Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

К ә д і  м г і  а қ с а х а  – обыкновенный сиг- Coregonus laveretus (L). Л.С.Берг, кәдімгі ақсахаларды өте өзгергіш болып келетін балық дей отырып, популяция құрамындағыларды түршелер мен формаларға бөліп топтастырған. Сонымен қатар, ихтиологтардың басым көпшілігі  кәдімгі ақсахалардың циркумполярлы таралуына байланысты бірнеше экологиялық топтарға бөлінгенімен бір ғана түрге жатады деп дәлел айтады. Сонымен, кәдімгі ақсахалар: өрістеуші, көлдік, өзен – көлдік және өзендік секілді топтарға бөлінеді. Сонымен қатар, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ақсахаларды екі топқа бөледі: 1) Аз сағақты (  желбезек сағақтарының саны 16-30, негізгі қорегі бентосты ағзалар мен балықтар) және 2) Көп сағақты (желбезек сағақтарының саны 30-50, негізгі қоректері планктондар).

Көп сағақты ақсахалар (чуд ақсахасы) ерте жетілетін және өсімталдығы өте жоғары, жыл сайын  ұрық шашатын, 6 жыл өмір сүретін  балық.

Аз сағақты ақсаханың (волхов ақсахасы, лудога-ақсахасы, валаамка-ақсахасы) өсімталдығы төмен, кеш пісіп жетілетін, жыл аралатып ұрық шашатын, ұзақ өмір сүретін (15-20 жыл) балық.

Қазақстанда,  ақсақалар  негізінен Ертіс өзеніні су алабтарында  кездеседі. Бізде кәсіптік маңызы  жоқ, тек әуесқой балықшылар аулайды

 

 

 

Хариустар тұқымдасы –  Thymalldae

 

Хариустар тұқымдастарына жататын балықтар албырттар тұқымдасына ұқсас келеді бірақта, албырттарға қарағанда,  хариустардың арқа жүзбе қанаты ұзындау келеді (арқа жүзбе қанаты сәулелерінің саны 17 ден көбірек).

Бұл тұқымдас құрамына бір – Thymallus туысы  және 5 түр кіреді, олар: европалық -Th. thymallus (L),  сібірлік - Th. arcticus (Pall.), солтүстік америкалық - Th. montanus, монголдық -  Th. brevirosteris және косогольдық – Th. nigrescens  (Dorgostaisky) хариустар. Хариустар ағысы қатты, табаны тасты өзендерде өсетін балықтар. денесінің ұзындығы шамамен 50 см болатын, ұрықтарын көктемде шашатын балық. Кәсіптік маңызы жоқ болғанымен әуесқойлық  және  спорттық аулауда маңызы өте жоғары балық.

К әд і м г і, немесе  е в р о п а л ы қ    х а р и у с – Thymallus thymallus (L).  Негізгі ерекше белгілері: үстіңгі жақ сүйегі қысқа, түсі өте ашық : жотасы қара теңбілді, қошқыл жолақты сұр-жасыл болып келген, Жұп жүзбе қанаттары қою сары, ал тақ жұзбе қанаттары күлгін түсті болады. Күйет кезінде түстері қоюлана түсіп өзгереді. Таралу аймағы:  Дон, Кубань, Қырым, Кавказ өңіріндегі сулардан басқа Европа сулары. Денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 1 кг дейін жететін балық. Хариустар, ағысы қатты, табаны тасты, суы салқын өзендерде тіршілк етеді. Көлдерде сирек кездеседі.  Наурыз- сәуір айларында көбееді. Орташа өсімталдығы 10 мың уылдырық. Негізгі қоректік азық құрамына -  насекомдар  дернәсілдері, былқылдақ денелілер, балықтарды шабақтары, ұсық сүтқоректілер және албырттардың уылдырықтары кіреді.  

