Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Шоқыр – севрюга – A. Stellatus Pallas. Ең басты ерекше белгілері: тұмсықтары  семсер тәрізді ұзын және жіңішке (басының ұзындығының 60% құрайды), астыңғы ерні ортасынан жырық. Мұртшалары қысқа, бүйіріндегі қоңызшаларының саны 50 ден аспайды (26-43).

Таралу аймағы: Каспий, Қара, және Азов теңіздері. Арал теңізіне жерсіндірілген. Өрістегі балық. Уылдырықтарын шашуға Каспийден -  Еділ, Жайық, Кура, Терек, Самур, Сулак, Астара өзендеріне шығады. Көбі Жайық пен Еділг өтеді.; Қара теңізден Днепрге, Днестрге, Риониге, Буг, Ингуриге  өтеді, ал Азов теңізінен кубань және Дон өзендеріне шығады. Уылдырық шашар кезінде өзен бойымен алысқа көтерілмейді. Еділге шыққандары  Волгоград қаласының маңында, ал Жайыққа шыққандары Орал қаласының маңында және Шаған өзеніне шашады. Пімайдың кәсіптік салмағы 7-8 кг. Табиғи жағдайда  салмағы 80 кг,  ұзындығы 220 см болатын балықтар кездеседі. Орташа 30 жыл өмір сүреді. Жыныстық қабілетке,  аталықтары 9-12, аналықтары 11-15 жаста жетеді. Өсімталдығы төмен болып саналады. Уылдырығының саны шамамен 35- 630 мың дана аралығында. Уылдырықтарын су табанына шашады. Табиғи жағдайда  пілмаймен және сүйірікпен  шағылысқа түседі. Құрма, және лақтырма аулармен аулайды.

Сүйірік – стерлядь – Acipenser ruthneus L. Тұмысығы шамалы ұзын, астыңғы ерні  ортасынан жырық, мұртшалары шашқты болып келген балық.  Бүйіріндегі қоңызшаларының саны 57-71 болады. Тұщы су балығы.  Негізінен Каспий, Қара, Азов, Балтық теңіздері бассейіні өзендерінде мекндейді. Сонымен қатар, Сібірдің Енисей, Обь,  өзендерінде және  Қазақстаннның Ертісінде кездеседі. Салмағы 16 кг, ұзындығы 125 см жететін балық. Жыныстық қабілетке аталықтары – 3-7 , ал аналықтары 5-12 жастарында жетеді.  Өсімталдығы 5 тен -140 мың дан уылдырық.  Аталықтары 2 жылда бір рет, аналықтары 4-5 жылда бір рет ұрық шашады. Негізгі қоректері омыртқасыздар, насекомдардың дернәсілдері. Бекіремен, шоқырмен, сібір бекіресімен, қортпамен будан құрады.

 

Американдық тасбекіре туысы – американскии лопатонос-   Scaphirhynchus. Бұл тұқымдастың Солтүстік Америка суларында мекендейтін екі түрі кездеседі :  кәдімгі  тасбекіре (Scaphirhenchus platorhenchus)   және  ақ тасбекіре Scapphirhyncus albus. Осы екір Миссисипи өзені су алқаптарында мекендейтін өзен балықтары. Ақ тасбекіре негізінен Миссури өзенінде кездеді.

Тасбекірелер, тірі салмағы 2-3, сирек 4,4 кг және  денесінің  ұзындығы 60-90, сирек 12-30 см болатын өзен балықтары. Олардың ең басыты ерекшеліктеріне  төмендегі белгілер жатады: құйрық ұшы сыртынан  сүйекті пластналармен жабылған, жалпақ және ұзын болады. торсылдағы өте үлкен болады. Көздері кішкентай. 

Тасбекірелердің кәсіптік маңызы төмен.

