Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Шортандар - кәсіптік маңызы бар балықтар. Біздің елімізде шортандардың бір ғана түрі кездеседі және  кәсіптік маңызы бар балықтарға жатады.

 

Ш о р т  а н д а р  туысына  - Esoox – бес түр кіреді.

 

К ә д і м г і  ш о р т а н – E. lucius. L. Солтүстік Европа, Азия және Америка суларында кең тараған тұщы суларда тіршілік ететін балық түрі. ТМД суларында кәдімгі шортан Каспий, Арал, Балтық, Қара теңіз,  Азов, Ақ, Баренц теңіздері су алаптарында  таралған. Шортандар табиғи жағдайда  Ыстық көл, Балқаш көлдерінде, Қырым және Кавказ су ларында  кездеспейді.

Кәдімгі шортандардың ұзындығы 1,5 м, салмағы 35 кг ға дейін жетеді.Бүйір сызығындағы қабыршақтарының сан 121-144 ке дейін болады. Көбіне олар су өсімдіктерінің арасында тіршілік етеді. Денесінің түсі шұбар ала, теңбілді  болып келген.  Қоршаған ортасына байланысты денесінің түсі  жасыл-сұр, сарғыш-сұр, арқасы  қошқыл қара, құрсақ бөлігі ақшылдау болып келеді. Арқа, анальді және құйрық жүзбе қанаттары қара теңбілді ал кеуде және құрсақ қанаттары – қызғылт-сары түсті болады. Кейбір көлдерде тіршілік ететін шортандар күміс түсті болады екен. Шортандар өздерінің өсіп – көбеюіне ыңғайлы мекен ретінде ағысы баяу өзендер мен көлдерді таңдайды. Алайда оттегінің тапшылығына шыдамсыз.  Судағы оттегінің үлесі 3,0-2,0 мг/л деңгейге дейін төмендеген жағдайда олар мазасызданып, тынысы тарыла бастайды. Қыс айларында оттегінің тапшылығынан түгелдей қырылып қалуы да мүмкін.

Дене пішіні ұзын жебеге ұқсас болады.  Басы ұзын, төменгі жақ сүйегі алға қарай шығынқы, төменгі жақ сүйегіндегі  тістерінің өлшемі әр түрлі. Сонымен  қатар, шортанадрдың төменгі жақсүйегіндегі сойдақ тістері жаңарып тұрады.  Әр сойдақ тісінің  айналасында бірнеше майда тістері  болады, оларды жұмысшы тістер деп атайды, сол тістердің істен шыққандарының орнына жаңа тіс шығы жаңаланып тұрады.

Шортандар ұрықтарын  судың температурасы 3-60С жеткенде, немесе  су бетіндегі мұз іле – шала ери бастаған кезде, жағалауға жақын, тереңдігі 0.5-1 блатын жеріне барып уылдырықтарын шашады. Ұрықтану кезінде бір аналықтың қасында 2 ден 4 ке дейі аталық болады, ал өте ірі аналықтың қасында сегізге дейін аталықтары жиналады. Салыстырмалы түрде аталықтары аналықтарына қарағанда кішілеу болады. Уылдырық шашу кезінде аналықтары алдында аталықтары оның соңына ілесіп, немесе денелері бір біріне жанасып қатар жүзіп отырады. Ұрықтарын нақты бір жерге тоқтамай жылжып отырып су өсімдіктеріне шашады. Уылдырықтары бір біріне қатты желімденбеген. Уылдырқтарын шашып болысымен бір ұядағы шортандар жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі, соның арқасында су шайқалып, араласып уылдырықтардың бірі бірінен ажырауға жағдай жасалады. Ажыраған уылдырықтар су өсімдіктеріне желімденіп жабысады. Аналықтары, денесінің өлшеміне байланысты 17,5 тен 215 мыңға дейін  уылдырық шашады. Уылдырықтары ірі, диаметрі 3 мм,  бос желімденген болып келеді.  2-3 кун аралығында  өсімдіктерге желімденіп жабысып тұрған уылдырықтар су табанына түсіп қалады. Сөйтіп су табанына түскен уылдырықтардың дамуы түскен жерінде жалғаса береді. Қоршаған ортаның температурасына байланысты уылдырқтардың дамуы 8 ден 12 күнге дейін созылады. Шортандардың уылдырық шашу мерзімі 1 айға дейін созылады. Жас шабақтарының ұзындығы 3,1-4 см жеткен кезде жыртқыш ретінде басқа балықтардың шабақтарымен қоректене бастайды. Қорек көзінің тапшылығы байқалаған жағдайда шортанадрың жас шабақтары  бір –бірін жей бастайды, бұл құбылысты каннибализм дейді.

