Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Миксиндер түнгі жануарлар. Күндіз олар су табанындағы қара батпаққа көміліп тек басы ғана сыртқа шығып  жатады. Ал түнде өзіне қоректік олжа іздеп жорыққа шығады. Негізгі  қоректік азықтары: полихеттер, бентосты омырқасыздар, баяу жүзетін немесе өлі балықтар. Балықтарға тап беріп шабуыл жасап еріндеріндегі және тіліндегі өткір тісерімен терісі мен етін жұлмалап жұлып өзі ұзын денесін түйіндеп олжасының денесінің ішіне кіріп алдымен ішкі мүшелерін содан соң еттерін бұрғылап жей бастайды.

Миксиндер негізінен  солтүстік және оңтүстк жарты  шардың субтропикалық суларында  кең тараған.

Қазіргі заманда миксиндер класастында бір ғана отряд (Миксинтәрізділер - Myxiniformes) және бір тұқымдас (Mиксиндер – Myxinidae) бар.  Миксиндердің төрт туысының бар екені анықталған. Олар: кәдімгі миксиндер (Myxine), жіңішке денелі миксиндер (Nemamixine), сүлікауызды миксиндер (Eptatretus. Bdelastoma) және парамиксиндер (Paramixine).

Миксин тұқымдастардың 10 түрі бар. Миксиндер, Атлант мұхитының Америка және Европа, Оңтүстік Африка жағалаулары, Тынық мұхитының Жапония жағалаулары, Панама  шығанағы, Чили және Жаңа Зелландия жағалауларының 1335 м тереңдігіне тіршілік етеді. Әдетте, миксиндер теңіздердің 100-500 м тереңдігінде тіршілік етеді. Кәдімгі миксиндердің  дене тұрқы онша  ірі болмайды орташа. Негізінен денелерінің ұзындығы  36-40 см. шамасында, ал кейбір ірі дарақтарының ұзындығы 79 см - ге дейін жетеді. Денесінің түсі қызғылт, сұр-қызыл болып келгшен. Тәуіліктің көп бөлігінде су табанында көміліп жатады. Азықтануға түнгі уақытты шығады. Негізгі қоректері - жуас, әлсіз балықтар. Ұстаған олжасы қарсыласқан жағдайда олар, балықтың желбезек қақапағының астыныа кіріп желебезекке шырыш бөліп шашады.  Желбезегі шырыштанған балық тыныс алалмай тұншығып өледі де миксиннің олжасы болады.

Денсінің ұзындығы 25-28 см жеткенде миксиндер жыныстық қаблетке жетеді. Ұрғашылыры судың  тереңдңгі 90-270 м болатын  табанына 12 ден 30 ға дейін жұмыртқа салады. Миксиндер көбею кезінде қоректенбейді

 

МИНОГАЛАР КЛАСАСТЫ – PETROMYZONES

МИНОГАТӘРІЗДІЛЕР  ОТРЯДЫ – PETROMYZONIFORMES

Миногалр тұқымдасы - PETROMYZONIDAE

 

Миногалар сырт пішні жағынан миксиндерге ұқсас. Бірақта, миногалардың бір немесе екі арқа жүзу қанаттары болады. Ауызы воронка тәрізді және ауызының сыртқы  жиегі мүйізделінген шашақтармен көмкерілген. Ауызында және тілінде көптеген, жетіле  дамыған тістері бар. Олардың жалғыз  танау тесігінің саңлауы, жұтқыншақпен жалғаспайтын, мұрынның – гипофиз қуысына ашылады. Денесінің екі жақ бүйірінде тесігі сыртқа ашылған жеті - жетіден желбезек қалталары болады. Миногаларда, кәдімгі екі көзіне қоса басының төбесінде орналасқан үшінші көзі бар. Үшінші көзінің көз бұршағы болмағандықтан, ол көз тек жарықты сезеді.

Миы сыртынан жарғақты қабықпен жабылған. Ми қуыстары кең. Жұлыннан шығатын жүйке тамырлары құрсақ жүйке тамырларымен жалғаспайды.

