Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций
Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді
СКАТТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - RAJIFORMES
СКАТТАР ТҰҚЫМДАСЫ, немесе РОМБТӘРІЗДІ СКАТТАР - Rajidae
Бұл тұқымдасқа балықтардың 100 -ге жуық түрі жатады. Дене тұрқы ромб тәрізді болып келген, сырты тікенекті жабынмен жабылған, арқа жүзбе қанаты болмайтын балық. Қара және Балтық теңіздері жағалауларының тереңдеу аймақтарында тіршілік етеді. Көбею кезінде, сырты капсуламен қапталған жұмыртқларын су табанына салады. Қара теңізде – теңіз түлкісі - , Балтық теңізінде - жұлдыз скат түрлері кездеседі. Кәсіптік маңызы жоқтын қасы.
ТІКЕНЕКҚҰЙРЫҚТЫ СКАТТАР ОТРЯДЫ – DASYATIFORMES
Бұл отрядқа 7 тұқымдас жатады.
ТІКІНЕКҚҰЙРЫҚТЫ ТҚҰЫМДАСТАР – Dasyatidae
Бұл тұқымдасқа жататын түрлерінің
құйрықтарының үшында бір немесе
бірнеше тіс тәрізді
Манта, немесе Муйізділер тұқымдастары, - Mobulidae
Манталардың көздерінің алдында кеуде жүзбе қанаттары мүйіз тәрізді өсінді қалыптастырады. Сондықтан болар оларда мүйізді скаттар деп атайды. Манталар ірі скаттар қатарына жатады. Дене дискісінің диаметрі 6,5 м , ал салмағы 2 тоннаға дейін жететін ірі балық. Мекендейтін аймағы теңіздің пелагиальді қабаты. Негізгі қоректері: зоопланктонадар мен майда балықтар. Желбезектері тыныс алу және сүзгі қызыметін атқарады. Ауызынан жұтқан су желебезек арқылы сүзіліп сыртқа шығады. Манталар, денесінің кеңдігі 125 см , салмағы 10 кг болатын жалғыз төл туады. Кәсіптік маңызы жоқ.
ЭЛЕКТРЛІ СКАТТАР ОТРЯДЫ, НЕМЕСЕ ГНЮСОТӘРІЗДІЛЕР - TORPDINIFORMES
Отряд құрамына 3 тұқымдас, 30 - дан астам түр кіреді.
Денелері дөңгелек диск тәрізді. Тропикалық және субтропикалық суларды мекендейді. Денесінің ұзындығы 13,5см – 1,8 м болатын және жұмыртқадан тірідей туатын шеміршекті балықтар. Электр ағзалары өте жақсы дамыған. Қуаттылығы, шамамен 40-60 В, болатын тоқ күшін қорғаныс ретінде пайдаланады. Кәсіптік маңызы жоқ.
БҮТІНБАСТЫЛАР КЛАСАСТЫ – HOLOCEPHALI
Бүтінбастылар өкілдеріне
жататын балықтардың бас
Қазіргі замандағы бүтінбастылар түгелдей Химертәрізді – Chimaeriformes отрядқа және Химерлер - Chimaeridae. Тұмсықты химер - Rhinochimaeridae, Пілтұмсықты химер - Callorhinchidae секілді 3 тұқымдасқа топтастырылған. Сонымен, Әлем мұхитында бұл балықтардың 30 ға жуық түрі кездеседі.
Химерлер - су табанында тіршілік ететін теңіз балықтары. Таралу аймағы, негізінен, Атлантика және Үнді мұхиттары суларының бірнеше метрлік тереңдігінен 2500 метр болатын тереңдігіне дейінгі аралықта тірішілік етеді. Көбею кезінде капсуласының ұзындығы 42 см болатын, ұрықтанған, ірі жұмыртқа туады. Эмбриональдық даму кезеңі 9-12 айға дейін созылады. Негізгі қоректік азықтары бентосты организмдер
Еті жеуге жарамды. Әсіресе, бауыр майы, медицинада және өте жоғары дәл техникалық құралдарды майлауға пайдаланады. Кең тараған өкілдеріне Шығыс Атлантика суларын мекендейтін европа химерлері - Chimaera monstrosa жатады.
СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАР КЛАСЫ – OSTEICHTHYES
Cүйекті балықтар, шеміршектілермен ұқсастығын сақтап қалған. Атап айтқанда: жұп аяқ – қолының, жақ аппаратының, ішкі құлағында үш жарты айналамның, қос танауының, желбезек доғаларының болуы ұқсастықты айқындайды. Алйда, сүйекті балықтардың шеміршектілерге қарағанда айтарлықтай ерекшеліктері де бар. Мысалы, сүйекті балықтардың қаңқасында сүйекті элементтердің басым болуы, плакоидты қабрышықтарының ганоидты, космоидты немесе сүйекті қабыршықтарға ауысуы, торсылдақтарының пайда болуы, желбезек аралық жарғақтарының жойылуы, желбезектері тарақ тәрізді болып және сыртынан желебезек қақпақшасымен жабылу секілді көптеген ерекшеліктерді айтуға болады. Жұмыртқаларының қатты немесе үшіншілік қабығы болмайды, өздері майда және ұрықтануы сыртта өтеді. Сүйекті балықтардың өкілдері төменгі девон дәуірінен бері белгілі. Сөйтіп, олар, осыдан 400 миллион жыл бұрын пайда болды деп белгіленген. Жаңа дәуірдің бас жағын, сүйекті балықтар, түр жағынан өзінің ең кемеліне жеткен кезі деп айтйды. Олар Әлем Мұхитының барлық суларында кездеседі. Кейбір көне замандағы түрлері, тіпті судан сыртқа шығып тіршілік етуге бейімделген.
Балықтардың дене бітімі тіршілік ету ортасына байланысты өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, су табанында тіршілік ететін балық түрлерінің дене формасы жалпақтау, элипс немесе ромб тәрізді болып келген, көздері басының үстіңгі жағына жақын орналасқан, ал судың терең қабатында тіршілік ететіндердің денесі екі бүйірінен қысыңқы, көздері басының екі жағында орналасқан, терілерінің түсі тіршілік ету ортасына ұқсастау болып келген.
Балықтардың көпшілік түрлерінің арқасы қара, екі бүйірі ақшылдау ал, құрсақ бөлігі ақ болып келеді.
Балықтар денесінің сырт түсі тіршілік ету кезінде маңызды роль атқарады. Мысалы, балықтар дене түсі арқылы өз түрінің өкілдерін таниды (әсіресе аталықтарын), жуас балықтар жауларынан су өсімдіктері арасында жасырынады, сол секілді басқада көптеген рольдерді атқарады.
Сүйекті балықтардың ауызында тістері болады. Нақты айтқанада, кейбір балықтардың тісі жақ сүйектерінде орналасса, ал қайсы бірінікі 5-ші желбезек доғасында ( жұтқыншақ тістері) орналасқан, сонымен қатар балықтардың кей бір түрлерінің тілінде, таңдайында да тістері болады. Желбезек доғалары 5, олардың 4 жетіле дамыған , ал 5 –сі дамымай қалған. 1-4 желбезек доғаларынында күлтелері мен сағақтары болады, ал бесіншісінде тістер орналасқан. Балықтар суды жұтқан кезде желбезек доғасының сағақтарынан өткен судағы планктонды организмдер сүзіліп жұтқыншақ қуысына өтеді, ал күлтелерінің арасынан өткен су арқылы оттегінің тотығуы жүреді. Сонымен, желбезек ең негізгі тыныс алу ағзасы қызыметін атқарады.
Сүйекті балықтардың басым бөлігінің ұрықтануы сыртта өтеді. Аналықтары мен аталықтары пісіп жетілген уылдырықтарын (жұмыртқаларын) мен шәуеттерін ( спермаларын) суға шашады сондықтан ұрықтану сыртта өтеді. Алайда, сүйекті балықтардың кей бір түрлерінің ұрықтануы іште өтеді және ұрықтың дамуы сол аналық безі – жұмыртқалықтың ішінде өтеді.