Жалған тасбекіре, немесе Арал тасбекіресінің- лжелопатонос или Аральский лоптонос – (Pseudoscaphirhynchus)  мекені Арал теңізінің алабы (Сырдария және Амудария өзендері). Олардың салмағы 2- 2,5 кг, ұзындығы  36-75 см болатын орташа балықтар. Құйрығының  ұшы қысқалау, жалпақтау және  құйрық бұтағының бүйірінде  сирек орналасқан сүйекті пластиналары болатын балық. Торсылдағы өте кішкентай.  Құйрығының ұшында  жіп тәрізді ұзын өсіндісі болуыда болмауыда мүмкін.

Үлкен амудрия тасбекіресі – большой амударьинский лопатонос – (Pseudoscaphirhynchus kaufmannni), Амудария және Пяндж өзенднрінде мекендейді. Теңізге қоныс аудармайды, алыс дегенде  Амударияның атырауының тұздылау суына дейін ғана өрістейді. Бұл тасбекіренің құйрығының ұшында үзын, жіп тәрізді сабағы болады, Жыныстық қабілетке 6-7 жасында және денесінің ұзындығы 40 см болған кезде  жетеді. Жалпы алғанда ересек тасбекренің салмағы 2,2-2,5 кг және денесінің ұзындығы 75 см  шамасында болады. Ұрықтарын сәуірде судың температурасы 16-17 0 С болғанда шашады. Өсімталдығы төмен десе болады, бар болғаны 3,1-30 мың шамасында уылдырық шашады. Дернәсілдері  ағысы қатты, лайлы суда өсуге беймделген. Ересек тасбекірелер балықтармен, насекомдармен қоректенеді. Басқа өзендерге жерсіндіру жұмыстары жүргізілді алайда ол жұмыс  оң нәтиже бермеді ( 1911 ж Мургаб өзені).

Кіші амудария тасбекіресі – малый амударьинский лопатонос (Pseudoscaphirhynchus hermani ) сирек кездесетін балық, алайда оларды Амудария өзенінің барлық жерінде кездестіруге болады. Олардың тұмсықтары  енсіздеу  және ұзындау болып келеді. Ең ірі дегендерінің өзі 27 см аспайды. Олардың өмір тіршілігі тек өзен суында өтеді. Негізгі азығы болып  омыртқасыздар болып саналады. Әсіресе суйіп жейтін азықтарға хирономид дернәсілдері жатады.

Кәсіптік маңызы жоқ. Сондада, гидробиоценозда алар орны бөлек. Олар Амудария өзенінің эндемигі болып саналады.

Сырдария тасбекіресі  – Сырдарьинский лопатонос (Pseudoscaphirhyncus fedschencoi) - өзен балығы, негізінен Сырдарияның жазық ағысын мекендейді, сондықтан болар дарияның төменгі жағында сирек кездеседі. Денесінің ұзындығы 25-26 см, ал құйрығымен санағанда 35-36 см болады. Ұрықтарын сәуірдің екінші жартысында өзеннің тасты табанына пілмаймен қатар шашады. Өсімталдығы төмен, не бары 1500 дана уылдырық шашады.  Негізгі қоректері насекомдардың дернәсілдері. Кәсіптік маңызы жоқ.

 

Ескектұмсықтылар тұқымдасы (Polyodontidae)

 

Ескектұмсықтылардың  денесі жалаңаш немесе сирек орналасқан қабыршақтармен жабылған, тұмсығы  ұзын ескек тірізді болп келген.. Денесінде  бес қатар болып  орналасқан қоңызшалары жоқ, тұмсығының төменгі жағында өте кішкентай екі мұртщалары бар. Жақтарында майда тістері болады. Бүйір сызығының өзегі мада сүйектермен қоршалған.

Қазіргі заманда екі  түрі белгілі: ескектұмсық және псефур.