Шортандар жыртқыш балықтар қатарында болғандықтан олардың  негізгі қорегі басқа балықтар, әсіресе  түұқытұқымдастардың өкілдері (сазан, мөңке, торта, табан, густера), алабұғалар т.б. Сонымен қатар, олар: көл бақаларын, суға түсіп кеткен тышқанадарды,  суда жүзіп жүрген үйректерді де азық ретінде пайдаланады.

Қазақстанда шортандар  Каспий және Арал теңіздерінің су алаптарында, Ертіс өзеніде, Шу, Талас өзенднрінің төменгі жағында, Қазақстанның Солтүстік аймақатрындағы өзен көлдерінде кезеседі. Кәсіптік маңызы бар.

Табиғи  жағдайда шортанадардың  аталықтары 4 жасында кейде 3 жасында, ал аналықтары 5 жасында пісіп жетіледі. Өмірінің ұзақтығы шамамен 20 жыл.

Шортандар, әуесқой балықшылардың ең бір таңдаулы олжасы болып санадлады. Шортандардың еті арық болады. Етіндегі майының үлесі не бары 2-3 пайызды құрайды.

А м у р  ш о р т а н ы – Esox reichrti Dybowcki Қабыршақтары ұсақ, басы қабыршақ пен жабылған. Жас шортандардың түсі кәдімгі шортандарға ұқсас келеді, ал етресектерінің түстері өзгеше болады. Бүйір сызығындағы қабыршақтарының саны 126 – 160 қа жетеді. Таралуы: Амур өзенінің су алабы. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды.  Жыныстық қабілетке 3-4 жасында жетеді. Уылдырықтарын көктем айларында өткен жылығы өлі өсімдіктерге шашады. Жас шабақтары ерте бастан басқа балықтармен қоректене бастайды. Шортандар нағыз жыртқыштар.

 

Умбралар, немесе Евдошкалар тұқымдасы, - Umbridae

 

Бұл тұқымдастардың өкілдері тек Оңтүстік-Шығыс Европа  және АҚШ пен Канада суларында мекендейді. Тұқымдас құқрамына - Умбра, немесе Евдошка және Новумбра атты екі туыс кіреді.  Умбра туысының  Европада бір түрі және Америкада екі түрі кездеседі, Новумбра туысының тек Америкада кездесетін бір ғана түрі бар. Умбралар  - орташа ұзындығы 12-15 см болатын ұсақ балықтар. Тұмсықтары қысқа, құйрық қанаттары дөңгеленіп  келген, арқа  қанаты  анальді қанатынан шамалы ұзындау боып келетін балықтар.  Негізінен суы баяу ағатын, немесе суы ақпайтын су қоймаларын мекен етеді.  Олар өте төзімді.  Оттегінің тапшылығы байқалған кезде торсылдағы арқылы  атмосфералық ауамен тыныс ала береді. Суда ілгері жылжу үшін кеуде және құрсақ  жүзбе қанатырын кезек кезек  қозғалтып жылқының шабысы секілді жылжиды.

Е в р о п а е в д о ш к а с ы – Umbra krameri Wall. Таралуы: Дунай, Днестр, Прут өзендерінің су алаптары.  Ұзындығы 5-9 см болатын, 1 жасында пісіп жетілетін балық№ Өмірінің ұзақтығы не бары 2-3 жыл. Уылдырықтарының саны не бары 150-1500 дана. Уылдрықтарын арнайы құрған ұяларға салады. Аналықтары уылдрықтарының дамуын бақылап тұрады және өлі уылдрықтарды алып тасап тұрады. Ересектері бентофагтар ал шабақтары зоопланктонофагтар.

А м е р  и к а л ы қ  е в д  о ш к а л а р – Umbra limi. Бұл балықтар суы тартылып кететін, батпақты көлдерде тіршілік етеді. Мекені - Миссисипи өзенінің және  Ұлы көлдерінің су алаптары. Денесінің түсі қара теңбілдері бар күлгін - қоңыр болып келеді.

