Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Акулалар түрлерінің басым бөлігі жұмыртқадан тірідей туатындарға жатады. (аратұмсық, ақ және түлкі акулалары), сонымен қатар жұмыртқа салатындары да бар (полярлық акула, мысық акуласы), ал катран, майшабақ акуласы секілді түрлері ұрпақтарын тірідей туады. Ұрықтық даму ұзақтығы 2 жылға дейін жетеді. Тірідей туатын акулалар 1-3 жас шабақ туады, ал жұмыртқа салатындары 500 ге дейін жұмыртқа туады.

Акулалардың басым түрлері жыртқыш балықтар. Қорек ретінде балықтармен қатар кальмарларды, шаяндарды, теңіз жұлдыздарын т.б. жануарларды пайдаланады. Ең ірі кит және  алып акулалар зоопланктондармен қоректенсе, мысық акуласы бентосты организмдерді азық ретінде пайдаланады.

Көптеген акулалар азық қорын іздеп ұзақ жерге дейін өрістейді. Көбею кезінде жұмыртқа салу үшін немесе балалау үшін олар көбіне теңіз жағалауларына барады.  Акулалардың  елуге  жуық түрлері жағажайда шомылып жүрген адамдарға қауіпті.

Мысық, көгілдір, полярлық, шабақ акулалар секілді түрлерінің кәсіптік маңызы өте жоғары екені  белгілі. Әсіресе Жапония, Корея, Италия елдерінде олардың еті өте бағалы болып саналады.

Акула отряд үсті 6 отрядтан тұрады. Төменде сол отрядтар өкілдеріне қысқаша сипаттама беріледі.

 

ЛАМНОТӘРІЗДІ ОТРЯД –  LAMNIFORMES

 

Бұл отряд құрамына 11 тұқымдас және көптеген түрлер кіреді.

 

Кит  акуласы тұқымдасы – Rhincodondtidae

Кит акуласы осы тұқымдастың қазіргі кезде кездесетін жалғыз ғана түрі. Бұл түр балықтардың арасындағы ең ірісі болып саналады, оның дене ұзындығы 15-20 м, салмағы 12-14 т ға дейін жетеді.

Таралу аймағы: Филиппин аралдары, Оңтүстік Калифорнияның, Кубаның  су жағалаулары. Экологиялық жағдайына байланысты оны пелагиальді балықтар тобына жатқызады.

Киттік акуланың денесі тығыз, салмақты, көздері кішігірім, басы кішентай, ауызы алдыңғы, желбезек қуыстары өте кең болып келген. Құйрық  қанаттары жарты ай тәрізді. Денесінің түсі  сұр- қоңыр, беткейінде көптеген ақ немесе сарғыштау теңбілдері болады.

Көбею үшін,  сырты мүйізделінген капсуламен жабылған, өлшемі 70х40 см болатын жұмыртқаларын су табанына салады.

Азықтану кезінде тек қана шаянтәрізділер, кальмарлар, майда балықтар секілді  планктонды организмдермен қоректенеді.  Кит акуласы  су қабатында асықпай жүзіп, ұдайы ашық ауызына суды жинайды, ал ауызын жапқан кезде жиналған су желебзек саңлаулары арқылы сыртқа шығарылады, ал желбезектердің арасындағы сүзгілер планктонды организмдерді сүзіп жиналған қоректік организмдерді жұтып  өңешке өткізеді.

Бұл акула адамдарға шабуыл жасамайды, сондықтан қауыпты емес, Бірақта, құйрығының соққысымен кішігірім қайықты аударып тастауға күші жетерлік.

 

Шабақты акулалар тұқымдасы –  Lamnidae

 

Тұқымдастың құрамына бірнеше  түр кіреді. Мысалы, Атлантиканың шабақты  акуласы негізінен Атлантика  мұхитының солтүстік жағалауларында кең  тараған. Бұл тұқымдасқа жататындарға тән ортақ белгілері : денелері ірі, құйрық қанаттары орақ пішінді, құйрық  шыбығының қыры жақсы дамыған және бігіз тәрізді ірі тістері болады, дене тұрқы торпеда тәрізді.  Өте жылдам жүзетін балық. Әдетте бұл акулалардың ұзындығы 5-6 м, салмағы 600-3200 кг-ға дейін жетеді. Алайда,  ұзындығы 4 м болатындары әлі жыныстқ қаблетке жепеген болып саналады.