Ескектұмсық –  веслонос - (Polyodon spathula) АҚШ тың Миссисипи мен Миннесота, Висконсия мен Луизиана және Техас өзендерінің таза суларында мекендейді. Ересектерінің салмағы 74 кг дейін, ал бойының ұзындығы 190 см дейін жететін ірі балық. Ауыздары  ұзармайды.  Ұрықтарын көктемде шашады. Жыныстық қаблетке 4-7 жасында жетеді. Көбею кезінде 80-270 мың дана уылдырық шашады. Ұрықтарын жал аралатып шашады. Кәсіптік маңызы жоғары. Бірақ та, қазіргі кезде олардың саны күрт төмендеп кеткені байқалуда.

Псефур – (Psephurus gladius) Қытайдың Янцзы өзенінде тіршілік етеді.. Олар, денесінің ұзындығы 7 м жететін ірі балықтар.  Ауызы алға шығып қозғалып тұрады. Балықтармен азықтанады. Еті өте құнарлы және бағалы.

 

СҮЙЕКТІ ГАНОИДЫЛАР ОТРЯДҮСТІ – HOLOSTEI

 

Негізгі морфологиялық  белгілері:  бас қаңқасында  хондральді сүйектері көп болады, шүйде сүйегінің жоғарғы бөлігі шеміршект, білік қаңқасы мен  эндокраниумы сүйектенген, Бас қаңқасы  амфистильді және  төменгі  бөлігінде  сплениальді сүйегі сақталып қалған. Алқым пластинкасы әр уақытта болады.Тақ жүзбе қанаттарының сәулелері оларды бекіп ұстап тұрған радиалилер санымен бірдей болады. Қабыршақтары ганоидты және сүйекті. Жүрегінде  артериальді конусы, ал ішегінде  шала дамыған  спиральді қақапақашасы болады.

Бұл балықтардың түрлері 6 отрядқа жинақталған. Қазіргі заманда  олардың тек екі отряды ғана кездеседі : бірі Амиялар - Amiiformes, екішісі тасқабықтылар –Lepidosteiformes.

 

АМИЯТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ – AMIIFORMES

 

Омыртқалары  амфицельді типке жатады (омыртқа денесінің екі басы ішке қарй ойысқан). Басының төменгі бөлігінде  гулярлы пластинкалары бар. Құйрығы  гомоцеркальді. Торсылдағы қуысты және  тыныс алу қызыметін атқарады. Құйрығының  үстіңгі бөлігінде қара теңбілі болады. Аталықтарының қара теңбілі сарғыштау жиекпен көмкерілген, ал аналықтарының кейде теңбілдеріде , сары жиектері де болмауы мүмкін.  Жүзбе қанаттары жасыл түсті.  Арқа жүзбе қанаты денесінің алдыңғы бөлігінен құйрығына дейін өскен.  Құйрық қанаты дөңгеленіп келген.  Құрсақ қанаттары абдомальді ( құрсақ қанаттары тура құрсақтың орта бөлігінде).  Бұл балықтар  триас дәуірінен бері белгілі. Қазіргі заманда тек   –Amia calva L. – қара батпақ балығы секілді бір ғана түрі кездеседі. Олар,  Солтүстік Американың  оңтүстік-шығыс бөлігіндегі , ағысы төмен, су айдынын өсімдіктер қаулап басып кеткен  өзен - көлдерді мекендейді.  Амиялар бойының ұзындығы 60 см шамасында, салмағы 5 кг болатын балықтар. Жыртқыш, негізгі қорегі омыртқасыздар мен майда балықтар. Түнгі балық, себебі  қараңғы түскенде  тіршілік белсенділігі арта түседі. Ұрықтарын сәуір- маусым айларында шашады. Ұрық шашар алдында аталықтарының күйет кейіпі пайда болып су өсімдіктерінен ұя жасайды және шашылған желімді  уылдырықтарын қорғап тұрады. Ұяларын түнгі уақытта салады және уылдырықтарын да түнде шашады. Кейде ұяларды қорғау оңай болу үшін  бірнеше балық ұяларын жақын орналастырап салады. Инкубациялық кезеңі 6-10 күн аралығында өтеді. Жұмыртқадан жарылып шыққан дернәсілдері желімдерімен сол өсімдіктерге 10 шақты күн жабысып тұрады. Содан соң  олр топтасып үйірімен жайылып жүреді. Аталықтары болса оларды әбден әлденгенше қорып - қорғап тұрады. Қыстау кезінде олар қысқы ұйқыға кетеді. Амиялар өте жемқор болады, сондықтан, олр бар жерде басқа балықтардың саны азайып кетеді. Кәсіптік маңызы шамалы.

