Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций
Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді
А т л а н т и к а м а й ш а ба ғы - атлантическая сельдь – Cl. herangus herangus L. Олар таралу аймағына байланысты 3 топқа бөлінеді: 1) Норвегия және Иссландия жағалауларында көктем айларында ұрық шашатын және мекендейтін өте ірі және ұзақ өмір сүретін скандинавиялық-атлантика майшабақтары; 2) жаз айларында ұрық шашатын Солтүстік теңізін мекендейтін майшабақтар; 3) Атлантика мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде мекендейтін батыс атлантика майшабақтары. Атлантика майшабақтары пелагиальді, теңіз балықтарына жатады. Денесінің орташа ұзындығы 40 см шамасында. Негізгі қоректері зоопланктондар мен балық шабақатры. Жыныстық қабілетке 3-8 жасында ( көбіне 4-6 жасында) жетеді.
Ең алғашқы рет ұрықтарын дене ұзындығына байланысты шашады. Мысалы, скандинавия- атлантика майшабақтары бірінші рет ұрықтарын, ұзындығы 28-29 см – ге жеткен кезде, ал Солтүстік теңізінің майшабақтары болса ұзындығы 23-25 см болғанда шашады екен. Өсімталдылықтары не бары 14-200 мың дана уылдырық. Ұрықтарын жазда шашатындарының өсімталдылығы оларға қарағанда жоғарылау (140-190 мың.). Ұрықтарын судың терең қабатына шашады (200 м тереңдікке). Себебі судың терең қабатының тұздылығы мен температурасы бір қалапты болады. Желімді, жабысқақ уылдырықтарын теңіздің құмды табанына шашады. Жарылып жарыққа шыққан дернәсілдері су қабатына көтеріліп ағынмен ересек болғанша Норвегия және Баренц теңіздеріне қоныс аударады. Ұрық шашып болған майшабақтар қоректеніп семіру үшін теңіздің солтүстік аймақтарына өріске шығады. Өрістеу кезінде жеке дара топ немесе үйір құрайды. Өмір сүру ұзақтығы 20 жыл шамасында. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Оларды дрифтерлі (қалқыма) аулармен аулайды.
Б а л т ы қ м а й ш а б а ғ ы, немесе с а л а к а,- Cl. h. Membras L.. Балтық теңізінің негізгі кәсіптік маңызы бар балық түрі. Дене бітімі орташа, бойының ұзындығы 14-16 см, болатын балық. Тез өсетін дарақтары кейде 37 см жетеді. Судың жоғарғы қабатында үйір құрып тіршілік ететін пелагиальды балық. Жыныстық қабілетке 2-3 жасында жетеді. Ұрықтарын теңіздің табаны тасты жағалауына шашады. Уылдырықтары жабысқақ желімді, литофильді. Олар нәсілдік екі топқа бөлінеді: уылдырығын мамыр – маусым айларында шашатын көктемгі салака және ұрықтарын тамыз- қыркүйек айларында шаштын күздік салака . Ұрықтану кезінде 10-11 мың дана уылдырық шашады. Ұрық шашып болғандары теңіздің жағалауынан ортасына қоныс аударады. Негізгі қорегі зоопланктондар. Қыста теңіздің табанына жақын тұсына қоныстайды. Өмірінің ұзақтығы 11 жылға дейін жетеді. 1954-1956 жылдары Арал теңізіне жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, бірақ та жерсіндіру жұмыстары сәтсіз аяқталды. Кәсіптік маңызы жоғары. Майшабақтарды аулауға арналған сүзектермен аулайды.
Т ы н ы қ м ұ х и т м а й ш а б а ғ ы – т и х о о к е а н с к а я
с е л ь д ь – Cl. harengus pallasi Val. Тынық мұхитының солтүстік аймағында кең тараған балық. Бұл балықтар тіршілікте бірнеше жеке дара өмір сүретін топтарды қалыптыстырады. Олардың кейбір табындары теңізден бөлініп шыққан шағын мүйістерде тіршілік етеді. Көл майшабақтары, теңіз бен байланысы бар шағын мүйістегі суларға , көлдерге өтеді екен. Уылдырықтарын жағалаудағы өсімдіктерге және тасты табанына шашады. Орташа өсімталдығы 72 мың дана уылдырық. Ұрықтанған уылдырықтарынан судың температурасына байланысты 15-50 күн аралығында дернәсілдері жарылып шығады. Кей жылдары теңіз суының толқындарының күштілігінен, судың көтерілуі мен қайта кету жағдайына байланысты ұрықтанған уылдырықтарының көбі шығынға ұшырайды. Орташа өміршеңдігі 18 жыл. Оларды, ықпа жылым, құрма ау, құрма сүзек секілді аулау құралдарымн аулайды.
