: Европаның өзендері мен көлдері. Көлдерде планктондармен және суға түскен насекомдар мен қоректенсе өзендерде қорек көзі әртүрлі. Жас дарақтары су өсімдіктерінің арасында  өмір сүріп балдырлармен, насекомдардың дернәсілдерімен қоректенеді, ал ірі дарақтары судың қалың қабатына барып кез келген қорекпен азықтанады. Жыныстық қаблетіне 3 жасында жетеді. Көбею кезеңі мамыр-маусым айларында, судың температурасы 15-160 С болған жағдайда басталады. Уылдырықтарын су өсімдіктеріне 3 тен 6 ретке дейін бөліп  шашады. Өсімталдығы 3-10,5 мың дана уылдырық. Негізгі қоректері: зоопланктондар, насекомдар.  6 жылға жуық өмір сүреді. Кәсіптік маңызы шамалы.

Қ ы р л  ы қ ұ р с а қ  туысы  – род востробрюшка – Hemicultere. Амур өзені мен Қытай, Вьетнам елдерінің өзендерінде кең тараған балық. Бұл туыс 4-5 түрден тұрады. Дене ұзындығы 15-18 см болатын, 3 жасында  есейетін балық. Уылдырықтарын маусым -  шілде айларында шашады. Уылдырықтары пелагиальді. Ұрықтанған уылдырықтарынан бір тәуілік ішінде дернәсілдері жарылып шығады. Жас шабақтары басқа жыртқыш балықтардың негізгі қорегі болып саналады.

Быстрянка туысы  – род быстрянки – Alburnoides. Үкішабақтарға ұқсас келетін балық.. Днесі биіктеу келген, жұтқыншақ тістері өткір емес балық. Еуропия мен Орталық азия суларында кең тараған. ТМД елдерінің суларында олардың 3 түрі кездеседі.

К ә д і м г  і  б ы с т р я н к  а – Alburnoides bipunctatus (Bloch.). Таралу ареалы : Батыс Еуропия, Балтық, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері алаптары.  Үкішабақтарға ұқсас келген, тұрқы 13 см шамасында болатын, бүйір сызығының  маңында қара нүктелері бар балық. Олар ағысы жылдам, суы таза  өзендер мен көлдерде  мекендейді. Кәсіптік маңызы жоқ.

С ы р д  а р и я  б ы с т р  я н к а с ы – Alburnoides taeniatus (Rtssl.). Амудария, Сырдария, Ш, Талас өзендерін баяу ағысы бар жерлерін және Қазақстанның Оңтүстік облыстарының көлдерін мекендейді. Кәсіптік маңызы жоқ.

 

Т а б а  н д а р  т у ы с ы  – род лещи – Abramis.  Денелері биік. Құрсақ қанаттарының арт жағында беті қабаршақсыз құрсақ қыры бар. Жұтқыншақ тістері бір қатарлы.  Туыс құрамына 3 түр кіреді – табан, ақкөз (айнакөз) және көктыран. Таралу ареалы: Еуропия, Кавказ, Арал теңізі , Кіші Азия суларында мекендейді.

Т а б а  н – лещ –  Abramis brama (L.).   Ауызы жартылай төменгі. Анальді қанатының 24- тен 30 – ға дейін тармақталынған сәлелері бар. Еурпоия суларында кең тараған балық. Батыс Сібір және Балқаш көліне жіберіліп жерсіндірілген. Қазіргі кезде қазақстанның барлық көлдерінде кездеседі. Тұрқы 50 см, салмағы 5 кг- ға дейін жетеді. Орташа салмағы 0,5-3 кг болады.  Ағысы баяу, суы жылы, көлдер мен өзендерде, су қоймаларында, тоспаларда тіршілік етеді. Табандарды тіршілік экологиясы жағдайына байланысты 3 топқа бөледі: тұрғылықты, жартылай өрістеуші және майда қамыс арасында өсетін табандар. Арал теңізінде екі формасы қалыптасқан - бірі, Арал теңізінің қамысты жағалауларында тіршілік ететін, баяу өсетін, кеш жетілетін, тұрқы 11-13 см аспайтын табандар; екіншісі – солтүстік аудандардың суларында тіршілік ететін жартылай өрістеуші табандар.  Оңтүстік аймақатрындағы суларда  мекендейтіндері солтүстіктердегілерге қарағанда тез жетіліп тез өседі. Көбею кезеңі оңтүстікте – сәуір-мамыр, ал солтүстікте мамыр-маусым айларында судың температурасы 12-160С жеткенде басталады. Уылдырықтарын бөліп шашады. Жартылай өрістеушілері уылдырықтарын теңізден шығып өзен сағасына барып шашады. Фитофилді балықтар. Уылдырықтарын өзен суы жаңадан көтеріліп жайылған жеріндегі өсімдіктерге таңғы уақытта шашды. Осы кезде олар судан ыршып шығып, суға қайтадан түседі осы кезде шуы біраз жерге дейін естіледі. Орташа өсімталдығы 100-150 мың дана уылдырық. Негізгі қоректері: зоопланктондар, бентосты организмдер. Теңіздердегі қоректеріне: мизиди, шаяндтәрізділер, полихеттер, гаммарустар, хирономидтер, моллюскалар жатады. 20 жыл шамасында өмір сүреді. Кәсіптік маңызы өте жоғары.