Шабақты акулалар ұрпақтарын тірі туады. Бір туғанда 5  шабаққа дейін ұрпақ береді. Негізгі қорегі пелагиальді балықтар. Қорегін іздеп ұзаққа  өрістейді. Кәсіптік маңызы бар.

Бұл тұқымдасқа жататындардың ішінде ең ірісі кархародон болып саналады. (Carcharodon carcharias). Бұл акуланы, түсі қара, қоңыр, қошқыл сұр бола тұра, ақ акула деп атайды. Ертеректе алып кархародондар тіршілік еткен. Олардың ірілігі соншалықты, ұзындығы 30 м дейін жетіп,  ауызына 8 адам сиып кететіндей болған. Қазіргі кезде бұл акулалар онша ірі емес, судың қалың және үстіңгі қабатында жеке дара тіршілік ететін балық. Кейде олар судың 1000 м тереңдігне дейін барады.

Кархардондар адамға өте қауыпті.  Әсіресе Австралия жағалауындағы жағажайларда жиі кездесіп адамдарға шабуыл жасауы жиі кездеседі.

Бұл тұқымдасқа кәдімгі  шабақ акуласы (Lamna nasus), сұр-көгілдір (Isurus),  албырт (Lamna ditropsis),  ақ акулалар ( Carchordon carcharias) және т.б. жатады.

 

Алып акула тұқымдасы – Cetorhinidae

 

Бұл тұқымдасқа тек  бір түр – алып акула (Cetorhinus maximus)  жатады.  Негізгі таралу  орындары: Оңтүстік Гренландия, Тынық мұхитының Калифорния, Аляска,  Аргентина, Тасмания, Чили, Перу, Эквадор, Оңтүстік Австралия суларының жағалаулары.

Денесінің ұзындығы орташа 12-15 м, салмағы 5-6 т болады. Түсі - арқасы кара, бүйірлері қоңыр немесе сұр, ал  құрсақ жағы ақ болып келеді. Олар, шабақтарын тірі туатын пелагиальді балықтар қатарына жатады.  Жақтарындағы майда және өткір тістері  4-7 қатарда орналасып жеген азығын үгітуге бейімделген.  Су қабатында ауызын кең ашып баяу (3,5 км/сағ) жүзеді. Ауызына сумен  кірген планктондар сүзіліп өңешке өтеді. Ауызы арқылы бір сағатта 1500 м3 су сүзіледі екен. Асқазаны өте үлкен. Кейбір акуланың қарнында  бір тоннаға жуық қорытылған азық болады екен. Олар, судың жоғарғы қабатында негізінен көктем – жаз айларында жиі кездеседі. Себебі, осы кезде суда планктонды организмдерінің қоры өте мол болады. Осы кезде, олар   20-30 акуладан үйір құрып  топтасып тіршілік етеді. Өткен ғасырда алып акулалардың кәсіптік маңызы жоғары болған. Оларды баур майы үшін аулаған. Бауыр майынан 300-800 л май қорытылған. Акуланың бауыры оның тірі салмағының 20% құрайды, ал бауыр майы болса бауыр салмағының 60 % құрайды екен. Майымен қатар оның еті де  тамаққа жарамды. Бірақ, қазіргі кезде оның майы мен етіне сұраныс төмен болғандықтан аулуа көлемі төмен. Алып акулалар адамға қатер – қауіп туғызбайды.