 

 

 

 

 

ТАСҚАБЫҚТЫТӘРІЗДІЛЕР  ОТРЯДЫ, НЕМЕСЕ ТАСҚАБЫҚТЫ ШОРТАН - LEPIDOSTEIFORMES

Омыртқалары опистоцельді (омыртқа денесінің алдыңғы басы томпақ, ал артқы басы шұңқыр). Денесі  ганоидты қабыршақпен жабылған.  Торсылдағы  қуысты және жұтқыншақпен жалғасқан.

Мел дәуірінен  бері белгілі.  Қазіргі заманда олардың 6-7 түрі кездеседі. Оларды ұзынтұмсықты және қысқа тұмсықты деп екі топқа бөледі. Негізгі мекендері Солтүстік және Оңтүстік Америка  және  Кубаның тұщы  сулары. Сырт пішіні шортанға ұсас келеді. Денесінің ұзындағы 3-4 м болатын тұщы су балықтары, бірақ та, кермекті кейде теңіз суларында да кездеседі.  Уылдырықтарын ерте көктемде тұщы суға шашады. Шашылған желімді уылдырықтары шөптерге, немесе су табанындағы тастарға жабысып тұрады.

Жыртқыш балықтар. Негізгі қоректері майда балықтар, кейде су құстарына да шабуыл жасайды. Қыста қатты ұйқыға кетеді. Кәсіптік маңызы төмен. Уылдырықтары улы, еті жағымсыз, себебі, бұлшықеттерінде майда қылтан сүйектері көп болады.

 

НАҒЫЗ СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАР  ОТРЯДҮСТІ – TELEOSTEI

 

Нағыз сүйекті балықтар қатарына қазіргі заман балықтарының басым көпшілік  түрі кіреді.

Негізгі морфологиялық  белгілері:

  • омыртқалары амфицельді типке жатады және толық сүйектелінген;
  • кейбір түрлерінің омыртқа денесінде  желісі (хордасы) сақталынған; 
  • бас қаңқасы толық сүйект;
  • торсылдақтары  өңешпен байланысы жоқ;
  • астыңғы жақ сүйегінің сплениальді сүйегі болмайды;
  • жүрегінің артериальді конусы, ал ішегінде орамды қақапақшасы жоқ;
  • тақ жүзбе қанаттары сәулелерінің (шыбықтарының, талшықтарының) саны радиалилеріне сәйкес болады;
  • құйрық қанаттары әдетте, гомоцеркальді болады;
  • денесін  жауып тұрған қабыршақтары сүйекті;

Сүйекті балықтар ортаңғы  триас дәуірінде пайда болған, ал кайнозой дәуірінде кемеліне жеткен кезі деген дәлелді деректер бар. Қазіргі заманда, табиғатта,  сүйекті балықтардың 18 мың түрі кездеседі.

 

МАЙШАБАҚТӘРІЗДІЛЕР  ОТРЯДЫ – CLUPEIFORMES

(Отряд СЕЛЬДЕОБРАЗНЫЕ)

 

Негізгі морфологиялық  ерекшеліктері:

     -   торсылдақтары жабық типті;

  • бас қаңқасының сүйектері жұқа және кеуек (ұсақ түтікті);
  • омыртқа денесінің ортасында тесігі болады;
  • иық белдеуінің құрамында мезокоракоид сүйегі бар;
  • құрсақ жүзбе қанаттары кеуде қанаттарынан  алшақ орналасқан;
  • қабыршақтары циклоидты;

Барлық сүйекті балытардың шыққан ататегі болып саналады. Қазіргі  заманда олардың 8-10 отряд тармағы (отрядасты) кездеседі.