Минганың бауыры  ішекпен  тек дернәсіл кезінде жалғасқан, ал кейін ол байланыс метаморфозалық өзгерістен кейін өз бетінше ішкі секреция бездеріне айналып кетеді. Жыныс безі жалғыз және өзексіз. Пісіп жетілген жыныс жасушалары тікелей дене қуысына өтіп содан кейін анальді тесігінің маңында орналасқан екі шұрық арқылы сыртқа шығады.   Көбею кезінде ұрық шашатын миногалар үйір құрып су табанында ұя сала бастайды. Ұя салуды аталықтары бастап аналықтары аяқтайды. Ұя салу кезінде аталықтары салынып жатақан ұяларының қасына бөтен аталықтарды жақындатпай қорып тұрады.  Ұя салынып бітісімен аналық миногы тасқа ауызымен жабысып тұрады, ал аталығы аналықтың денесіне жабысып уылдырықтары мен шәуеті бір мезгілде суға шашылады. Ұрықтары шашылып болысымен әбден қалжырап әлсіреп арықтаған  миногалар күн сәулесінен жасырыну үшін  тастардың арасына барып тығылады да кейіннен барып түгел қырылып қалады.

Миногалардың личинкаларын «құмқазарлар» дейді және олар өздерінің ересек дарақтарына мүлдем ұқсамайтын болады. Дернәсілдерінің  көздері шала дамыған, төрт бұрышты ауызы  үстіңгі ерінімен жабылған. Еріндерінің төменгі жағында шашақталған түктері бар. Құмқазарлар сарғыш, сұр түсі болып келеді. Олар,  қарабатпақты, ағысы баяу су табанында мекендейді.  Әдетте , құмқазарлар су табанына көміліп жатады. Олар басымен төмен қарап су табанын бұрғылап көміліп жатады. Негізгі қоректері детриттермен өте майда тірі организмдер. Құмқазарлар 4-5 жасында метаморфоза арқылы ересек миногаларға айналады. Метаморфоза кезінде олар қоректенбейді.

Қазіргі кезде Миногалар класастында  бір ғана Миногатәрізділер  (Petromyzoniformes) отрядына кіретін жалғыз Мингалар (Petromyzonidae) тұқымдасы  кездеседі. Миногалар, жер шарының  оңтүстік және солтүстік жарты шар суларын мекендейді. Олардың барлық түрлері тек тұщы суларда көбееді. Бірақта, олардың арасында өрістегіш түрлері де кездеседі. Миногалардың көптеген түрлері паразиттік өмір сүреді. Олардың дене ұзындығы 20 дан 100 см - ге дейін жетеді.

Қазіргі кезде миногалардың 20-24 түрлері кездеседі, олардың ішінде 5 туысы (Petromyzon. Entosphenus. Caspiomyzon. Lamperta. Ichthyomyzon) солтүстік жарты шарда және 2 туысы (Geotria, Мordacia) оңтүстік жарты шарда таралған. ТМД су қоймаларында  9 түрі кездеседі. Олардың арасында  өрістегіш және тұщы су түрлеріде бар.  Өрістегіш түрлеріне  теңіз миногасы – Petromyzon marinus L., каспий миногасы - Caspiomyzon wagneri (Kessel.)., тынық мұхит миногасы - Lampetra japonica ( Mart.)., нева өзені миногасы  -Lampetra fluviatilis (L.) т.б. түрлері жатады. Ал өмір тіршілігі тек өзенде өтетін миногаларға - еуропа, қыиыршығыс, сібір, украин өзен миногалары жатады.

Азықтану түріне байланысты олардың празиттік және паразиттік емес түрлері кездеседі.

Паразиттік түрлеріне, өткір, қарулы тістері болатын, негізінен қанмен және теңіз балықтарының етімен азықтанатын  теңіз және еуропа өзен миногалары жатады

Миногалардың ішіндегі ең ірісі – теңіз миногасы (Petromyzon marinus) олардың денесінің ұзындығы шамамен 90-100 см, салмағы 3 кг болады. Теңіз миногалары Атлантика мұхитының Флорида, Оңтүстік Гренландия жағалауларында, Жерорта, Балтық теңіздерінде кездеседі. Миногалардың өсімталдығы шамамен 24-170 мың дана уылдырық. Шашылған уылдырықтарының 1 % ғана личинкаға айналып жарылып шығады. Қалған уылдырықтар ерте бастан қырылып жойылады. Инкубациялық кезеңі  12 тәуілік шамасында. Жарылып шыққан дернәсілдері сол жерде 20 күндей қалып өседі де кейін өзеннің қорегі мол жеріне қоныс аударады.  Қазақстанда каспий миногасы ( Caspiomyzon wagneri)  кең тараған. Олар ұрық шашу үшін Жайық, Кура, Волга өзендеріне  өтеді. Ұрық шашу үшін қыркүйек айларында судың температурасы 11 градустан төмендей бастаған кезде Каспий теңізінен Еділ, Жайық өзендеріне қоныстарын аудара бастайды. Осы кезде миногалардың ұзындығы 44-55 см, салмағы 120-205 граммдай болады. Жайық пен Елідлің суын мұз жапқан кезде олар өрістеуін тоқтатып жеткен жерінде қыстап шығады. Миногалар өте майлы семіз болады. Өрістеу басталар алдында олардың денедегі майының үлесі жалпы салмағының 34% құрайды, ал уылдырықтарын шашр алдында небәрі 1-2% -ғана болады. Уылдырықтарын  өзеннің саяз, табаны тасты болып келген тұсына наурыз – мамыр айларында шашады. Уылдырықтарын шашып болысымен түгелдей қырылады.

