Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Әдетте, Каспий килькасы, анчоустәрізді  килькалар, бадырақкөздер  қортпалардың, итбалықтардың, жыртқыш майшабақтардың негізгі қоректік азығы болып саналады. Кәсіптік маңызы жоғары.

А б р а у   т ю л  ь к а с ы – абрауская  тюлька- C. abrau  (Maljatskij). Новороссийск қаласының маңындағы Абрау көлі мен Туркияның Абулионд  көлінде мекендейтін, планктондармен, балдырламен қоректенетін тұщы су  тюлькасы. Олар ұзындығы 6-9,5 см болатын, негізінен түнгі уақытта белсенді болатын ұсақ балықтар. Олар тез арада көбеетін балық түрі. Мысалы, басқаларға қарағанда, абрау тюлькалары судың температурасы 22 0 С болған жағдайда кешқұрым шашылған ұрықтанған уылдырықтарынан 10-12 сағатта, таңертең, дернәсілдері жарылып шығады. Дернәсілдері тез арады судың астыңғы қабатына батып, жоғарғы қабаттың толқындарының әсерінен өздерін аман сақтап қалады. Кәсіптік маңызы жоқ деседе болады.

 

Сардина туысы – род  сардина – Sardina

 

Сардиналар қатарына теңіз балықтарына жататын, сардинf – пильчарда, сардина- сардинопс және сардинелла секілді туыстарға   жататын түрлерді  жатқызады.

Сардина –  пильчарда – Sardina hilchardus  Wald. туыстығына жататындардың ауызы кішігірім, желбезек доғасының алдыңғы сағағы ұзын, Атлант мұхитының субтропикалық және қоңыржай  суларын, сонымен қатар Азов және Қара теңізде  мекендейтін балық.  Жыныстық қабілетке 2 жасында жететін, бойының ұзындығы 30 см шамасында (орташа 20-25см) болатын балық. Көбею маусымы,  судың температурасы 10-18 0С болған жағдайда басталады. Уылдырықтары пелагиальді. Қоректері: зоопланктондар. Орташа 14 жыл өмір сүреді. Жасына байланысты үйір құрып әр жастағы топтар жеке дара тіршілік етеді. Кәсіптік маңызы жоғары. Әсіресе: Франция, Португалия, Италия, Алжир  секілді елдерде көп ауланады. Қара теңізге аз көлемде келеді.

 

Сардинопс туысы  – род сардинопс – Sardinops

 

Ұзындығы 30 см жететін, салмағы 150 гр болатын балық. Денесі толық, құрсағы екі бүйірінен қысыңқы емес.  Жотасы көк-жасыл, екі бүйірі мен құрсағы боз түсті болып келеді. Екі бүйірінде  қатар-қатар орналасқан  саны 15 ке дейін жететін қара дақтары болады. Желбезек қақапақшаларының беткейінде тармақталған өзектері бар. Омыртқаларының саны 47 ден 53 ке дейін. Денесін біркелкі қабыршақтар жауып тұрады.

  Бұл тұысқа жалғыз түр  және  5 түрше жатады: қыйыршығыс, калифорния, перуандық, австралия-жаңазелландиялық және оңтүстік африка сардиналары.

Қ и ы р ш ы ғ ы с   с а р д и н а с ы, немесе сардина иваси –дальнвосточная сардина, - S. Sagax melanosticta ( Schlegel). Тынық мұхитының  солтүстік-батыс бөлігінде мекендейді. Ұзындығы шамамен 27 см болатын, жыныстық қабілетке 3 жасында жететін балық. Ұрығын ақпан-науырыз айларында шашады.. Өсімталдығы 50 мың уылдырық.  Уылдрық шашып болған соң семіруге  сәуір-мамыр айларында ұзақ өріс жолына шығады.  Өрістеу кезінде Жапон теңізінің солтүстік жағалауына, Оңтүстік Курил, Сахалин, Камчатка жағалауларына дейін жетеді. Күзде қайтадан Жапония жағалауына келіп қыстайды. Негізгі қоректері  зоопланктондар мен фитопланктондар. Тіршілік өмірінің орташа жасы 8 жыл. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Құнды балықтар қатарына жатады.