С і б і р  х а  р и у с ы – Th. arcticus ( Pallas). Түрдің ерекшелік белгілері: үстіңгі жақ сүйектері  ұзындау, ауызы үлкен, бүйір сызығында  72 –ден -103 ке дейін қабыршақтары болады, желбезек  сағақтарының саны 14-22.  Денесінің ұзындығы 60 см, салмағы 500 граммға дейін жететін балық. Тарлу аймағы: Сібір сулары. Бірнеше түршелерге бөлінеді. Олар:  батыс сібір, шығыс сібір, амур, байкал хариустары. Тұщы көлдер мен ағысы қатты, табаны тасты өзендерде тіршілік ететін балық. 3-5 жасында жетіліледі.  Ұрықтарын көктем айларында,   қатты ағысы бар өзендердің сарқырамалы тұстарына шашады. Өсімталдығы 8-40 мың уылдырық. Негізгі қоректері:  шаянтәрізділер, насекомдардың дернәсілдері,  шабақтар, балықтардың уылдырықтары.

Қазақстанда хариустар негізінен Ертіс өзенінің су алабтарында кездеседі.

Сібір хариусы аборигендік  түр ретінде Шығыс Қазақстанның  Марқакөлінде кездеседі. Марқакөл хариусы  эндеимк болып саналады.  Салмағы 600 граммға дейін, ұзындығы 40 см болатын  балық. Марқакөлде өсетіндері 2-3 жасында жетіліп ұрық шаша бастайды. Уылдырықтарын Марқакөлге құйылатын Қалжир өзенінің ағысы қатты тұсына барып шашады. Өсімталдығы өте төмен, не бары 1-2 мың уылдырық. Қазіргі кезде саны жылдан жылға азайып барады. Кәсіптік маңызы төмен, тек әуесқой балықшылар аулайды.

Б а й к а л  х  а р и у с ы   - Th. arcticus  baicalensis Dybowski. Байкал хариустарының  2 формасы  кездеседі , бірі қара, екіншісі ақ хариустар. Ақ хариустардың денесі ашық түсті, биік, желбезек сағақтарының саны 14-20 болады, ал  қара хариустардың  денесі қара түсті, аласа денелі, желбезек сағақтарының саны 16-20 болатын балық.  Олардың мекендері өзендер.  4 жасында пісіп жетіледі. Негізгі қоректері: шаянтәрізділер, ручейниктер т.б насекомдардың дернәсілдері. Байкал көлінде өсетіндерінің кәсіптік маңызы өте жоғары 

 

Корюшкалар  тұқымдасы – Osmeridae

 

Корюшкалар кішігірім, дене тұрқы  ұршықтәрізді, жотасы қара, бүйірі мен  құрсағы боз түсті болып келген балқ. Денесін сыртынан тез түсіп  қалатын майда қабыршатармен  жабылған. 7 ден 14 ке дейін сәуле шыбықтары болатын, арқа жүзбе қанаттары денесінің ортасына таман орналасқан. Үстңгі жақ сүйектерінде тістері болады. Қарындары  тұйық қап тәрізді. Торсылдағы бар. Бұл балықтардың қиярға ұқсас иісі болады. корюшкалар топтасып үйір құрып, судың табанына жақын қабатында тіршілік етеді. Жас кезінде планктонды шаянтәрізділермен қоректенсе, есейген шағында мойвалр планктондармен ал қалғандары бентосты организмдермен қоректенеді. Желімді уылдырықтарын су табанына шашады. Корюшкалар негізінен  солтүстік жарты шар  аймақтарында кең тараған балық түрі.  Атлантика және Тынық мұхиттары су алабтарының теңз және тұщы суларында кең тараған балық түрі. Корюшкаларға жататын мойва, аллосмер секілді түрлер өмір бойы теңізде тіршілік етеді, ал қалғандары  өмір-тіршілігінің бір кезеңі теңізде өтіп ұрық шашуға өзендерге көтеріледі.

