Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций
Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді
Харациндер тұқымдасы – Characidae
Харациндер кеңтараған балықтар түрі. Аквариумда өсіруге өте бейімді болғандықтан оларды сәнді балықтар ретінде уйде асырайды. Сонымен қатар кәсіптік мағызы бар Алест және Тинен секілді балықтар да осы тұқымдасқа жатады.
ЭЛЕКТР ЖЫЛАНБАЛЫҒЫ ОТРЯД АСТЫ – GYMNOTOIDEI
Ішкі құрылысы харациндерге ұқсас келеді.. Денелері екі бүйірінен қысыңқы және ұзындау болып келеді. Анальді қанаттары ұзын, ал анальді тесігі алқымының орналасқан. Көздері кішкентай. Арқа қанаттары болмауым мүмкін. Көпшілік түрлерінің электр ағзалары болады. Орталық және Оңтүстік Америка суларында кеңінен таралған. Бұл отряд тармағына 4 тұқымдас, 50 түр кіреді.
Электр жылан балығы тұқымдасы – Electrophoridae
Бұл тұқымдастың құрамына тек бір туыстық және бір түр кіреді. Электр жыланбалықтары Оңтүстік Америка суларының таяз жерлерінде мекендейді. Бұл балықтардың бір ерекшелігі, ауыз қуысында қантамырлары шоғырланған тұсы болады. Оттегі тапшылығы байқалған кезде олар ауызы арқылы тыныс алу қабілеті бар. Тағы бір ерекшелігі, ол , денесінің 4/5 бөлігін алып жатқан электр ағзасының болуы. Ол ағза 650 в шамасында тоқ өндіру қабілеті бар.
Электр жыланбалығы - ұзындығы 1-1,5 метр болатын, кейбір дарақтары 3 метрге дейін жететін балық түрі. Денесі қабыршақсыз, жалаңаш болады. Арқа және құрсақ қанаттары жоқ, ал кеуде қанаттары өте кішкентай және атқаратын қызыметі негізінен тепе-теңдікті сақтап тұру үшін арналған. Анальді қанаты өте ірі болады және жыланбалықтардың қыймыл аппараты ролін атқарады.
Жыланбалықтардың түсі көк – қоңыр, басының төменгі жағы және алқымы күрең-сары, аналдьы қанатының жиегі ашық түсті, көздері ашық-жасыл. Жас шабақтарының түсі ашықтау, мәрмәр тастың оюындай сарғыш түсті болып келеді. Жыланбалықтардың тіршілігі жайлы, биологиясы мен экологиялық жағдайы турала мәліметтер өте аз. Олар қолда өсіруге бейімделген. Жыланбалықтарды суы жиі ауыстырылмайтын аквариумдарда өсірген дұрыс, себебі, олардың денесін сыртынан қалың шырыш жауып тұрады, шырышы шайылып кеткен жағдайда олр қырылып қалуы мүмкін.
ТҰҚЫТЕКТЕС ОТРЯД АСТЫ – ПОДОТРЯД КАРПОВЫЕ - CYPRINJIDAE
Негізгі белгілері: Ауызы жылжымалы және тіссіз, бірақ та жұтқыншақ тістері болады.
Таралуы: Европа ,Азия, Солтүстік Америка сулары.Тқұылар- Оңтүстік және орталық Америка, Мадагаскар, Австралия және Жаңа Зелландия суларында кездеспейді. Отрядастына 6 тұқымдас және 1800 ге жуық түр кіреді.
Чукучандар тұқымдасы – Catostomidae
Чукучандар тұқымдасының өкілдері тұқыларға ұқсас келеді. Жұтқыншақ тістері көп санды және бір қатарда орналасқан. Еріндері қалың және сырты түкті. Ауызы жылжымалы, төменгі. Мұртшалары жоқ. Денесі қабыршақпен жабылған. Тұқымдастың құрамына 14 туыс және 70 ке жуық түр кіреді, оның ішінде 12 туысы Сотүстік Америка суларында кездеседі. Жалпы, осы тусқа жататын балқтар Солтүстік Америка, Шығыс Азия, Шығыс Сібір, Қытай суларында кең тараған. Чукучандар тұқымдасына кіретіндерді екі топқа бөледі: биікденелі (Ictiobus және Carpiodes туыстары) және аласаденелі (Catostomus туысы).