Ұрықтарын шашу үшін жаз айларының соңында шыққан миногалар сол өзенде  жылға жуық уақыт сол жерде өмір сүреді. Осы уақытта олар қректенбейді. Сонымен қатар олардың организмнде бірталай өзгерістер байқадлады. Мысалы, уылдырықтары мен атлаық жыныс бездері (шәуеті) толық пісіп жетіледі, ішектері жіңішкеріп жәй жіп тәрізді болып қалады, үшкір тістері мүжіліп доғалданады, ауыз қуысындағы сілекей бездерінің қызметі тоқтайды,  арқасындағы қанаттары үлкейіп аралары бір бірінен алшақтайды, аналықтарының арқа қанаты пайда болады, аталықтарының жыныс мүшесі қалыптасады. Каспий миногасының  негізгі қоректері балдырлар, детриттер, өлекселер болғандықтан тістері аса өткір болмайды. Олар өте майлы болғандықтан   (денесінің 20-34 % майдан тұрады)  кәсіптік маңызы өте жоғары. Бұрынғы кезде қақталған мингаларды шырақ ретінде пайдаланған, ал қазір азық түрі болғандықтан шектен тыс ауланып олардың саны мен сапасының төмендегені байқалады.

Өзен миногалары жаз басында  ұылдырық шаша бастайды. Әр аналық  22 мың шамасында жабысқақ уыллдырықтарын су табанына шашды. 11-14 күн аралығында дернәсілдері (құмқазарлары) жарылып шығады. Олар,  бойының ұзындығы 3,2 мм болатын құрттарға ұқсас келеді. Ұзындығы 6 мм ге жеткен кезде  су табанындағы құмға көміле бастайды. Содан кейін 15-20 кундік кезеңінде судың ағысымен табаны батпақты жерге қоныс аударады. Дернәсілдік кезеңі 4-5 жылға дейін созылады. Осы уақыт аралығында олардың негізгі қоректері ретінде детриттер, диатомды балдырлар болып табылады. Метаморфзадан кейін миногалар теңізге өтіп паразиттік өмір сүре бастайды.

Өзен мингалары өте құнды, кәсіптік маңызы жоғары ,балықтәрізділер қатарына жататын су организмдері. Миногалардың өті, сүйектері және ішектерінде қорытылмаған азық қалдықтарының болмайды, сондықтан    оларды бүтіндей тамақ ретінде пайдалана береді.

 

 

ЖАҚАУЫЗДЫЛАР  КЛАСҮСТІ  -   GNATHOSTOMATA

 

БАЛЫҚТАР  ҚАТАРЫ -   P I S C E S

 

 Дөңгелекауыздыларға қарағанда  балықтардың организмі күрделілеу құрылған. Балықтардың дөңгелекауыздылардан негізгі ерекшеліктері:

  • жақсуйектері  мен жұп жүзу қанаттары болады;
  • көзі өте жақсы дамыған және көру қаблеті өте жоғары;
  • танау тесігі жұп;
  • құлақ қуысында 3 жарты айналым каналы болады;
  • негізгі тыныс алу ағзасы  эктодермадан жаралған желбезек;
  • балықтардың басым түрлерінің денесі қабыршақпен жабылған;
  • ұрықтануы сыртта өтеді, ал шеміршекті балықтар мен кейбір сүйекті балықтардың ұрықтануы іште өтеді;

Балықтар – Шеміршекті балықтар(Chjndrichthyes) және Сүйекті  (Osteichthyes) балықтар болып екі класқа бөлінген.

 

ШЕМІРШЕКТІ  БАЛЫҚТАР КЛАСЫ – CHONDRICHTHYES

 

Шеміршекті балықтардың қаңқасы өте берік, серпімді және толық шеміршекті болып келеді. Жүрегінің артериальді конусы, ал ішегінде шиыршықты қақпағы (клапаны) болады.  Торсылдағы жоқ. Жұп жүзу қанаттары көлденең жазықтықта орналасқан. Жыныстық белгілері (деморфизм) айқын байқалады. Аталықтарының  құрсақ жүзбе қанаттарында арнайы, жыныс мүшесінің қызыметін атқаратын, қосалқы құрылымы – птеригоподиі болады.  Ұрықтануы іште өтеді.  Жұмыртқалары сыртынан капсуламен жабылған өте ірі болады.  Көбею жағынан екі топқа бөлінеді: тірі туатындар және жұмыртқа салатындар. Қазіргі заманда шеміршекті балықтардың 600 жуық түрі кездеседі. Олар негізінен теңіз балықтары қатарына жатады.