Сүйекті балықтар класына жататын балықтардың жүйелігі :
Сүйекті балықтар класы - Osteichthyes
Класасты Кистеперлер - Crossopterygii
Отряд Целоканттәрізділер - Coelacanthiformes
Класасты Қостыныстылар
Отряд Мүйізтістітәрізділер - Ceratodiformes
Класасты Сәулеқаурсындалар - Actinopterygii
Отрядүсті Көпқаурсындылар - Polypteri
Отрядүсті Шеміршекті ганоидылар - Hondrostei
Отряд Бекіретәрізділер - Acipenseriformes
Отрядүсті Сүйекті ганоидылар - Holostei
Отряд Амиятәрізділер - Amiiformes
Отряд Тасқабықтытәрізділер - Lepidosteiformes
Отрядүсті Көпсүйекті балықтар - Teleostei
Отряд Майшабақтәрізділер - Clupeiformes
Отряд Сәулеленетін анчоустар - Myctophiformes
Отряд Қалтаауызтәрізділер - Saccopharyngiformes
Отряд Шортантәрізділер - Esociformes
Отряд Үгіртәрізділер
Отряд Тұқытәрізділер - Cypriniformes
Отряд Сарагантәрізділер - Belloniformes
Отряд Тұқытістітәрізділер - Cyprinodontiformes
Отряд Трескатәрізділер - Gadiformes
Отряд Макруротәрізділер - Macrouriformes
Отряд Алабұғатәрізділер - Perciformes
Отряд Камбалатәрізділер - Pleuronectiformes
Отряд Кефальтәрізділер - Mugiliformes
Отряд Солнечниктәрізділер - Zeiformes
Отряд Колюшкатәрізділер - Gasterosteiformes
Отряд Будажелбезектітәрізділер - Syngnathiformes
Отряд Тікенекқұрсақтытәрізділер - Tetraodontiformes
Отряд Қармақшыбалықтәрізділер - Lophiiformes
КИСТЕПЕРЛЕР КЛАСАСТЫ – CROSSOPTERYGII
Кистеперлер Жер шарында біздің дәуірге дейін 400 млн жыл бұрын тіршілік еткен теңіз және тұщы су балықтары. Сол кезде, олар, негізінен екі отрядтты құраған: Рипидистиеотәрізділер – Rhipidisiiformes мен Целоканттәрізділер – Colacahthiformes . Рипидистиялардың негізгі морфобиологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: олардың ішкі танау тесігі болады, өкпелері жетіле дамыған, аяқ қолдары ерекше орналасқан, атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген, аяқтары арқылы су табанымен еркін қозғалған. Құрлықтағы, қазіргі заман омыртқалылары осы рипидистиялардан жаралған деген тұжырым бар. Ал өздері болса пермь дәуірінде жойылып кеткен.
Целоканттар бастапқыда тұщы суларды мекендеген, ал кейінірек теңіз суында тіршілік етуге бейімделген. Бұл балықтарды осыдан 70-80 млн жыл бұрын жоғалып кеткен деп есептеген. Бірақ та 1938 жылы Үнді мұхитының Африка оңтүстік-шығыс жағалауында целоканттар отрядына жататын кистеперлерге жататын латимерия – Latimeria chalumnae Smith атты балық балықшылардың ауына түскен. Латимериялар Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Комор аралдары тұсында тіршілік ететін саны өте аз балық. 1977 жылы осы балықтың 87 дарағы ауланған. Латимерияның сырт түсі көкшіл- сұр болып келеді. Денесінің максимальды ұзындығы 180 см, салмағы 95 кг шамасында. Денесі сыртынан ірі космоидты қабыршықпен жабылған. Жұп жүзбе қанаттары су табанымен, жермен жүруге сондайақ суда жүзуге бейімделген. Қол – аяқтары белдеме сүйектерімен, орталық білік сүйегінің тек бір ғана бөлшегі арқылы жалғасқан. Сол себептен олардың аяқтары құрлықтағы омыртқаларға ұқсас келеді. Алдыңғы жүзбе қанаттарынан басқалары етті болып келеді. Сондай - ақ, олардың сырты қабыршақтармен жабылған. Құйрық қанаттары дифицеркальді (құйрық қанатының үстіңгі және астыңғы ұштары симметриялы орналасқан). Білік қаңқасы желіден (хордадан) тұрады. Бас қаңқасы омыртқа бағанымен қозғалмалы жалғасқан. Жүрегінде артериальді конусы (қуысы), ішегінде спиральді (орамды) қақпақшасы сақталған. Ішкі танау тесігі және клоакасы болады. Өкпесі кеміп кеткен.