Биікденелі туыстарына жататын балықтар тұқыларға ұқсас келеді және олардың жұтқыншақ асты тістері ұзын және жіңішке сүйектерден тұрады, ал жұтқыншақ тістері жиі орналасқан майда тістерден тұрады. Негізгі қоректері майда омыртқасыздар, су өсімдіктер. Ихтиобустар- Ictiobus cyprintllus денесінің ұзындығы 120 см болатын ірі балықтар; карпиодес – Carpiodes cyprinus денесінің ұзындығы 65 см, салмағы 5 кг болатын, арқа қанатының екінші шыбығы жалау секілді балық түрі. Уылдырықтарын тасты табаны бар суларға шашады (литофильді). Ресейдің Сібір өзендерінде осы тұқымдасқа жататын – сібір чукучаны - Catostomus catostomus rostratus (Tilesius) мекендейді. Олар: ұзындығы 60 см шамасында болатын, 5-6 жасында жыныстық қабілетке жататын, мамыр – маусым айларында ұрық шашатын балықтар.
Сонымен қатар, тоған жағдайында өсіруге өте қолйлы буфало тусына жататын үлкен ауызды және кші ауызды буффалло балықтары бар. Жалпы буффало туысына үш түр кіреді, олар: үлкен ауызды буффало- Ictiobus cyprinellus (Val) , кішіауызды буффало (Raf) – I. bufalus және қара буфало – I.niger (Raf). Ос үш түрдің ішінде ең коп тараған түрі- үлкенауызды буффало. Қазіргі кезде Алматы облысының тоған шаруашылықтарында буффалоларды өсірумен айналысып жатыр. Жалпы буффало балықтары ірі өзендермен көлдерде, су қоймаларында мекендейді. Әдетте олардың ұзындығы 40-70 см, салмағы 1-1,5 кг болатын балықтарю. Ауыздары кең, желбезек күлтелері қалың орналасқан балық.
Барлық чукучандар уылдырықтарын судың қатты табанына шашады. Бір түрлері уылдырықтарын ағысы жылдам өзендерге шашса, екінші бір түрлері ағысы жоқ сулардағы өсімдіктерге шашады. Ұрықтану мерзімі мамыр-маусым айлары. Күйет кезінде денесінде ашық түсті бүртіктер пайда болады.
Шырмауық балық тұқымдасы – вьюновые – Cobitidae
Су табанында тіршілік етуге бейімделген кішігірім балық түрі. Дене бітімі цилиндр тәрізді, немесе екі бүйірінен қысыңқы тұщы су балықтары. Қабыршықтары циклоидты және өте майда, кейде қабыршағының бар екені де байқалмайды. Терісінің төменгі қабатында сөл бөлетін бездер орналасқан. Ол бездер балықтың денесін жарақаттанудан сақтайтын шырыш бөледі. Денесінің түсі ала шұбар болады. Торсылдағы екі бөліктен тұрады, алдыңғы бөлігі сүйекті капсуламен қоршалған, ал артқы бөлігі жақсы жетілмеген кейде болмауыда мүмкін. Шырмауық балықтардың ұзындығы шамамен 15-20 см болады, ірі дарақтары 30 см ге дейін жетеді. Таралуы: Европа, Азия, Солтүстік және Шығыс Африка, Австралия, Сотүстік Американың тұщы сулары.
Қазақстанда шырмауықтұқымдастар Каспий теңізінің су алабында, Ертіс өзенінде, Арал теңізінде кездеседі. Бұл тұқымдасқа 30 туыс, 150 ге жуық түр кіреді. Экологиялық жағдайына байланысты олар салқын және жылы суларда кездеседі.