 

Сардинелла  туысы- род  сардинеллы –Sardinella.

 

  Қазіргі кезде  Сардинелла туысына жататын балықтардың 16 түрі кездеседі. Бұл балықтардың түрлеріне тән морфологиялық  және экологиялық ерекшеліктері бар. Негізгі мекендері тропикалық және субтропикалық сулар. Тек бірғана  Sardinella aurita түрі, теңіз суының қоңыржай бөлігіне өтеді. Сардинелланың, сардина- пильчардқа және сардинопска қарағанда,  өзіндік ерекшеліктері бар, олар:  желбезек қақпағының сырты тегіс және жылтыр, иық белдеуінің алдыңғы жағында екі өсіндісі бар, денесінде қара теңбілдері жоқ, тек Sardinella sirm түріне жататын балықтардың денесінде  жалғыз қара дағы болады. Осы туысқа жататын балықтардың 12 түрі Үнді мұхитында өмір сүреді. Ал, Алаша ( S. aurita) түрі Тынық мұхитының Жапония, Корея, Индонезия жағалауларында және Атлантика мұхитының шығыс бөлігінің суларында, Қара және Жерорта теңіздерінде кеңінен таралған. Кәсіптік маңыздылығы жағынан  сардинелла-алаша, немесе жұмыр сардинелла және  семіз сардинелла қомақты орын алады.

Сардинелланың денесінің  ұзындығы 38 см дейін жетеді, әдетте 20-22 см болады. Бір жасында жыныстық қабілетке жетеді. Көбею кезінде уылдырықтарын маусым-тамыз айлары аралығында теңіздің жағалау бөлігіне шашады. Негізгі қоректері зоопланктондар. Тәуілік ішінде қоректену үшін өрістерін өзгертіп тұрады. Қорек іздеп түнгі мезгілде судың беткей бөлігіне шықса, күндізгі уақытта судың қалың қабатына барады. Өмірінің ұзақтығы  шамамен 6 жыл.

Анчоустар тұқымдасы –  семейство анчоусовые – Engraulidae.

Жалпы морфобиологиялық ерекшеліктері: желбезек жарғақтары тамағымен жалғаспаған, алға қарай жылжып тұрмайды, қабыршағы циклоидты, қабыршақтары осал тез түседі, бүйір сызықтары жоқ, басы  сыртынан жабылмаған, құрсақ қыры болмайды,  ауызы өте үлкен,  төменгі жақ сүйегі қысқалау. Мұхиттың тропикалық және қоңыржай суларын мекендейді. Бұл тұқымдасқа 15 туыс және 100 астам балық түрлері жатады. Ең көп тараған түріне мұхиттың қоңыржай суларында өмір сүретін Engraulis туыстарының өкілдері жатады.

Анчоуыстар, судың қалың қабатында  тіршілік ететін пелагиальді балықтарға жатады. Уылдырықтарының формасы элипс тәрізді болып келген және құрамында май тамшысы болмайды. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың алдыңғы қатарына кіреді.

Анчоус туысы - род анчоусы –  Engraulis. Әлемдік Мұхитта бұт туыстың 6 түрі белгілі: европалық, жапондық, австралиалық, калифорниялық, перуандық және аргентиналық анчоустар.

П е р у а н д ы қ  а н ч о у с  - E. Ringens jenyns  L. ең  көп тараған түрге жатады. Перу мен Солтүстік Чилидің жағалауларында тіршілік етеді.  Теңіз суының  жыл бойы, үнемі,  араласып тұруына байланысты фитопланктондардың қаптап дамуы байқалады. Анчоустардың ең басты қорегі осы фитопланктондар болғандықтар олар осы жағалауларда үлкен топ (үйір) құрып жайылымда өмір сүреді. Ауланған перуан анчоустарын негізінен балық ұнын жасауға жаратады.