 

Мысқ акула  тұқымдасы   - Scyliorhinidae 

 

Мысық акулалар тұқымдасы 14 туысқа кіретін 60- қа жуық түрден тұрады. Басқа акулаларға қарағанда олардың біраз ерекшеліктері бар. Мысалы,  құрсақ қанатынан жоғары орналасқан екі арқа жүзу қанаттары болады, көбінің денесінің түсі жарқын  болып келеді. Осы тұқымдасқа жататын акулалардың, үнді мысық акуласынан басқаларының брлығы, жылы сулардан аулақ тіршілік етеді. Олардың дене тұрқы майдалау, не бары 50-150 см  болады.  Көбею кезінде, сырты мұртшалары бар капсуламен қапталған 2-20 дана жұмыртқаларын су табанына  салады. Суға түскен жұмыртқалар капсуланың мұртшалары арқылы су табанына бекіп тұрады. Ұрықтың дамуы тоғыз ай бойы жалғасады. Еті тамаққа жарамды.  Бұл акулалар атлантика суының  Европа жағалауларынан Солтүстік Африка жағалауларына дейін таралған. Рессей суларының жағалауларында кәдімгі мысық акула (Scyliorhinus canicula), теңбіл акула (Pristiurus melanostmus) секілді түрлері кездеседі.

Мысқ акулалардың барлық түрлері  адамдарға қауіпсіз. Кәсіптік маңызы төмен.

 

Көгілдір акула  тұқымдасы -  Carcharhinidae

 

Көгілдір акулалар тұқымдасының өкілдері 60 түрен тұрады және олар 15 туыстыққа топтастырылған. Олардың орташа дене   ұзындығы 6-9м, салмағы 580 кг болады. Аса көзге түсетін ерекшеліктері жоқ. Көздерінің жыпылықтайтын қабағы өте жақсы жетілген. Басқа түрлерге қарағанда олар өте жақсы ұйымдасқан,  өсімталдылығы өте жоғары шеміршекті балықтар.  Осы тұқымдасқа жататындардың ішінде табиғатта кең тараған түріне  жолбарыс акула (Galeocerado cuvieri) жатады. Бұл түр Әлем Мұхитының тропикалық және субтропикалық суларында кездеседі.  Шабақтарын жұмыртқадан шығарады. Бір туғанда ұзындығы 45-58 см болатын  50-55 кейде 82 ге дейін тірі майда шабақтар туылып  шығады. Жолбарыс акулалар теңіз суының барлық жерінде кездеседі. Қорек іздеп, тіпті, теңіздің таяз жағауларына да кіреді. Олар қоректену кезінде азық түрлерін аса таңдамайды сондыңқтан, олардың қоректік азықтарының құрамында кальмарларларды,, лангусттарды,  шабақ акулаларды, балықтарды,  қосжақтаулы моллюсскаларды, теңіз тасбақаларын көруге болады.

Көгілдір акулалар – Prionase glausa. L. – Әлем Мұхитының тропикалық және субтропикалық суларында тіршілік етеді. Кәсіптік маңызы бар. Ұзындығы 7 м .  Пелагиальді балық. Ұрпақтарын тірідей туады. Бір туұғанда 55 ке дейін шабақты өмірге әкеледі. Жыртқыш.  Ұзақ қашықтыққа өрістейді.  Кәсіптік маңызы бар.

Бұл тұқымдасқа:  көк акула (Prionace glauca), сорпалық акула (Galeorhinus туыстасы) секілді т.б. алпысқа жуық түрлері кіреді.

 

Балғабас акула тұқымдасы -  Sphyrnidae

 

Қазіргі кезде осы тұқымдасқа жататын 9 түрі белгілі.  Балға – акулалардың басы жалпақтау болып келген. Басының екі жағында балға тәрізді өсінділері болады және сол өсінділерде акуланың көзі мен танау тесігі орналасқан. Балға-балық – Sphina zygaena L. - Әлем Мұхитының  тропикалық және субтропикалық суларында тіршілік етеді. Олардың дене ұзындығы 6,5 м. Бір туғанда 40 –қа жуық тірі шабақтарды туатын  пелагиальді балық. Негізг қоректері майда балықтар мен омыртқасыздар. Кәсіптік маңызы бар.