А қ к ө  з (айнакөз) – белоглазка – Abramis sapa (Pall.). Денесі биік, Ауызы жартылай төменгі. Анальді қанаты ұзын. Қара, Азов және Каспий теңіздерінің алаптарында таралған.  Дене тұрқы 30 см, салмағы 1 кг ға дейін жететін балық. Өзенднр мен теңіздердің тұщы суы бар жерінде (өзендердің теңізге құйылатын сағаларында) мекендейді. Уылдырықтарын өзендерге шашады және сол жерде қыстайды. Тіршілік кезінде ағысы қатты өзендерді таңдайды. 3-4 жасында , тұрқы 15 см шамасында болғанда жыныстық қаблетке жетеді. Ұрықтарын  мамыр - маусым айларында судың температурасы 8-90 С жеткенде шашады. Уылдырықтарын су өсімдіктеріне шашады. Өсімталдығы 60-80 мың уылдырық. Негізгі қоректері- насекомдардың дернәсілдері, моллюскалар, балдырлар т.б.. Кәсіптік маңызы жоқтың қатары.

О ң т ү  с т і к  а қ к ө з  і (айнакөзі) – южная белоглазка -  Abramis sapa bergi Belyaeff. Оңтүстік Каспий және Арал теңіздерінде кең тараған балық Өмірінің көп бөлігін теңіздерде өткізеді, ал уылдырықтарын шашу үшін өзендерге өтеді. Тұрқы 40 см шамасында болатын балық.

К ө к т  ы р а н – синец – Abramis ballerus. Азов,Каспий,Қара теңіздер алабтарында  таралған балық түрі. Ауызы соңғы, жоғары қарай қиғаш орналасқан қуыс тірізді.  Анальді қанаты ұзын. Қабыршақтары майда. Бүйір сызығындағы қабыршақтарының саны 66-76.  Тұрқы 45 см –ге жететін, салмағы 600 г құрайтын балық. Тұщы суларда мекендейді. Жыныстық қаблетке 4 жасында, денесінің ұзындығы 18-19 см  болғанда жетеді. Көбею кезеңі  сәуірдің соңынан маусымның ортасына дейін өтеді.  Уылдырықтарын өсімдіктерге шашады.  Негізгі қоректік азығы зоопланктондар.  Кәсіптік маңызы шамалы.

Б а л а п а н   б а л ы қ  - г у с т е р а – Blicca. Денесі биік Ауызы жартылай төмегі. Жұтқыншаө тістері екі қатар болып орналасқан. Құрсақ қыры қабыршысыз. 

Балапан балық  – Blicca bjoetrkna (L).

Таралуы: Солтүстік, Балтық, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің  алабтары.  Тұрқы 35 см, салмағы 600 грамм шамасында болатын балық. 3-4 жасында, денесінің ұзындығы 12-14 см жеткенде жыныстық қаблетке жетеді.  Мамыр- маусым айларында судың температурасы 16-170 С жеткенде  уылдырықтарын су өсімдіктеріне шаша бастайды. Өсімталдығы 100 мың уылдырық шамасында.  Қоректік азықтары: насекомдардың личинкалары, былқылдақденелілер, балдырлар. Кәсіптік маңызы жоқ.

Т ұ р п  а  туысы – род рыбцы – Vimba. Денесі  аласалау. Анальді қанаты қысқа. Арқасында арқа қанатының арт жағында қабыршақ пен жабылған қыры болады. Ауызы төмен орналасқан. Үстіңгі жақ сұйегінің ұшы сүйірлеу болып келген және астыңғы жақ сүйегінен ұзындау болады. Бұл туысқа тек бір түр жатады – тұрпа – рыбец, немесе сырть – Vimba vimba (L.). Бұл түр бірнеше түршелерден тұрады.  Олардың ең кең тараған түршелеріне – тұрпа – Vimba vimba vimba (L.). қаратеңіз- азов тұрпасы – Vimba vimba carinata (Pall.), каспий тұрпасы -  Vimba vimba persa.

Т ұ р п  а – рыбец (сырть), - Vimba vimba vimba (L.). Балтық және Сотүстік теңіздері су алабтарында тіршілік ететін балық.  Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг ға дейін жететін балық. Өрістеуші балық, теңіздің тұщылау жерін жайылымы ретінде


Информация о работе Жеке ихтиология