Е в р о п а  а н ч  о у с ы – E.encrasicholus  L. кең тараған түрге жатады, және таралу аймағында бірнеше түршелерге бөлінеді. Түршелері: солтүстікатлантика, қара теңіз, азов, және жерортатеңізі анчоустары.

Қ а р а т е ң і з  а н ч о у с ы, немесе  х а м с а – E. Encrasicholus ponticus. Негізінен Қара теңізін мекендейді. Ұзындығы 13 см болатын, үйірімен жүретін,  пелагиальді теңіз балығы. Бір жасында  жыныстық қабілетке жетіп, мамыр- қыркүйек айларында ұрықтарын шашады. Пелагиальды  уылдырығын бөліп шашады. Өсімталдығы 20-25 мың дана уылдырық. Қорегі фито- зоопланктондар.  Өміршеңдгі 4 жыл шамасында. Қыстау үшін қырым және Кавказ жағалауларына қоныс аударады.  Осы су бассейнінің негізгі кәсіптік маңызы бар балық. Қалқыма және лақтырма аулармен аулайды.

А з о в  х а м с а  с ы  - E. encrasicholus  maeoticus. Азов теңізінде жайылымдап жүрсе Қара теңізінде қыстайды. Ұзындығы 11 см болатын, өте семіз (майлы) (майлылығы орташа 20-30%) балық.   (Мысалы, Қара теңіз анчоусының майлылығы 10-15 %, ал Жерорта теңізінікі не бары - 1-3 %) Күзде семіздігі ( етінің майлылығы) 20-22 пайызға жеткенде Азов теңізінен Керчен  бұғазы арқылы өрістеп Қара теңізге  өтеді. Кәсіптік маңызы жоғары.

Ж а п о н  а н ч о  у с ы  - E. japonicus Temminck et Schegel. Ұзындығы 18 см болатын анчоустардың ішіндегі ірілеуі.  Негізінен Жапон теңізін мекен етеді. Ұрықтарын шілдеде шадады. Негізгі қорегі зоопланктондар. Кәсіптік маңызы жоғары.

 

АЛБЫРТТӘРІДІ  ОТРЯД АСТЫ – ПОДОТРЯД  ЛОСОСЕВИДНЫЕ – SFLMONIDEI

 

Албырттәрізділердің ата  тегі,  майшабақтардың Elopidae туысы болып саналады. Осы тұқымдасқа жататындарға тән негізгі белгілер: майлы жүзбе қанаттары болады, денесіндегі бүйір сызығы кейбір түрлерінде толық болады қайсыбірінде жартылай, қаңқасында шеміршекті құрылымдар көбірек болады, жұмыртқа түтігі болмайды, болсада толық дамымаған. Таралу аймағы: солтүстік және оңтүстік жарты шардың салқын және қоңыр жай  сулары.

Албыртәрізділер отрядасты  тармағы құрамына 12 тұқымдас кіреді, оның біреуі – ерте заманда жойылып  кеткен.

 

Албырттар тұқымдасы – семейство лососевые –  Salmonidae

Морфологиялық ерекшеліктері.Ауызы алға қарай жылжымайды. Қабыршақтары циклоидты. Бүйір сызығы толық. Жотасының құйрыққа жақын орналасқан майлы жүзбе қанаты бар. Арқа жүзбе қанаты қысқа (17 сәулесі болады).  Қарнының пилорлық қосалқысы болады.

 Тұқымдас құрамына Солтүстік Мұзды мұхиты, Тынық және Атлантика мұхитарының  солтүстік бөлігінің бассейндерінде мекендейтін өрістегіш және тұщы су балықтары кіреді. Албырттар, ежелден, кәсіптік маңызы өте жоғары, еті мен уылдырығы өте бағалы, құнды балықтар қатарына жатады.