Б е л о м о р м а й ш а б а ғы - беломорская сельд ь - Cl. harengus pallasi maris – albi Вerg. Ақ теңіздің негізгі кәсіптік балығы. Жыныстық қабілетке ерте жеткенімен баяу өсетін балық. Қазіргі кезде оларды, ірі (ивановтық), ұзындығы 34 см жететін, және майда (егорьевтік), денесінің ұзындығы 22 см болатын екі формасы кездеседі. Ивановтық майшабақтар 3-4 жасында жетілсе, егорьевтықтар 2-3 жасында жыныстық қаблетке жетеді. Ұрықтарын су жағалауындағы өсімдіктерге шашады (фиотофил). Өсімталдығы майдаларыныкі - 2-21, ірілерінікі - 9-62 мың дана уылдырық. Судың температурасына байланысты ұрықтанған уылдырықтарының даму уақты 50 кунге дейін созылуы мүмкін.
Негізгі қорек көзі шаянтәрізділер мен балықтардың шабақтары. Өмір жасының ұзақтығы 7-8 жыл.
Ч е х - п е ч о р а м а й ш а б а қт а р ы – Cl. harangus pallasi suworowi Rabiinerson. Баренц және Карск теңіздерін мекендейді. Әсіресе Обь, Енисей, Лена өзендерінің теңізге құйлатын атырауларында көп кездеседі.. Ұзындығы 32 см болатын, жыныстық жасқа 4-5 жасында жететін балық. Уылдрығын судың құмды , немесе тасты табанына шашады (псамофилды, литофильды). Уылдырық шашып болған соң теңіздің жағалауынан ортасына қоныс аударады. Шаянтәрізділер мен және майда балықтармен қоректенеді. Өмірінің ұзақтығы шамамен 11 жыл. Популяция саны көп емес.
Каспий-қаратеңіз және атлантика майшабағы туысы –Alosa (caspialosa)
Ауызы алдынғы, кішігірім. Көзінің майлы қабағы болады. Төс қыры өте жақсы дамыған. Құйрығының артқы жағында ұзнша болып келген қабыршықтары бар. Бұл туысқа жататындар екіге бөлінеді : бірі - пузаноктар, екіншісі - майшабақтар. Пузаноктардың кеуде жүзбе қанаттары ұзын, құйрық бөлігінің тұсы биктеу және қысқалау болады. Бұл туысқа 11 түр жатады, олардың 7 түрі Қара, Азов және Каспий теңіздерінде мекендейді, ал 4 түрі Солтүстік Атлантика мұхитында кездеседі, тағыда айта кететіні осы 4 түрдің, 2 түрі (Alosa sapidissima Wilson. және Alosa ohioensis Vil Америка жағалауында , ал қалған екі түрі ( Alosaalosa L. және . A. Fallax (Lacer) Европа жағалауында кездеседі. Аталған туыс өкілдерінің арасында өрістегіш, жартылай өрістегіш және теңіз түрлері кездеседі. Кейде олар тұщы суға өтіп тұрғылықты балықтар тобын құрайды. Уылдырықтарын бөліп шашады. Уылдырықтары пелагиальді, немсе жартылай пелагиальді. Ұрық шашып болған соң, өрістегіш майшабақтардың бір бөлігі жаппай қырылады.