 

МАЙШАБАҚТАР ОТРЯДАСТЫ  – CLUPEOIDEI  (СЕЛЬДЕВИДНЫЕ)

 

Бұл топқа жататын балықтардың  қабыршақтары циклоидты. Бүйір сызығы болмайды. Бұл отряд тармағына  үш тұқымдас кіреді: Дорбтар, Майшабақтар және Анчоустар.

 

Майшабақтар тұқымдасы  –  семейство Сельдевые - Clupeidae

 

Майшабақтарға тән  белгілері: желбезек жарғақтары тамағымен  тұтасып кетпеген; ауызы созылмайды; бүйір сызығы болмайды; басы жалаңаш; құрсағында төс қыры (киль) бар; тістері толық жетілмеген, жоқ болуыда мүмкін.  Майшабақтар тұқымдасына жататын балық түрлері мел дәуірінен бері белгілі. Бұл тұқымдастың құрамына 6 тұқымдасасты, немесе тармағы және 200  жуық балық түрлері кіреді. Басым түрлері теңіз және өрістегіш балықтар.  Денесінің ұзындығы 50 см аспайды.  Негізгі қоректері зоопланктондар. Көпшілік түрлері уылдырықтарын судың қалаң қабатына шашады, сондықтан ұрықтану жағдайына байланысты  пелагофильді балықтар болып саналады, алайда  майшабақтардың кейбір туыстарының өкілдері уылдырықтарын су табанына шашады, мысалы, Clupea туысы. Кеңтараған түрлеріне (атлантика  және тынық мұхит шабақтары) ұзақ мерзімді өрістеу қасиеті тән. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Жалпы ауланған балықтардың ішінде  майшабақтардың үлесі 10 пайыздан жоғары.  Әсіресе, сардина,  мұхит майшабақтары секілді түрлері көп көлемде ауланады. Қазіргі кезде майшабақтарды бейберекет ауладың нәтижесінде саны мен сапасы күрт төмендеп кеткен.

Мұхит, енмесе теңіз майшабағы туысы – Clupea

Бұл балықтардың ауызы  кішігірім, құрсағындағы төс қырын  жауып тұрған қабыршақтары өте жақсы  байқалмайды тек құрсақ жүзбе  қанатының тұсында орналасқан қабыршақтары ірілеу. Бұл туысқа түршелерімен қоса бір ғана  түр кіреді.

Мұхит, немесе теңіз майшабақтары –Clupea harengus  L. Бұл балықтар негізінен солтүстік жарты шардың бореальді және субтропикалық суларында мекендейді. Сонымен қатар, Чили жағалауларында да кездеседі. Солтүстік жарты шар таралу аймағында 3 түр тармағы (түрасты) кездеседі: атлантика майшабағы – Cl. Harengus harengus L., тынық мұхит майшабағы – Cl. Harengus pallasi Val. және  салака.  Бұл түрасты тармағына кіретін балықтар жеке дара морфологиялық белгілеріне және көбею, қоректік өрістеу және өсімталдық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі үйірлерге, топтарға, тобырларға бөлінеді. 

 Омыртқаларының санына байланысты  бұл  балықтарды екі топқа  бөледі:      көпомыртқалы майшабақтар (атлантика майшабағы және салака), омыртқа саны 55-57, және азомыртқалы майшабақтар (тынық мұхит, беломор және печора майшабақтары), омыртқа саны  52-55.  Аталғандардың ішінде ең көбі атлант және тынық мұхит майшабақтары.

Информация о работе Жеке ихтиология