 

Даллиялар тұқымдасы - Dalliidae

 

Даллиялар тұқымдасына  бір ғана  - даллия, неменсе қара балық  ( Dallia pectoralis ) жатады.  Даллия –  Чукотканың, Алясканың кіші гірім бұлақтары мен өзендерінде, батпақты көлдерінде тіршілік ететін евдошканың арктикалық баламасы тәрізді  өте ғажайып балық түрі. Далияның кеуде қанаттары өте енді болады. Бүйір сызығының тек белгісі ғана бар.  Қабыршақтары майда және теріге терең кіріп орналасқан. Әдетте олардың ұзындығы 15-17,5 см – ге жетеді. Денесінің түсі  қошқыл қара.  Арқа, құйрық және анальді қанаттарының жиектері  күрең-қызыл түспен боялған. Ұрық шашу үшін өзен бойлап жоғары көтеріледі. Негізгі қорегі омыртқасыздар. Қыста су табанындағы батпаққа батып көміліп жатады, кейде мұз болып қатып та қалады, содан, күн жылып мұз ерігенде қайтадан тіріліп су қабатына шығады. Соған қарағанда даллиялар суыққа өте төзімді балық түрі.

Кәсіптік маңызы жоқ. Ал жергілікті халықтар болса даллияны қолдағы иттеріне азық ретінде пайдаланады.

 

 

ЖЫЛАНБАЛЫҚТАР (ҮГІРЛЕР) ОТРЯДЫ – ANGUILIFORMES

 

Бұл отрядқа жататын  балықтардың сырт пішіні- ұзын тұлғалы, басынан құйрығына қарай денесі жіңішкермейтін, екі бүйірі қысыңқы болмайтын, көлденең кесіндісі дөңгелек болады. Жыландар секілді бауырымен жылжиды және жүзеді.  Жүзу жылдамдығы аса жылдам емес. Қазіргі замандағы жылан балықтардың құрсақ қанаттары болмайды. Сондықтан олардың екінші атауы «Apodes» - аяқсыз. Арқа  және анальді қанаттарының қатты шбықтары болмағандықтан жұмсақ болады және олар құйрық қанатымен тұтасып кеткен. Торсылдақтары жойылып кеткен, немесе болған жағдайда ішектерімен жалғасқан. Әдетте  қабыршақтары  жоқ болады, терісі қалың шырышты. Жыланбалықтардың көпшілік түрінің  бас қаңқасының сүйектері тұтасып бірігіп кеткен, ал қайсы бірінің бас қаңасының сүйектері жоғалып кеткен. Дамы метаморфозалы : жаңадан жаралған дернәсілдері - лептоцефалдары -  ересек түрлеріне ұқсамайтын мөлдір жапырақтәрізді болады. Жыланбалықтардың көптеген түрлерінің  қанында ихтиотоксин атты  улы заттары болады (бұндай заттар тұқылардың, тунецтердің де қанында болады). Ихтиотоксин улы зат болғандықтан қызу қанды жануарлардың қан айналымы жүйесіне өткен жағдайда қанның құрамындағы  эритроциттерді талқандап жоя бастайды. Сондықтан ихтиотоксин қауіпті улы зат.

Жыланбалықтар отрыдының  құрамына  350 түрі бар 22 тұқымдас кіреді. Олардың басым бөлігі теңіз балықтары болып саналады, тек бір түрі тұщы суларда өмір сүреді. Негізгі мекендері теңіз суларының тропикалық және субтропикалық бөліктері. Жыланбалықтардың ересектері теңіздердің жағалауларында тіршілк етеді. Ал, циемдер- Cyemidae - секілді тұқымдастары теңіздің терең қабатында өмір сүреді. Ересек дарақтары жыртқыштар қатарына жатады. Сонымен қатар, жыланбалықтардың арасында арамтамқтық қасиеті бар түрлері де кездеседі: мысалы, маймыл жыланбалық (маймыл үгір)- Simenchelys parasiticus Gill. Уылдырықтары пелагиальді. Жыланбалықтәрізділердің кең тараған тұқымдастары қатарына – Морингилер, Эхелдер, Муреналар, Сименхелдер, Үшірқұйрықтылар,  Шортантұмсықтылар,  Жіпқұйрықтылар, Циемтірізділер  секілді барлығы 22 тұқымдас кіреді.