Қ а р а ж о н м а й ш а б а қ – черноспинка- Alosa kessleri (Grimm). Каспий теңізі алабы суларында мекендейтін ең ірілері. Денесінің ұзындығы 50 см-ге дейін жетеді. Желбезек сағақтары қатты және көп санды ( 59-92, орташа 72 ). Майшабақтардың арасында салқын суды қалайтын балық түрі. Сондықтан болар, ұрық шашуға басқалардан ерте (сәуір-мамыр айларында) шығады. Каспий теңізінен ұрық шашуға Еділ (Волга), Жайық (Урал) өзендеріне шығады. Уылдырықтарын маусым – тамыз айларының аралығында бірнеше рет бөліп шашады. Уылдырықтары пеллагиальді. Жыныстық қабілетке 3-5 жасында жетеді. Уылдырық шашып болған соң майшабақтардың бір бөлігі қырылады. Өмірі бойы 2-3 рет ғана ұрық шашып үлгереді. Жас ұрпақтары маусым - қазан айлары аралығында теңізге қоныс аударады. Ұрықтану кезінде жасы мен дене ұзындығының өлшеміне байланысты 135-312 мың дана уылдырық шашады. Негізгі азық түріне майда балықтар мен қатар насекомдардың дернәсілдері және шаянтәрізділер кіреді. Каспий теңізінде тіршілік ететін майшабақтар арасында қаражон майшабақтар өте құнды балық түрі болып саналады, сондықтан болар, оларды шамадан тыс аулау нәтижесінде қазіргі кезде саны мен сапасы тым төмендеп кеткен.
Қ а р а т е ң і з м а й ш а б а ғ ы–ч е р н о м о р с к а я с е л ь д ь - Alosa kessleri pontika (Eichwald). Тістері өте жақсы дамыған. Желбезек сағақтарының саны орташа 55 дана. Таралу аймақтары - Қара және Азов теңіздері. Денесінің ұзындығы 30 см шамасында. Өрістегіш (өткінші) балық. Ұрық шашуға Дон, Днепр, Дунай, Буг өзендеріне шығады. Кәсіптік маңызы жоғары, құнды балық.
В о л г а (Еділ) м а й ш а б а ғ ы – волжская сельдь – Alosa volgensis (Berg). Тістері нашар дамыған, желбезек сағақтары ұзын және жіңішке болып келген, саны 99-155 дана аралығында, денесінің ұзындығы орташа 24-28 см болатын балық. Каспий теңізі су алабында кең тараған. Уылдырықтарн шашуға Еділ мен Жайыққа шығады. Жыныстық қабілетке 2-4 жасында жетеді. Уылдырықтарын бөліп-бөліп шашады. Уылдырықтары жартылай пелагиальді. Өсімталдығы 100-281 мың уылдырық. Кәсіптік маңызы жоғары болғанымен қазіргі жағдайы өте төмен. Себебі, қазір, Еділ өзенінде табиғи түрде ұрық шашу жағдайы нашарлап кеткен.
К а с п и й п у з а н о г ы (бозаңқысы) – к а с п и й с к и й пузанок – Alosa caspia (Eichwald). Желбезек сағақтары ұзын және жіңішке, саны 50-180. Тістері нашар дамыған. Денесі биік, ал құйрық бөлігі қысқалау болып келген. Желбезек қақпақшасының артқы жғында қара теңбілі бар. Денсінің орташа ұзындығы 18-28 см . Негізгі таралу аймағы Каспий теңізі. Каспий пузаногының екі формасы бар: солтүстік каспий және орталық каспий, немесе ильмен пузаногі. Негізінен каспий пузаногі теңіз балығы, ал ильмен пузаногі болса теңізге өзеннің суы құйылатын тұщы аймағына дейін барады. Ұрық шашу мезгілі мамыр-маусым айлары. Уылдырықтарын шашу үшін теңіздің тұщылау жағалауына, ал қайсібіреулері өзеннің сағасына дейін өтеді. Жыныстық қабілетке 2-3 жасында жетеді. Пелагиальді уылдырығын бөліп шашады. Өсімталдығы 12-41 мың уылдырық. Шамамен 9 жылдай өмір сүреді. Қыстауы Оңтүстік Каспийде өтеді. Науырыз айында ұрық шашу үшін Каспий теңізінің слотүстік жағалауына өрістейді. Кәсіптік маңызы өте жоғары.
А з о в п у з а н о г і- азовский пузанок- Alosa caspia tanaica (Grimm). Желбезек сғақтары ұзын және жіңішке болып келген, саны 62-85 дана аралығында. Денесінің ұзындыға 16 см. Қара және Азов теңздерінде таралған. Өрістегіш балықтар. Кәсіптік маңызы шамалы.