Шеміршекті балықтар жүйелігі:     

Клас – Chondrichthyes                       - Шеміршекті балықтар      - Хрящевые рыбы

Класасты        -  Elasmobranchii      -  Тақтажелбезектілер          - Пластиножаберные

Отряд үсті       - Selachomorpha       -  Селяхоидтар (Акулалар) - Акулы

            Отряд -   Lamniformes          -  Ламнотәрізділер               - Ламнеобразные

Отряд  -  Pristiophoriformes  -  Аратұмсықтылар              - Пилоносообразные

Отряд -   Hexanchiformes      -  Көпжелбезектітәрізділер - Многжаберникообразные

Отряд   -   Heterodontiformes    - Әртүрлітістітәрізділер    - Разнозубообразные

Отряд   -  Squatiniformes           - Сквантинотәрізділер     - Сквантинообразные

Отряд  -  Squaliformes              - Катрантәрізділер    - Катранообразные

      Отряд үсті  -  Batomorpha               - Скаттар         - Скаты

Отряд   - Pristiformes               - Аратұмсықтәрізділер      - Пилорылообразные

Отряд    -  Rhinobatiformes        - Рохлеотәрізділер            - Рохлеообразные

Отряд    -  Rajiformes                 - Скаттәрізділер                - Скатообразные

Отряд    - Dasyatiformes           - Құйрыққазықтылар        - Хвостоколообразные

Отряд    - Тоrpediniformes         -  Электрлі скаттар          - Электрические скаты

  Класасты        -  Holocephali               - Бүтінбастылар                - Цельноголовые

Отряд   -  Chimaeriformes        - Химертәрізділер   - Химерообразные

 

ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР  КЛАСАСТЫ  -  ELASOMOBRANCHII

 

Пластина тәрізді желбезек күлтелері желбезекарлақ перделерінің арасында орналасқан.  Білік қаңқасы, немесе омыртқа бағаны амфицельді омыртқалардан тұрады Бас қаңқасы – гиостильді типке жатады, тек көнезамандағы өкілдерінікі амфистильді. Желбезек саңлуларының саны 5-7 және сыртынан желбезек кақпағымен жабылмаған. Басының төбе жағында су бүріккіші (брызгальце) болады. Құйрық қанаты  гетероцеркальді.  Осы класасты  екі отряд үстінен тұрады, олар: Акула - Selachomorph және Скаттар – Batomorpha.

 

АКУЛАЛАР ОТРЯДҮСТІ – SELACHOMORPHA

 

Денелерінің сырт пішіні әдетте ұршықтәрізді болып келген, ал кейбір түрлерінің (теңіз періштелері) дене тұрқы екі бүйірінен қысыңқы болады. Желбезек саңлаулары басының екі жағында орналасқан. Акулалард денесінің ұзындығы 15 см (ергежейлі акула) – ден 20 м (кит акуласы) ге дейін жетеді.

Қазіргі кезде акулалардың 300 жуық түрлері кездеседі.

Акулалар - теңіз балықтары, алайда кейбір түрлері тұщы суға өтіп тіпті сол жерді мекендейді. Олар негізінен жылы суларда мекендейді, ал кейбір түрлері Тынық мұхитының салқын суларында  тіршілік етеді (полярлық акула). Акулалардың негізгі географиялық таралуы: Әлем Мұхитының тропикалық және субтропикалық сулары. Олар су қабатының кез келген жерлерін мекендей береді. Мысалы: теіңіз жағалауларын - катран, мысық акула секілді түрлері мекендесе, мұхиттың пелагиальді  қабатын  көгілдір акула, мако секілді түрлері жайлаған. Ресей теңіздерінің жағалауларында  майшабақ акуласы, поляр акуласы (Баренц теңізінде, Тының мұхитының солтүстік бөлігінде), мысық акуласы (Қара теңізде), катран (Баренц, Қара теңіздерінде) секілді түрлері мекндейді.

Акулалар теңіздердің  жағалау аймақтарымен ( катран, мысық акула) қатар терең қабатында ( көгілдір акула, мако) да тіршілік етеді. Олардың кейбір түрлері судың ең терең қабатына дейін барады. Мысалы, полярлық акула судың 1000 м тереңдігіне дейін жетеді.

Информация о работе Жеке ихтиология