Қазақстанда кездесетін түрлері:
Щиповка (тікенек) туысына – Cobitus L жататын сібір щиповкасы – С. Melanoleuca Nichols Каспий теңізі мен Ертіс өзенінің алаптарында кездеседі.
Кәдімгі щиповка – С. Taenia L – Каспий теңізінің су алабында кездеседі. Денесінің ұзындығы 10 см болатын, ауыз қуысының айналасында 6 мұртшасы бар, көзінің алдыңғы тұсында екіге бөлінген немесе жеке орналасқан тікенегі болады.
Шырмауықбалық – Misgurnus Lacepede – туысына жататын шырмауықбалық – M. Fossilis L., Қытаф шырмауықбалығы - M. mohoity Dybowsky секілді түрлер Балхаш-іле, Каспий теңізі су алаптарында кездеседі. Қытай шырмауық балығы біздің суларда жақында ғана кездескен балық түрі.
Арал щиповкасы – S.aurata aralensis Kessler Арал теңізі су алабында кездеседі.
Тұқылар тұқымдасы – Cyprinidae
Тұқытәрізділер отрядына жататын балық түрлерінің ішінде тұқылар ең көп санды болып саналады.
Биологиялық ерекшеліктері:
Тұқытектестер тұқымдасына жататындардың 275 туыстыққа жататын 1500 ден астам түрі бар.
Таралуы: Африка, Солтүстік Америка, Азия және Европаның тұщы суларн мекендейді. Австралия құрлығында аборигенді түрі жоқ. Қазіргі кезде оларды басқа жерлерден алып келіп жерсіндірген.
Тұқытектестер негізінен жылы су балықтары. Сондықтан болар солтүстікке қарай олрдың түр саны азаюы байқалады. Мысалы: Янцзи өзенінде тұқылардың 142 түрі кездессе, Амур өзенінде -50, Лена өзенінде -10 түрі ғана кездеседі екен.
Тұқытектестерді екі топқа бөледі: бірінші тпқа мұртшалары болмайтын және жұтқыншақ тістері бір, немесе екі қатарда орналасатын балықтар кіреді. Бірінші топқа тарақ балық (елец), торта (плотва), гольян, ақмарқа (жерех), подуст (қызыл көз), табан (лещ) және т.б. түрлер кіреді.
Екінші топқа : мұртшалары болатын, жұқтқыншақ тістері көп қатарлы болып орналасқан -сазан, мө0ңке, қаяз (усач), теңге балық (пескарь), шармай ( маринка), амур табаны, верхогляд, желтощек т.б. балық түрлері кіреді.
Денесінің түсі біркелкі болып келген. Әдетте олардың түсі ақ бозшадан сары алтындай, немесе көкшіл – қоңыр болып келеді. Вропа суларында тіршілететіндері негізінен күмістің түсіне ұқсас ақбоз болып келген. Жүзбе қанаттары сұр түсті кейбіреулерінікі қызғыл – сары түсті болады. Кейбір түрлерінің түсі өсе келе өзгереді. Мысалы Қытайда, Жапонияда ихтиологтардың селекциялық жұмыстарының арқасында артүрлі ашық, сары, қызғылт , қара түсті балықтардың тұқымын шығарды.Түрлеріне байланысты ауызының орналасуы, формасы өзгерген. Мысалы: Бирма суларында мекендейтін Osneochilus тусына жатаын балықтардың ауыздары алға қарай шығынқы және төмен қарай орналасқан. Үстіңгі және астыңғы еріндері жақсы дамыған және көптеген еміздікті өсінділері болады. жалпы алғанда тұқытектестердің ауыздары жылжымалы болады. Өздерінің қоректерін су табанынан теріп жеуге ыңғайлы.
Алайда, тұқылардың қоректену жағдайына байланысты ауыздарының формасы мен орналасуы әртүрлі болады.
Тұқылардың қоректенулеріне байланысты топтары:
Дене бітіміне байланысты тұқыларды биік денелі (табан, көктыран - синец, балпан - густера) және аласаденелі (қылыш балық-чехонь, теңге балық) деп екі топқа бөледі
Сонымен қатар, тұқылардың арасында жартылай өрістегіш түрлері де болады (табан, сазан, қаракөз, тыран).