Корюшкалар тұқымдасының құрамына  6 туысқа жататын 10 түр  кіреді. ТМД суларында үш туыс өкілдері тіршілік етеді: корюшкалар - Osmerus, кіші ауыз корюшкалар - Hypomesus және мойвалар – Mallotus. Амерка құрлығының  суларында үш туыс өкілдері кездеседі. Олар: спиринх -  Spirinchus, алосмер -   Аllosmerus және  талехит – Thaleichthys. Корюшкалардың кәсіптік маңызы өте жоғары. 2001 жылғы ақпаратқа сүйенсек әлемде  жылына 4 мл ға жуық тонна корюшка ауланады екен.

Корюшкалар туысы – Osmerus. Ауыздары үлкен. Ауыздарында өте өткір мықты тістері болады. Қабыршақтары ірі. Анальді жүзбе қанаттары қысқалау.

К о р ю ш к а  – Osmerus  eperlanus (L). Таралуы циркумполрлы (циркум- төңірек, айнала)- полюс айналасындағы суларда.  Табиғи жағдайда  корюшклардың түршелері мен тұщы су формалары кездеседі. Кәсіптік маңызы жоғары.

Е в р о п а  к  о р ю ш к а с ы  - O.er.er.(L). Бүйір сызығы толық емес, оның ұзындығы не бары 4-16 қабыршаққа дейін жетеді. Ауызы үлкен.  Тістері осал. Көлдерде, өзен-көлдерде мекендейтін, тобырымен немесе үйір құрып тіршілік ететін, өрістегіш балық.  Тралу аймағы: Европа жағалауының Бискай шығанағынын Печераға дейін, Ладога  және Онега секілді көлдерде кең таралған. Жыныстық қабілетке 2-4 жасында, денесінің ұзындығы 15 см жеткенде жентеді. Мамыр- маусым айларында көбееді. Ұрықтарын өзеннің төменгі сағасының,  табаны майда тасты тұстарына шашады. Уылдырықтары жабысқақ желімді болып келеді. Шашылған уылдырқтыры су табанындағы тастарға немесе өсімдіктерге желімденіп жабысып қалады, біраздан соң уылдырықтың сыртқы қабығы жарылып ішкі қабықтан ажырайды да аяқ тәрізді құрылым құрайды сол аяқшаның үстінде уылдырық бекіп орналасып тербеліп  тұрады. Кейіннен, уылдырық аяқшадан ажырап судың ағысымен өзеннің төмен жағына ағып кетеді. Инкубациялық мерзімі 15-20 күн.  Өсімталдығы шамамен 7-20 мың уылдырық. Негізгі қорегі  шаянтәрізділер мен жас шабақтар, уылдырықтар.  Өмірінің ұзақтығы 9 жыл шамасында. Кәсіптік маңызы жоғары.

Қазақстан суларында бұл балық түрі кездечпейді.

С н е т  о к – O.er.er. morpha spirinchus Pallas. Корюшкалардың тұщы суда мекендейтіе өрістегіш формасы. Балтық теңізі мен Волга өзенінің жоғарғы жағындағы су алаптарында кеңінен тараған балық. Негізінен терең, оттегіне қанық  көлдер суын таңдайды. Әдетте олардың ұзындағы 10 см болады. Бір жасында ұрықтарын шаша бастайды. Уылдырықтарын ерте көктемде, көлдердің мұзы еріп болысымен, түн кезінде шаша бастайды. Қоректік азық ретінде зоопланктондар мен қатар майда шабақтарды, уылдырықтарды пайдаланады. Кәсіптік маңызы төмен.

А з и я  л ы қ, немесе  т і с т  і, корюшка – O.er.dentex Steindachner. Слтүстік мұзды және Тынық мұхиты су алаптарында тарлған балық түрі. Салмағы 350 граммға, ұзындығы 35 см -ге дейін жететін балық. Өрістегіш балық. Ұрықтарын шашу үшін  қыс айларында өзендердің төменгі сағасына  шығады. 3-4 жасында есейеді. Өсімталдығы 10 мың уылдырық  шмасында.

М о й в  а  туысы – Mallotus. Қабыршақтары майда, ауызы үлкен, тістері ұсақ балық. Ұрықтану кезінде (күйет кезеңі) аталқтарының бүйірінде қабырышақты ұзын жіпшелері бар төмпешік пайда болады.