 

АРМҰРЫНДЫ АКУЛАЛАР ОТРЯДЫ – PRISTIOPHORIFORMES.

 

  АРАМҰРЫНДЫ АКУЛА  ТҰҚЫМДАСЫ -   PRISTIORIDAE

 

Осы тұқымдасқа 5 түр жатады. Негізгі ерекшеліктері : тұмсықтары ұзын және екі жағында  тістері болады.  Арамұрынды акулалар Тынық және Үнді  мұхиттарында кең таралған. Су жағалауының табанында мекендейтін балықтар. Денесінің орташа ұзындығы 1,5 м.  Балаларын тірідей туады. Кәсіптік маңызы төмен.

 

КАТРАНТӘРІЗДІЛЕР  ОТРЯДЫ – SQUALIFORMES

 

Отряд  ішіне 3 тұқымдас кіреді.

 

Тікауызды акулалар  тұқымдасы – Dalatiidae

 

Бұл тұқымдасқа шамамен 20 түр кіреді. Олардың ішінде ең кең тарағаны Солтүстік Алтантиканың салқын және қоңыржай суларында тіршілік ететін - атлантиканың полярлық акуласы – Somniosus microctphalus. Олар теңіздің беткейнен 1000 м тереңдігіне дейін мекендейді. Денесінің ұзындығы 8 м болатын, су табанына 500 ге дейін жұмыртқа салатын акула. Негізгі қоректері: балықтар мен басқада теңіз жануарлары.

 

 

Тікенекті акулалар – тұқымдасы

 

Бұл тұқымдасқа 20 түр  кіреді. Олар,  арқа қанатында тікенектерінің болуымен және анальді жүзу қанатының болмауымен  ерекшеленеді. Бұл тұқымдасқа жататындар  дене ұзындығы 2-2,5 м болатын кішігірім акулалар. Осы тұқымдастың кең тараған түріне тікенекті акула немесе катран жатады. Олар, негізінен, Әлем мұхитының  шельфтік таяз жағалауында тіршілік етеді. Бұл акулалар, тек Арктика,  Антарктика және экваторлық аймақтарда болмайды. Ресейдің,  Қара, Балтық, Баренц, Беринг Охот, және Жапон теңіздерінде  кездеседі.

 Катрандардың  ұзындығы 2 м, орташа өміршеңдігі 30 жыл. Олар  су табанына жақын, үйірімен  тіршілік ететін балық түрі. Катрандар шабақтарын тірі туады. Ұрықтық дамуы 18-22 ай шамасында.  Бір туғанда ұзындығы 20-26 см болатын 20-25 тірі шабақ дүниеге келеді.

Қара теңіз катрандарының аналықтары жыныстық жетілу жағдайына денесінің ұзындығы 125-130 см , ал аталықтары 100-110 см болғанда жетеді. Негізгі қоректері майда балықтары мен  теңіз омыртқасыздары. Еті өте дәмді, сондықтан кәсіптік маңызы жоғары болып сналады.

 

СКВАТИНОТӘРІЗДІЛЕР ОРТЯД - SQUATINIFORMES

 

ЖАЛПАҚДЕНЕЛІ АКУЛАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ, НЕМЕСЕ ТЕҢІЗ ПЕРІШТЕЛЕРІ – SQUATINIDAE

 

Бұл тұқымдасқа  акулалардың 11 түрі кіреді. Жиі кездесетін түрлерінің біріне теңіз періштесі немесе жалпақ денелі акула – Squatina squatina L. жатады.  Бұл акуланың сырт пішіні скаттарға ұқсас келеді: денесі жалпақ, кеуде жүзу қанаттары өте үлкен. Сондықтан болар ихтиологтар бұларды акулалар мен скаттардың арасындағы байланыс тізбегі деп тұжырымдайды. Негізгі мекендейтін теңіздері : Шығыс Атлантика және Жерорта теңізінің сулары. Бойының ұзындығы 1,5 м шамасында. Кәсіптік маңызы жақ.