Тұқымдас екі тұқымдасасты  тармағына  бөлінеді: албырттар  (Salmoninae)  және сигтер (Coregoninae).

Албырттар тұқымдасасты тармағына 7 туыс кіреді:  тынық мұхит албырты (Oncorhynchus), асыл албырттар (Salmo), талма балықтар (голец) (Salvelinus), тайменьдер (Hucho), американдық талма балықтар (Cristivomer), охрид албырттары (Salmothymus), майқан балық (ленок) (Brachymystax) (бұл туысқа жататынардың денесінде теңбілдері болады және бүйір сызығының үстінде 120 дан астам қабыршақтары болады).

Сигтер тұқымдасына 3 туыс кіреді : сигтер (Coregonus), ақ балықтар (Stenodus), вальки (Prosopium). Албырт тұқымдасасты тармағына кіретідермен салыстырғанда сигтердің қабыршақтары ірілеу, бүйір сызығындағы қабыршақтарының саны аздау болады. Денесінде теңбілдері жоқ.

Асыл албырттар, немесе нағыз албырттар туысы - род благородные, или настоящие лососи – Salmo. Солтүстік жарты шардың салқын суларын мекендейтін өрістегіш және  тұщы су балықтары. Олардың,  ауыздары үлкен және тісті болады, анальді жүзбе қанаттары қысқа және сәулелерінің саны 9-10 аспайды, өре сүйегі ұзын және  денесінде Х-тәрізді теңбілі болады.

А с ы л   а л  б ы р т, немесе  а қ с е р к е – семга- Salmo salar L.. Бұл балық түрі албырттар арасында ең ірісі деуге болады (ұзындығы 1,5м, салмағы 39 кг). Еті мен уылдырығы өте бағалы. Бүйір сызығынан жоғары жерінде Х тәрізді теңбілі болады. Жотасы көкшіл сұр түсті, ал құрсақ бөлігімен бүйірі ақбоз түсті болып келген. Ұрық шашар алдында денесінің түсі қарақошқыл болып өзгереді. Аталықтарының денесінде, желбезек қақпақшаларының беткейінде қызыл теңбілдер пайда болады, терісінің беті кедір-бұдыр болып қалыңдай түседі, астыңғы жақ сүйегі ұзарып ұшында үстіңгі жақ сүйегінің  шұңқырына кіріп тұратын шеміршекті ілмек пайда болады,  Осы кезде  ақсеркелерді «лох»- «аңқау» деп атайды. 

Ақсеркелер Атлантика  мұхитының солтүстік бөлігінің  суларын мекендейді. Европа  жағалауынан Португалия суларына дейін жетеді. Сібір өзендерінде болмайды. Ақсеркелердің өрістеуші және көлді мекен ететін  екі формасы болады. Көл ақсеркесі - озерная семга – Salmo salar morpha sebago (Girard). Табиғи таралуы: Солтүстік Рессейдің Ладога, Онега көлдері, Карелия сулары, және солтүстік Америка көлдері.

Ақсеркелердің өрістеуші  топтары Баренц, Ақ теңіз, Балтық теңіздерінің алабында кездеседі. Ұрықтарын шашу үшін Европа құрлығының өзендеріне өтеді. Ұрық шашып болған соң ақсеркелердің бір бөлігі қырылып шығынға ұшырайды. Өмірі бойы 2-3 рет кейбіреулері 5 рет уылдырық шашап үлгереді.

Ақсеркелердің күздік және жаздық түрлері болады. Күздіктерінің  ірі және ұсақтау топтары болады. Орыстар ірілерін «заледка», ал ұсақтарын «листопадка» деп атайды. Жаздықтарының ірі дарақтар тобын «закройка», немесе «межень», ал ұсақтарын «тинду», немесе «синюшка» деп атайды.