М о й в  а – Mallotus villosus (Muller).Теңіз балығы. Мойвалардың 2 түршесі бар: батыс атлантика мойвасы және  тынықмұхит – шығыс атлантика мойвасы. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Оларды, денесінің ұзындығы 11-12 см – ге жеткенде аулай бастайды. Ұрықтарын  көктем – жаз айларында шашды. 2-3 жасында есейіп ұрықтарын шаша бастайды.Ұрықтары пелагиальді. Судың қызуына байланысты ұрықтанған уылдырықтарының дамуы әртүрлі өтеді. Мысалы, судың температурасы 3 0 С 39, 60 С 22, 100 С - 15 ,5 тәуілік бойы дамиды.

Таралуы: Солтүстік Атлантика, Баренц, Ақ, Карск,  Чукотка , Беринг, Жапон, Охот теңіздері. Негізгі коректері  шаянтәрізділер. Ал өзі болса майшабақтар  мен треска, пикша секілді балықтарға жем болады.

 

 

Саланкстар  тұқымдасы – Salangida

Кәсіптік маңызы бар майда, денесі мөлдір,  пішіні цилиндр тәрізді басы жалпақ балық. Теңіз балығы.  Бұл тұқымдасқа  5 туыс жатады. Ресейдің суларында осы балықтың бір түрі кездеседі. Ол кеспе –балық – рыба лапша – S. microdon Bleek. Олар денесінің ұзындығы 10 см болатын және  Жапония мен Корея жағалауларында мекендейтін балық. Желімді, жабысқақ, майда уылдырықарын мамыр айында теңіздің жағалауына таман шашады. Атлақтары уылдырықтарын шашып болысымен түгелдей қырылады. Зоопланктонофаг. Кәсіптік маңызы шамалы.

 

Серебрянкалар тұқымдасы – Argentinidae

Денесі ұзынша, ауызы кішігірім, жақ сүйектерінде тістері болмайтын, бадырақ көз балық.

Бұл тұқымдастың құрамына 20 түр кіреді. Судың мезо- және батиопелагиаль қабатында мекендейді.  Кәсіптік маңызы барларына  аргентина – Argentina туысына жататын 5 түр кіреді. Осы бес түрдің ішінде жиі кездесетіні аргентина, серебрянка, немесе алтын корюшка, - Argentina silus (Ascanius). Денесіні ұзындығы 60 см болатын, 6-10 жасында есейетін, 20-30 жыл өмір сүретін, кәсіптік маңызы бар балық. Уылдырықтары пелагиальді. Өсімталдығы 10-40 мың дана уылдырық. Таралуы: Солтүстік-Батыс Атлантика сулары. Қоректері:  омыртқасыздар, майда балықтар.

 

Батилаговтар  тқұымдасы, немесе Тұңғиық су қояндары – Bathylagidae

 

Атлантика, Тынық және Үнді мұхиттарының терең жерлерірін мекендейтін балық. 12 түрі белгілі.  Ұзындығы 20 см. Қаңқасы бостау. Торсылдағы мен  бүйір сызығы болмайды. Зоопланктонофаг. Өздері тереңде тіршілк ететін жыртқыштардың азығы.

 

ЖАРҚЫРАУЫҚ  АНЧОУСТАР  ОТРЯДЫ– MYCTOPHIFORMES (SCOPELIFORMES)

 

Майшабақтәрізділерге ұқсас балықтар. Ауызы үлкен және  үстіңгі жағы бір жұп  сүйекпен көмкерілген ( жақалды  сүйегімен). Теңіз суының терең қабатында  тіршілік ететін балық. Жарық шашатын органдары барлық түрлерінде кездесе бермейді. Жыныстық диморфизмі  айқын  байқалады. Бұл отрядқа 16 тұқымдас жатады.  Балықтар әлемі ішінде кең тараған көп санды балықтар. Миктофотәрізді - Myctophoidae және алепизавротәрізді – Alepisauroidae секілді екі отряд  тармағына бөлінеді. Олардың арасында кәсіптік маңызы жоғарыларына  кесіртбастылар (ящероголовые), жылтырауық анчоус (светящиеся анчосы), веретенниктер және алепизаврлар тұқымдастарының өкілдері жатады.