 

 

СКАТТАР ОТРЯДҮСТІ  - BATOMORPHA

 

Скаттар, негізінен, су табанына жақын тіршілік ететін балықтар.  Соған байланысты олардың денесі дорсо-вентральді (арқасынан құрсағына қарай) бағытта жалпайған.  5 жұп желбезек қуыстары денесінің төменгі жағында орналасқан. Ал бүрккіші (брызгальцасы) шығыр қызыметін атқара отырып сорған суды желебезекке жібереді. Тістері доғалдау және жалпақ болады. Денесі жалаңаш немесе тікенекті өсінділермен жабылған. Өте жақсы дамыған кеуде жүзу қанаттары басымен,  арқа жүзу қанаттарымен және құйрығымен  тұтасып бірігіп кеткен. Ал кейбір түрлерінің құйрық қанаттары жойылып кеткен.  Анальді қанаттары мүлдем болмайды. Жүзгенде кеуде қанаттарымен толқын тәрізді жүзіп жұреді. Олардың арасында ірі және кішілеу түрлері кездеседі. Скаттардың өлшемін дикісінің көлемімен өлшейді. Мысалы, электрлі скаттардың дискісінің диаметрі 13,5 см, ал мантаныкі 6,6 метрге ейін жетеді екен. Скаттардың тістері доғалдау, денесі қабыршықсыз жалаңаш немесе тікенекті өсінділі  болады.

Таралуы:  Әлем мұхитының тропикалық сулары мен салқын суларында кеңінен тіршілік етеді. Мысалы: Қара теңізде – теңіз түлкісі, Баренц теңізінде – жұлдыз скат, Қара және Азов теңіздерінде сүйір құйрық секілді түрлері кездеседі.

Скаттар, негізінен, теңіз  балықтары болғанымен тұщы суларда  тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Олар су табанына жақын немесе тереңдігі 2 км болатын терең жерлеріндеде кездеседі, ал  манта секілді кейбір түрлері судың қалың қабатында тіршілік ете береді. Көбею үшін ұрықтанған  сыртында капсуламен жабылған ірі жұмыртқаларын су табанына туып салады. Алйда, тірідей туатын түрлеріде кездеседі. Негізігі қоректері бентосты организмдер, қайсы бір түрлері зооплпектондармен және  майда балықтармен азықтанады.

  Кәсіптік маңызы төмен. Оларды теңіз сүзгі ауларымен аулайды. Скаттар отрядүстіне 16 тұқымдасы бар 5 отряд кіреді.

 

РОХЛЕТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - RHINOBTIFORMES

 

РОХЛЕЛАР  ТҰҚЫМДАСЫ - Rhinobatidae

Бұл тұқымдасқа кіретіндер өздерінің дене тұрқымен ерекшеленеді. Олардың денесі бір жағынан акулаларға екінші жағынан скаттарға  ұқсас  болып келген. Сондықтан, бұлар негізінен құйрығы арқылы қозғалып жүзу әрекеттерін атқарады.  Рохлетәрізділер жұмыртқадан тірі туып көбейеді. Негізгі азығы - балықтар мен бентосты организмдер. Тропикалық және субтропикалық суларда таралған. Кәсіптік маңызы жоқ.

 

АРАТҰМСЫҚТЫТӘРІЗДІЛЕР - PRISTIFORMES

 

АРА-БАЛЫҚ НЕМЕСЕ  АРАТҰМЫСҚТЫЛАР ТҰҚЫМДАСТАРЫ - Pristidae

 Олардың тұмсықтарының екі жағында қорғануға және шабуыл жасауға бейімделген араның тістері секілді тісті өсінділері болады. Бұл балықтар  тропикалық және субтропикалық сулардың таяз жағалауларында кездеседі. Жұмыртқадан тірі туып шығады. Ұзын және қарулы тұмсықтарымен балықтарды және бентосты организмдерді ұрып-соғып, талдырып барып олжаларын  жей бастайды.  Кәсіптік маңызы жоқ деседе болады.

Информация о работе Жеке ихтиология