Ақсеркелер өзендерге жаз айларында шығады. Маусым-шілде айларында өзендерге, жыныс  бездері жақсы  жетілген, ірі  жаздық түрлері шығып сол жылы уылдырықтарын шашады. Ал ұсақтары (тинда, снюшкалар) болса, негізінен аталықтары (олардың аталықтары  теңізде бір жыл ішінде жыныстық қабілетке жетеді),  өзендерге шілденің ортасында көтеріледі.

Ұрықтары толық пісіп  – жетілмеген , күздік ақсеркелердің ірі формалары ( күздік , нмесе заледка)  күз айдарында өзенге көтеріледі. Осы мезгілде ірілері мен қатар ұсақ, аталықтар мен аналықтардан тұратын, теңізде бір жыл ғана өмір сүрген, күздік түрлері өзенге көтеріліп келесі жылдың күзінде ұрықтарын шашады. Күздік ақсеркелердің бір бөлігі  мүзы қатпай тұрғн өзенднрге өтіп үлгермейді, сондықтан олар сол өзеннің сағасында қыстап мұз кеткенде ған өзеннің жоғарғы жағына шығады. Оларды –заледка- мұздан кейінгілер деп атайды.  Өзенде олар қоркетенбейді сондытан әбден жүдеп, арықтайды.

Ресей суларында ақсеркелер уылдырықтарын  қыркүйек – қараша айларында, судың  температурасы 0-60 болғанда шашады. Уылдырықтарын шашар алдында аналықтары  судың тасты табанын  құйрығымен шұңқыр қазып, ұзындығы 2-3 м болатын ұя жасап сол ұяға ұрықтарын шашады үстін майда шағалмен, құммен бастырып жауып қояды. Ұрықтанған жұмыртқалардан 90 -200 күн аралығында дернәсілдері жарылып шығады. Негізінен дернәсілдері сәуір- мамыр айларында  жарыққа шығады. Жас шабақтар 1 жылдан 5 жасқа дейін сол өзенде өмір сүреді ( әдетте 2-3 жыл), содан кейін теңізге  өрістеп қоныс аударады. Жас шабақтардың дене бүйірінің түсі арасында қызыл теңбілдері бар қара жолақты болып келеді.Сондықтан оларды «пестрянка»- «қызыл-ала» деп атайды. Жас шабақтар есейіп, өскен кезінде, ұзындағы 10-20 см жеткенде өрістеп теңізге өтеді. Сонымен қатар, әлжуаз, жақсы жетмегендері өзенде қалып қояды. Теңзде олар 1-4 жылдай өмір сүріп, қоректеніп, семіріп қоңдылығын көтеріп, ұрық шашу үшін қайтадан сол, туған өзеніне қайтадан оралады. Олар орташа алғанда 8-9 жыл өмір сүреді. Ақсеркелерді аулау маусымы, уылдырық шашу кезінде, өзеннің атырауында  басталады.

К у м ж  а – Salmo trutta L.  Балтық теңізінде оны албырт-таймень депте атайды. Кумжаның денесін майда қабыршақтар жауып тұрады. Денесінің барлық жерінде  Х-тәрізді теңбілдері айқын байқалады. Куйет кезінде пайда болатын белгілері ақсақаларға қарағанда анық байқалмайды. Кумжа - өрістеуші балық. Ұрық шашу үшін теңізден Европа өзендеріне өтеді. Сонымен қатар кумжалар Қара, Балтық, Ақ теңіздерде тіршілік етеді. Біздің елде Арал теңізінде арал албырты мекендейді. Әдетте, кумжалардың ұзындығы 30-70 см, салмағы 1-1,5 кг болады, алайда  салмағы 12-13 кг болатын дарақтары да кездеседі. Кәсіптік маңызы өте жоғары балықтар.

Информация о работе Жеке ихтиология