 

 

Кесіртбастылар  тқұымдасы - Synodontidae

 

Су табанында мекендейтін балықтар. Барлық мұхиттардың тропикалық суларында таралған. Теңіздің 350 м тереңдігінде мекендейді. 33- 34 түрі бар.

 

Жылтырауық  анчоустар – Myctophidae

 

Әлем Мұхитында кең тараған  балықтар. Теңіздің эпи - және мезопелагиаль  қабатында тіршілік етеді. Ұзындығы 30 см болатын, ауызы үлкен балық . Денесінің төменгі жағында жарық шашатын  органдары – фотофорлары бар. Сонымен қатар кейбір түрлерінің құйрық маңында, тұлғасында, көзінің айналасында  жарық беретін бездері орналасқан. Қорек құрамына майда балықтар мен планктонды организмдер құрайды. Саны көп болғанымен кәсіптік маңызы жоқ.

 

Веретенниктер тұқымдасы - Paralepididae

 

Мұхит балықтары. Басы үлкен және жалпақ, денесінің ұзындығы 90 см болатын балық.  Жыртқыштар қатарына жатады. Майлы жүзбе қанаты болады.

 

Алепизаврлар  тұқымдасы – Alepisauridae

 

Денесінің ұзындығы 2 м болатын, мұхиттарда кең тараған балықтар. Сырт пішіні жылантәрізді, қабыршақсыз болып  келеді. Арқа қанаты өте үлке.. Жыртқыш  балықтар.

 

ҮЛКЕНАУЫЗДЫЛАР, немесе ҚАПТӘРІЗДІАУЫЗДЫЛАР ОТРЯДЫ

SACCOPHARYNGIFORMES

 

Атлантика, Үнді және Тынық мұхиттарының 2- 5 мың метр тереңдігінде  өмір сүретін батиопелагиальді балықтар. Денелері жылан тәрізді. Қақпақша сүйектері, қабыршақтары, бүйір сызықтары мен торсылдақтары болмайтын балықтар. Ауыздары апандай үлкен.  Дернәсілдері үгірлердің (жыланбалықтардың) дернәсілдеріне ұқсас келеді. Жыртқыштар қатарына жатады.

 

ШОРТАНТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ – ESOCIFORMES

 

Торсылдақтары ашық типке жататын, жұмсақ қаурысынды, қабыршақтары циклоидты, арқасында жалғыз ғана жүзбе қанаты болатын балықтар. Ауызы жақ алды және жақсүйектерімен көмкерілген. Отряд құрамына 4 тұқымдас кіреді (оның ішінде біреуі қазба қалдығы түрде).

 

 

Шортандар тұқымдасы – Esocidae

 

Дене бітімі жебетәрізді. Арқа қанаты  денесінің соңына таман орналасқан. Жақсүйектері ұзынша болып келген және жақ сүйектерінде  көптеген  мықты тістері орналасқан. Қабыршақтары майда.  Тұқымдас құрамына 5 түр кіреді. ТМД елдерінде 2 түрі кездеседі, олар: кәдімгі шортан – Esocidae lucius L. және амур шортаны – Esocidae reicherti Dyb.

Солтүсті Америкада  шортандардың 3 түрі кездеседі : маскинонг- E. masquinongy Mitchill,  алажолақ – E. niger Le Sueur және  қызылқанатты – E. americanus vermiculatus ( Le Sueur).

 Шортандар олигоцен дәуірінен  бері белгілі балықтар. Л.С.Бергтің айтуынша шортандар  майшабақтәрізділерге жақын және корюшкалардың арғы аталарынан шыққан деп  болжам айтады.

Информация о работе Жеке ихтиология