 

Теңіз жыланбалықтары тұқымдасы - семейство морской угорь - Congridae

 

Сырт пішіні жылантәрізді, денесі қабыршақсыз жалаңаш. Арқа және анальді қанаттары ұзын және жете дамымаған құйрық қанатымен жалғасқан. Кеуде қанаттары бар. Ауызының формасы соңғы себебі, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері бір деңгейде орналасқан.

Теңіз балықтары, негізінен Атлантика, Үнді және тынық мұхиттарының су алаптарында мекендейді.

Те ң і з  жы л  а н б а л ы ғы – Conger conger L. Денесінің ұзындығы 3 м-ге дейін жететін, салмағы 65 кг болатын ірі балық.  Ұрықтану үшін теңіз жағалауынан теңіздің терең қабатына өрістейді. Өсімталдығы өте жоғары- шамамен 3 тен – 8 миллион дана уылдырық шашады. Дамуы метаморфозалы.  Жарылып шыққан дернәсілдерін теңіз толқындары жағалауына алып келеді сол жерде  дамуы одан ары  күрделі  өзгерістер арқылы өтеді. Ұрық шашып болысымен аталықтары мен аналықтары жаппай қырылады. Олар жыртқыш балықтарға жатады. Негізгі қоректері балықтар. кәсіптік маңызы төмен. Етінің құндылығы шамалы.

 

Өзен жыланбалығы  тұқымдасы – семейство речные угри - Angullidae

Бұл тұқымдасқа кәдімгі , немесе европалық жыланбалық жатады. Жыланбалықтар, кәсіптік маңыздылығы жағынан болсын, немесе биологиялық ерекшелігі жағыныан болсын ихтиологтардың ғылыми қызғушылығын тудыратын балық түрі. Кәдімгі  жыланбалықтардың биологиясын зерттеу  осыдан 2300 жыл бұрын басталған және әліде жалғасуда.  Ересек жыланбалықтар Европаның Печора өзенінен Қара теңізге дейінгі өзендерде, Жерорта теңізі су алабтарына жататын өзендерде Канар, Азор, Фарер аралдарында , Ұлыбритания, Ирландия, Исландия өзендерінде тіршілік етеді. ТМД- елдерінде суларын Балтық теңізіне құйатын өзендердің барлығында кездеседі.

Жыланбалықтардың еті  семіз және  өте дәмді, сондықтан  олар құнды балық болып саналады.

Жыланбалықтар денесінің  ұзындығы 1,5-2 метрге дейі жетеді (салмағы 4-6 кг).  Қабыршақтары өте майда, тіпті кейде білінбейді. Денесінің жотасы қою – жасыл, немесе  қоңыр түсті, бүйірлері сары, немесе ақ түсті болады. Жалпы, олардың түсі жасына және тіршілік  ортасына байланысты өзгеріп тұрады. Терісі шырышты, сондықтан тірі жыланбалықты қолмен ұстап тұру өте қиынға соғады. Қазіргі заманда  жыланбалқтардың екі формасын айырады: сүйірбасты және жалпақбасты.  Сүйірбасты жыланбалықтар жалпақбастыларға қарағанда құндылау келеді себебі оның еті өте майлы (27,5 %), (ал жалпақбасытлардікі 12-19 %).

Әдетте жыланбалықтардың толық  пісіп – жетілмеген дарақтары өзендерде өмір сүреді, алайда өзендерден көлдерге өтуі де мүмкін.  Өзенднрде тіршілік ететіе жыланбалықтар әр дайым ілгері, судың ағысына қарсы жүзу (реотаксис) қасиеті жақсы дамыған. Олар өзеннің жоғары бастау жағына дейін көтеріледі. Кейде, олар,  ылғалды шөптің үстімен бауырымен жорғалап  бір судан екінші суға өте алады. Судың сыртында  ауаның температурасы 240 С болған жағдайда 36 сағатқа дейін шыдай алады. Жыланбалықтар түнгі жануар. Белсенділігі тас қараңғыда басталады, сондықтан қорек іздеу үшін түннің қараңғы уақтында шығады. Кун жарықта олар су табынындағы таса жерлерде тығылып, кейде тереңдігі 0,8-1,5 м болатын батпаққа көміліп жатады. Олар тіршілк ету үшін тұрақты орын тауып сол жерде ұзақ өмір сүреді.  Жас шабақтары судағы омыртқасыздар және былқылдақ денелілермен азықтанады. Жыланбалықтардың дернәсілдері- лептоцефало - жапырақтәрізді мөлдір болады. Өсе келе олар теңізден өзендерге өтіп сол жерде 5-25 жыл өмір сүріп -  түсін, дене бітімінің формасын өзгертіп , қайтадан теңізге өрістейді. Теңізге ұрық шашау үшін түннің ең қараңғы, айсыз уақытын таңдап шығады. Өсімталдылығы миллионнан астам уылдырық. Уылдырықтарының диаметрі 1 мм шамасында.