Б а д ы р а қ к ө з д і қ а р ы н с а у (пузанок), (бозаңқы) – большеглазый пузанок – Alosa saposhnikov (Grimm). Желбезек сағақтары сирек, ұзын, саны 27-40 дана. Денесі биік. Көзі үлкен. Тістері жақсы дамыған. Денесінің ұзындығы 20-35 см. Каспий теңізінде мекендейтін теңіз балығы. Жыныстық қабілетке 2-3 жасында жетеді. Уылдрықтары жартылай пелагиальді. Уылдырығын сәуір-мамыр айларында Солтүстік Каспий жағалауына бөліп шашады. Орташа өсімталдығы 113 мың дана уылдырық. Өмір жасының ұзақтығы шамамен 8 жыл. Құнды балықтар қатарына жатады. Кәсіптік маңызы өте жоғары.
Б р а ж н и к о в м а й ш а б а ғ ы – бражниковские сельди- Alosa brashnikovi (Borodin). Бұл майшабақтың 8 түршесі кездеседі. Олардың ішінде кәсіптік маңызы жоғары болып саналатындар қатарына долгин, астрахан және гасанкули түршелері жатады.
Д о л г и н м а й ш а б а ғ ы – Alosa brashnikov typ (Borodin). Денесінің ұзындығы 20-35 см , тістері жақсы дамыған, желбезек сағақтары сирек және аласа, саны 27-47 дана болатын түрше. Негізгі таралу аймағы Каспий теңізі. Ащылау және салқын суларда өмір сүруге бейімделген балық. Ұрықтарын Каспий теңізінің солтүстік жағалауына сәуір - маусым айларында шашады. Пелагиальді уылдырықтарын бөліп-бөліп шашады. Уылдырықтарының саны 66 мың шамасында. Жыныстық қабілетке 3-4 жасында жететін және 9 жылдай өмір сүретін балық. Негізгі қорегі майда балықтар. Қыстауы Каспийдің оңтүстік бөлігінде өтеді. Кәсіптік маңызы өте жоғары.
Ш э д – Alosa sapidissima Wilson. Атлант мұхитының Солтүстік Америка жағалауын мекендейтін майшабақ. Басы үлкен, жалпақбас, желбезек сағақтары ұзын және жіңішке, бір желебзек доғасында 85-130 дана сағақ болатын балық түрі.Олар өрістегіш балықтарға жатады. Денесінің ұзындығы шамамен 75 см жетеді. 4-5 жасында толық жетілетін балық. Негізгі қорегі зоопланктондар. Қолда өсіруге бейімді. Тынық мұхитына жерсіндірлген. Кәсіптік маңызы жоғары майшабақтар.
Е в р о п а а л о з а с ы – Alosa alosa L. Шэд майшабағына ұксас балық түрі. Атлант мұхитының Европа жағалауында мекендейтін балық.
Кәсіптік маңызы жоғары. Бірақ та, қазіргі кезде саны өте азайып кеткен.
Нағыз килька (нағыз шабақ), немесе шпроттар туысы – род кильки настоящие, или шпроты – Sprottus.
Ауыздары кішірек, төс қыры жақсы дамыған балықтар. Арқасындағы жүзбе қанатыны құрсақ жүзбе қанатының тұсында , немесе артқа қарай орналасқан. Анальді жұзбе қанатының соңғы сәулелері (шыбықтары) қысқа. Негізгі таралым аймағы: Европа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік Австралия және Жаңа Зелландияның субтропикалық және қоңыржай сулары. ТМД суларында тек бір түрі кездеседі – Sparttus sparttus (L)., сонымен қатар ТМД суларында екі түршесі кең тараған. Олар: балтық шпроты – S.sprattus baltikus Sch. және қаратеңіз шпроты – S.sprattus phalericus (Risso). Шпроттар , немесе нағыз килькалар үйірімен топтасып тірішілік ететін, дене өлшемі не бары 17 см болатын және Балтық, Қаратеңіз, Азов теңіздерінің бассейндерінде мекендейтін теңіз балықтары. Балтық шпроты 2- 3 жасында, ал қаратеңіз шпроттары бір жасында жыныстық қабылетке жетеді. Шпроттардың көбею кезеңі - балтық теңізінде сәуір- тамыз айларының аралығында, ал қаратеңізде қазан айынан наурызға дейін созылған. Уылдырықтарын бөліп шашады. Өсімталдығы 0,5- 36 мың дана уылдырық. Жылдың жылы кезінде олар судың 20 – 100 м тереңдігінде тірішлік етеді, ал күзде судың жоғарғы қабатына көтеріледі. Негізгі қоректік азықтары зоопланктондар. Қыс айларында судың табанына жақын тұстарында қыстап шығады. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Бірақ та, шпроттардың үйірлері шағын болғандықтан оларды аулау қйындау болады.