Көбею кезеңі көктем-жаз айлары. Уылдырықтарын шашу жағдайына байланысты тұқылар мынадай топтарға бөлінеді:
- фитофилдер, уылдырықтарын су өсімдіктеріне шашады (қаракөз,сазан, табан);
- остркаофилдер, былқылдақ денелілер бақалшағының ішне салады (горчак);
- литофилдер, ұрықтарын судың тасты, немесе қатты табанына шашады(шемая, вырезуб, маринка);
- пелагофилдер,судың қалың қабатына шашады (чехонь,верхогляд, дөңмаңдай);
- псаммофилдер, судың құмды табанына шашады (теңге балықтар).
Тұқылардың кәсіптік маңызы жоғары, мысалы сазан, дөңмаңдай, ақ және қара амурлар, табан, тұқы, мөңке т.б. жер жерлерде уаланады және тоған шаруашылықтарында өсіріледі.
Тқұытұқымдастар 9 тармаққа (тұқымдасастына) бөлінген, олар: 1) Leuciscinae- Тарақ балықтар (Елецтер), 2)Chondrostominae—Подусттар, 3)Barbinae – Мұрттылар, 4) Gobioninae – Теңгебалықтар, 5)Schizothoracinae – Расщепбрюхие (анальді тесігінің айналасында тіліктері болады), 6) Cultrinae, 7)Rhodeinae – Горчактар, 8)Cyprininae – Сазандар, 9) Hypoophthalmichthyinae – Дөңмаңдайлар.
Тарақбалықтар – Ельцеподобные – тұқымдасасты – Leuciscinae
Ауыздары шеміршексіз жұқа ерідермен көмкерілген. Мұртшалары болмайды. Арқа және анальді қанаттары кішігірім, аласа. Қанатарының тікенекті сәуле шыбықтары болмайды. Құрсағы қырсыз. Ішектері қысқа. Бұл тұқмдасастына Европа мен Азия құрлықтарының суларында мекендейтін торта(плотва), тарақ балық (елец), тұрпа балық (голавль), амурлар, гольян, қызыл қанат (красноперка), ақмарқа (жерех), верховка, оңғақ (линь), подуст жатады.
Т о р т а т у ы с ы – род Плотва – Rutilus Европа, Солтүстік Америка, Солтүстік Азя құрлықтарының тұщы және кермекті суларында кең траған балықтар тобы. Бұл балықтардың ауыздары соңғы немесе жартылай төменгі, жұтқыншақ тістері бір қатарда орналасқан. Құрамында 7-8 түр болады. ТМД суларында екі түрі кездеседі : кәдімгі торта (Rutilus rutilus (L) және вырезуб (Rutilus frisii `Nordm).
Кәдімгі торта –плотва-Rutilus rutilus (L). Европаның барлық суларында кең тараған балық түрі. Алайда, суын Тынық мұхитына құятын Амур өзені су алаптарында және батыс Европаның оңтүстік бөлігіндегі суларында торта кездеспейді.
Торталар бірнеше түршелерге бөлінген. Олардың арасында тұщы суда мекендейтін, кермекті суларда өмір сүретін және тұрғылықты түршелері де кездеседі. Мысалы: сібір тортасы, немесе шабақ, каспий қаракөзі, арал тортасы т. б. .
Торталарды басқа балықтардан денесінің түсі арқылы тануға болады. Көздерінің нұрлы қабығы қызғылт сары болады және үстіңгі жағында қызыл дағы тағыда бар. Торталар бұлақтар мен кішігірім өзендерде, көлдер мен теңіздерде, су қоймаларында тіршілік етеді. Торталардың өрістегіш түршесіне жататын қаракөз, тран секілді балықтар өзеннің теңізге құйылатын, суының тұздылығы 3-7 ‰ аспайтын жерінде қоректенеді. Ал ұрықтарын шашуға өзеннің атырауына шығады.