Дернәсілдері метаморфозалық өзгерістерден өтеді. Мысалы, жаңадан жарылп шыққан дернәсілдерінің басы үлкен, ауызы кең, ауызында ұзын тістері болады. Өсе келе өзеннен теңізге өрістер алдында олардың сырт  формасы жапырақтірізді және мөлдір болып өзгереді. Осы кезде оларды –лептоцефало деп атайды. Қыс айларында жыланбалықтар қоректенбейді және су табанына көміліп жартылай анабиоз жағдайында қыстап шығады.

 

ТҰҚЫТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - CYPRINIFORMES

 

Отряд өкілдеріне тән  негізгі биологиялық  және морфологиялық белгілері: торсылдақтары  ашық типтке жатады, жүзу қанаттары жұмсақ, Веберов аппараты бар (Вебер аппараты бар балықтар жоғары жиілгі ( 1-15 кГц) бар дыбысты қабылдай алады. Вебер аппараты құрамына алдыңғы 4 омыртқа кіреді) Олардың денесі циклоидты (қабыршақтардың шеткі жиегі тегіс) қабыршақтармен жабылған. Сонымен қатар денесі қабыршақтармен жабылмаған жалаңаш түрлері де бар. Тұқытәрізділер отрядына балықтардың 2900 ден астам түрлері кіреді, немесе барлық балықтар түрінің 15%.  Тұқытәрізділер отряды құрамына, бір бірінен экологиялық және морфологиялық ерекшеліктері бар  төрт отряд тармағына жататындар (отрядасты) кіреді – Хараксотекті - Characinoidei, Гимнотекті - Gymnotoidei ,  Жайынтетілер- Silurioidei және Тұқытектілер - Cyprinoidei.

 

ХАРАЦИНТЕКТІЛЕР ОТРЯДАСТЫ – CHARACINOIDEI

 

 Әдетте бұл балықтардың құйрығына жақын орналасқан майлы жүзбе қанаты болады. Ауызы жылжымалы емес. Жақсүйектері тісті. Мұртшалары болмайды. Ортяд асты құрамына 1300 ден астам түр кіреді. Олар тек Америка мен Африканың тропикалық тұщы суларында тіршілк етеді. Дене бітімі әртүрлі болып келеді: біреулерінің денесі ұзындау болса , қайсы бірінікі  екі бүйірінен қсыңқы және  биік болады; тұмсықтары ұзын, немесе қысқа болуы мүмкін;  құрсақ бөлігі жалаңаш , немесе  төсқыры қабыршақпен жабылған болады. денесінің ұзындығы  ұсақ түрлерінікі 2,5-3 см болса, іріл дарақтарыныкі 150 см ға дейін жетеді. Харациндердің арасында өте әсем сәнді балықтар да кездеседі. Қоректену жағынан олрдың ішінде: жыртқыш, азықтаңдамайтын, өсімдік қректі түрлері кездеседі. Соған байланысты тістерінің формалары, орналасуы әртүрлі болып келген. Мысалы, конус тәрізді, екішыңды және көп шыңды, ланцеттәрізді, сойдақ тіс секілді, үсті дөңестеу болып келген тістерді байқауға болады. Бұл отряд тармағына  16 тұқымдастардың өкілдері  кіреді. Ең қызығы бұл топқа көзі дамымаған, терісі түссіз -  аноптихт – Anoptichthys атты  үңгір суларында тіршілік ететін балық кіреді. Бұл балықтар уылдырықтарын судағы өсімдіктерге, немесе су табанындағы құмға бөліп шашады.

 

Пиранья тұқымдастары – Serrasalmidae

 

Бұл балықтардың жақ сүйектері қарулы  және жақтарында  өткір тістері болады. Олар қанның иісіне және судың толқуына сезім тал келеді.  Пиранийлердің бірнеше түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30-60 см болатындары сирек кездеседі, негізінен олар майда балықтар.

Информация о работе Жеке ихтиология