Тюлька туысы, немесе килька, - Clupeonella. Морфо-биологиялық ерекшеліктері мен белгілері: ауызы кішігірім және жоғары орналасқан, тістері болмайды, құрсақ қыры жақсы дамыған, арқа жүзбе қанаты құрсақ қанатынан ілгерірек орналасқан, анальді жүзбе қанатының соңғы екі сәулесі ұзындау болып келген, уылдырықтарыныың ішінде өте ірі күлгін түсті май тамшысы болатын ұсақ балықтар. Омыртқаларының саны 39-49 дейін болады. Экологиялық жағдайына байланысты, тюлькалар – евригалинді және эвритермді балықтар қатарына жатады. Олар, тұщы суларда және тұздылығы 13 0/оо болатын теңіз суларында да тіршілік ете береді. Сонымен қатар, судың температурасы 0 ден 24 0С аралығында еркін өмір сүре бердеді. Бұл туысқа Каспий, Азов жане Қара теңіздер бассейндерінде тіршілік ететін 4 түр жатады Ең көп тараған түрлеріне : кәдімгі тюлька, немесе килька, бадырақкөз килька және анчоустәрізді тюлька, немесе Каспий килькасы жатады.
К ә д і м г і к а с п и й к и л ь к а с ы –каспийская обыкновенная килька – Clupeonella delicatula caspia ( Nordmann). Олар, Қаратеңіз-Азов тюлькасының бір түршесіне жатады. Денесінің ұзындығы 14-15 см болатын, 6 жылдай өмір сүретін балық. Денесіндегі майдың үлесі 12 % дейін жетеді.
Омыртқаларының саны 41 ден 42 ге дейі болады. Қыс кезінде Орталық және Оңтүстік Каспий аймағында қоныстайды. Сәуір-мамыр айларында, судың температурасы 12-21 0С болған кезде тюлькалар уылдырықтарын шашу үшін өте үлкен үйірге топтасып Каспийдің жағалауына қоныс аударады. Ұрық шашуға өрістеген килькалардың шамалы бөлігі Еділ және Жайық өзендерінің атырауларына өтеді. Уылдырық шашып болған соң, олар, тез арада теңіздің ашық айдынына қоныс аударып 6 метрден 30 метрге дейінгі, кейде 100 метрлік тереңдікте тіршілік етеді. Негізгі қоректері зоопланктондар (каланипедия және гетерокопе секілді ескек аяқты шаянтәрізділер). Өсімталдығы 9,5-60 мың уылдырық. Кәсіптік маңызы жоғары.
А н ч о у с т ә р і з д і килька,- анчоусообразная килька – C. engrauliformis (Borodin). Орталық, Оңтүстік Каспийде және Солтүстік Каспийдің оңтүстікке жақын аймақтарында мекендейтін балық. Денесі жұмырлау болып келген, ұзындығы 15 см шамасында, омыртқа саны 44-48 болатын балық түрі. Жыныстық қабілетке 2-3 жасында жетеді және 7 жылға дейін өмір сүреді. Негізінен Оңтүстік Каспийдің 50-750 м тереңдігін мекендейді. Көктем мен жаз айларында Орталық Каспий суының 15-60 м тереңдігіне қоныс аударады. Пелагиальді уылдырықтарын тамыз - қазан айлары аралығында, теңіз суының тұздылығы шамамен 8-12 0/оо және температурасы 13-24 0 С болатын кезде Каспий теңізінің ашық айдынына барып шашады.
Б а д р а қ к ө з к и л ь к а - большеглазая килька – C. Grimmi Kessler. Кеуде жүзбе қанаттарының жиегі дөңгеленіп келген. Көздері үлкен. Жотасы мен басының төбесі қара түсті болып келген Оңтүстік және Орталық Каспийде мекендейтін балық. Негізгі мекені теңіздің 70-250 метрлік тереңдігі. Бадырақкөз килькалар Оңтүстік Каспийдің неғұрлым салқын (140 С жоғары емес) жерлернде тіршілік етуді қалайды , сондықтан олар үнемі судың салқын жерлеріне өрістеп қоныс аударып тұрады.