Латимерия – баяу қозғалатын, судың тереңдеу жерінде тіршілік ететін жыртқыш балық. Жарықтан қашатын, тек түнде ғана ауланатын балық түрі. Ұрпақтарын жұмыртқадан тірі туатындарға жатады. Биологиясы толық зерттелмеген.
ҚОСТЫНЫСТЫЛАР КЛАСАСТЫ (КЛАСТАРМАҒЫ) – DIPNOI
Қостыныстылар атмосферадағы ауамен және судағы оттегімен бірдей тыныс ала алатын қасиеті бар балықтар. Олардың ішкі танау тесігі дамыған, ал торсылдағы болса қуысты болып келеді және атқаратын қызыметі жағынан құрлықтағы омыртқалы жануарлардың өкпесіне ұқсас келеді. Соған байланысты қан айналым жүйесіндеде өзгерістер бар. Мысалы, жүрегі перде арқылы екі бөлікке бөлінген. Қан айналым шеңберінің өкпе айналымы бар, сонымен қатар артқы қуысты венасы (көктамыры) қалыптасқан. Қабыршықтары циклоидты. Бас сүйегі аутостильді (үстіңгі жақ сүйегі бас сүйегінің сауытымен тұтасып кеткен. Жұп жүзбе қанаттары бисериальді типке жатады, ал қайсы бір түрлерінің жүзбе қанаттарының тек орталық мүшесі ғана болады сондықтан олардың қанаттары жіпше тәрізді болып келген. Қаңқасының құрамында шеміршекті құрылымдар көп кездеседі. Білік қаңқасы тек желіден тұрады. Алайда, омыртқаларының үстіңгі және төменгі шеміршекті доғаларының белгілері қалыптасқан. Жақ аралық, жақ және тіс сүйектері редукцияланған. Жүрегінде артериальді конус, ішегінде орамды (спиральді) қақпақшалары сақталған. Клоакасы бар. Құйрық қанаты дифицеркальді.
Қостыныстылардың
Ерте заманда бұл балықтар Жер шарында кең тараған болатын, ал қазіргі заманда олар тек Австралия, Орталық және Оңтүстік Америка суларында кездеседі. Олардың мекені негізінен - жылы, саяз, кей жылдары суы тартылып кететін тұщы сулар. Олар судан анда - санда сыртқа шығып демін шығарып содан соң сырттан ауа жұтып қайтадан суға кетеді. Су мол жылдары олар өте белсенді болады, ал су тартылып кеткен кезде өкпемен тыныс алуға ауысады. Көбею үшін уылдырықтарын шашады. Негізгі қорегі балықтар мен омыртқасыздар. Еті жеуге жарамды.
Қазіргі заманда қостыныстылардың тек бір ғана - Мүйізтістітәрізді – Ceratodiformes отряды және осы отрядқа кіретін Бірөкпелі ( немесе Мүйізтісті) және Қосөкпелі (немесе Қабыршақты) тұқымдастарына кіретін 6 түрі кездеседі.
Қосөкпелі, немесе Қабыршақтыла тұқымдасы, - lepidosirenidae
Қостыныстылар тұқымдасына тән белгілері: денетұрқы жыланбалықтарға (үгірлерге) ұқсас келеді, қол-аяқтары ұзын қылтан секілді, жұп өкпсі бар, денесінің ұзындығы 2 м шамасында.
Мекені: Орталық және Оңтүстік Америка сулары. Кейде көлдердің суы тартылып кеткен жағдайда 9 айға дейін ұйқыға кетіп кейін қайтадан су келгенде тіріліп шығады.